Психология/Даму психологиясы

Психология магистрі, аға оқытушы Қуанәлі М.А.,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АУМАҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым-қатынас орнатуға тырысады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым-қатынас негізі  қалыптасады.

 Алты-жеті  жаста  бала  жауапкершіліктің  өнегелі  мәселелерін түсінуге  қабілетті  ойында  және  қарапайым  өмірде  таныстармен құрдастармен  қарым-қатынаста  жауапкершілік  іс-әрекетте  тәжіребе  жинақтайды  [1, 52б.].

Алты-жеті жастағы  бала  жақсы  таныс  құрдастарымен  қатынаста  дұрыс қарым-қатынас тәсілін таңдайды, өзіндік  позициясын  жауапкершілік  сезінеді.

Бала ересектің бақылауына және  дұрыс бағалауына  мұқтаж. Дамудың  бірінші  этапы  баланың  моральдық  мінез-құлқының  дамуы. Ересек  адам  баламен  сенімді, жағымды  тонда  оның  өзін  дұрыс  ұстай  алатынын  айту  керек. Ересектермен  және  құрдастармен   қарым-қатынасқа  түскенде  бала  мінез-құлқының  әлеуметтік  эталонын  меңгеруге  мүмкіндік  алады. Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез-құлқының моральдық  нормаларымен  талапқа  бағыну  қажеттілігі  туады.

Сондықтан  баланың  өнегелік  дамуындағы  маңызды  сәттер қарым-қатынас  нормасын,  олардың  құндылығын  түсіну  білімі  болып  табылады. Біртіндеп  бала  өзін  басқа  құрдастармен  салыстыра  бастайды. Балаларды  бір бірімен  теңестіру, бұл  оларды жауапкершілік  сезімін  қалыптастырады: «біздің  топ  үшін», «біздің  класс үшін».

Мектепке  дейінгі  кезеңде  бала  адамдардың  ересектермен  және  балалармен  қарым-қатынастағы  мінез-құлық  жүйелерінің  әлеуметтік  кеңістікті  меңгеруде  үлкен  жолдан  өтеді.

Мектепке  дейінгі  балалар  өз  бетінше  әрекет  етіп, отбасы  шеңберінен  алшақтап,  құрдастарымен, басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасап  қарым-қатынас  шеңбері  ұлғаяды. Шеңбердің  ұлғаюы  баладан  қарым-қатынас  жасаудың  барлық  тәсілдерін  меңгеруді  талап  етеді. Олардың  маңыздысы–сөйлеу. Сөйлеудің  дамуы  бірнеше  бағытта  жүреді: сөйлеу  басқа  адамдармен   қарым-қатынас  жасаудың  негізгі  құралы; сонымен  қатар сөйлеу – ойлаудың  құралы, психикалық  процестің  маңызды  бөлшегі  бала  тәрбиесінің  белгілі  жағдайларда, бала  сөйлеудің  мағынасын,  құрылымын  түсінеді.

5-6 жастағы балалардан тренингтік топ ұйымдастырғанда басты психологиялық әсері бар әдіс ойын екені даусыз. Сондықтан біздің тренингтік әдістемелерде ойынның әр түрлі ситуациялық, рольдік, дидактикалық, шығармашылық, имитациялық ойындар базалық әдістер болады. Сонымен қатар тренингте ойындар диагностикалық, психокоррекциялық дамытушы, яғни полифункционалды құрал ретінде қолданылады. Қарым-қатынаста әрбір баланың өзін көрсете алуы, топтық іс-әрекетті жатсынбай, белсенділік танытуы бір жағынан, екіншіден қандай да мәселенің әр қырын қөре білу, рефлексияны дамыту үшін топтық пікірталас аса маңызды. Тренингтік тәжірибеде қатаң регламенттік, нақты тақырыпқа негізделген құрылымдық және еркін тақырыптағы пікірталастар қолданылады.

