Психолог.ғ.д., Абай атындағы
ҚазҰПУ профессоры,
білім беру психологиясы және әлеуметтік коммуникация
кафедрасының
меңгерушісі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Орманова З.Қ.,
Психолог.ғ.к.,
Абай атындағы
ҚазҰПУ доценті
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
МЕКТЕП
ПСИХОЛОГЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Қазақтын дәстүрлi
отбасы сол халыққа тән мәдени болмыстың негiзiн
анықтап шығармашылық қарым – қатынас
жүйесiн қалыптастыруда әлеуметтiк, тарихи, психикалык басқа
да компоненттермен қосылып алғышарттар функциясын аткару.
Жанұя – адам
баласының өсiп – өнер, қаз тұрып, қанат
қағар, ошақ басы, үйi алтын бесiгi. Жанұя адам
қоғамының ең негiзгi және өте ертеде пайда
болған алғашқы бiрлестiгi. Бұл адам әулетiн
дамыту, бала әкелiп, өсiру, жанұя мүшелерiнiң
тiршiлiгiне қажеттi жағдай жасау тиiс. Жанұяның
берекесi, ондағы жағдай оның мүшелерiнiң
барлығына әрдайым әсер етедi [1].
Ата –
аналардың балалармен өзара әрекеттестiк және
өзара қатынас тарихы жанұя тарихымен тығыз байланыста.
Жанұя бұл – баланың өзi және басқалар
туралы ойы қалыптасатын оның әлеуметтiк табиғи
және рухани мәдениетiнiң орталығы. Ата – аналармен
өзара әрекеттестiгiнде балалар басқалармен қарым –
қатынас әдiсiн менгередi. Олар баланың өмiрдегi бiрiншi
және басымырақ окытушылары болып саналады. Жанұя
мүшелерiнiң үлкендерi мен кiшiлерiнiң арасындағы
сыйласымдық «балалардың өз кұрбыларымен, ересектермен
араласуында», олардың тәрбиесiне және жан – жақты
дамып, өсiп жетiлуiне игi ыкпалын тигiзедi. Ата – аналар жас
баланың өз ойын пiкiрiн
көзқарасын дәлелдi түрде жеткiзуге
түсiнбегендерiн шыдаммен ұгындырып, терiс түсiнiктерiн
жөнiмен айтып беруi абзал [2].
А.С.Макаренко «жанұянын бала дамуы мен
ақыл – ойының жетiлуiне ыкпалы туралы айтып келді. Жақсы да
жаман да жанұялар болады. Жанұя ойдағыдай тәрбиелейдi
деп кепiл болуға болмайды және жанұя қалай
тәрбиелесе, солай тәрбиелесiн деп бiз де айта алмаймыз. Себебi
жанұялык тарбиенi бiз ұйымдастыруга тиiстiмiз».
Баланы өз
құрбыларының қатарынан қалдырмай бiлiмге
құштар, өмiрге әуес, белсендi өмiрлiк позициясына
шығару ата – ананың абзал борышы. Бала мектепке барғаннан
кейiн де ата – ананың оған әсер күшi кемiмейдi
қайта түрлене түседi. Мектеп жасына дейiнгi балалардың
келешекте мектепке барғанда жанұяның оларға мықты
таяныш, сенiмдi кеңесшi және де сүйiспендiкпен өзара
көмек әрi еркiндiк ұясы болып қала беруiн қалар
едiк. Балалардың ата – анамен қарым – қатынасы жақсы
болмауы олардың психикасының дамуына әсер ететiнi белгiлi
жайт. Баланың ана мейiрiмiн сезiнбеуi оның келешектегi акыл – ой
дамуында кенжелеп қалуымен мiнез – кұлкының нашар
болуының негiзiн калайды. От басында бала үлкендерге елiктеудi
үйренедi, өмiрге қажеттi тәжiрибе жинақтайды. Жанұянын
балаға ықпалы өзiндiк ерекшелiгiмен көзге түседi,
бала өз үйiнде ғана шын мәнiнде еркiн сезiнедi, дамиды,
ойнайды, ересектерден жылы сөз мейiрiм күтедi. Басқа жерде
байқала бермейтiн қасиетi байқалады
[3].
