Биология
магистрі Утебаева Б.Х.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Трематодтардың
тіршілік ету кезеңі
күрделі, ұрпақтарын ауыстыру арқылы жүзеге
асады, сондықтан әртүрлі гельминтологиялық
зерттеулердің нысаны болып
табылады. Алайда олардың
биологиясы, морфологиясы және систематикасы толық
анықталмаған. Омыртқалы жануарларда паразиттік тіршілік
ететін гермафродитті ұрпақ жан-жақты тексерілген. Себебі
сорғыштар марита кезеңінде
адам мен кәсіптік маңызы бар жануарлардың трематодоз
ауруларын тудырады. Дикроцелёз ауруының қоздырғышы болып
есептелетін қандауырша тәрізді сорғыш
құрттың соңғы иелері - тұяқы жануарлар
мен адам. Паразит осы иелердің бауырында тіршілік етеді.
Сорғыштар даму
барысында бірнеше иелерді ауыстырады, бірінші
аралық ие қызметін моллюскалар атқарады, онда партеногенетикалық (спороцисталар және редиялар) ұрпақ дамиды және
маританың дернәсілдері церкарийлерді бөледі. Суда тіршілік
ететін омыртқасыздар екінші аралық ие қызметін
атқарады, онда маританың келесі дернәсілдік кезеңі
метацеркария дамиды.
Сорғыш құрттардың
партениттері моллюскалардың бүйрегінде, мантия
қуыстығында, белок безінде, шәует қалтасының
шеткі бөлігінде дамиды. Бүйректе олар нефридияның
жапырақшаларымен қатпарларында жайласып, осы мүше бетіне
және қан тамырларына зиян келтіреді.
Осы паразиттің аралық иесі болып
моллюскалардың 30- дан астам түрі қызмет етеді.
Омыртқасыз
жануарлардың трематод фаунасын мұқият зерттеу керек.
Моллюскаларда паразиттік тіршілік ететін
церкарий мен партениттердің фаунасын зерттеу арқылы,
аймақтағы паразитологиялық жағдайды дұрыс
бағалауға, уақытында трематодоздарды анықтап және
алдын алуға мүмкіндік туады.
Жоғарыда атап
өткеніміздей біз тұщысу моллюскаларын зерттеген кезде олардың
сорғыш құрттардың аралық иелерін орындайтын
қызметіне баса назар аудардық.
Қазіргі кезде Шортан – Бурабай курортты
аймағындағы бірегей және сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктерді сақтап
қалу мақсатында әр түрлі зерттеулер жүргізіліп
жатыр. Ол бойынша бұл аймақта жобалық ғылыми зерттеулер
жүргізілетін болады. Бұл типтегі жұмыстар Көкшетау өңірінің
су қоймаларында орындалмаған. Сондықтан біз бұл
зерттеулерді жүргізгенде алдымызға төмендегі міндеттерді
қойдық:
- Шортанды – Бурабай
курортты аймағының көлдерінде кездесетін, моллюскаларда
жасайтын, церкариялардың түр құрамын анықтау;
- Трематодтардың қауіпті
түрлерін азайтудың жолдарын
ұсыну;
-
Эпизоотологиялық жақтан маңызы бар түрлерге
көбірек назар аудару;
Бұл зерттеу материалдарын 2010-2012
жылдардың маусым, шілде және тамыз айларында Бурабай
Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркі ауданында
орналасқан көлдерден
жинадық. Сорғыш құрттардың дернәсілдерімен
залалданғанын білу үшін моллюскалардың Lуmnaeidae және Anodonta туысына жататын жеті
түрге кіретін 731 данасы тексерілді. Олар мыналар: Limnaea stagnalis,
L.truncatula, L.ovata, L.аuricularia, Valvata рiscinalis, Planorbis planorbis,
Anodonta piscinalis.
Жүргізілген
зерттеулердің нәтижелері бойынша Шортанды – Бурабай курортты
аймағының көлдерінде моллюскалардың паразитфаунасы
яғни церкарийлер 18 түрден
тұратыны анықталды.Соның ішінде Apatemon gracilis minor (
Jam.,1933), Cotylurus sp ( Rud,1808) церкарилеріне кеңірек тоқтап
кетеміз.
Apatemon gracilis minor ( Jam.,1933)
Ие: Valvata рiscinalis (12,2%).
Табылған орны:Бурабай
көлі, Қылшақты өзені, Лебяжье көлшігінің
өзегі.
Церкарилері ұсақ майда; дене
ұзындығы 0,18-0,21 мм, ені 0,05-0,06мм. Құйрық
бағанасы 0,12-0,14 мм, құйрық тармағы 0,14-0,17
мм ұзындыққа ие. Алдыңғы ағзаның
ұзындығы 0,045 мм, құрсақ сорғышының
диаметрі 0,030-0,037 мм; жұтқыншақ 0,013-0,014 мм.
Алдыңғы бөліміндегі кутикуласы шашыраңқы
орналасқан тікеншелермен қаруланған,
өңештің тармақтарға айырылатын бөлімінен
бастап, екі латеральді бөліктен тұрып, дененің соңына
дейін жетеді. Алдыңғы орган
7-8 қатар түзетін қармақшалардан тұрады.
