А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ доценті, ф.ғ.к., А.Қайыпбаева
А.Байтұрсынов
атындағы ҚМУ магистранты Сейтова С.
Туыстық
атаулардың құрылымдық және семантикалық
ерекшеліктері.
Туыстық атаулардың ұғымы өзінше бір
зерттелімді қажет ететін дүние. Туыстық –
тарихи-этникалық ұғым. Оның қалыптасуы мен дамуы
белгілі бір этностың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен,
мәдениетімен, әдет-ғұрып, салт-санасымен байланысты.
Қазақ тіліндегі туыстық қатынастар мен атаулар топ-топқа
бөлініп жүйеленеді.[8,89] Туыстық терминологиясы бойынша
американ этнографы Л.Г. Морган тарапынан жүргізілген алғашқы
зерттеулер аталған топқа кіретін сөздердің
әлеуметтік институттардың, әсіресе отбасы мен некенің,
ескі замандардағы жағдайы мен даму жолын реконструкциялау
үшін маңыздылығын байқатты. Отбасы мен ру-тайпа тарихы
үшін туыстық терминдерінің маңыздылығын Ф.Энгельс
те жазған еді. Туыстықтың терминологиялық жүйесі
тілші қауым үшін де қызғылықты. Себебі оның
әлеуметтік дамудың заңдылықтарына
бағдарланған даму жолы тілде бейнеленеді, тіл
заңдылықтарына бағынады.
Туыстық атауларды
жүйе-жүйеге келтіріп, жан-жақты талдауда классификация
жасаған М.Ш.Сарыбаеваның және Р.К.Диуанованың жұмыстарынан көптеген
жаңалықтар мен өте маңызды сапалық ерекшеліктер
байқалады . Академик Ә.Т.Қайдар құрастырған
этнолингвистикалық сөздікте туыстық, жақындық
мәселесі аясында туыстық қатынастар арнайы
қарастырылады. Ғалым адамдар арасында қалыптасқан
қатынастарды екі топқа бөліп (туыстық қатынастар
және жақындық қатынастар) қарастыра отырып,
туыстықтың өзін ұрпақтың
өсіп-өнуіне байланысты екі бағытта – «тік бағытта» (ата
ұрпағының өсуі- ата жұрт) және «жазық
бағытта» (ана ұрпағының өсіп-өнуі –
нағашы жұрт) таратады. Яғни туыстыққа байланысты
барша атаулар мен тіркестерді «ата өрісі» мен «ана өрісі»
шеңберінде топтайды да, оған қайын жұртқа
қатысты «құда-андалық өрісті» қосып, осы
үш негізден таратады. Ғалым әрбір туыстық атауға
кеңінен тоқтала отырып, олардың бәрінің де
өзегінде жатқан уәжділігін таратып айта отырады. Мәселен:
Абысын < ағайынды кісілерге тұрмысқа шыққан
әйелдердің бір-біріне туыстық қатынасы.
Қазақтың салт-дәстүрі бойынша олар, бер
жағынан болса да, күйеулерінің рулас, аталас
туысқандарының әйелдерімен де сондай жақындықта
болады деп саналған >. Абысын-ажын < бірге туған,
ағайындас, туысқан адамдардың әйелдерінің
күйеулері жағынан алғанда бір-біріне жақын-жуық
болып келетін туыстық қатынасы. Бұл сөздің әрқайсысының
өзге түркі және моңғол тілдерінде өз алдына
жеке-жеке мағыналары бары белгілі. Қалыптасқан
дәстүр бойынша қазақта ағаның
әйелдерін келіндері «абысын» десе, абысындар қайындарының
әйелдерін «ажын» деп құрметтеген.
Туыстық атаулардың
тақырыптық тобы.
Ата
әже
ағайын
аға
апа
ана
әке
бала
бәйбіше
бажа
балдыз
бөле
жеңге
жезде
жиен
жиеншар
жиен сіңлі
жегжат
жұрағат
ер
ене
келін
күйеу
қарындас
әйелі
құда
құда бала
құдағи
құдаша
қыз
қайын ата
қайын ене
қайын іні
қайын сіңлі
қайын аға
нағашы аға
нағашы әже
нағашы ата
немере аға
немере нағашы апа
немере нағашы апа
немере
өгей бала
өгей әке
өгей қыз
өгей ата
тоқал
ұл
шөбере
шөпшек
немене
туажат
жүрежат
іні
сіңлі
Статистика бойынша туыстық атауларға тақырыптық топ
түзуде 55 лексикалық бірлік терілді.