Ата – ана мен бала қатынасы ғасырлардың өзектi
мәселесi болып саналады және әрi қарай жалғаса
бередi. Бұл мәселенi шешуде жанұядағы ата – ана мен
бала қатынасы олардың өзара әрекеттестiгiн зерттеу
манызды. Ата – ана мен бала қарым – қатынасын қарастыра
отырып бiз өз жұмысымызда дәстүрлi қазақ
жанұясындағы (қазақ тiлiнде сөйлейтiн,
қазақи моральдық принциптерi бар,салт – дәстүрдi
ұстанатын) ата – ана мен бала қатынасындағы психологиялык
ерекшелiктердi карастырдык.
Қазiргi дәуiрде жас
ұрпақты тәрбиелеудiн мақсаты – жанұя мен
мектептiң, мұғалiм мен ата-ананың алдына
қойылған мiндеттердi жаңа талаптар негiзiнде iске асыру.
Қоғам өмiрiндегi
барлық өзгерiстер психология ғылымының алдына
жаңадан жанұядағы ересектермен баланың катынас
ерекшелiктерiн зерттеу мәселесiн қойып отыр.
Жанұя бала үшiн – адамдармен
қатынас жасаудың мектебi. Ата-ана мен бала қатынасы
ғасырлардың өзектi маселесi болып саналады және
әрi қарай жалғаса бередi. Бұл мәселенi шешуде
жанұядағы ата-ана мен бала қатынасы, олардың
өзара әрекеттестiгiн зерттеу манызды.
Кеңес психологиясындағы
зерттеулерде (А.Н.Леонтьев, В.Нещерет, Н.Н.Обозова, А.С.Спиваковской жане т.б.)
жанұядағы психологиялық жағдай екi факторлық
типтен құралады.
Бiрiншiсi, ата-аналардын балаға
қатынасы, ата-аналар арасындағы қатынас, ата-аналардың
жеке қасиеттерi, жанұяның баска мүшелерiмен
қатынасы.
Екiншiсi – жанұядағы
материалдық жағдай, тұрғын үй жағдайы,
жанұя кұрылымы. Екiншi фактор типi өзiнше баланы
тәрбиелеуде әсер етедi, бiрақ шешушi болып саналмайды.
Барлығынан бұрын жанұядағы басты тәрбиелеушi
күш ата-ана мен бала қатынасынан анықталады. Ол
қатынастар жағымды және жағымсыз болуы мумкiн.
Жанұяның психологиялық
типiн анықтауда зерттеулерге Э. Арутюнянцтiң «Жанұяның
педагогикалық потенциалы және жастардың әлеуметтiк
инфантелизм маселесi» атты енбегiн атауға болады. Оның ойынша
жанұялык қатынастың үш варианты бар дейдi:
дәстүрлiк, детоорталық, және жұбайлық [4].
Дәстүрлi жанұяда
өзiнен үлкендердi силауға тәрбиелейдi, сондықтан
педагогикалық әрекет жоғарыдан төмен көрсетiледi.
Негiзгi мiндет – бағыну. Нәтижесiнде бүндай
жағдайдағы баланың әлеуметтену қабiлетi
жеңiл «көлденең – ұйымдастырылған»
қоғамдық құрылымға кiредi. Бұндай
жанұядағы балалар дәстүрлiк нормаларды жылдам
меңгередi, бiрақ өзiнiң жанұясын
құрғанда қиындық кездеседi. Олар инициативасыз,
қарым -қатынаста икемсiз әрекет етедi.
Орталықта бала тұратын
жанұяда ата-аналық басты мiндет болып "баланың бақытын"
қамтамасыз ету табылады. Жанұя бала үшiн ғана тiршiлiк
жасайды. Әрекеттестiк төменнен жоғары қарай
құрылады (баладан ата-анасына). Баланың жане ата-аналық
"симбиоз" қалыптасады. Нәтижесiнде балада
өзiн-өзi бағалаудың жоғары денгейi
қалыптасады, бiрақ жанұядан тыс жерде шиеленiс жағдайы
күшейедi. Сондықтан да мүндай жанұядан шыккан бала
өмiрдi өшпендiлiкпен бағалайды.
