Бекжанова Меруерт

ҚазИТУ оқытушысы, магистр

Қазақстан, Алматы қаласы

 

Білім берудегі заманауи философиялық мәселелер

 

Білім беру философиясы ХІХ ғ. қалыптаса бастады. Бұл процесс педагогикалық ғылым ретінде қалыптасумен тығыз байланысты, білім беру процесін құрудың теориялық негізі ретінде философиялық білімдермен қатар басқа да ғылымдар шеңберінде алынған білімдер қызмет ете алады. Қазіргі таңда философия педагогиканың теориялық негізі ретінде көп жағдайда қарастырылып жүр.

Білім беру саласындағы қарқынды әрі кең тарап жатқан технологиялар тек білім берудегі қызмет көрсету саласын кеңейтіп, өнімділігін арттырып, жан-жақтылығын, алынып отырған білімнің күнделігін арттырып қана қоймай, өзгеде игіліктерді бере отырып, сонымен бірге бір қатар мәселелерді тудырып отыр. Солардың бірі қазіргі білім беру кеңістігінде дүниетанымды қалыптастыру. Ол қандай болуы немесе болмауы тиіс, оны қалыптастырудың қандай әдіс-тәсілдері бар? Қазіргі жағдайда бұл процесстің мақсаттылығы мүмкін бе? Жалпы гуманитарлық пәндерді, оның ішінде философияны барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінінің оқу жоспарларында сақтап қалу рухани игілікті қамтамасыз ету жағдайларының бірі ретінде көрінеді [1]. Бұл дегеніміз – халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі жастар деген сөз.

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен оларды білім беру кеңістігінде қолдану қазіргі таңдағы бар мәселелерді одан әрі күрделендіреді [2]. Бүгінде кез-келген адам бақылауда ұстау мүмкін бола бермейтін ақпарат еркіндігінің өсімі жағдайында білім беру кеңістігіндегі субъект ақиқатты тану жолында мәндік және этикалық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, нақты тақырыпқа арналған сайттардағы топтамалардың құрылымы мен толықтылығы олардың сапасын анықтайды. Дегенмен, түрлі тақырыптар, олардың көлемі оны жасаушылардың басшылыққа алған сарынына тәуелді. Интерактивті мәдениетте пайдаланушылардың санының көбеюуіне байланысты классикалық мәдениеттің қағидалары көмескіленіп жатыр, ал ақпараттардың деңгейі мен мазмұны анықтаушы себептердің бірі болып табылады.

Р.Декарт бастау салған танымды рационалдандыру бүгінде субъектті танымнан алшақтатуға алып келуде [3]. Осылайша ұзақ уақыт тақта алдында сөз сөйлейтін лектордың орнына – дайын интернет бар. Онымен қоса, маманға гуманитарлық пәндер, оның ішінде философия қажет пе деген мәселелер қайта-қайта көтеріліп, ЖОО-да оқу жоспарларындағы аудиториялық сабақтардың қысқаруынан көрініс табуда. Болмыстың осындай бейнесімен келісуіміз қажет пе?

Мамандық иесі атану адамды азамат ете алады ма? Әрине, жоқ. Азамат етіп тәрбиелеу тек гуманитарлық мәдени пәндер арқылы, бетпе-бет әңгімелесу арқылы ғана мүмкін болмақ. Мәселен, философия адам өмір сүруінің мәні жайлы, парызы, еркіндігі мен жауапкершілігі жайлы көзқарастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Білім алу» мен «білім беру» категориялары бір емес екендігін түсіндіріп жату артықтық болар. Сондықтанда көзі ашық адамның «бейнесі» көлеңкелі болса да, ЖОО-на оқуға тапсырып жатқан жастардың санасында бар [3]. Міне сондықтанда, «арнайы нақты пәндер студентті маман етіп шығарады», ал «... философия және гуманитарлық пәндер студент бойында өзінің жеке өмірін құруда жауапкершілік танытатын, дұрыс ойлай алатын тұлғалықты қалыптастырады...». Гуманитарлық мәдениетке бейімделмеген адам өзіне қандайда бір іске жарамды орнатылған бағдарлама шеңберінде ғана әрекет ете алатын роботтан айырмашылығы қалмайды [4], гуманитарлық пәндер секілді, бетпе-бет әңгімелесуді, оқытушы мен оқушы арасындағы тікелей қатынасты бұрынғысынша білім беру саласында «жандандыра» беруі қажет.

