Математика – орта мектептегі негізгі пәндердің бірі болып
табылады. Ол басқа пәндерді оқып үйренуге,
оқушылардың логикалық ой-өрісінің дамуына
септігін тигізеді. Математика әдістемесінің мазмұны мен даму
барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика
ғылымының даму тарихынан мағлұматтарды білу
қажет. Математиканы оқыту әдістемесі математиканың
көп ғасырлы дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі заман
математикасы ондаған әр түрлі салалардан тұрады,
олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері
бар.
Мектепте
оқытудың әдістерін жетілдіру арқылы
оқушылардың дербес жұмыс істей алуын, ойлау икемділігін,
білімнің мәнін түсінікті де терең қабылдауын
келешекте алған білімді халық игілігіне жұмсай алуын
қамтамасыз ету білім беру саласындағы өзекті
мәселелердің бірі. Осыған орай оқушыларға сапалы
білім берумен қатар олардың шығармашылық
қабілетін дамыту бүгінгі күнде негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан арнайы
ұйымдастырылған оқыту әдістері оқушылардың
ойлау қабілетінің дамуына әсер ететінін ескеріп
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталған мақсатты оқыту әдістерін
пайдаланудың қажеттілігі туындайды. Бастауыш сыныпта
оқушылардың қабілетінің дамуы әр түрлі
оқыту әдістерін кешенді түрде ұйымдастыруға
байланысты, яғни оқыту әдістерін дұрыс
пайдаланғанда нәтижелі болып табылады. Бұл
оқушылардың зердесін, зейінін, ой-өрісін, қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді.
Білім беруде
жаңа сапалық жетістіктерге жету педагогикалық
тәжірибелерде жаңалықтарды қабылдап, оны жұмыс
барысында қолданумен тығыз байланысты. Барлық оқу
орындарының алдына қойған мақсаты білім берудің
жалпы мазмұнымен бағаланады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға
есептер шығара білудің жолдары мен тәсілдерін үйрету.
Интербелсенді тақтамен сабақ берген кезде оқытушы,
оқушы және интербелсенді тақта триада
қарым-қатынасы жүргізіледі. Математика сабағында сыни
тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа
ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны)
қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді
шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағыларын
ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін
арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту болып табылады.
Математика сабағынан алған теориялық білімдерін
оқушылар интербелсенді тақта мүмкіндігін пайдалана отырып,
жадыларында бекітеді. Бұл кезде оқушылардың ойлау
қабілеті іске қосылып, танымдылық іс- әрекеті
жинақталып құзіреттілігі дамиды. Оқушыны біліммен,
білім алу тәсімен қаруландырып, оның өмір салтымен,
мінез-құлқын сауықтандыра отырып, өзін
үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей отырып, саналы білім алуын
жүзеге асыру. Егер математика пәні бойынша жүйелі
жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпаратты технология
арқылы оқыушылардың шығармашылығы
қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен
білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері
уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті және
құзыретті тұлға болып қалыптасады.
Математиканы оқытуды
тренинг сабақтар арқылы да жүргізуге болады. Мысалы,
тренингке қатысушылар саны 20-25 оқушы көлемінде болуы шарт.
1.Тренингке
қатысушыларды марапаттап отыру шарт және барлығының
оған қатысуын қадағалау қажет;
•
оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ
қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға
жетелеуі қажет;
• тренингтің
бірінші сабағында «танысу» жаттығуын өткізу шарт;
• теориялық
жағдаят пен интерактивті жаттығулардың арасында бір-бірімен
өзара сәйкес сабақтастық болуы қажет;
• кез-келген тренинг
сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері
айтылып, соңында қорытындылануы шарт.
Пәнді
оқытуда «Ойға
шабуыл» әдісін де толықтай пайдалануға болады. Бұл
әдісте оқушының қойылған
сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке
алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны
қағазға немесе тақтаға жазып
түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының
негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын оқушылар білуі тиіс.
«Ойға шабуыл» әдісі «4-5 минуттан аспауы керек,
аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын
талқылап, бастылары таңдап алынады.
Бұл әдіс
мынадай сәттерде тиімді болады:
1.Күрделі
мәселелерді талқылағанда;
2.Үлгерімі
төмен, өз-өзіне сенімсіз оқушылардың
үлгерімін талқылауды ынталандыру жұмыстарын атқаратын
сәттерде.
Оқытушы және оқушының шығармашылық
жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда,
жаңа құндылықтар, ізденістер жасау ұстаздың
білімін ұштай түседі.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің
білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және
алған білімдерін қажетіне қолдану. Өйткені,
баланың, оқушының сапалы білім алуы ұстаз
еңбегінің жарқын көрінісі. Себебі, бүгінгі
оқушы ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын білікті маман,
азамат болмақ. Жақсы маман болу үшін оқушының
дамуына әсер етуші әлеуметік фактор оқушы, оқытушы,
ата-ана және басқа пән мұғалімдері
ынтымақтасуы қажет. Заман талабына сай жаңа технология
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші –
оқытушылар және жауапты ата-ана. Осы үрдіспен бәсекеге
сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар
қауымына зор міндеттерді жүктейді. Оқыту интербелсенді
тақтамен жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып
түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ
қоюға мүмкіндік алса, берілген ақпаратты тез меңгереді
және алған білімдерін толықтай бекітуге мүмкіндік
береді. Алған білімдерін бекіте отырып, өз-өзіне деген деген
сенімділіктері артады, сонымен қатар мінез-құлық
дағдылары да қалыптасады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Айтмамбетова
Б. Оқыту процесін ұйымдастыру. А. 1991.
2.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тәжірибелері. -А., 1991.
3.
Апатова
Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. – М: ИОШ РАО, 1994-288с
4.
Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К.,
Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен
әдістемесі.- Алматы
“Білім” 1998.
5.
Гершунский
В.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы.–М: Педагогика
1987 – 264с.