Лексика
семантикалық топ:
Туыстық атаулардың лексика
семантикалық тобы мынадай бірліктерді құрайды:
Отбасы
Неке
Неке
жүзігі
Неке
куәлігі
Неке
сарайы
Неке
суы
Некесін
қиды
Күйеу
жігіт
Қалыңдық
Күйеу
аттандырар
Күйеу
есік аша келді
Күйеу
бала
Күйеу
түсті
Күйеу
жолдас (жігіт)
Жігіт
жолдас
Туған-туысқан
Үйлену
Тұрмысқа
шығу
Үйлену
тойы
Қыз
ұзату тойы
Үй
іші
Бұл семантикалық топтың жалпы саны 21.
Бұл берілген бірліктердің өзін Диуанова Райкүл
Кеңесбайқызы «Қазіргі
қазақ тіліндегі туыстық атаулардың құрылымы
мен лексикографиялану ерекшеліктері» атты еңбегінде өз ішінде одан әрі
лексикалық жақтан өрбітіп, дамытады. Мәселен, отбасы
сөзіне байланысты мынадай лексикалық бірліктер бар: отбасы,
отағасы, отанасы, күйеу жігіт, қалыңдық,
үйлену, тұрмысқа шығу, неке, неке куәлігі,
қыз ұзату, қыз жолдас т.б. Сонымен қатар нағашы
сөзінен тарайтын бірліктер: нағашы ата, нағашы
әже, нағашы, нағашы шеше, нағашы аға,
нағашы жеңге, нағашы апа, нағашы жезде, бөле
(туған бөле, немере бөле), нағашы іні, нағашы
келін, немере нағашы аға, немере нағашы апа т.б. [3,35]
Енді біз тереңірек беру
үшін, әр қайсысына түсіндірме сөздікті пайдалана
отырып, анықтама береміз. Мұның әрқайсысын
атамай-ақ қояйық бұл үлкен жұмыс. Тек
мағынасын ашып түсіндіруді қажет ететін сирек
қолданыстағы сөздерді ғана алып отырмыз.
Күйеу аттандырар көне –
қайындап барған күйеудің сал-жорасы.[5,425]
Күйеу
есік аша келді – үйленген жігіттің
қайын жұртына жол-жоралғымен алғаш рет келуі [5,425]
Күйеужолдас – әйел
алуға барған жігіттің қасына ерген серігі [5,425]
Күйеуқосшы – күйеудің
айналасындағы дора-жолдас [5,425]
Күйеу түсті – күйеу
жол-жорасын жасап, қыздың үйіне келді [5,425]
Бәйбіше – 1. Көп
әйел алған адамның алғашқы, бірінші әйелі ;
2. Егде тартқан, жұрт сыйлайтын
қадірлі әйел [5,118]
Бұл
мақалада болашақ филолог мамандар деңгейіне негізделген
лексика-семантикалық топ арқылы
жасалған тақырыптық топтар құрамын
талдауға талпыныс жасадық. Топтастырылған
мағынаға қосымша топ ішінен белгілі бір сөзді
алып, семантикалық өріс
жасап, сол сөзге байланысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтел, жұмбақ,
сөзжұмбақ жасап, жан-жақты жүйелі түрде
талдау алдағы уақыттың еншісінде. Аталмыш қосымша
мәлімет оқырманға,
болмаса тіл үйренушіге сөз мағынасын білдіріп
қана қоймай, одан әрі білімін дамыттырып, ойын көркем
жеткізе білуге септігін тигізеді деген ойдамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Анар Салқынбай.
Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы,
«Қазақ университеті» 2008.
2. С.Кенжеахметов.
Туыстық атаулар сыры. Алматы: «Жалын» 1999.
3. Диуанова Райкүл
Кеңесбайқызы. Қазіргі қазақ тіліндегі
туыстық атаулардың құрылымы мен лексикографиялану
ерекшеліктері. Филология ғылым кандидатының афторефераты. – Алматы,
2006.
4.
Мұстапа Бұралқыұлы.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі – Алматы:
«Мектеп» 2008ж.
5.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және Ақпарат митнистрлігі Тіл комитеті. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. Алматы, «Дайк-Пресс» 2008.
6.
Қазақстан Республикасы мәдениет
министрлігі Қазақстан
Республикасы мемлекеттік орталық музейі.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар
мен атауларының дәстүрлі жүйесі – энциклопедия І том.
7.
Диалектологиялық
сөздік. «Арыс» Алматы 2007ж.
8.
Қайдар Ә. «Этнолингвистика» 1985.