э.ғ.к., доцент қ.а. Молдашбаева Л.Б.

Л.Н.Гумелев атындағы Евразиялық Ұлттық универстеті

 

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын  жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек. Бұл әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысының салалық жетілдірілмеген және ұйымдық құрылымдарының ұсақтығы мен технологиялық жетілмеген агроөнеркәсіп кешені үшін маңызды. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдіруді қамтамасыз ету Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының болашақтағы жағдайын зерттеудің ғылыми әдісі ретінде ұзақмерзімді және ортамерзімді болжамдар жасау негізінде жүзеге асуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі таңда болжам тек болашақты болжау емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауды негіздеу болып табылады.

Аймақта ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің ғылыми-негізделген қатынасын жасау үшін саланың құрлымдық саясатының маңызды бағыттарына негізделген, оның болашақтағы құрылымдық қайта құрылуын болжамдау жолдары (сүрет 1):  

- ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілендіру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген салалар мен өндірісті дамыту;

- қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдары және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жолымен АӨК субьектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

Осы ұсыныстарға, аймақтағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мен тенденцияға қарай, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттарын негіздеуге әрекет жасалды.

Зертеулерге негізделе отырып, Қазақстан аймақтарында агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдірудің төмендегі стратегиялық бағыттарын ұсынамыз:

- тұтынушылардың сұранысына және маркетинг саласындағы жаңалықтар мен нарықтағы өзгерістерге бейім келетін біртұтас икемді маркетинг кешенін құру, сондай-ақ, облыс, аудан көлемінде бірқатар бірыңғай кәсіпорындар мен бірлескен құрылымдардың маркетингтік қызметтері мен міндеттерін кеңейту арқылы агромаркетингтің ұйымдық құрылымдарын дамыту қажеттілігі;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген, ғылымисыйымды және еңбек сыйымды салаларды (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсіп) жедел дамыту және бұл салаларда маркетингтік басқаруды кеңінен қолдануды жетілдіру мүмкіншілігі;

- ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру негізінде агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етілуі.  

 

Сурет 1 - Аудан деңгейінде маркетингтік қызметті ұйымдастыру үлгісі

Ескерту – Автор құрастырған

 

Бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпарттық-маркетингтік қызметтердің жалпы жұмыс істеу жүйесін талдай отырып агроөнеркәсіп субьектілері және ақпараттық-кеңестік жүйе қатысушылары арасында өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілмегендігін, агроөнеркәсіп кешені субьектілері үшін ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, аграрлық секторға ақпараттық маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін  компаниялар қызметтері тар бағытта, ақпараттармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген және өңірлік желілері дамымаған. Сол себептен, тиімді жұмыс істейтін аграрлық нарықты қалыптастыру үрдісінде агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік деңгейден бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне дейінгі барлық саласы мен деңгейін қамтитын аудандық маркетинг жүйе шешуші буынға айналуға тиіс. Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығына бағдарлы ауданда өнім өндіру, өңдеу және өткізудің үйлесімді жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ, аталмыш ауданға табиғи-климаттық шарттарды, өндіріс және еңбек ресурстарын, өзінің мамандану саласын айқынуға мүмкіндік беретін аудандық маркетинг жүйесінің үлгісі  ұсынылды (сурет 9).

Аймақтық деңгейде маркетингтік қызметке деген қажеттілік келесі іс-шараларды атқаруда айқын көрінеді:

- ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге бағытталған күш-жігерді біріктіру;

- ауыл шаруашылық өнімдерінің тауар қозғалысының тиімді нарықтық жүйесін құру;

- халықтың азық-түлік өнімдеріне, ал қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне маркетинг саласы бойынша білікті кеңес беру арқылы көмектесу.

Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың концепциясын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың аймақтық бағдарламасының орындауда басты міндеттердің бірі ауыл шаруашылығы саласының бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін кешенді шаралар жүйесін қарастыру. Бұл міндетті орындауда агроөөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау аясында нарық талаптарына бейімделе жұмыс істеуі үшін қаржылық қолдау мен қатар маркетингтік қызметті жетілдіру бүгінгі күнде басты орынға шығып отыр.  Осы мақсатта маркетингтік қызметті жетілдірудің бастысы ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, агросфера субьектілерінің өзара байланыс жүйесін дамыту мақсатында электрондық сауда желісін дамыту, сонымен бірге сала ішіндегі сфераларда кластерлік желіні қолдауды күшейту арқылы шарушылық субьектілерінің қызметін ұйы мдастыруға мүмкіндік артады (сурет 2).

Болжамдық есептеулер және жан-жақты зерттеулер нәтижесі, Оңтүстік Қазақстан  облысының аграрлық ұжымдарының  алдында  маркетингтік басқаруға бағдарлану барысында келесідей міндеттер тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді:

- нарықты, сұраныс пен ұсынысты жан-жақты  және мұқият зерттеу;

- өндірісті нарық талаптарына бейімдеу, тұтынушы сұранысына жауап беретін тауарларды шығару;

- кәсіпорын мүддесі негізінде нарыққа және сұранысқа әсер ету.

 

 

 

 

 

 


Тарту(үгіттеу):

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сурет 2 - Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру үлгісі

Ескерту – Автор құрастырған

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу агромаркетингті қолданусыз мүмкін еместігі болып табылады. Агромаркетингті дамытудың обьективті түрде өзектілігі халықаралық ауыл шаруашылығы нарықтарына шығу, агромаркетингтің халықаралық жүйесін қалыптастыру, сыртқы экономикалық  байланыстардың тиімді формасын таңдау, әлемдік ауыл шаруашылығы нарығын терең зерттеу қажеттілігінің туындауына байланысты артып отыр.

Агромаркетинг жүйесінің тиісті дәрежеде ілімдік негіздемесінің болмауы, аграрлық секторда оны ендіру бойынша тәжірибелік әдістемелердің өте аз болуы жағдайын ескере отырып агромаркетингтің келешектегі дамуын ғылыми қамтамасыз етілу деңгейін көтеру қажеттігін бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардағы жағдай дәлелдейді. Агроөнеркәсіп кешенінде агромаркетингтің тұтас икемді жүйесін құру, маркетинг бөлімін ұйымдастыру, агромаркетингті ұйымдастыру механизмін жетілдіру, агромаркетинг қызметі сферасында кадрлық саясатты жақсарту, ірі агроөндірістерді, агрохолдингтар және т.б. құру, басқарудың автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру, агромаркетингті басқаруды жетілдіруді жатқыза аламыз.  

Жоғарыда сипатталған, агромаркетингті дамыту бағыттары тек агромаркетингтің ғылыми-негізделген жүйесін құру және оның тұрақты  жұмыс істеу жағдайында ғана мүмкін болып табылады. Бұл жүйе нарықтық қатынастарға (коньюнктура, сауда, бәсеке, баға және т.б.) бейім және сезімтал болуы тиіс, сонымен бірге мақсатты бағдарламаларды орындау қажеттілігімен анықталады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Еленевская Е.А. Информационное обеспечение управление потребительским обществом / Е. А. Еленевская, О. А. Ефремова // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. -2006.-№ 11.- С. 26-28.

2.     Гатаулин  A.M.  О  системном  подходе  к  оценке  экономической эффективности   в   АПК   //   Экономика   сельскохозяйственных   и перерабатывающих предприятий. - 2006. - № 8. - С. 8-11.

3.     Алиева Л. И. Инновационная система управления интеграции в АПК   //   Экономика   сельскохозяйственных   и   перерабатывающих предприятий. - 2007. - № 7. - С. 66-68.