Құрсақ сорғышы 2 қатар тікеншелермен
қаруланған. Әр қатарда 45-50 тікеншелер болады.
Өңештің тармақтарға айырылатын тұсында
пигменттелмеген көзшелері орналасады. Зәр шығару каналдары
бітеу соқыр өсінділерді түзбейді, Корт аралшасы
жоқтың қасы. Құйрық бағанасы 10-12
жұп қылтәрізді өсінділер мен 5-6 жұп каудаль
денешігінен тұрады.
Тыныштық күйінде
құйрық тармақтары құйрық
бағанасына перпендикуляр орналасады.
Cotylurus sp ( Rud,1808)
Ие: Limnaea stagnalis
(6,33 %), L.аuricularia(0,26 %),
Табылған орны: Қылшақты өзені, Кіші
Шабақты
көлі, Лебяжье
көлшігі.
Бұл
паразит үлкен тоспа ұлудың бауырында, жыныс бездерінде
кездесті.
Метацеркарияның
денесі сопақ пішінді, қалың қабықты гиалин
цистаға оралған.Цистаның қабырғасы
мөлдір.Метацеркария денесі капсуланың барлық
қуыстығын толтырып тұрады. Дернәсілдің пішіні
алмұрт тәрізді.Денесінің алдыңғы бөлімі
дөңгеленіп келеді, артқы бөлімі
қысыңқы. Дене ұзындығы 0,360 – 0,430 мм, ең
енді жері 0,240 мм. Алдыңғы жағында кішкене шұқыр
болып ол құрсақ жақтағы дөңгелек
науамен ұштасады. Денесінің құрсақ жалпақ,
жөн беті дөңес болып келеді. Ауыз сорғышының
диаметрі 0,036-0,042 мм. Құрсақ сорғышы
құрсақ науаның ішінде орналасып, оның диаметрі
0,052 – 0,064 мм-ге тең. Құрсақ сорғыштан
кейінірек дене ұлпасына тереңденген Брандес органы
орналасқан. Ол ені көлденең қалақтан
түзілген. Ауыз сорғышының екі бүйірінде шеткі сорғыштар
орналасып, олардың шұқыры безді клеткалардың
жиынтығымен оралған. Ауыз сорғыштан кейін 0,013 – 0,009
мм-лік жұтқыншаққа жайласып, ол қысқа
өңешке ұштасады. Ішек тармақтары алғаш
дененің арқа жағына жақындап өтіп Брандес органы
маңында құрсақ жаққа жақындап келіп,
дененің кейінгі жағына бағыт алады. Ішек
түтігінің қабырғасы клеткалардың бір қабатынан
түзілген.
Нерв
жүйесі жұтқыншақтан кейін өңештің екі
бүйірінде орналасқан екі үлкен нерв ганглийлерінен тұрады. Ол өңеш астында
коммисурамен және ауыз, шеткі сорғыштарға, Брандес органына
қарай бағытталған нерв бағандарынан тұрады.
Зәр
шығару жүйесі дененің қысыңқы артқы
бөлімінде орналасқан терең екі қалақты
қуықтан тұрады. Оның қалақтары Брандес
органы деңгейіне дейін жетеді. Зәр шығатын тесігі
дененің кейінгі бөлімінде сыртқа ашылады. Зәр
шығару жүйесінің каналдары жарықты сындыратын эксекрет дәнешелерімен толған.
Жыныс
органдары жақсы
сараланбаған. Есейген метацеркарияның қалыптасуы үшін айдан астам
уақыт керек.
Құстар
С.сornutus пен денесінде есейген метацеркариялары бар тоспа ұлуларды жеу
арқылы зақымдалады. Матиастың деректері бойынша құстардың
фекалында сорғыш құрттың алғаш
жұмыртқалары құстарды зақымданғаннан кейін 3-тәулікте пайда болған.

Сурет 1 – Cotylurus sp (
Rud,1808) церкариясы
Қолданылған
әдебиеттер
1. Гинецинская Т.А. К фауне церкарий
моллюсков Рыбинского водохранилища.І. Систематический обзор церкарий. //
Экологическая паразитология. Л. : Изд- во ЛГУ, 1959.
2. Гинецинская Т.А. Трематоды, их
жизненный цикл, биология и эволюция. М. – Л. : Наука, 1968.
3. Догель В.А. Курс общей паразитологии
Л.: Учпедгиз, 1947.
4. Гинецинская Т.А., Штейн Г.А.
Особенности паразитофауны беспозвоночных и применение основных правил
экологической паразитологии к характеристике их зараженности. // Вестник ЛГУ, 1961, № 15 – с.60-72.
5. Фролова Е.Н. Личинки трематод в
моллюсках озер Южной Карелии. // В кн.: «Фауна озер Карелии. Беспозвоночные.»
М.- Л.: Наука, 1965- с.311 – 324.
6. Арыстанов Е. Влияние экологических
факторов на зараженность моллюсков партенитами трематод в водоемах дельты
Амударьи. // Паразитология. – Л. 1970.Т-1.