ДАМЫТУШЫ САБАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

магистр Г.А. Дуйсенбиева, Б.С.Аязбекова

 

Еліміздің егемендік алуымен байланысты рухани саламыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпінді қадамдар жасалынып отыр. Бұл өзгерістер білім беру жүйесіндегі жұмыс аясын жаңа бағытқа итермелеуді көздейді.

Білім беру жүйесінің жаңа тұжырымдамасында 1997 жылғы қабылдаған Лиссабон конвеңциясы бойынша әлемдік білім кеңістігін интеграциялау, отандық білім жүйесі білім берудің ұзақтығы факторын орындауы, яғни жаңа білім мен ақпаратты алу жағдайында, интеллектуалдық мүмкіндіктерді дамытуда 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңмен көшуді іске асыру қажеттілігі негізделеді.

Ел президенті Н.Э.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Әйтседе барлығы мектептен басталады. Сондықтан да біз жалпы орта білім беру жүйесін ізгілендіруіміз қажет, педагогтардың кәсіби денгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек»-деп нақтылап айтты.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері, дәстүрлі емес сабақтар, дамытушы сабақтар қолданылуда. Дәстүрлі емес оқытудың мағынасы мынада: оқушылардың таным белсенділігін көтеру. сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушы белсенділігін арттыру, оқушы шығармашылығын дамыту, оқушы «менің» дамытуға жағдай жасау.

Бастауыш сынып баланың «тұлға» дамуына әсер ететін басты саты болғандықтан, оқу үрдісін ізгілендіріп, түрлендіріп отыру қажет. Сондықтан да қазіргі жүйеде оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану қажеттілігі туып отыр.

Бүгінгі таңда денгейлеп оқыту, интерактивті-ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, ізгілендіре отырып оқыту, дамыта оқыту секілді түрлері кеңінен қолданылып, оңды нәтижелер беруде. Сондай-ақ, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасалған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.

Дамыта оқыту технологиясын дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ;

- Дамыта оқыту-дәстүрлі емес оқыту. Баланың «менің» дамыта отырып, белсенділігіне, шығармашылыққа, танымдылыққа итермелейді;

- Баланың «даму» өрісіне әсер ете отырып, танымдық дамуына апарады:

- Көздеген мақсатына, міндеті мен мәнінде бала мен мұғалім, бала мен сыныптастары арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастық жағдайында кұруға тырысады;

Дамыта оқыту нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады.

Дәстүрлі емес сабақтардың мақсаты:

Білімділік: ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер ету, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: адамгершшік, еңбексүйіштік, қасиеттерін қалыптастыра отырып ұйымшылдыққа, ұжымның мүлдесін ойлау, жолдастық көмек беру және қарым-қатынастың ынтымақтастық  жағдайында қалыптасуына әсер етеді.

Дамытушылық: таным белсенділгін арттыру, өз бетінше жұмысын жургізу және ой қорытындылауға дағдыландыру. Ізденімпаздыққа үйрету.

Міндеті: Оқушының қызығушылығын ояту. Тақырыпты толық менгеру. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.

Сабақтың сапалы және саналы менгерілуі муғалімге тікелей байланысты. Сол себептен мұғалімнің білімі мен жеке қасиеттеріне үлкен талаптар қойылады.

Дәстүрлі сабақ түрлері оқушыға өз бағытын өзгертуге мүмкіндік бермейді, себебі әрдайым оқытушы-оқышы бағытында болады. Дәстүрлі емес оқыту түрінде оқушыға әр позицияда болуға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі емес дамыта оқыту Д.Б.Эльконин В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсендіпігіне байланысты. Бұл сабақтар мынандай 3 кұрамдас бөліктерден тұрады:

- оқу мақсаттарының қойылуы.

- оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

- шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды шарты, сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» деп бөлмейді, әр баланың мүмкіншілігі мен қабілетін ашуға бағытталған оқыту жүйесі болып табылады.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологиялар баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсуте мүмкіндік береді. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала дамуына үлкен үлес қосады.

Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология қазақ және орыс тілді мектеп тәжірибесіне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларда қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңе білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді.

Бұл құрылым 3 денгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағнаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі бұдан бұрынғы білетін жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды түсіндіреді, өзінің білімдарлығын көрсетеді және жаңа ақпараттармен толықтырады. Сондықтан сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтар» «Түртіп алу» «Ойлану» «Жұпта талқылау» «Болжау» «Әлемді шарлау» т.б. әдістер жинақталған.

2.Мағынаны тану, түсіне білу. Бұл кезде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді және жұмыс жүргізуде көмектестін стратегиялар бар. Соның бірі «INSERT». Ол бойынша оқушыға тақырыппен танысу барысында

▲-білемін

- - білмеймін

+ - мені таңдандырады

белгілерін қойып отырады, «INSERT» оқығанын түсіндіруге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін уғымды құрал.

3. Ойтолғаныс.

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жібереміз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы осы қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Үйренуші мен үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі біліп үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер еңгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергендігін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге бағытталған «Бес жолды өлен» «Венн диаграммасы» «Еркін жазу» «Семантикалық карта» Т-кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне лайықталып қолданылады Сын тұрғысынан ойлауы үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек

2. Оқышаларға ойланып-толғаныта, ойын анық айтуға рұхсат беру

3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау

5. Оқушылардың бір-біріне жасаған жауабына сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету

6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі.

Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге жән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен бірге рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Оқу әрекеттерінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста рөлдік, сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды.

Мектеп алды топтарда балалардың танымдық қажеттіліктері артады.

Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттаңдырудың мүмкіндігі мол. Еңді ол мұғалімнін басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді менгере бастайды.

Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілер пайда болады.

Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.

Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив әрекет етуге итермелейтін басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс таңдалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Еңді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық сабақтарында бала осылайша өз ақыл-ой денгейі, белсенді іс әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып, рефлексия жасалады.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы-баланаң жеке басын дамытудың басты кепілі.

Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

-баланың бойындағы кұмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алғы жылжуға деген табығи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

-өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындаға жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек.

Айтылғандарды қорыта келе дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метофиикалық (экстеңсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқу балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген.

Дәстүрлі оқу жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсен есімде қалар, істеуін көрсетіп берсен үйреніп аламын». Яғни, бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сабаққа бала көп жағдайда білімді қабылдап алушы, көп Айдарханов Ерлік объектіңің бірі деп есептеліп, оны әрі қарай жетілдіру болып табылады ХХІ-ғасырда барлық ел бірінші орынға білім беру сапасын қояды.

Біздің білім берудегі ертеңіміз-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын, болашақ жоспарын сезіну денгейін көтеру-негізгі мақсат болмақшы. Сондықтаңда білім беру жүйесін іздендіру мақсатында оқытудың дамытушы бағыттарын, яғни дәстүрлі емес оқыту түрлерін қолдануымыз қажет екендігі туындап отыр.[9].