Абжалелова Сарсенкуль Альменовна

№ 25 ОРТА МЕКТЕБІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН

Географияны оқытуда инновациялық технологияларды қолдану 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында келесі жағдайды атап өтті: «Заманға сай білім беру жүйесінсіз және де кең, ауқымды деңгейде ой ұштастыра алатын осы заманғы білікті мамандарсыз біз инновациялық экономика жасай алмаймыз. Сондықтан ұлттық білім берудің барлық сатыларында сапа деңгейін көтеру бағытында бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Оқушыларға білім берудің нәтижесі ретінде олардың ұшқыр ойлау, өзіндік ізденіс және ақпаратты терең талдау қабілеттерін меңгеру танылу керек» [1]. 

Сонымен қатар, қазіргі кезде білім берудің мазмұны мен құралдары жаңартылуда. Оқулықтар және қағаз түріндегі оқу құралдарымен қатар олардың электрондық нұсқалары шығарылуда. Көрнекілік құралдары өзгертіліп, оқу құралдары тиімді түрге өзгертілуде, және де бұл пәнді әр түрлі деңгейде меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. 
Қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың негізгі мақсаты – бұл жоспарланған нәтижені қамтамасыз етуге бағытталған жеке дара оқыту принципін ескере отырып, оқытушы мен оқушылардың арасындағы өзара байланыс қызметін ұйымдастыру. Оқыту технологиясы оқытушыны оқушылар іс-әрекетінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін жоспарлауға, оларда туындауы мүмкін қиындықтарды, ойлау жолдарын болжауға, әр түрлі сұрақтарға берілуі мүмкін жауаптарды жоспарлауға, яғни берілген материалды оқушылардың көзімен көруге шақырады. Осының бәрі оқытушыға оқыту процедураларын әдіс-тәсілдермен сәйкестендіруге, яғни оқу үрдісінің сценариін жасақтауға мүмкіндік береді. Оқыту әдістері негізінен, стандартты емес және логикалық ойлай білуге, шешім шығара білуге, оқушының өздігінен жұмыстануына бағытталған. 

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту процесін басқа көзқараста қарастыруға және сапалы нәтижелерге қол жеткізе отырып, тұлғаның қалыптасуының психологиялық механизмдерін меңгеруге болады [2,3]. 
Географияны оқыту кезінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, келесі инновациялық технологияларды немесе олардың элементтерін пайдалануға болады: 

1. Озыңқы оқыту технологиясы (әрбір оқушыға шындықты немесе нәтижені іздеу жолдарын, амалдарын, құралдарын өздігінен анықтауға мүмкіндік беру). 
Оқыту процесі кей кездері көбірек конспектілеуге негізделіп отырады, бұл материалды тереңірек меңгеру мақсатында уақыт үнемдеуге, лабораториялық жұмыстарды жасау кезінде оны одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіндік береді. Схемалар және кестелер (конспектілер) оқушының тақырыпты жылдам меңгеруіне, өз білімін жүйелендіруіне, логикалық ойлауды және ойын жеткізе білуді жетілдіруге мүмкіндік береді. 

2. Зерттеп оқыту технологиясы (оқушыларды зерттеу негіздеріне үйрету). 
Зерттеуді жүзеге асыру процесінде шығармашылық ойлау, бастамашылдық, негізделген тәуекелге қабілеттілік, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі бағалау, бірлесе жұмыс істеуге икемділік, жетістіктер мотивациясы, жұмыстанудың жоғары белсенділігі сияқты қасиеттер дами түседі. Бұл қасиеттер индивидтің өзіндік жүзеге асырылуы үшін маңызды. 

Зерттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде ұстаз оқушының бойына келесі идеяларды дарытады: 

- идеяның ой қозғалысы (миға шабуыл); 

- презентациялық (жұмыс нәтижесі туралы ауызша баяндама (хабарлама) құру, жұмыс нәтижесін көрнекі презентациялаудың әдістері мен кескіндерін таңдау, көрнекілік құралдарын дайындау); 

- коммуникативті: басқаларды тыңдау және түсіну, өзін көрсету, өзара бітімгершіліккке келу, топ ішінде бірлесіп әрекет ету, консенсусқа келу; 

- ізденістік: ақпаратты каталогтар бойынша табу, гипермәтінде, ғаламторда контекстік іздеу, түйін сөздерді құру; 

- ақпараттық: ақпаратты құрылымдау, негізгісін бөліп алу, ақпаратты қабылдау және беру, әр түрлі формада елестету, реттеп сақтау және іздеу; 

3. Мәселелік оқыту технологиясы (мәселені шешу әдістеріне үйрету, мәселенің шешу жолын өздігінен таңдауға және өзіндік жүзеге асырылуға жағдай жасау). 
Мәселелік оқыту – бұл мәселелік жағдайды туындатып, мәселелерді шешу бойынша оқушының жұмысын ұйымдастыра отырып, оқытушы тарапынан олардың өзіндік іздестіру қызметін дайын ғылыми жетістіктерді қорытуымен тиімді ұштастыруды қамтамасыз ететіндей оқыту. 

4. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет технологиясы (оқушының шығармашылықта, зерттеу қызметінде, ұжымда өзін өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасап, оның бойына ұйымдастырушылық қабілетті дарыту). 

5. Ақпараттық технологиялар (түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға, өздігінен білім алуға үйрету). 

6. Қашықтықтан оқыту (желілік технологиялар мен ғаламторды пайдалану оқушының білім саласының интеллектуалды жүйесі ретінде, жеке әлеуметтік жүйе ретінде ақпараттық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді). 

7. Жобалар әдісі – біртіндеп қиындатылған тапсырмалармен жұмыстану кезінде оқушының өз білімін толықтырылатын білім беру жүйесі. 

8. Ақпараттық-коммуникациялар технологиясы. АКТ-мен жұмыстана алу оқытушының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, педагогикалық тапсырмаларды шеше білу және оған дайын болу кезінде көрінетін кәсіби біліктіліктің негізгі шарты болып табылады. 

АКТ-ды пайдалану төмендегілерге мүмкіндік тудырады: 

- оқу үрдісіне мотивациялау деңгейін жоғарылатуға; 

- әрдайым оқушыға қиындатылған жағдай туындату негізінде оның даму деңгейін жоғарылату; 

- өткен материалды үнемі қайталау, білімді жүйелендіру; 

- оқу үрдісі кезінде жылы шырайлы атмосфера жасау, әрбір оқушыға деген жеке көзқарас арқылы позитивті қарым-қатынас жасау. 

9. Ұшқыр ойды дамыту технологиясы. Бұл технология оқушылардың ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, олардың белсенділік таныту қажеттілігінен туындайтын, өз таңдауы шеңберінде әрекет етіп, кедергілерден өту кезіндегі оқыту ортасын жасақтауға мүмкіндік береді, олардың даму мүмкіндігінің, коммуникативті қабілеті мен дағдыларының, жетістіктерінің жақын маңайында білім алуды қамтамасыз етеді. Аталған технология өз-өзіне іштей және сырттай баға беруге, басқалармен салыстыруға, өзін және ой-өрісін басқаруға, сөйлеу қабілетін дамытуға, өзіне қанағаттануға, шығармашылық мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. 

География пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігіне тоқталатын болсақ, онда төмендегілерді атап өтуге болады: 

• Мәтіндік редакторы-географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар); 

• Графикалық редактор-шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық жоспар жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын-шашынның, желдің графигін сызу); 

• Мультимедиялық редактор - сабақта табиғи процестерді құру құралы (геологиялық, климаттық); 

• Презентациялық - елдің, объектінің презентациясын жасау; 

• Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия);

• Локальдық тестілеу; 

• Интернет жүйесіне кіру.

• Әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат жасау; 
         • География ғылымы бойынша өзінің интернет-қорын құру; тәжірибе алмасу;

• Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі.

• Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.

Инновациялық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлінеді [4].  

 

Әдебиеттер: 
1. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж.; 

2. Селевко Г.К., Қазіргі заманғы оқыту технологиялары, Москва, 2006ж.; 

3. Волков И. П., Педагогикалық технологиялар, Москва, 2007ж.; 

4. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.