Жұбайлық
(демократиялық) жанұянын мақсаты – жанұя мүшелерiнiң
арасындагы өзара түсiнiсу. Тәрбиелеу әрекетi
"жазықтық", тән көзқараспен
қарау: ата-ана және бала. Жанұялык әркашанда, бала
өскен сайын өзара қызығушылық арта түседi.
Бұндай тәрбиелеудiң нәтижесiнде бала
демократиялық құндылыктарды,
құқықтарын және мiндеттерiн, еркiндiктi,
белсендiлiктi жауапкершiлiгi дамып, өз бетiнше тiрлiк жасауға
бейiмделген, қайырымды, өзiне сенiмдiлiктi, эмоциалық
тұрақтылықты менгередi. Сонымен қатар бұндай
балалардың әлеуметтiк талаптарга бағыну дағдысы
жоғалады.
Қарым – қатынас психологиясында үлкен
методологиялық маңызды қатынас мәселесi орын алады, оны
В.Н. Мясищев өңдеген. В.Н. Мясищев әлеуметтiк сферадағы
қатынасты саналы, материалды және таңдалған байланыс
деп көрсетедi. Ол адамның психикасының қызметiн
және адамның сапасын анықтайды. Өзiнiң
жұмысында қатынастың негiзiн ашып көрсеткiсi келген,
қарым-қатынасты жеке адамдардың өзара
әрекеттестiгi, бiр-бiрiне әсер ететiн адамдардың процесi
ретiнде қарастырған [5].
Ата-ана және бала қатынасын талдауда негiзгi түсiнiк
"роль". Психологияда рөль түсiнiгi қоршаған ортадағы
адамдардың барлығы күтетiн жүрiс-түрыстың жаксы үлгiсi.
Жанұядағы өзара әрекеттестiк
бала орындайтын сол рөлдерден тұрады.
Көптеген зерттеулерде баланың дамуы
қогамдық-тарихи тәжірибенi меңгеру формасында өтедi деп қарастырылады.
Баланың психикалық дамуының басты шарты ересектермен қарым-қатынасы болып табылады (Л.С.Выготский,
А.В.Запорожец, Д.В.Эльконин, М.И.Лисина).
Л.С.Выготский кiшкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған
"максималды әлеуметтiк тiршiлiк иелерi" депатайды. Оның ойынша
бала үшiн ересекадам "барлық жағдайдың психологиялық
орталығы" болып табылады. Кiшкентай баланың ересектермен қарым-қатынаска
деген қажеттiлiгi оның ары қарайғы психикалық дамуының
негiзiн және қорғаушы күшiн кұрастырады. Бала
дамуындағы ересектермен қарым-қатынастың рөлiн көрсете
отырып М.И.Лисина: "Ересекадам нәрестелiк және мектепке дейiнгi
жас кезiнде бала үшiн қоршаған орта мен қарым-қатынасын және әлеуметтiк орта мен қоғамдық-тарихи
тәжiрибе көзiмен қарым-қатынасының негiзi болып саналады,
бұл қарым-қатынасынсыз бала азаматтың толық
өкiлi бола алмайды",- деп көрсетедi.
Баланың әлеуметтену процесiнде жанұя
бiрiншi және негiзгiәлеуметтiк институт болып табылады. Жанұя
iшiндегi қарым-қатынастар басқа қоғамдық
қарым-қатынас пен салыстырғанда баланың рухани дамуындағы
потенциалды қамтамасыз ететiн ерекшелiктерге ие:
1) Баланың
қарым-қатынасқа деген негiзгi қажеттiлiгi жанұя
мүшелерiнiң тiкелей байланыстары арқылы
қанағаттанып отырады (Е.А.Аркин, Л.И.Божович, М.Ю.Кистяковская,
М.И.Лисина, А.А.Люблинская).
