Турсунова
Мархаба Ахметкалиевна
КарГУ им.
Е.А.Букетова, к.ф.н., доцент, Караганда, Казахстан
Исатаева
Назым Жазбековна
КарГУ им.
Е.А.Букетова, магистрант І курса, Караганда, Казахстан
Қазақ және түрік
тілдеріндегі септік жалғауларын салыстыру тәжірибесінен
Септік
жалғаулары (ismin halleri) сөйлем ішінде бір сөзбен екінші
сөзді байланыстырып тұрады.
Атау септігі (Yalın hal). Атау
септіктің арнайы тұлғасы барлық түркі тілдерінде
жоқ. Түрік тіліндегі
атау септігі де kim? ne?, қазақ тілінде кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беріп, затты
атап көрсетеді. Мысалы: baba-әке, ev-үй, oda-бөлме,
baş-бас, çocuk-бала т.б.
Ілік септігі. Көне
ескерткіштерде ілік септігі негізінен -ың, -ің, -уң,
-үң жалғаулары арқылы жасалады, сондай-ақ ілік
септігі жалғауының варианттары көне жазбаларда дауыстыдан
немесе дауыссыздан басталуымен ерекшеленеді. Орхон-Енисей ескерткішінде:
-ың, -ің жалғаулары арқылы жасалса (будуның,
қағаның), көне ұйғыр жазуында –ның,
-нің (ақамның-ағамның, ішінің-ісінің,
Мысырның-Мысырдың), «Кодекс Куманикуста» -ның, -нің,
-нуң, -нүң және сирек те болса –ың, -ің
варианты дауыссыздан кейін жалғанады (атның, баланың,
көзімізің, ханның) [1].
Ілік
септік тұлғасының қазақ тілінде кімнің?
ненің? сұрақтарына жауап беріп, -ның, -нің,
-тың, -тің, -дың, -дің жалғауларын
жалғайды. Мысалы: көздің, кітаптың, сөздің, баланың т.б.
Қазіргі түрік тіліндегі
ілік септігі kimin? nenin? neyin? сұрақтарына жауап беріп,–in, -ın, -un, -ün,
–nın, -nin, -nun, -nün жалғаулары
жалғанады.
–in, -ın, -un, -ün –
дауыссыз дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы: Bu
tüfek kimindir? – Бұл мылтық кімдікі?
–nın, -nin, -nun, -nün –
дауысты дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы: Bu
tüfek Mustafanındir – Бұл Мұстафаның мылтығы.
Барыс септігі. Ескі түркі жазбаларында барыс септігі бет алысты,
мекенді білдіріп, мына жалғаулар жалғану арқылы жасалады:
–А, -е. Барыс септігінің
бұл көрсеткіштері жіктеу есімдіктері мен тәуелдік
жалғаулы сөздерге жалғанады. Мысалы:
оғлыма-ұлыма, түркіме-түркіме,
қағаныма-қағаныма, ініме-ініме,
қызыма-қызыма;
-Ға, -ге, -қа, -ке.
Мысалы: йерке-жерге, будунқа-халыққа,
тағқа-тауға, бегімке-бегіме, оғлумқа-ұлыма,
йірімке-жеріме;
-Ғары, -гері, -ғару,
-геру, -қару, -керү, -ңару, -ңерү. Барыс
септігінің осы жалғаулары көне ескерткіш жазбаларында жиі
қолданылған. Мысалы: сабығ-сөзді,
қағанғару-қағанға, ебгерү-үйге [2,121-б].
Барыс
септік қазіргі түрік тілінде бұл септік kime? nereye? neye?
сұрақтарына жауап беріп,–а, -е,– ya, -ye жалғаулары жалғанады. Мысалы: eve-үйде,
ağaca-ағашта, İstanbul'a-Стамбулда т.б.
– ya, -ye сөз дауысты дыбысқа аяқталса жалғанады.Мысалы: başa,
dışe, burna, dıle т.б.
–а, -е – сөз дауыссыз
дыбысқа аяқталса жалғанады. Мысалы: yarmaya, arpaya, kamçıyaт.б.
