Педагогические
науки/Современные методы преподавания
химия-биология пәнінің мұғалімі Омарова К.Б.
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды облысы,
№34 жалпы
білім беретін орта мектебі
ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар соңғы жылдары оқыту әдістерінің
қатарына берік орнықты. Бүгінде оқыту сапасын
жақсарту, белсенділікті көтеру, индивидуалдылықты қамтамасыз
ету мәселелерін шешуге оқу үдерісінде педагогикалық
дәстүрлі әдістермен қатар компьютерлік техниканы да
пайдалану негізінде ғана қол жеткізуге болатыны айқын.
Қазіргі технологиялардың ақпараттық мүмкіндіктері
мен шұғылдығы оқытушылардың педагогикалық
шығармашылығына кеңінен жол ашып, технологиялардың ескісін жетілдіруге, жаңасын
енгізуге, оқытудың жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Соңғы
жылдары интенсивті оқытудың мақсатына, мазмұнына
және әдістеріне сай келетін ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды құру мен қолдануда ілгерілеушілік
байқалады, соның нәтижесінде оқу орындарында білім
беруде болашағы зор ақпараттық технологиялар көптеп
жасалды.
Оқытудың
ақпараттық-коммуникативтік технологияларының арасынан
педагогикалық бағдарламалық құралдарды ерекше
атау керек, себебі олар оқушыға белгілі бір уақыт
аралығына байланбай-ақ жеке оқуға мүмкіндік
береді және сабақ үшін өте қолайлы жағдайды
қамтамасыз етеді.
Педагогикалық
бағдарламалық құралдар компьютерлік технологияларды
пайдалана отырып оқытуды толық немесе ішінара
автоматтандыруға арналған инновациялық дидактикалық құрал.
Педагогикалық
бағдарламалық құралдар оқытушының
пайдалануына дайын,
бағдарламалық өнім болып саналады, ол
оқушының дербес қолданатын құралы бола алады
және оның негізінде оқытушы оқу процесінде топпен
сабақ өткізе алады.
Отандық
педагогика тәжірибесінің талдамасы педагогикалық
бағдарламалық құралдардың келесі түрлерін
анықтауға мүмкіндік береді:
-
электронды (компьютерлендірілген) оқулықтар;
-
оқытушы бағдарламалар;
-
электронды дәрістер;
-
үлгілік-моделдеуші тренажерлер;
-
электронды анықтағыштар, сөздіктер,
энциклопедиялар;
-
өзіндік дайындық және өзіндік
бақылау жүйелері;
-
білімді
бақылау және тестілеу жүйелері;
-
бағдарламалық-әдістемелік кешендер;
-
пәндік-бейіндік орта;
-
сабақтың түрлерін өткізу
үшін қолданылатын әр қилы компьютерлік иллюстрациялар (көрнекіліктер).
Оқытуға
арналған, білім беру жүйесінде жиі қолданылатын
бағдарламалық құралдарға толығырақ
тоқталайық.
Оқытудың
педагогикалық бағдарламалық құралдарын
мақсатына қарай төмендегідей жіктеуге болады:
-
компьютерлік оқулықтар -
бағдарламалық кешендер, олар оқу курсын немесе оның
үлкен бөлімін өз бетінше меңгеруге мүмкіндік
береді;
-
пәндік-бейіндік орта (микроәлемдер,
үлгілеуші бағдарламалар, құралдар жиынтығы,
оқу материалдарының
топтамасы) – белгілі бір топтағы нысандармен жұмыс істеуге,
оқу үдерісіне қажетті жекелеген элементтерді
(үлгілерді) құруға мүмкіндік жасайтын
бағдарламалар топтамасы;
-
тренажерлер - оқу материалын нақты бекітуге
арналған бағдарламалар және түрлі техникалық
жүйелерде операторларды жаттықтыру үшін
құрылған бағдарлама;
-
компьютерлік моделдеу – ақиқат өмірдегі
белгілі бір құбылысты немесе нысанды компьютерде
ұқсатып көрсету (имитация) арқылы зерттеу әдісі;
-
бақылаушы
бағдарламалар – білім сапасын тексеруге (бағалауға)
арналған бағдарламалық құралдар;
-
оқуға арналған
анықтағыштар, деректер базасы қосалқы
құралдар ұсынады (калькулятор, кестелер, «жазба кітапшасы»,
қосымша міндеттерді автоматты түрде шешу). Ондағы режимдер:
теория, мысалдарды көрсету, үйретушімен жұмыс,
өзіндік жұмыс, өз
бетінше бақылау.