2) Жанұядагы
қарым –қатынас некелiк және туыстық
қатынасқа негiзделедi, жұбайлық және
ата-аналық махаббатқа сүйенетiн терең
тұлғалық қатынастарды тудырады. Бұл ерекшелiктер
балаларда жоғарғы адамгершiлiк касиеттердi жағымды өзiндiк сезiмдi,
дүниеге деген көзкарасты
және өзiне деген сенiмдiлiктi қалыптастырады. Жақындық сенiм және
ынтымактық атмосферадағы қарым-қатынас бала психикасына
жақсы әсер етедi және баланың эмоциалық
сезiнулерiне дұрыс жол салады және әлеуметтiк
сезiнулердiң алғашқы мектебi болып табылады.
3) Жанұя,
жанұялық қатынас бала тұлгасының
қалыптасуына әсер етедi. Нарестелiк және мектепке дейiнгi
кезде ата-анамен және жанұяның баска мүшелерiне деген
қарым- қатынас балаға әлеуметтiк ортаның
әсер ететiн негiзгi каналы болып табылады.
Мектепке дейiнгi кездегi баланың тұлғасының
қалыптасуындағы ата-ана мен қарым-қатынастың
негiзгi рөлi баланың ата-аналық махаббатқа оның
көңiлiне және қорғанысына деген
қажеттiлiгiнен көрiнедi (Д.Варга, И.С.Кон, С.Г.Якобсон).
Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесi бойынша жанұялық
тәрбиенiң негiзгi факторы жанұя мұшелерiнiң
өзара қарым-қатынасы екенi аныкталған. Жанұялық
өмiрде өзара силастықтың, түсiнiстiктiң,
келiсiмнiн өзара көмектесудiң болуы ата-ананың
балаға дұрыс талап коя бiлуi балада жоғарғы
адамгершiлiк қасиеттердi және дұрыс жүрiс-тұрысты
қалыптастыруға алып келедi.
Е.А.Аркин және И.З.Баерюнас ата-аналардың
жiберетiн кейбiр қателiктерiн атап кетедi.
1. Ерте жастан бастап саналы түрдегi
тәрбиелiк әсердiң болмауы, тәрбиенiң дұрыс
ұйымдастырылмауы.
2. Ерте жастан бастап балаға
еркiндiктi беруi, бұл еркiндiкке баланын әрi даяр емес екендiгiн
ескермеу.
3. Ата – ананың тәрбиелеу
кезiнде өте қатал болуы немесе тым аса күш жұмсауы,
үнемi шектен тыс қадағалап отыру.
4. Баланы тәрбиелеудегi
ата-ананың өзара келiсiмге келе алмауы.
А.А.Бодолев, А.Я.Варга, С.В.Ковалев, А.И.Захаров, А.Б.Добрович,
А.А.Люблинская, В.Я.Титаренко, И.С.Кон С.В.Ковалев ата-ана мен бала
қарым-қатынасының ерекшеліктері баланың жүрiс – тұрысын бекiтедi және
қоршаған ортамен байланысының моделi болып қалыптасады.
Ересектермен баланың қарым-қатынас стилi тек байланыс орнату
кұралы ғана емес тәрбиелеудiң бiр әдiсi болып
табылады деп қарастырады. Ересектермен қарым-қатынас кезiнде
бала жүрiс -тұрыс моделiн игередi және психикалық
тұрпатын, тұлгалық қасиетiн анықтайтын адамдармен
қарым-қатынас стилiн игередi.
А.А.Холева және З.М.Богословская
жүргiзген зерттеулер нәтижесi мектепке дейiнгi жастағы
баланың қарым-қатынасының жанұялық
қарым-қатынас типтерiне тәуелдi болатынын көрсетедi.
Егер, жанұя мүшелерiнiң арасында жылы, мейiрiмдi, бауырмал
қарым-қатынас болса, ата-аналар арасында бала тәрбиесi
жөнiнде өзара келiсiм болса, ата-ана баланы бiрлескен
әрекетке шакырса баланың ақыл-ойы жақсы дамиды
және енбекқор, әлеуметтiк белсендi және басқа
ересектермен де өз кұрдастарымен де жақын әрi жылы
қарым-қатынасқа түсе алады.
