Мажитаева Ш., Ажигенова С.К.,
Қарағанды. Е.А.Бөкетов атын.
ҚарМУ
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан
Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік
өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін
меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту
қолға алынып отыр. Оқушылардың оқу дағдысын
қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей
байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға
тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл
жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді
мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап
беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке
тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға
мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын,
қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан
ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы
білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың
біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», -
деген міндетті белгілейді. Біздің зерттеуіміз бүкілхалықтық
талқылаудан өткен, өзектілігі күнбе-күн артып
келе жатқан осы құжаттарда қойылған сұраныс
бойынша зерттеу жұмысын
жүргізуге арналады.
Оқушылардың оқу
дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу
тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен
ойлауға тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті.
Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою
керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша
сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға,
белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап
сөйлем құрауға мұғалімнің
көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс
әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Қазіргі
заман сөйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және
электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр.
Сөйлеудің жазбаша, электронды түрі қаншалықты
маңызды болса – ауызша сөйлеудің мәні де
соншалықты зор. Оқушылардың ауызша сөйлеуге баулу
мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді.
Бұл - әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы, Елбасы
тапсырысы. Бұл пікірлер аталған тақырыптың
өзектілігін анықтайды.
Ағылшын
тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор.
Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді,
өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған
хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық,
диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның
сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы.
Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде
пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя
алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы,
өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы
керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру
барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі
реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда
дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау
сабақтарының рөлі зор. Монологты
сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі
сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала
әзірленуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу
әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай
сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1) Ауызша сөйлеудің
монологты және диологты формалары оқытудың барлық
кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді
түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша
сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік
және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының
жүйелі түрде орындалуы;
3) қосымша оқыту
құралдарының жиі жиі қолданылуы;
4) лингафонда, компьютерлі
кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды
кең көлемде қолдану. Ауызша сөйле ептілігін
дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты
құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып
тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз
байланысты.
Ағылшын
тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім,
білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер
оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог
түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу
қабілеттері, танымдық қызығушылықтары,
мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық
дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын
тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог
түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің
маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек»
ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген
ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға
түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі
бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың
тыңдаған,оқыған, көрген мәліметтерін
дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету.
Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін
ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына,
оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер
бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану
үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол
мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс,
монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан
мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл
хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер
оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор.
Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің cөзден
мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1. материалды көрсету негізінде;-тілдік-кіші
көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба,
мақал-мәтелдер;-бейнелеуші-кинофильм, диафильм, суреттер, кесте,
түрлі бейнефильмдер;
2. cөз әрекетін басқару
негізінде;-мазмұндық тіректер (кім, не, қайда, қашан,
қалай т.б. сұрақтар);-мағыналық тіректер (неге,
не мақсатпен, не үшін т.б. сұрақтар).
Тілдік
тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді
ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы
тиіс:-өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;-тіректер
түсінікті және көрнекі болуы тиіс; Тілдік тіректер оқу процесін
дамытып,оқушылардың монолог түрінде сөйлеу скерліктерін
қалыптастырады. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын тілдерді оқыту үдерісінде
қалыптастырудың дидактикалық шарттары: - тілді оқытуда тың
ақпараттарды және қазіргі технологияларды
қолдану;-тілді оқыту барысында белсенді әдістерді
пайдалану;-тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа
технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға
сәйкестеп сұрыптау.Кез келген сөйлеу біліктілігін дамыту
процесінде екі кезеңді,яғни сөйлеуге дайындық
және сөйлеу кезеңін ескеру қажет.
Ауызша
сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбі
тіл және сөз жаттығулары түрі беріледі және ондай
жаттығуларсыз оқушыларды сабақта сөйлету мүмкін
емес. Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу
үшін олар тақырыптарға байланысты емес басқа
сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер қатарына
сәлемдесу, әдептілік ишараттарын , өтініш, т.б.( Good day,
May I…, Make up…,). Ауызекі сөйлеу үшін оқушының
сөздік қорында зат есімдер мен етістіктердің, есімдіктер мен
көмекші сөздердің болуының маңызы зор. Сонымен бірге көмекші
сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер,
заттың қайда екенін білдіретін, модальді сөздердің,
істің, қимылдың басталуын, аяқталуын, жалғасуын
білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді
қамтитын ситуацияларға келсек,олар негізінен мынадай болады: Барлық
әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін
әріптестер шет елдіктер болады. Мұндай ситуациялар заттарға
және қарым-қатынастарға байланысты болуы керек. Сонымен
қатар суреттеу,пікірталас ситуацияларын да атаған жөн.
Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар: а) Лондоннан келген
оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар,пәндер
оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т.б, туралы
суреттеулер де кіреді. б)
Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік
біздің қалада алғаш рет болғандықтан жол
сұрайды. Қарым-қатынас
(пікірлесу) ситуациясы. а) Мектепте: отбасы туралы фильмді талдау. б) Көшеде: автобуста шет
елдікпен әңгіме. Суреттеу ситуациялары. а) Оқушы шет елдікке
көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан келген
мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды. Оқытудың
бастапқы сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы
тиіс. Лексиканы коммуникативтік
мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін
алдымен оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету
керек деген сұрақ туындайды. Е.И.Пассов
сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай
жағдайларды ескру керектігін айтады:а) қажетті сөзді еске
түсіру; ә)
сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа
сөздермен байланыстыра сөйлем құрап, дұрыс
қолдана алу.
Ауызша
сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның
әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер
сөйлеуге баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Нестерова
Н.Б.Оптимизация обучения монологической речи в 4-5классах средней школы. ИЯШ.
№5,1982. С.30.
2.
Ломтев Т.П. Язык и речь.Вестник МГУ.Филология.Журналистика. С.200.
3. Садыкова АК., Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде
тілдік тіректер негізінде
монолог түрінде сөйлеуге үйрету.
ИЯШ. №6, 2007. С.30.
4
Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М.: Русский язык, 1977. С.300.
5. Шетел тілін оқыту әдістемесі.
Педагогика.Әдістеме. Алматы, 2009. 190 б.
6. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17. 2007. 21 б.
7. Мектептегі шет тілі. №3, 2006. 44 б.