Боралдай филиалындағы эндемикалық өсімдіктердің
таксономиялық құрамы және оларды қорғау
шаралары.
Төлеміс Е.Х., Тажиева
А.Д,
(Сырдария-Түркістан
мемлекеттік өңірлік табиғи паркі.)
Сырдария-Түркістан
мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боролдай филиалының
жер көлемі 36255 га. Бұл филиалдың аумағы табиғаты әсем, өсімдіктер
мен жануарлар әлемі мол
Қаратау тауының
Боролдайтау жоталарында
орналасқан. Филиал өсімдіктер түрлерінің саны
бойынша бүкіл Қаратау тауының флорасының 35 %
құрайды, мұнда 32 тұқымдасқа 81
туысқа жататын 114 сирек өсімдіктердің түрлері
кездеседі. Боролдай өңірінің биологиялық
саналуандылығын көрсете отырып, онда эндемикалық
өсімдіктердің үлесі көп екендігін атап өтуіміз
қажет.
Биология
ғылымдарының кандидаты Г.Б.Сақауованың басшылығымен
Қазіргі таңға аталған филиал аумағында 182
туыстан 60 тұқымдастан
тұратын өсімдіктердің 278 түрінің тізбесі
анықталды, оның 35 түрі эндемикалық өсімдіктерге
жатады. Осы тізбелердің ішіне Қаратаудың өзінде
ғана шектелген аймақта
кездесетін эндемикалық өсімдіктердің 14 түрі,
Қаратау мен Батыс Тянь-Шань тауларына ортақ эндемиктердің 8
түрі, Бетпақдалада, Шу-Іле тауларында, Қырғыз Алатауы
мен Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда таралған эндемдердің 2
түрі кіреді. Анықталған эндемиктердің
таксономиялық құрамының ара қатынасын
талдайық.
Боралдай
өңіріндегі анықталған эндемикалық
өсімдіктердегі
таксондар саны.
№ |
Тұқымдастар |
Туыстар саны |
Түрлер саны |
Жалпы түр санынан % мөлшері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 |
Астық (Gramineae) Лалагүлдер (liliaceae) Құртқашаштар(Jridaceae) Алабұталар (Chenopodiaceae) Қалампырлар (Caryophyllaceae) Раушангүлділер (Rosaceae) Бұршақтар (Leguminosae) Шатыршагүлдер (Apiaceae) (иістіжелкендер) Айлаулықтар (Boraginaceae) Ерінгүлділер (La biatae) Сабынкөктер (Scrophulariaceae) Үшқаттар (Caprifollaceae) Күрделігүлділер (Compositae) Крестігүлділер (Brassicaceae) Жасаңшөптер (
Crassulaaceae) |
1 3 1 1 1 2 1 3 1 7 1 1 5 2 1 |
1 4 1 1 1 2 2 3 1 9 1 1 5 2 1 |
2,85 11,42 2,85 2,85 2,85 5,71 5,71 8,57 2,85 25,71 2,85 2,85 14,28 5,71 2,85 |
Жоғарыдағы
кесте бойынша ерінгүлділер мен күрделігүлділер
тұқымдастарынан өсімдіктердің көптеген түрі
эндемиктерге жататындығы белгілі болып отыр. Эндемикалық
өсімдіктердің ішінде 19 түрі Қазақстанның
Қызыл кітабына енген сирек және жойылып бара жатқан
түрлеріне енген. Соның ішінде бағалы өте аз кездесетін
түрлеріне тоқталып отырмыз.
1. Қаратау қауы (Stipa
Karataviensis R.)- көп жылдық
азықтық өсімдік, ксерофит, тұқыммен
көбейеді. Таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түрге
жатады.
2. Грейг қызғалдағы (Tulipa
greigii R.)- көпжылдық
пиязшықты өсімдік, гүлдері ірі, кең бокал
тәрізді, қызыл, қызғылт сары түсті болып
келеді. Әдемі сәндік
өсімдікке жатады. Тұқыммен көбейеді, вегетативтік
жолмен сирек. Көктемдік көпжылдық ылғал сүйгіш
өсімдік.
3. Көкшіл шиқылдық (Juno
coerulea)- көпжылдық пиязшықты
өсімдік, биіктігі 15-25 см. Жапырағы орақ тәрізді
қалың орналасқан. Таралу аймағы аз сирек түрге
жатады. Тұқымымен көбейеді, сәндік өсімдік.
4. Регель рафидофитоны,
тарбақайы (Rhaphidophyton regelii B.)-
биіктігі 8-25 см бұтақша, табанынан бастап
бұтақтанған. Жапырағы үш қырлы,
қылқан жапырақ тәрізді, тікенекті.
Тұқымымен көбейеді. Ксерофит. Монотипті көне туыстың
өкілі.
5. Жерсабын (Allochrusa
gypsophiloides R.)- биіктігі 90 см
көпжылдық өсімдік, қуатты дамыған өзекті
тамыры бар. Тұқымымен көбейеді. Мезоксерофитке жатады. Құрамында сапонин заты бар бағалы, саны азайып бара жатқан
өсімдік.