Мазмұнды қарым-қатынастың шектелуi
ата-анасы тым шектен тыс кадағаланған және суық
қатынаста болған балаларда кездеседi. Бұл кезде балада
оқшаулану, сенiмсiздiк, ересектерге деген нигативизм және
түйықтылық байқалады.
Қорыта
айтарымыз ата-ана баламен теңі ретіне, сыйлауға
тұрарлыктай адам ретiнде қатынаста болу керек. Егер де бала
жазалауға тұрарлықтай терiс
қылықжасағанның өзiнде де баланың
өзiнiң көзқарасында болуына құқығы
бар, баламен қатынаста өзiңдiкi дұрыс деп ойлағанның
өзiнде де өзiне баланың
көзқарасыменқарауға тырысукерек. Психологиялық зерттеулермен
психолог практиктердiң, әдебиеттерiндегi мәлiметтерге қарағанда,
ата-анаға келер қиындық балаға дұрыс талап қоя
алмауында, соның iшiнде қарапайым қатенiң бiрi –
баланың жас ерекшелiгiне
қарай психологиялық өзгерiсiмен есептеспеуi,
мұның өзi ата-ананың бiлместiгiнен балада әртүрлi
жағымсыз формалардың болуына жағдай жасайды.
Ата-аналар баланың
тыңдамай қарсыласуы жөнiнде әр түрлi шағымдар
жасайды. Мұның бәрi де баладан өздерiнiң
iстемеген iстерiн талап ету. Олар баладан ақиқат жолымен талап ете алмайды,
баланы жазалаудың әдiс-тәсiлдерiн бiлмейдi. Сондықтан балада
ата-анаға деген сыйласушылык сезiмi болмайды, қарсыласу пайда болады.
Кейбiр жағдайда ата-аналар арасындағы келiспеушiлiк баланы
қалай жазалау керектiгi жөнiнде де кездеседi. Бiреу қатаң
да, қатты жазалау керек десе, екiншiсi баланы ренжiтпей жәй
ғана жазалауды дұрыссанайды.
Психологияда баланы
тәрбиелеуде ең үлкен жаза – ата-ана балаға
немкұрайлысуық қарауы.
Американың белгiлi қоғам қайраткерi, балалар
дәрiгерi Т.Скок: "баланың
тәртiптiлiгiнiң негiзi – ата – анаға деген махаббаты"
– дейдi.
Егер ата-ана баланы ұрып
соғатын болса, олардың арасында жақсы қатынас, сүйiспеншiлiк,
түсiнушiлiк, кұрметтеу болмайды. Соғу, ұру арқылы
әруакытта да өзiнiң тiлегi орындала берсе, тәрбиенi мақсатына
жеттi деп айтуға болмайды. Жазалаушылық баланың ата-анаға
деген сенiмiн кетiру мен қатар, бiр-бiрiмен қарым-қатынасына
да зиян келтiредi.
Әдебиеттер:
1.
Нещерет Т.В. Влияние взаимоотношений в семье на
межличностные связи ребенка:
Дис.канд.психол,наук-1980 г. 215 бет.
2. Обозов
Н.Н. Психологическая структура семьи и формирование личности ребенка
// Педагогические аспекты социальной психологии.-Минск: Издание НИИ Педагогики БССРД978
г. 219-221 бет.
3.
Спиваковская А.С. Как быть родителями: О психологии
родительской любви.
М.:Педагогика, 1986 г. 160 бет.
4.
Арутюнянц Э. Педагогический потенциал семьи и проблема
социального инфантилизации молодежи //отец в современной семье.
Вильнюс. 1988 г.26-33
бет.
5. Мясищев
В.Н. Личность и отношения человека. // Проблемы личности.-М.:Наука, 1969 г. 63-73
бет.
6. Колесник
Н.Т. Влияние особенностей семейного воспитание на социальную
адаптированность детей. М. 1999 г.