Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ
Мырзаханова И.А.- Ph D
докторант, эксперт
Кдыралиева Ж.Б.- магистр, эксперт
Оқытудың жаңаша
технологияларын пайдаланып оқушының деңгейін
көтерудің жолдары
«Келер
ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»
деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына
үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы
көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы,
бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп,
жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи
қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып,
оны жан-жақты дамыту керек. Нарықтық қатынастар
негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан
Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі
приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін
қолдау болып табылады [1]. Осыған орай әрбір
мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір
оқушының білім алуға деген қызығушылығын
арттырып, олардың шығармашылық шабытының тууына
жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық
міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын
қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және
оның өмірге деген дұрыс көзқарасын
қалыптастыру. Осыған орай біздің мақсатымыз
интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде, жаңа
әдістерді енгізу. Жаңа оқыту технологияларымен оқыту
арқылы оқушылардың
білім сапасын арттыру. Мысалы:
Алекс
Осборнның «Миға шабуыл» (мозговой штурм) оқыту технологиясын пайдалану
арқылы білім беру. «Миға шабуыл» - технологиясы үш этаптан
тұрады. Сынып міндетті түрде шағын топқа
бөлінеді. Бірінші топ «қатысушылар», екінші топ «комиссия
мүшелері». «Қатысушылар» ортаға қойылған
тақырып бойынша көптеген идеялар мен проблеманың шешеу
жолдарын, жаңа нұсқалар мен мақсатын көрсетіп
береді. «Комиссия мүшелері» (оқушылар өзі) көрсетілген
ұсыныстарды өңдеп, қорытындысын жасайды.
1-этап: Басты мәселе ортаға қойылады. Мысалы, Оқытушы
мәтіннен 4-5 басты сөздерді таңдап, тақтаға жазылады. «а» нұсқасы:
Жұптарға миға шабуыл әдісімен осы терминдерге жалпы
түсініктеме беруге және олар келесі мәтінде қалай
қатысатынын болжауға 5 минут беріледі.
«б» нұсқасы: Оқушыларға топта немесе жеке
түрде берілген басты терминдерді қолданып баяндаманың
өз нұсқасын құру және жазу ұсынылады.
Негізгі мазмұнымен танысуда
оқушы «өздерінің» нұсқасы мен «түпкі
мәтін» нұсқасын салыстырады. Сипатталған тапсырма
әдетте «шақыру» сатысында қолданылады, бірақ
«рефлексия» сатысында басты терминдерге қайта оралып және
табылған сәйкестіктер мен қайшылықтарды талдау орынды.
Берілген түрді қолдану елестетуді, қиялдауды дамытады,
түпкі мәтінмен танысуда зейінді белсендендіруге көмектеседі.
Пәндік сала шектеусіз.
2-этап: Басты қағида
топтағы (идея) ой-сананың саны. Қаншалықты ой көп
болса, соншалықты плюс. Кез келген ойды, фантастикалық ойларды да
ортаға салуға болады. Ойға шектеу болмауы тиіс. Ешқандай кері сыни бағалауға болмайды,
тіпті сандырақ ойлардың өзін дұрыс деп
талқыланады. Кез келген идеяны бір-бірімен қиыстырып,
жақсартып байланыстырулары тиіс.
3-этап: Бағалау. Мұғалім
өз ойын, оқушылардың қандай бағытта бара
жатқандығын, дұрыс-бұрыс жолын осы этапта көрсете
алады.
Бұл әдіс бізге не береді?
«Миға шабуыл» әдісі яғни адамның ой-өрісін,
дамытады. Бірінің ойын екіншісі бірден түсініп, жалғастырып,
өз идеяларын қосып толықтыра түсуге үйренеді.
Әдістің маңыздылығы, мақсаты ортаға қойылатын ойдың,
идеяның шектеусіздігінде, қиялға еркіндік беруде. Ең
бастысы бұл диспут немесе пікірталас, психологиялық сеанс емес.
Топпен бірлескен шығармашылық жұмыс [2].