Табыс септігі Орхон-Енисей ескерткіштерінде –ғ, -г, -ығ,
-іг, -уғ, -үг және -н, -ын, -ін, -ун, -үн жалғаулары
арқылы берілген. Мысалы: адакығ-аяқты, ебіг-үйді, иліг-елді,
йағығ-жауды, йылкығ-жылқыны, беглеріг-бектерді т.б.
Көне ұйғыр
жазбаларында табыс септігі -ны, -ні, -ну, -нү, -ығ, -іг, -ғ,
-г, -ын, -ін, -н қолданылған: атны, ілні, беглеріг,
адағларығ (аяқтарды), боғузын (тамағын), йірін
(жерін).
«Кодекс Куманикуста» да –ны, -ні, -ну,
-нү жай септікте, ал –ын, -ін, -н тәуелдік септікте
қолданылған. Мысалы: кішіні (кісіні), ананы (ананы), төресін
(төресін), тізін (тізесін). –Ны мен –н формаларының алмасып қолданылатын
орындары да бар: оң қолын-оң қолыны,
сөзін-сөзіні.
М.Қашқари сөздігінде
де табыс жалғауы –ғ, -г, -ны, -ні, -н түрінде кездеседі:
сөзүг (сөзді), атын (атын) [1].
Қазіргі
түркі тіліндегі табыс септігі kimi? neyi? ne? сұрақтарына
жауап беріп, төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады.
-ı, -i, -u, -ü – егер
сөз немесе сөйлем дауыссыз дыбысқа аяқталған
жағдайда жалғанады. Мысалы: evi – үйді,
şehiri-қаланы, okulu-мектепті т.б.
–yı, -yi, -yu, -yü – егер
сөз немесе сөйлем дауысты дыбысқа аяқталған
жағдайда жалғанады. Мысалы: parayı-ақшаны
т.б.
Жатыс септігі. Көне жазбаларда жатыс септігінің
жалғаулары: –да, -де, -та, -те түрінде кездеседі. Мысалы:
оғузда-оғызда, балықда-қалада, қағанта-
қағанда, көңүлте-көңілде,
иерінте-жерінде т.б. [1].
Жатыс
септігі (Bulunma hali) қазіргі түрік тілінде де мекенді білдіріп
Kimde? Nerede? сұрақтарына жауап беріп, мынадай
жалғауларды жалғайды:-da,-de,-ta,-te.
- da – егер сөз дауыссыз
немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің
соңғы дауыстысы a, ı,
o, u әріптері болса жалғанады. Мысалы: Kitap masada – кітап үстелде т.б.
-de – егер сөз дауыссыз немесе
ашық дауыстылардан кейін және де сөздің
соңғы дауыстысы e, i, ö, ü болса жалғанады. Мысалы: evde-үйде т.б.
-ta – ç, f, h, k, p, s, ş, t дыбыстарынан соң және
сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u болса
жалғанады.
-te – ç, f, h, k, p, s, ş, t дыбыстарынан соң және сөздің
соңғы дауыстысы e, i, ö, ü болған жағдайда жалғанады.
Шығыс септігі. Көне жазба ескерткіштерінде
шығыс жалғауы сирек кездеседі, оның қызметін
басқа септік жалғаулары атқарады. Шығыс
септігінің формасы кейіннен пайда болған деген пікір бар.
Шығыс септік қимылдың шығу орнын білдіріп, -тан, -тен,
-дан, -ден қосымшалары арқылы беріледі:
оғуздантан-оғыздан, өңден-шығыстан,
беріден-оңтүстіктен, йырдан-алыстан т.б.
Көне
ұйғыр жазбаларында негізінен –дын, -дін, -тын, -тін, кейде –дан
жалғауы арқылы жасалады: күнтін-күннен,
теңріден-тәңріден, улустын-ұлыстан.
М.Қашқари сөздігінде шығыс септік жалғауы бірнеше
вариантта ұшырасады: -дан, -ден, -тан, -тен, -дын, -дін, -дун,
-дүн, -тын, -тін: Мен аны аттын түшірдім – Мен оны аттан
түсірдім; Ер евдін чықды – Ер үйден шықты. «Кодекс
Куманикуста» де ашық, қысаң варианттары қатар
қолданылғанымен, қысаң дауысты варианты сирек
кездеседі: сөзүмден-сөзімнен, йолдан-жолдан, йоғартын
келген-жоғарыдан келген, теңрідін-тәңріден [1].
