Г.Дюсенбаева
Тарихи-мәдени-этнографиялық
орталықтың директоры
Түркістан қаласы
Түркістанды түлеткен Тарихи-мәдени-этнографиялық
орталық
Адамзат
тарихының күретамыры мәдениет, ал мәдениеттің
күретамыры адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін
дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып
табылады. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа
ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты белгі мәдениеті. Мәдениет -
ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы парасаты.
Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен,
ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалармен,
әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан
үлкенді –кішілі үлесімен мақтанады.Сөйтіп тек
өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы
ғана басқаға танылады.
Киелі де
қасиетті Түркістан қаласында 2010 жылдың наурыз айында
құрылысы басталып, небәрі
9 ай көлемінде, яғни 2010 жылдың желтоқсан
айында қаламызда Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық
деп аталатын алып ғимарат бой түзеді. Жаңадан бой
көтерген бұл орталықтың ішінде тарихи
Түркістанның төл тарихына арналған музейлік экспозиция
да жасақталған болатын. Осындай күрделі де жауапты
жұмысты қолға алған Алматы қаласындағы «Этнодизайнқазақ
2030» ЖШС-нің басшысы, оңтүстік өңірінің
құрметті азаматы Аманжол Найманбай болды. Ал, оның
тақырыптық-экспозициялық жоспары мен ғылыми тұжырымдамасын
жасаған түркістандық ғалымдар мен музей мамандары,
кеңесшілері елімізге белгілі
ғалым академиктер М.Мырзахметов, К.М. Байпақов,
З.Қинаятұлы. Музей экспозициясында тұңғыш рет
қазақ тарихындағы тың деректер мен ғылыми тұжырымдамалар айтылып және
көрсетілді. Атап айтқанда, Түркістанның
түркі тарихындағы орнын ,
оның қазақ
халқының рухани
тұтастығының кепілі болғанын ешкім тарихтан сызып
тастай алмайтындығын, ал
қазақ халқының жеке халық ретінде
қалыптасуында Түркістанның - Ясауи ілімінің рөлі
шексіз екендігі нақты ғылыми деректермен берілген. Сондықтан
музей экспозициясының ерекшелігі де осы мәселелерге баса назар
аударылғандығында. Қазіргі таңда орталық
қорында 5265
дана жәдігерлермен қамтылған.
Орталықтың
музейлік экспозициясы 3800 шаршы метрді қамтиды. Ғимарат 3
қабаттан, 5 экспозициялық
залдан, конференция және көрме залынан,
қолөнершілердің шеберханасы және тарихшылардың
зерттеу жұмыстарына арналған бөлмелерден тұрады.
Түркістанда
ашылған бұл тарихи-мәдени-этнографиялық
орталықтың мәні мен мағынасы өте маңызды.
Біріншіден ол қаланың тарихи-мәдени өміріндегі елеулі
оқиға болса, екіншіден орталықтың міндеті
болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу
орталығына айналғалы отыр. Сондай-ақ Түркістан
тарихының шынайы тағылымдылығы мен ғылыми деректерін
халыққа оқып үйретуде, сезіндіруде және
насихаттауда зор ықпал етуде.
Тарихи-мәдени-этнографиялық
орталық мәдени, тарихи және этнографиялық құндылықтарды
сақтау, мұражай заттары арқылы мәліметтерді жинақтап
тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан
қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беру,
сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткіштері мен
рухани мәдениетін зерттеп, экскурсиялық қызмет
жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда.
Орталықтың
негізгі мақсаты – Түркістанның руханилығы мен
тарихилығын, оның мәдени мұрамыздағы алатын
орнын, маңызын орталық қорындағы тарихи
жәдігерлер жинағы арқылы ашып көрсетуде.
Қазіргі
таңда орталықта үш негізгі бөлім жұмыс істеуде.
Олар: Ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және жалпы
экскурсиялық жұмыс бөлімдері. Аталмыш бөлім
қызметкерлері халқымыздың тарихынан сыр шертетін атадан
балаға мирас болып келе жатқан мәдени мұрамызды
насихаттау барысында дәстүрлі жұмыс түрлерін
яғни, экскурсиялық ақпараттық қызмет
көрсету түрлерін, лекциялық сабақтар өткізіп,
көрмелер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру арқылы
атқарып келеді.
Қасиетті
Түркістан қаласында қазақтың кешегі заманнан
бүгінге дейінгі өмірі мен тұрмыс – тіршілігін толығымен
қамтитын және Түркістан қаласының төл
тарихына арналған музейлік экспозициясы жасақталған
тарихи-мәдени-этнографиялық орталық Қ.А.Ясауи кесенесінің
маңында орналасқан.
2011 жылы Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың оңтүстік
өңірге жасаған арнайы іс-сапарында Түркістан
қаласында болып, жаңадан ашылған Орталықтың
музейлік экспозициясымен танысып, Түркістанның зиялы
қауымымен кездесу өткізген еді. Сол кездесуінде Елбасымыз
«Әрбір ел, әрбір халық өзінің рухани астанасын
белгілеп алуы керек, ал Қазақстанның рухани астанасы
бұл- Түркістан»,-деген болатын.
Орталықтың қазіргі
музейлік экспозициясы негізгі ірі-ірі сегіз бөлімнен тұрады.
Олар:
-
«Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы»
-
«Орта ғасырлық Түркістан тарихы»
-
«Шыңғыс хан мен Әмір Темір
дәуіріндегі Түркістан тарихы»
-
«Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам
дінінің таралу тарихы»
-
«Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы»
-
«Қазақ хандығы тарихы және
Түркістан – қазақ хандығының Ақ Ордасы»
-
«XIX-XX ғасырлардағы Түркістан тарихы»
(тарихи этнографиялық материалдар жиынтығы) ,
-
«Тәуелсіз
Қазақстандағы жаңа Түркістан» деп аталады.
Аталған тақырыптар
бойынша дайындалған экспозиция орталықтың үш
қабатына толығымен орналасқан да, төменгі қабатта
қызметкерлер үшін қызмет бөлмелері
қарастырылған.
Ашылғалы
бері аталмыш орталық қызметкерлері көптеген көрмелер
мен мерекелік іс –шаралар ұйымдастырды. Орталық экскурсаводтары
төрт тілде: Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде
экскурсиялық қызмет көрсете алады.
Қазіргі
таңда орталығымызға республикамыздың
түкпір-түкпірінен және алыс – жақын шетелдерден
туристтер көптеп келуде. Орталық ұжымы өз
көрермендерін жылы қабылдауға әрқашан дайын. Сіздерге
де есігіміз әрдайым ашық! Келіңіздер, көріңіздер!