Жандарбеков Қажымұқан, Саққұлақов Темірхан, Жаңбыров Нұрлыбек

Қазахстан. Шымкент қ. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ

 

жауынгерлердің дамуындағы тәрбие   құрылымының саптың қарумен қозғалыстарының теориялық-әдістемелік негіздері

 

Бастауыш әскери дайындық процесінде жауынгерлерді оқыту жүйесінде әдістемелік тұрғыда пайдалануда Қазақстандық патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік, Отанға  және қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Болашақ жауынгерлерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет етуге психологиялық-педагогикалық бағытта  даярлау жүйесінің құрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.

Бастауыш әскери дайындық процесінде болашақ жауынгер азаматтардың Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсаты; әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез - құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.

Жалпы білім беретін мектептің болашақ жауынгерлерді оқытып, тәрбиелеудегі даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келді.

Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Соңдықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағынушы болып туатын сияқты және олар баланың дене қасиеттерін, ақыл - ой ерекшеліктерін және қабілетін белгілейді, деп өз ойын дәлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп тұжырымдайды.

Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дәлелдейді. Дьюидің пікірі бойынша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дьюи адам табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез-құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық тегіне байланысты деп түсіндіреді.

Осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды әлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуын, оның өзін-өзі жетілдіруі, бүған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіңдірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы дене тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді. Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке адамның дамуы мен қалыптасуындагы қоғамның ролін теріске шығарады. «Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екендігін XVI және XVII ғ.ғ алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі - жалпыға бірдей және міңдетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, оқушыларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін «Утопия» кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан оқыту-тәрбие процесінде оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді» [1].

XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш.Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни, оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау оқу-тәрбиеге байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы оқу-тәрбие жүйесін батыл сынап, жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, оқушыларға білім және тәрбие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман етті.

Алғашқы гуманистер және социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту өндіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік және адамды - адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.

Оқушыны  жан-жақты дамыту, оқыту және тәрбиелеу жайлы мәселелерді ең алғашқы рет ғылыми тұрғыдан дәлелдеген К. Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар қоғамның даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты - бақытты өмір сүріп, жан-жақты дамуына игілікті жағдай жасайтын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытындыға келді.

Әр дәуірдің  дамуының теориялық-тарихи кезеңдерінің оқыту процесінде алдыңғы қатарға Отансүйгіштікке тәрбиелеуді өзіндік мүдделері болатынын ғалымдармен дәлелденген. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «Отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары әр заманның ақиқаты, наным - сенімінен туындаған. Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап -  ақ қалыптаса бастайды деп көрсетілген.

   Даму - оқушыны жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Оқушының болашақ жауынгер болуына ықпал ететін адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық, патриотзм мен Отансүйгіш сияқты қасиеттерінің дамуы оқу-тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді. Болашақ жауынгердің  дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер пайда болады.

Қазіргі уақытта, жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу дамуы едәуір күрделіленеді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отаныңның лайықты қорғаушысы болу - күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында бастауыш әскери дайындық курсын меңгеру - жастарға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі. Оның бағдарламасы шақырылған жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қазіргі заманғы қару мен әскери техниканы қысқа мерзімде меңгере алу үшін жас сарбазды дайындау көлемінде әскери істі оқып-үйренуін көздейді.

Болашақ жауынгерлердің оқу - тәрбиесі  ұрпақтар сабақгастығының жалғасуына ықпалын тигізуде де ұлкен мәнге ие. Бүл бірінші кезекте жеке тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттіктерінің дамуына да тигізер ықпалы мол.

Бастауыш әскери дайындық процесінде жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу мақсатында мұғалімдер педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология, әскери, философия ғылымдардың ғылыми теориясьна сүйенеді, олар жеке адамньң Отансүйгіш тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін және оған қажетті қасиетті қалыптастырудағы негізгі принциптерді, нысандар мен әдістерді айқындауға мүмкіндік береді [2].

  Оқыту-тәрбиенің кұралдары болып халықгың, нақты ұлттың және  оның қарулы күштерінің еңбек, ұлтгық дәстүрлері табылады. Оқу-тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы үлттық мақтаныш, өз халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған Отанның экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси және әскери әлеуметтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологаялық және саяси жағынан қорғауға даярлығы дамып, қалыптасады.

Соңғы уақыттарда басылым беттерінде «азаматтық тәрбие» мен «патриоттық тәрбие», ұғымдары қатар қолданылып келеді. Біздің көзқарасымызша, «азаматтық тәрбие» мен «патриоттық тәрбие» ұғымдары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады. «Патриоттық тәрбие», «азаматгық тәрбиенің» бір бөлігі болып табылып, оны нақтылай және тереңдете түседі, жеке тұлғаның Отанды сүю, өз халқыньң өткеніне сыйластықпен  қарау  сиякгы,   азаматтың  адамгершілік  негізін   құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Бастауыш әскери дайындық процесінде жауынгерлерді оқыту жүйесінде әдістемелік тұрғыда пайдалануда Қазақстандық патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік, Отанға  және қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Аманжолов К.Р. Алғашқы әскери дайындық: Әдістемелік нұсқау. Мектеп мұғалімдеріне арналған құрал.-Алматы, 2003ж.
  2. Алғашқы әскери дайындық журналы. №4, 2005ж.
  3. Аманжолов К.Р. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарға арналған оқулық. –Алматы, 2006ж.