«Игі істер
сандықшасы» (Копилка хороших поступков). Әр бір оқушыны пәнге деген қызығушылығын
ояту барысында, кез келген сыныпта «игі істер сандықшасы» болуы шарт. Ол
қобдишаға апта соңында 5-10 минут уақыт бөліп,
демалысты жақсы өткізу үшін пайдаланған өте
ұтымды. Мысалы, өте қиын, қызықты жаттығулар,
ұзын-қысқа жолды өлеңдер жаттап, сол бір аптада қандай
қиынды-жеңіл істер атқарғандығының ішінен
үш жағымды іс-әрекетті теріп алып, қағаз бетіне
түсіру. Сол жасаған жақсы әрекеттер үшін өзіңді-өзің
мақтау. М: «Алима сен өлең жолын жақсы талдадың,
өте көркем жеткізе
білдің» -деген секілді қағаз бетін түсіріп, 5 минут көлемінде жазып өткізу.
Осылайша әр аптада игі істерімізді қобдишаға жинаймыз.
Бұл жаттығуды үйде де, ұйықтар алдында
күнделікті жасаған жақсы істерінді қағаз бетіне
түсіріп отырсан әр бір жасаған қадам жемісті
болмақ. Бұл әдіс оқушылардың өзіне деген
құрметін арттырмақ және де болашаққа деген
көзқарасын жақсы жағынан көрсетпек.
Эвристикалық
әдіс
Ежелгі Грецияда қолдана бастаған. (Исскуство решить задач).
Мұғалім сұрақ қою арқылы оқытады.
Сұрақтар қойылады, сұраққа жауап іздеу
арқылы кез келген тақырыпты оқушылар өздері ізденіп
ашып алады. Эвристикалық әдіске, логикалық әдістер,
методикалық әдістер, ғылыми жұмыстар,
өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстар
жатады. Сұрақ арқылы берілген тапсырманың мәнін
ашу.
1.
Симпозиум. Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша
дайндалып келеді. Соның ішінде бірнеше оқушы сол
тақырыпқа жан-жақты дайындалып, сынып алдында өз
баяндамаларын сыныптастарының алдында оқып, сұрақтарына
жауап береді. Пікірлердің қақтығысуы мен қарама-қайшылықтарына
назар аударып пікірсайыс ұйымдастырылады. Сынып ішінде пікірлер екі
жақты болып, әртүрлі көзқарастар келтірілгені
орынды. Жағдаяттар(ситауциялар)
арқылы үйрену, нақты ситацияларды талдау, кейс-стади.
Ситуация практикадан (өмірден алынуы керек) Практикалық маңызы бар бұл ситуация
(мәселен, бизнес тарихынан немесе практикасынан алынған
оқиға) оқушылар сыныпта талқылау барысында,
шығармашылық атмосфера
тудыру керек, яғни ол барлық оқушыларға
қызық болып, пікір алмасу мен таластарға әкелу керек.Ситуацияда
ақпарат мөлшері көп болуы керек. Ситуация өзекті
проблеманы шешуді талап етуі керек. Мысалы: М.Әуезовтың
«көксерек» повесі бойынша.
– Құрмаштың
орнында болсаң, не жасар едің?
Шығарманың басты идеясы қандай деп
ойлайсыз? т.б [3].
Қорытындылай келгенде,
оқытудың жаңа әдістері баланың оқуға
деген құштарлығын, ынтасын, ниетін оятуына септігін тигізері
анық. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді
ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық,
интеллектік қабілетінің
дамуына ықпалын тигізеді. Вильям
Глассердің тұжырымы бойынша білімнің 10% - оқығанда, 20% -тыңдағанда, 30%-көзбен көргенде, 50% көзімен көріп,
тыңдағанда, 70% пікір таластырғанда, 80%тәжірибе жасағанда игеріледі демекші, осы ұстанымды
ойға түйе отырып, қолданғанымыз абзал.
Әдебиеттер
тізімі
1.
«Мектеп оқушыларын кредиттік білім жүйесіне
баулу» Ғылыми педагогикалық журнал(география және табиғат). Алматы. 2005ж. № 3
/Б.Налмышева/
2.
Метод
мозгового штурма. Материал
из Википедии — свободной энциклопедии
3.
Инновационные
методы обучения -- новые пути развития школьного и вузовского образования-
FB.ru: http://fb.ru/article/4376/innovatsionnyie-metodyi-obucheniya----novyie-puti-razvitiya-shkolnogo-i-vuzovskogo-obrazovaniya
Аннотация
В статье рассмотрено
обучение по новым методам обучения для улучшения качества образования и
проявления интереса учащихся
Annotation
In the article, educating
is considered on the new methods of educating for the improvement of quality of
education and professing interest of students