Танатарова Сауле Карпыковна

№ 25 ОРТА МЕКТЕБІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН

Химия  пәнін оқытудың тиімді әдістері

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады. Химия пәнін оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей:

-          Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

-   Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылардан алынған білімді жүйелеу;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда оқытушының уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Интербелсенді әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интербелсенді әдістер дағдылы білім алу процесінен өзге  логиканы болжайды: теориядан тәжірибеге емес, керісінше  жаңа тәжірибені  қолданудан оның теориялық ұғынуына  сол тәжірибені пайдалану арқылы жету жолын болжайды. Білім алу процесінің  қатысушыларының тәжірибесі және  білімі олардың өзара оқыту және өзара байыту құралы ретінде қызмет етеді. Әрекет тәжірибесімен және өз білімдерімен бөлісе отырып, қатысушылар оқытушының  функцияларының бір  бөлімін өз жауапкершілігіне алады.

Жалпы оқытуда химиялық негіздерді жаңа технологиялармен байланыстыра отырып, тапшы зертханалық жұмыстарды интербелсенді әдістері түрінде оқушыға жеткізу, оқыту технологияларын қолдану.

Сонымен оқытудың  интербелсенді әдістемесі дегеніміз - бұл  оқушылардың  танымдық әрекетке жұмылдырылған, өздерінің не білетінін және ойлайтынын рефлексті түрде сыртқа шығаруға және түсінуге мүмкіндік алатын  танымдық және коммуникативтік әрекеттердің арнайы формасы. Қазіргі уақытта химия сабағы барысында интербелсенді құралдарды қолдануда. Интербелсенді құралдардың көмегімен оқытушының, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып   отыр [1].  Білім берудегі интербелсенді технология - мұндағы интербелсенді сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі.

Интербелсенді  оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді.  Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты.  Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс - әрекетінде. Интербелсенді әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен оқушыларға белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріледі. 

Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік береді.

Интербелсенді құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

- Химия пәні  бойынша базалық білімді меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу; ;

- Оқушының   өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді.

Химия сабақтарында оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:

• Дидактикалық ойындар (ойлан тап, химиялық лото, химиялық «лабиринт»);

• Топпен жарыстыру (берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері, әртүрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану);

 Еркін тақырыптарда мәтін құрастыру, ребустер мен сөз жұмбақтар, басқатырғылар құрастыру, шығармалар жаздыру.т.б.

• Оқушыларды әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, картотекалар жасауға,  жоспар жасауға, материалдар жинауға, оның жоспарын жасауға үйрету.

Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет [2].  Химия сабағында сынақ тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой жүгірте талдай білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ дамыту қажеттілігін талап етеді.  Химикке тән осы сияқты және бұдан басқа да, мысалы тәртіптілік, зейінділік, жұмысқа ептілігі,  жинақылық тәрізді қасиеттер тек оқушылар сынақ тәжірибе жасауды сынақ тәжірибелік теория негізінде оқып-үйренумен ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай қалыптастырады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.  А. Салихова. Оқушылардың шығармашылығын дамыту// Ғылыми- әдістемелік журнал, № 5 – 2009 ж.

     2. Химия мектепте 2009, №1.