Жалпы қазіргі уақытта білім беруде
сабақ барысында интербелсеңді құралдарды
қолдануда. Интербелсеңді құралдардың
көмегімен мұғалімнің, оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім
берудегі интербелсеңді технология - мұндағы интерактивті
сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын
білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс
жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын,
сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интербелсеңді тақта – бұл
компьютердің қосымша құрылғыларының бірі
және де дәріс берушіге ақпараттың кескіні мен
қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні оның түрлері көп. Олардың
ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу
жасайық.
Бағдарламалық -
техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты
және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен оқушылардың
қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.
Сабақты түсіндіру барысында оқушы тақта алдында
тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды
DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл
кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін
мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау
тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу
және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады
Ақпараттық
– коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
құралдарды қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді.
Өз
жұмысымда сабақ барысында мультимедиялық
құралдарды пайдаланамын. Химия мен биология сабақтарында
лабораториялық жұмыстарды орындағанда Activstudio
Professional Edition бағдарламамен қамтамасыз етілген
интербелсеңді тақтамен жұмыс жасаймын.
Қазіргі
уақытта интербелсеңді тақтаның мүмкіндігін
барлық оқушылар біледі. Оқушылар тақтада
әртүрлі мәтіндік,
графикалық, анимациялық, дыбыстық объектілермен
жұмыс жасайды.
1 кестеде сабақ
барысында қолданылаған сандық білім беру ресурстарды
қолдану ерекшеліктері көрсетілген.
|
Сандық білім беру
ресурстары |
Қолдану
нәтижелері |
|
бейнеаппараты, Интернет сайттары |
Сабаққа
презентациялық көрсетілімдерді құру |
|
бейнекамералар, бейнефильмдер |
Жаңа
тақырыпты түсіндіргенде бейнеэффектерді қолдану |
|
мультимедиалық проектор |
Презентациялық
көрсетілімдерді, интербелсеңді тақтамен жұмыс
жасағанда пайдалану |
|
Электрондық
оқулықтар, компьютерлік және тренажерлік
бағдарламалар |
Өзіндік
және лабораториялық жұмыстарды орындағанда
қолдану |
|
компьютерлер |
Интернетпен
байланысуға, интербелсеңді тақтамен жұмыс
жасағанда, әртүрлі оқыту әдістерін пайдаланғанда қолдану
техникасы. |
Сабақ
барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдануға көп
мүмкіншіліктер бар. Химия мен биология сабағында PowerPoint
бағадарлама көмегімен
презентациялық көрсетілімдер оқу материалдардын мазмұнын түсінікті және көрнекілікті жасайды. Мысалы, 1
суретте «Қышқылдар, алынуы,
аталуы, қасиеттері» тақырыбына жасалған презентациялық
көрсетілім.

1 сурет
Сабаққа арналған ақпараттық модуль
Сонымен, қазіргі заман
оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болуы
емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық
сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай
білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады
Әдебиеттер:
1
Сарбасова Қ.А. Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану // Бастауыш мектеп. - 2004. - №10. – Б.17-18.
2
Васючкова Л.А. Применение информационно - коммуникационных технологий на уроках математики и физики//Вестник
КарГУ. – 2010. - №4(60).