Тренингтің әдістердің келесі бір маңызды бөлігі әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған. Топ мүшелері басқа адамдарды, өзін, өз тобын қабылдауға түсінуге және бағалауға қатысты біліктілігін дамытады. Осы мақсатта арнайы жаттығулар құрастырылды [4]. Алынатын ақпараттың вербалды, вербалды емес жолдары арқылы перцепция механизмдері жетіледі. Бұл процедура қабылданатын объектіні терең рефлекциялық және мағыналық, бағалық интерпретациясын жасауға үйретеді. Бұл жаттығулардың ішіне парапсихологиялық тәсілдермен табалдырық алды сезгіштікті дамытатын әдістер жатады.

         Ал, 5-6 жастағы балалармен тренингтік жұмыс тіптен де жауапты болмақ. Бұл жастағы, тіпті бастауыш, орта сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіруде де басқа психологиялақ мәселелерге қатысты да тренингтік оқыту тәжірибиесі, белсенді әдістердің әсері әзірше жан-жақты, психологиялық зерттеу кезегін күтуде.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты: қарым-қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін) [4].   

Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы психикалық дамуы, әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндіктері, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даяр болуы қарым-қатынас генезисі бойынша жасына лайық қарым-қатынас формасының қалыптасуымен тікелей байланысты. Алайда психолог ғалым Х.Т. Шерьязданова зерттеулері 5-6 жастағы балалардың бірқатарында М.И. Лисина тағайндаған жағдайдан тыс жеке бастық қарым-қатынас формасының кейбір параметрлерінің толық қалыптасып қоймайтындығын көрсетеді [2;3]. Ол 3-5 жастағы балалардың қарым-қатынас формасында ересектер мен және басқа балалармен өзара әрекеттестік және ақпарат алмасатындығын айтады. Осы арнадағы және өз зерттеу тәжірибемізде баланың жасына лайықты қарым-қатынас формасының қалыптасуына отбасы, балабақша  мектеп жасына дейінгі даярлықтың әсер ету мүмкіндігі ерекше болатыны белгілі болды. Сондықтан 5-6 жастағы балалардың ересек адаммен, басқа балалармен қарым-қатынас формасының жасына сәйкес параметрлерінің қалыптасып, дамуы мақсат-бағдарлы, жедел ұйымдастырылатын коррекциялық-дамытушы әдіс-құралдардың жүйесін қолдануды қажет етеді. Тренингтік сабақтарды ұйымдастырып өткізудің жалпы шарттарын сақтаумен қатар, жас ерекшелік идеологиялық, әлеуметтік және ұлттық ғылымдарының мәселеге қатысты негіздерімен өз тәжірибемізді саралай отырып, 5-6 жастағы қазақ балаларының қарым-қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудың жағдайлары құрастырылды.

Тренинг сабақтардың басты принциптері:

-  сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;

-  сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру.

Тренингтік  сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады [4]. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді. Ең соңында, балалардың тренинг жүргізушіде бауыр басып қалып, өздерінің бұрынғы тренингтен тыс болатын іс-әрекетттерінен, педагогтарынан аулақтап кетуден сақтайды.

Сондықтан да мектепке дейінгі мекеме қарым-қатынасы мен мектепке дайындығын, олардың психикалық құбылыстарының қалыпты деңгейде дамуын психодиагностикалау, психотүзетумен қатар, әрімен қарайда балалардың  қарым-қатынасында этностық ұлттық ойлау жүйесінің қалыптасуының этнопсихологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударып жан-жақты зерттеуді керек етеді.

 

Әдебиеттер:

1.   Эльконин  Д.Р. Психическое  развитие в детских  возрастах. – М.,         Воронеж,  1997. – 416 с.

2.   Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. – Алматы, Рауан, 1996. -145 с.

3.   Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. - М., Педагогика,  1997.- 350 с.

4.      Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А. Развитие личности ребенка в процессе предшколной подготовки. – Алматы: Рауан, 1998 -155 с.