Шығыс септік (Ayrılma
hali) қазіргі түрік тілінде де бұл септік шығу орнын білдіріп, kimden? nereden? neden? сұрақтарына жауап береді. -dan, -tan, -den, -ten
жалғаулары арқылы жасалады.
-dan – егер сөз дауыссыз
немесе ашық дауыстылардан кейін және де сөздің
соңғы дауыстысы a, ı,
o, u болса жалғанады. Мысалы: okuldan –
мектептен т.б.
-den – егер сөз дауыссыз немесе ашық дауыстылардан
кейін және де сөздің соңғы дауыстысы e, i, ö, ü болса жалғанады.
Мысалы: şehirden – қаладан т.б.
-tan – ç, f, h, k, p, s, ş, t дыбыстарынан және
сөздің соңғы дауыстысы a, ı, o, u болса
жалғанады.
-ten – ç, f, h, k, p, s, ş, t әріптерінен
және сөздің соңғы дауыстысы e, i, ö, ü болған
жағдайда жалғанады.
Көмектес септігі. Орхон-Енисей жазбаларында көмектес
септігі -ын, -ін, -ун, -үн түрінде кездеседі. Мысалы:
көлүкін-көлігімен, көзін-көзбен,
құлғақын-құлақпен т.б.
Көне жазба ескертткештерде
көмектес септігінің мағынасын беретін, қызметін
атқаратын бірле шылауы жұмсалады: Бу йірде олурып, табғач
будун бірле – Бұл жерде отырып, өмірімді табғач
халқымен байланыстырдым; Ечім қаған бірле ілгерү Йашыл
үгүз Шаңтуң йазыка тегі сүледіміз – Ағам
қағанмен бірге Йашыл өзеніндегі Шаңтуң
жазығына дейін соғыстым; Інім Күлтегін бірле
сөзлешдіміз – Інім Күлтегінмен сөйлестім [2,128-б].
Көне ұйғыр
ескерткіштерінде, М.Қашқаридың сөздігінде осы сипатта
болып келгенімен, «Кодекс Куманикус» ескерткішінде көмектес септік жалғауы екі түрлі: -ла, -ле,
-ын, -ін. Мұның екеуі де сирек қолданылады: йайын-жазын,
көңүлін-көңілмен, йаңыла-жаңамен.
Сондай-ақ көмектес септік көбінесе біле, білен шылауларымен
іліктесіп келеді: егі көңүл біле – игі көңілмен,
йазуқы біле – жазығымен, сені білен-сенімен [1].
Көмектес
септігі қазіргі түрік тілінде kimile? neile?
сұрақтарына жауап беріп, сөзде негізінен –la,-le жалғаулары
арқылы жасалады. Алайда көмектес септігі кей жағдайларда ile шылауы арқылы да жасалады.
-la,-le – дауыссыз дыбыстардан сон
жалғанады. Мысалы: Dolma kalemle yazıyorum – Толық
қаламмен жазып отырмын. Ben çatalla yemek yiyorum –
Шанышқымен жедім т.б.
-(y)la/(y)le
– дауысты дыбыстан соң жалғанады.
-ile –
сөз бен сөзді байланыстырады. Бұл көне жазба
ескерткіштеріндегі бірле шылауымен сәйкес келуі мүмкін. Ali
kızkardeşi ile konuşuyor – Али қарындасымен сөйлесті
т.б.
әдебиеттер ТІЗІМІ:
1
Айдаров Ғ., Құрышжанов
Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.
Алматы, 1971. – 272 б.
2
Есенқұлов А. Көне
түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. – Алматы, 1976. – 239 б.
Сведения об авторах
Турсунова Мархаба
Ахметкалиевна – доцент кафедры
казахского языкознания Карагандинского государственного университета им.
Е.А.Букетова (Республика Казахстан), кандидат филологических наук.
Адрес: 100022 г.
Караганда, ул. Волочаевская д. 55, кв. 24
Тел: 72-27-07 (дом.т.), 8-701-356-44-86 (моб.тел.)
E-mail: t_marhaba@mail.ru
Исатаева Назым
Жазбековна – магистрант кафедры казахского
языкознания Карагандинского государственного университета им. Е.А.Букетова
(Республика Казахстан).
E-mail: issatayeva_n@mail.ru