Ерекешова А.М.

Ойын арқылы бала тілін дамыту

№11 Ақбота балабақшасы, Ақтөбе қаласы, Казахстан

Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі- балалар үнтүнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы  үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с. болып ойнайды. Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының  дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның  мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықыласпен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым қатынастарынын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар көртеген  құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді, Ойындар мазмұнына мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизиялық, дидақтикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербез әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін.Сюжетті –рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы   «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекетері қандай да бір әдеби шығарманың ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті-рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Құрылыс ойыны-балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекетті бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан  сюжетті  рольді ойынға ұқсас келеді, және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу- қоршаған өмір. Балалар онын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың құрылыстарын көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді. Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі.

 Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін-қақпақтын астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдында қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар бабалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары. Әрбір топта дидактикалық тұрғыда жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар, пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептідікті талап ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін  қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.  Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке- психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойынай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.  Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да,серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

Қолданылған әдебиеттер

1.     Гомзяк О.С. Говорим правильно 5-6 лет

2.     Әмірова А.С., Акортаева К. Тіл дамыту

3.     Якушко Е. Помогите молышу заговорить