Арал
өңірінің күріш ауыспалы егісінде өсірілетін арпа
тұқымының микрофлорасын
анықтау.
Әбілдаева Ж. к.б.н. доцент., Байділдаева
С.Н.,студент.
Қызылорда облысында өсімдік шаруашылығын
әртараптандыру бағдарламасы аясында дәнді, қоспа
жем-шөп дақылдарының құндылығы
жоғары, оның ішінде климат
құрғақшылығына қарамастан дәнінде
белокты көптеп жинайтын арпа дақылының маңызы зор.
Арпа
дақылын пайдаланудың негізгі бағыттарына жататын:
-арпадан
жарма өндіру;
-
спирт және сыра өндіруде шикізат;
-арпа жайылымдық дақыл;
-малға басқа дәндермен араластырып пайдалануға
болады.
Арпа дақылының ауыспалы егістікте
алатын орны ерекше.Арпа егістіктің арамшөптен тазаруына ықпал
етсе оны жалпы егіс танабының фитосанитары деп алуға болады.
Сонымен қатар арпа көп жылдық шөптерге таптырмас
бүркеме дақыл екені белгілі.
Өсу вегетациясының алғашқы фазасында интенсивті
түрде өсіп шығатын арпа өскіндері, тұзды
топырақта көпжылдық шөптерге қолайлы жағдай
туғызып, күн көзінің тікелей түсуінен қорғайды.
Қазақстанда арпа
дақылы жем-шөптік бағытта өсіріледі.Арпа
өнімділігінің азаюына көптеген
саңырауқұлақты, бактериялы және вирусты аурулар,
әсіресе фузариозды тамыр шірік ауруы әсер етеді,сонымен қатар
кең таралған ауруға тамыр шірік жатады.М. Қойшыбаев (1
) А.П. Науанованың (2)
мәләметінше Солтүстік Қазақстанда арпа
тұқымы басқа дақылдар тұқымы сияқты
альтернариоз, гелминтоспориоз және фузариозбен зақымдалса,
арақатынасы ауыспалы егістікте дақыл орны мен алғы
дақылға байланысты екенін айтқан.
Л.А. Понамареваның(3),
зерттеулері бойынша Қостанай облысында дән қауызының
қараюы арпа сортында Aiternaria aiternata Bipoiaris sorokiniana (Sacc) Shoem.Автор дәннің
зақымдалуына ауа ылғалдылығының (70ºС) дейін
көтерілуі, және температураның (17-19 ºС) төмендеуі
әсер ететінін,ондай әсер арпаның гүлдену және
дән байлау кезінде деп есептейді.
Н.Н. Альмуратовтың (4 )
мәліметінше жалған тозаңды қара күйе Целиноград, Солтүстік
Қазақстан және Алматы
облысының кейбір шаруашылықтарында арпа егістігінде
байқалды.
Қазақстанда арпа
көптеген саңырауқұлақ, бактериалы және
вирусты аурулар оның өнімділігін төмендетеді. Соның
ішінде көп таралған ауруға тамыр шірік сонымен қатар
қара күйе ауруының 3 түрі жатады.4 түрлі тат
ауруының ішінде сабақ және сары тат аурулырының зияндылығы айтарлықтай (5). Фузариозды тамыр
шірік ауруы арпаның ең зиянды ауруларының біріне жатады..
Оладан тиімді қорғау әдісіне төзімді селекциялық
сорт шығару болып табылады. Осыған байланысты Арал
өңірінде зертханалық және далалық
тәжірибелер жүргізілді (6).
Зерттеу әдістері Далалық тәжірибе Ы.
Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы
ғылыми зерттеу институтының Қараултөбе тірек пунктінде
8 танапты ауыспалы егісінде шалғында батпақты топырақта жүргізілді.
Арпаның фузариозды тамыр
шірік ауруы зиянды аурулардың бірі. Зертханалық тәжірибе арпа
тұқымының инфекциясын анықтау үшін 3 сорт
Азық, Әсем, және Икарда сорттары алында. Зертханалық
тәжірибе нәтижесі бойынша тұқым микрофлорасында
альтернариоз, фузариоз және пенициллиум кездесті.