6. Шренк тобылғытүсі (Spiraeanthus schrenkianus M.)- орташа биіктігі 1,5 м бұта, сұлбасы кең, жапырағы
ұзын қауырсын тәрізді. Гүлі
ақшыл-қызғылт, хош иісті. Тұқымымен
көбейеді. Көгалдандыру үшін енгізуге болатын сәндік
өсімдік. Ал өте әдемі сүрегінен әртүрлі көркем
ұсақ заттарды жасауға болады. Бұл өсімдік Халықаралық
табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына да
енгізілген.
7. Қаратау үшқаты
(Lonicera karataviensis)- биіктігі 5 метрге дейін бұта. Ескі бұталары сұр немесе
қызғыштау талшықты қабықпен жабылған.
Жемісі жұпты, шар тәрізді, сары қызыл түсті. Мезофитке
жатады. Тұқымымен көбейеді. Сәндік өсімдік.
8. Қаратау сетені
(лепидолофасы) (Lepidolopha karatavica
P.)- жартылай бұта биіктігі 1 метрге дейін, бұталары
қоңыр-сұр түсті. Тұқымшасы қырлы,
ұзындығы 3-3,5 мм.
Ксерофитке жатады яғни
құрғақшылыққа төзімді.
Тұқымымен көбейеді. Сәндік өсімдік.
9. Қаратау марал түбі (Рапонтикумы) (Rhaponticum karatavicum)- жерге
жайылып өсетін, биіктігі 5-10 см көпжылдық өсімдік,
тамыр сабағы мықты. Сабақтары қысқа,
жапырақтармен көмкерілген. Тұқымымен көбейеді.
Тұқымшасы сабан түсті сары. Ксеромезофит . Таралу
аймағы өте шеткеулі. Сәндік өсімдікке жатады.
10. Кәдімгі таусағыз (Scorzonera tau-saghyz)- биіктігі 20-30 см жартылай бұта өсімдік, тамыры қуатты.
Жапырағы сұр жасыл,
жіңішке ұзын. Тұқымшасы цилиндр тәрізді,
өткір тікенектері бар. Полиформдік түр. Тұқымымен
көбейеді. Бағалы құрамында каучук бар өсімдік.
Мәдени дақыл ретінде өсіруді қажет етеді.
11. Северцов жалған шөлмасағы (Лжепустынноколосник
Северцова) (Pseudoeremostachys Sewerzowii)- көпжылдық
түкті жапырақты, жуан түйнекті өсімдік. Гүл
шоғыры қысқа жұмыртқа тәрізді .
Жаңғақшалары
төрт қырлы. Тұқымымен көбейеді. Жекелеген даналары кездеседі. Тасты және
құзды беткейлерде өседі.
Көрсетілген өсімдіктердің түрлерін
тіршілік формасы бойынша таралуын талдағанда мынандай болды:
ағаштар мен бұталар-4 түрі, жартылай бұталар-8
түрі, бұташықтар-1 түрі, көпжылдық
шөптесін өсімдіктерге 22 түрі енді.
Боролдай
филиалындағы эндемикалық өсімдіктер негізінен жойылып
және сиреп бара жатқан өсімдіктер тобына жатады. Ары
қарай бұл
өсімдіктердің биологиясы мен экологиясы, таралу учаскелері
зерттеуді қажет етеді. Олардың көпшілігінің
шаруашылық маңызды пайдалы
қасиеттері бар. Өңірлік парк
құрылғанға
дейін өрттердің, мал жаюдың, шөп шабудың
әсерлерінен олардың ресурстарының азайғанын атап
көрсетуіміз керек. Қазіргі таңда өңірлік
табиғи парк тарапынан
өсімдіктерді қорғау шаралары жүргізіліп,
заң талаптарына сәйкес бөлінген функционалдық
аймақтар бойынша шектеулер қойылды.
Сондықтан
эндемик өсімдіктердің парк аумағындағы таралуы
учаскелерін анықтай отырып, оларды қорғау жөнінде
жергілікті тұрғындар, демалушылар арасында үгіт-насихат
шаралары қолға алынды. Баспасөз беттерінде, ғылыми
еңбектерде оларды сақтау туралы экологиялық ағарту
жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле бастады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Флора Казахстан Алма-Ата: Наука 1956-1966 гг. Т.Т. 1-9
2. Арыстангалиев С.А., Рамазанов
Е.Р. Растения Казахстана
(Народные и научные названия) Издательство «Наука», Алма-Ата 1977 гг.
3. Государственный кадастр растений Южно-Казахстанской области. Красная Книга.
Дикорастущие редкие и исчезающие виды растений. Алматы-2002г.
4. Брагина Т.М; Гельдыева Г.В; Огарь Н.П; Ключевые природные территории
Казахстанской части экологической сети Арало-Сырдарьинского бассейна. Алматы
2012 г.
5. Отчет по результатам научной ботанической эспедиции в Боралдайском филиале
Сырдария-Туркестанского ГРПП (Исполнитель к.б.н. Г.Б.Сакауова) Шымкент -2014 г.
РЕЗЮМЕ
В
статье приводится таксономический анализ
эндемичных растении Боралдайского филиала Сырдарья-Туркестанского
регионального природного парка и о мерах их охраны.
RESUME
The
taxonomical analysis is provided in article endemic a plant of Boraldaysky
branch of Syrdarya-Turkestani regional natural park and about measures of their
protection.