ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ
ДАЙЫНДАУДАҒЫ РӨЛІ
п.ғ.к., доцент Б.У.
Курбаналиев
Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруга және
кәсіби шыңдауға
бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау;.... оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуттакациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін
одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу
үшін. әрбір мекеме ұжымының, әрбір
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы,
барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі
туындайды.
Адам
проблемасының ғылым дамуындағы рөлін
анығырақ Б.Г.Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды
тереңірек зерттеу, саралап жіктеу. Сонымен бірге осы саладағы
барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының
жалпы ғылымдық сипатка ие болуына ықпалын тигізеді. Осы адам
мәселесін жахандандыру беталыстарының педагогикалық
психология саласындағы көрінісін кезінде К.Д.Ушинский де
байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам тәрбие
пәні ретінде», «Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты
еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін қоскан
ғылымдардың тәуелділігін анықтау негізінде
психологияның жетекші рөлі атап көрсетілген.
Өз
кезегінде, психология да күрделі ықхгалдасқан білім болыл
табылады. оның құрылымдық көрінісінің
негізінде А.В.Петровскийге сәйкес, келесі психологиялық
жақтары алынған: а) нақты іс-әрекеттің, ә)
даму, б) адамның қоғамға катьгаасы.
Педагогикалық
психология әртүрлі себептерге байланысты көптеген басқа
ғылылдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім
ұшбұрышының ортасында орналасқан жалпы
психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.
Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының
себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына
сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып
табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік
білімдердің таңбалық, тілдік формада
шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу
пәні өзі танып білуі және танып білуге үйретіліуші,
басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам
болыл табылады. Педагогикалық психология- жалпы психологиялық
білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің
негізінде, яғни, психикалық даму, оның қозғаушы
куштері, адамның даралық және жыныстық жас ерекшеліктері,
оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің
негізінде қалыптасатынын білдіреді.
Педагогикалық
психологияда білім беру процесінің көп кұрамдас бөлікті
құрамы функционалдық тұрғыдан факторлардың
өзара әрекеті деп қарастырылады. Оқытудың тиімділігі
осы факторлардың әрекеттерінің өзара келісімділігіне
байланысты, яғни «не нәрсеге оқытады, кім және
қалай оқытады, және кімді оқытады». Бұл жерде,
білім беру процесін зерттеушілер оның кұрамдас бөліктерін
құрастырушылардың барлығының бірдей
маңыздылығын атап өтеді. Жалпы білім беру процесінің,
оқушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибені менгеру
және осы менгеруді ұйымдастыру күрделілігі
педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің
көпжоспарлы екенін анықтайды.
Педагогикалық
психологияның зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік
мәдени тәжірибені менгеру заңдылықтары, фактілері
және білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында
педагогтың ұйымдастырып және басқаратын оқу
қызметінің субъекті ретінде қарастырылатын адамның
барлық интеллектуалдық және тұлғалық даму
денгейінде өзгеруді менгеруін туғызуы болыл табылады.
Педагогикалық
психологияның нақты міндеттеріне:
- оқушының интеллектуалдық
және тұлғалық дамуына оқытушының және
тәрбие
берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
-
оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені менгеру
механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының
жеке санасында сақталуна және әртүрлі жағдайларда
пайдалануы;
-
оқушының интеллектуалдық және
тұлғалық даму денгейі мен оқытушылық және
тәрбие берушілік ықпалдың формалары мен әдістері
арасындағы байланысты анықтау;
-
оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен
басқару ерекшеліктерін және осы пропестердің
интеллектуалдық, тұлғалық даму мен
оқу-танымдық белсенділікке әсерін анықтау;
- педагог қызметінің
психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және
кәсіби сапасын зерттеу;
-
дамыта оқытудың, ғылыми, теоретикалық ойлардың
механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
-
білімді менгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін
анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу
процесінде қызметтің операциялық кұрамын
қалыптастыру:
-
игеру сапасы диагностиканың денгейінің психологиялық
негіздері мен оның білім беру стаңдарттарына қатыстығын
аныңтау;
- білім беру жүйесінің барлық
денгейлерінде білім беру процесін ары қарай
жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау
Қорыта
келгенде жоғарыда келтірілген пәннің теориялық
және практикалық құндылықтары мен нақты
міндеттері талапқа сай жүзеге асқандағана болашақ
мамандардың кәсіби
психологиялық-педгогикалық шығармашылық
қабілеттерін қалыптастырып, бәсекеге қабілетті
кәсіби маман тұлғасын
дамытуға үлес қосады.