ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Есенаманова М.С., Дюсенова З.А.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салда­рынан халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр. Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер, өзендер мен көлдер ластанып, жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр, миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға мәжбүр, халық ара­сындағы өлім саны да көбейді.

Бүгінгі таңда - ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде, ал олардың түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр.

Осыған орай, әсіресе қарайған халық қана емес, сонымен қатар мемлекеттік билікті иеленген, еліміз бен халықтың қауіпсіздігі үшін жауап беретін адамдардың өзі экологияның колайсызды­ғына, күннен күнге нашарлап бара жатқан тұрмыс деңгейіне көз жұма қарағаны алаңдатады. Өкінішке орай, осындай қауіпті үрдіс бой көрсетіп келеді.

«Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С.Б.Байсалов назар ауда­рған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекеле­ген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. Сонымен бірге, экологиялық зиян ұғымының жалпы жұртшылыққа танылған бірынғай анықтама­сы әзірше жоқ.

Экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан келтірілген зиянның ұғымы туралы мәселе тиісті құқық бұзушылық объектісі үғымымен тығыз байланыста қарастырылады, себебі заңсыз әpeкеттердiң салдарынан нақ осы экологиялық ортанъщ өзіне зиян келпрепнд­іктен ол жалпы құқьщ бүзушылық объектісіне айналады.

Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасы­на келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдын­да құқықтық қоргау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған орта­ның сапасы түсінігін беру керек.

Заң әдебиетінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жур. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекен­деген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасын­дағы заттар мен қуаттардьщ үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиги экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндіріледі. Кейбір авторлар қоршаған ортанын сапасы биоло­гиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсе­теді, үшіншілері оны - табиғи ортаның нормативтік жағынан бе­кітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен коғам­ның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономика­лық және әлеуметтік-мәдени талаптарын қанағаттандыратын жи­ынтығы деп нақтылай түседі.

Біздің ойымызша, қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшем­дердің жиынтығымен сипатталады.

1. Биологиялық түрғыдан алып қарағанда, қоршаған ортаның адамньщ өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы күйі оның сапасы­ның өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен про­цестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамньщ табиғи физиологиялық - дем алу, шөл басу, тамақтану сияқты қажет­тіліктерін табиғаттың жеке элементтері тікелей қанағаттандыра­ды. Ал, бұл - қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келуі қажет екенін білдіреді.

2. Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстар­ды, өсімдіктер мен жануарлар өнімдерін пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады.

3. Әлеуметтік түрғыдан алып қарағанда қоршаған ортаның са­пасы адамнын эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым-қаты­нас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге рухани қажеттіліктерін қaнaғaттaндырады. Бұған орайда қоршаған ортаның сапасы алуан-түрлілік және эстетикалық байлық сияқты өлшемдерге жауап беруі қажет.

4. Құрылымдық-функционалдық түрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамда­стардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақта­луы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс.

Сонымен, экологиялық зиянның негізгі түрлеріне: табиғи ре­сурстарды ластау, тоздыру, жою, бұзу, табиғи экологиялық ресур­старды бүлдіру жатады.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаға зиянды әсерлердің шектеулі өлшемдерін анықтау, сондай-ақ атмосферлық ауаны, сулар мен топырақты химиялық, физикалық және биологиялық сипаттама­лар бойынша сапасын бағалау үшін экологиялық нормалау жүйесі, яғни қоршаған орта сапасының нормативтерін белгілеу жүйесі қолданылуда.

Коғамның экономикалық және экологиялық мүдделері арасын­дағы шын мәнінде қажетті ымыра ретінде бұл нормативтер қор­шаған ортаның сапалы күйін мүмкіндігінше ғылыми негізде қам­тамасыз етуге арналған.

Экологиялық нормативтердің ерекшелігі - олар өз мәнісі бой­ынша техникалық нормалар бола тұра, өздері бекітілген кезден бастап күшіне енеді.

Дамыған елдерде экологиялық сақтандыру - экологиялық зиянды өтеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Оның басты мақсаты - төлем қабілеті жоқ борышкерге талап қойып отырған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету.

экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібі өтеудің өзге әдістерімен салыстырғанда төмендегі белгілермен ерекшеленеді:

-   өтемақыларды төлеу және өзге де ақтау шараларын жүзеге асыру заң шығарушы билік органдарының шешімі бойынша жүргізіледі;

-   тиісті аумақтағы өтем шаралары ол жер экологиялық апат аймағы болып танылғаннан кейін жүргізіледі;

-   өтем шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаржыларының есебінен жүргізіледі.

Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібінің тағы бір маңызды ерікшелігі - ол сот немесе сақтандыру арқылы өтеу механизміне қарамастан қолданылады.

Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелер шарттан тыс міндеттемелердің ерекше түрі болып табылады (деликттер).

Зиян келтірушіге келтірілген зиянды өтеуміндғтін жүктеу-заңда көрсетілген жағдайларда қолданылатын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі болып табылады.

Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне қатысты мұндай жауапкершіліктің қастандық жасалған объектінің ерекшеліктеріне байланысты өз ерекшеліктері бар.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер жеке адамның немесе ұжымның (адамдардың ұйымдасқан тобының) белгілі бір мінез-құлқының (әрекет, қылықтар жуйесі немесе әрекетсіздік) нәтижесінде туындайтын анық.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер салдарының қоғамдық зиянды сипаты мемлекет тарпынан оған тыйым салуды қажет етеді. Ақыр соңында ол сонда әрекеттердің экологиялық нормаларда бекітілуі әдісімен жүзеге асырылады. Соңғылары белгілі әрекеттердің ережелерін қамтиды, тығымдар жүйесін белгілеп, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сондықтан, қоршаған ортаға зиян келтірген адамды жауапкершілікке тартудың негізгі шарты – оның әрекеттернің (әрекетсіздігінің) заңдылығы немесе заңсыздығы мәселесін шешу болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.     Малсин Н.С. Возмещение вреда, причиненного личности. М., 1965. с.5.

2.     Шестерюк А.С. Вопросы кодификации законодатсльства об охране окружающей среды. - Л., 1984. С. 1 08.