1-кесте.Арпа сорттары
тұқымының микрофлорасы.
|
Сорт |
Дән саны,дана |
Зақымдалған дән, % |
Оның ішінде |
||
|
Aiternaria |
Fusarium |
Penicillium |
|||
|
Азық |
100 |
21,5 |
9,0 |
8,5 |
4,0 |
|
Әсем |
100 |
22,5 |
7,5 |
12,0 |
3,0 |
|
Икарда |
100 |
19,0 |
8,5 |
8.5 |
2,0 |
Кестеде көрсетілгендей,
арпа тұқымының ең көп зақымдалған
Әсем сорты болды. 22,5%, ал қалған Азық және
Икарда сорттары тұқымының зақымдалуы біршама төмен,
яғни 19,0+ 21,5 пайызды құрады.
Сонымен қатар зертхана
жағдайында 35 сорт үлгілерінің 14 күндік өскініне
бақылау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша сорт
үлгілері негізінде тамыр шірікпен зақымдалғаны белгілі болды.
2-кесте.
|
Сорт үлгілерінің саны, дана |
Есеп шкаласы бойынша аурудың таралуы |
Оқшауланған үлгілер |
||||
|
0-5 |
6-25 |
26-50 |
51-75 |
76-100 |
||
|
35 |
3 |
14 |
13 |
4 |
1 |
Арна, марин 88/99-1 |
|
St
Әсем-9 |
- |
1 |
- |
- |
- |
|
Кестеде көрсетілгендей,
фузариозды тамыр шірік ауруымен аудандастырылған Арна, Марин және
88/99-1 сорт үлгілері ауруға төзімділік көрсетті.
Стандарт Әсем сортында
зақымдалу 9 пайызды құрады. МК 6924 (Туркия), 14/83-3, МК
29286 (Россия) сорт үлгілері өте күшті зақымдалды.
Қалған сорт үлгілері орташа және төмен дәрежеде
зақымдалды.
Түйіні.
1.Қазақстанның
Арал өңірінде арпаның фузариозды тамыр шірік ауруы бірінші
рет анықталды.Оның зақымдалуы 19,4-25,0 пайыз болды.
2. Арпа тұқымы
микрофлорасына альтернариоз, фузариоз және пеницеллиум бар екені
анықталды. Ең көп зақымдалған Әсем сорты
22,5 пайызды құрады.
3. Арпаның 35 сорт
үлгілерінің зертханалық зерттеу нәтижесі
әртүрлі экологиялық-географиялық түп негізі
және аудандастырылған сорттардың өсуінің ерте
кезінде (онтогенез) ауруға төзімді сорттарға Арна
(Қазақстан), Марин (Чехия) және 88/99-1 (НПЦЗиР) сорт
үлгісі танылды.
Әдебиеттер:
1.Қойшыбаев М.Болези ячменя . Болезни
зерновых культур.Алматы Бастау 2002. 77 стр.
2.Науанова А.П.Биология и агроэкология
микроскопических грибов возбудителей корневых гнилей и альтернариоза семян
зерновых культур и совершенствование способов борьбы с
ними.Автореферат.Алматы,2005.
3.Понамарева Л.А. Распространение и вредоносность
потемнения колосковых пленок зерна ячменя. Актуальные проблемы защиты растений
в Казахстане 2-книга.Алматы. Бастау 2002. 91 стр.
4. Альмуратов Н.Н.Арпаның қара
күйе аурулары. Алматы. Қайнар, 1975. 189 стр.
5. Сагитов А.О. Исмухамбетов. Болезни ячменя.
Справочник по защите растений Алматы 2004.с.82-86.
6.Әбілдаева Ж. Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісі
дақылдарының аурулары мен зиянкестері және олардан
қорғау жүйесі.Қызылорда, 2012ж.232-233.