Онымен қоса, жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде пессимизм таныту асығыстық болар. Ең алдымен, білімді дифференциалдау мен мамандандырудың жоғарғы интентивтілігі құрамындағы білім беру кеңістігінің көпөлшемділігінен. Оқытудың басқа да альтернативті формаларының пайда болуынан және т.с.с, соңында олардың арасында бәсекелестікті, яғни білім берудегі эволюцияның басты қозғаушы күшін тудырады. Бөлу – білім беру саласындағы ұйымдастырушылық мәселелердің бір шеті ғана. Мұнда біртұтастықты сақтап қалуға деген ұмтылыс соңында танып білуге деген ұмтылыс итермелеуші мотив болып табылады.

Педагогика саласында философиялық білімдердің қажеттілігі бір қоғамдық құрылымнан екінші қоғамға өткенде, қоғам тез өзгермелі болған жағдайда айрықша байқалады. Білім беру философиясының педагогикамен қатынасы олардың пәндерін байланыстырғанда ғана іске аса алады. Бұл білім беру философиясы философиялық білімдердің ішінен ең алдымен педагогика пәнін терең зерттеу мен ұғынуға мүмкіндік беретінін ғана таңдап алу негізінде қалыптасады дегенді білдіреді.

Барлық философиялық білімдерді қамтитын ортақ мақсат – болмыс пен адамның өзарақатынасын айқындау, яғни әлем мен адам арасындағы өзарабайланысын, адам мен табиғат, адам мен қоғам арасында ортақ заңдылықтарды қалыптастыру.

Ал жалпы білім беру процесі бойынша төмендегідей мақсатқа бағытталған:

-         Жеке қызығушылықтарын, қоғам мен мемлекет қызығушылықтарын үйлесімді түрде байланыстыра алуға қабілетті адамды дамытуға;

-         Білім берудің тәрбиелік қызметін іске асыру;

-         Адамның құндылықтық әлемін дамытуға.

Бүгінгі таңда жаратылыстану ғылымдары алдыңғы қатарға шығып, жемісті нәтижелерге қол жеткізіп жатқанымен, гуманитарлық ғылымдардың да үлесін ескере отырып тиісті статусын сақтап қалуға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Себебі, жоғарыда айтып кеткенімдей руханилықты, тәрбиелікті, адамдар арасындағы, қоғамдағы қатынастарды үйлесімді түрде адам бойына сіңдіре алатын осы гуманитарлық ғылымдар болып табылады. Әрбір адамның дүниеге келгендегі мақсаты – қоғамда өзін жеке тұлға ретінде, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруға гуманитарлық ғылымдар ішіндегі философия өз көмегін тигізе алады. Философия қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Адам баласының ой-өрісі кеңейген сайын философия да тереңдей түседі. Сондықтан ЖОО-да философия пәнін оқыту басты негіздердің бірі болып саналады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.                 Павленко А.Н. Бытие у своего порга. М., 1997

2.                 Аршинов В.И., Лебедев М.В. постнеклассическая рациональность, виртуалистика и информационные технологии//Философские науки. 2007. 7

3.                 Никифоров А.Л. Философия в системе образования//Вопросы философии. 2007

4.                 Гессен С.И. Основы педагогики. Введение в прикладную философию / отв. ред. и сост П.В.Алексеев. М.: Школа-Пресс, 1995