Д.Р. Газезова, А.К. Ибраева.
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға
арналған балалар үйінің
тәрбиешісі
Жеткіншек шақтағы балалар
мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың
пайда болу себептері мен алдын алу жолдары
Қазақстан Республикасы білім беру
жүйесінде бала құқығын қорғауға
бағытталған тұлғаға бағдарланған
тәсілдің дамуында психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп
инспекторлары және әлеуметтік жұмыскерлер үлкен
рөлге ие. Бала тұлғасына құрметпен қарау,
әлеуметтік өмірге дайындау елімізде қазіргі таңда болып
жатқан бала мәселесіне қатысты барлық мемлекеттік бағдарламаларды
жүзеге асыру тиімділігін арттырады.
Қоғам
өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге,
бұрынғы мінез-құлық нормалары
құлдырауға ұшырап жатқан кезде девиантты
мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті
мәселе болып тұр.
Девианттық
мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық
және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта
қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен
ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары.
Девианттық мінез құлықтың мәнін
түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып
(норма)» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл
нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан
жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе
ұйымның мінез-құлық ережелерінің
мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да
құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның
бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды,
мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея,
идеалдар сияқты бағыттап қана қоймай, белгілі бір
ереже-міндеттерді жүктейді[1].
Мінез–құлықтағы
қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930
жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда
емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз
уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында
қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың
бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі-П.П.
Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы
П.П. Блонский[2]. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен,
тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді
түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану
жолдарын анықтады. Осыдан девиантты мінез-құлық деген
ұғым сонау заманнан бері келе жатқан, ашылмаған сыры
көп ұғым екенін білдік.
Алайда
барлығын жағымсыз тұрғыда қарау ол қателік.
Девиантты мінез-құлықты кең және тар
мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы
девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы
қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай
келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы
девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге
бөлуге болады.
Жағымды
девиантты мінез-құлық–бұл көпшілік әдеттен
тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп
қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі
құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді
шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
Жағымсыз
(негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек
көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық
ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық,
сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар
мағынасындағы девианттық мінез-құлық
дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш
адам жақтамайтын ауытқулар.
Сол сияқты тағы айта кететін бір
жәйт, қоғамның басқа топтарына
қарағанда девианттық мінез-құлық
жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті
себебі, жасөспірімдерде құқықтық
әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық
бір мезгілде жүреді. Девианттық
мінез-құлыққа психологиялық,
құқық, мәдениет немесе мораль нормалары
сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген
нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін
жатқызамыз.
Неліктен жасөспірім шақ қауіп
тудыратын шақтар? Біріншіден, психогармоналды
процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен
аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар
әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік
жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден,
әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта
құрылуына байланысты туындаған
қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық
формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты
ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері
қалыптасып үлгермеген.
Кейбір зерттеулерде көрсетілгендей,
жеткіншек-құқық бұзушыларға
интеллектуалдық және әлеуметтік
қызығушылықтардың төменгі деңгейде болуы,
сонымен бірге жастары бойынша ересектердің антиәлеуметтік бағыттағы ықпалы
тән. Біздің қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-психологиялық, саяси өзгерістер өзіндік дүниеге
көзқарастары мен құндылықтар жүйесі
қалыптаспаған жеткіншектер
үшін қиынға соғуда. Өмірге деген
тұтынушылық-өзімшілдік қатынас көптеген
жастардың өзіне және қоршағандарға
немқұрай қарауына әкеп соқтырады.
Болашағыңды
болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен
тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай,
әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы
дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс
болар еді деп өз ойымды айтып кеткім келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1 А. Айтбаева.
Әлеуметтік педагогика негіздері. Алматы, 2011ж.- 216 б.
2 Ш.Е.
Джаманбалаева. Социальные проблемы девиантного поведения (на материалах
Республика Казахстан) Дисс.к.с.н. -Алматы, 1996г. -137с.