ҚАЗІРГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ
ТӘЖІРИБЕСІ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША
магистр Г.А. Дуйсенбиева
Егемендік
алған соңғы жылдардың ішіңде еліміздегі ұлы
өзгерістер, туған тіл туралы іс-шаралар, тіл заңы, білім
туралы заң, т.б. зерттеулер мен білім беру ісіне жаңа
бағыт-бағдар, соңы серпіліс әкелгені анық.
Мамандар жақсы даярлықты және білікті болуы тиіс.
Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Ол шын мәніндегі қоғамдық-
педогогикалық жүйеге ие бола алатын, ынталы,
шығармашылық ойлау қабілеті жетілген, өзін-өзі
тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан, білімді және оны
өз бойына қалыптастырумен бірге, оларды шәкірттеріне дарыта
білетін іскер де қабілетті маман болуы керек. Оның үстіне
қазақ тілі пәні- тәрбие пәні жас
қауымға жай ғана білім беріп қана қоймай, ол
өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді,
парасатты адам тәрбиелейтін, жақсылық пен ізгілік туралы
білім беретін пән. Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ
тілін оқыту қазақ тілі заңдылықтарын
меңгертумен бірге, оқушының сөздік қорын байытуды
да мақсат етеді. Олай болса, қазақ тілі пәні әрі
теориялық тұрғыдан, әрі тіл дамыту, сөздік
қорды дамыту, сол арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру
пәні деп бағаланады. Тек мұнда ертеңгі
мұғалім- бүгінгі студенттің шеберлігі мен
қабілет- қарымы қажет. Бұл міндет жоғары
оқу орнының оқытушыларының есінен ешқашан
шыққан емес.
Білім
берудің қай түрі болса да, негізінен, сабақ
арқылы іске асады. Сондықтан сабақты дұрыс
ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән берілуі
керек. Бұл істе оқытушылар мен мұғалімдер тобы жаңаша
ізденеді, әрқашан жаңалық күтеді.
Қазіргі
кезде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер мен заман талабы жас ұрпаққа білім беру,
тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жаңартуды көздейді.
Мұнда ізгілікке бейімделген жеке адамды қалыптастыруға тәрбиенің,
білім берудің барлық әдіс- тәсілдерін бағыттау
жалпы білім беретін мектептердің басты міндеті болып табылады. Ал сол
қиын да күрделі міндетті жүзеге асыратын басты тұлға
мұғалім екенін ескерсек, педагог мамандар дайындап жатқан
оқу орнының да көтерер жүгі ауыр. Осыны негізге ала
отырып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына
қатысты «Қазіргі қазақ тілі» пәнінің
морфология курсы бойынша бірер мәселе туралы өз тәжірибемізбен
бөлісуді жөн көрдік.
Қазақ
тілі мамандарын дайындауда қазіргі қазақ тілінің негізгі
салаларының бірі морфологиядан студенттердің тиянақты білім
алып, оны өмірде өз тәжірибесінде қолдана білу
мүмкіндігін арттыру- оқытудағы негізгі мақсат.
Бұл қазақ тіліндегі сөздердің
тұлғалық өзгеруі, сөз және оның
формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары
туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске
ұшыраған түрлері мен сөздердің топтарға
бөлінуі, әр топқа еңген сөздердің
өзіне тән фамматикалық сыр- сипаты жөнінде студенттерге
терең теориялық білім беруді көздейді және тілдік тұлғаларға
практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология
пәнінің ғылыми негізін түсіну міндетін қояды.
Осы
мақсат пен міндетті орындау үшін әр оқу жылының
басында морфология мәселелерін белгілі жүйеге келтіріп, оларды
белгілі тәртіпте, мәселелердің байланысы мен ерекшеліктеріне,
заңдылықтарына қарай қарастырылып, тақырыптар
үлкен бөлімдерге бөлініп, жұмыс бағдарламасы
және оқытушының терең білімі мен үлкен еңбегінің
арқасында дайындалған пәннің оқу
әдістемелік кешені жасалады.
Одан
әрі пәннің теориялық мәселелері
оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан
оқытылады. Ол кредиттік жүйе, тест жүйесі, өздік
жұмыс, т.б. жұмыс түрлерінен қуұылады. Осы
арқылы бұл пәнді толық менгеру үшін, студент
пәннің арнайы оқулығына және морфология саласы
бойынша бүгінгі тіл ғылымындағы зерттеулерге, жаңа
монографиялық ғылыми еңбектерге, ғылыми тың
мақалаларға сүйеніп, зерделейтін болады және студент
үшін тақырыптың негізгі бағыты көрсетіліп,
сілтеме жасалады, тілдік материалдар қосымша талданып, мәселені
саналы түсініп оқуларыла, ғылыми шығармашылықпен
ізденуіне мүмкіндік жасалған тапсырмалар беріледі. « Қазіргі
қазақ тілі морфологиясы» пәнінің негізгі зерттеу
нысанына грамматикалық мағыналар мен олардың берілу
жарыққа шығу жолдары, амал- тәсілдері
грамматикалық қатегориялар жатады. Морфология пәні
студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын
көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық
тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми
негізін түсіну міндетін қояды. Басқаша айтқанда,
бұл курстың ғылыми негіздері мен сипаттары теориялық-
танымдық жағынан оларды біліп, менгеріп қоюмен қатар,
сол танымдық білімді іс жүзінде, практикада іске асырып, тілдік
әлементтердің ерекшеліктерін көрсете, талдай білуді міндеттейді.
Оқудағы
басты мақсат - қазақ тілінің морфологиясына байланысты
теориялық білімді жүйелеп, ғылыми- практикалық негізде
қолданып, талдай білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан
да ғылыми грамматика мен практикалық грамматиканың негізгі
мәселелері тоғысып, болашақ мамандыққа байланысты
студенттердің тұрақты білімі мен іскерлігі дағдысы
жетілдіріледі. Мұнда студенттер грамматиканың кейбір
мәселелерінде даулы болып, талас туғызып жүргендерін де
біліп, оқулықтар мен оқытушыларының көмегімен ол
туралы өз алдына пікір қорыта білуге ұмтылдыру міндеті
жүктеледі.
Кредиттік
жүйе бойынша жазылған оқу бағдарламасы
қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық
топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы
берілетін ғылыми-теориялық білімді жүйелі
жүргізудің негізгі бағыт- бағдарын ұсынады.
Сондай-
ақ:
-
топтық жұмыс арқылы жаттығумен
жұмыс жасата білу;
-
өзіне қажетті нақты деректер мен
түсініктерді сұрыптап қолдана білуге дағдыландыру;
-
тілді қастердеуге, сүюге үйрету
сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі..
Сабақ
барысында білімгерлердің белсенділігін жоғарылатудың бірден-бір
жолы - олардың білімге деген құштарлығын ояту.
Топтағы кейбір білімгерлердің белсенділігін арттыра отырып,
топтағы барлық білімгерлердің танымдық дәрежесін
көтеруге болады. Бұл үшін топтағы барлық
білімгерлер берілген тапсырмаларды уақытында орындаулары қажет.
Топтағы әр сабақ қызу талқы үстінде
өтетіндіктен, білімгер тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеп,
түрлі сұрақтар қоюға және
қойылған сұрақтарға жауап беруге дайын болулары
керек. Осының нәтижесінде діттеген шешім қабылданып,
сабақтың мақсатына жету мүмкіндігі айқындалады.
Соған сәйкес білім мен іскерлікке қойылатын талаптар
анықталады: Білімгер таныс болуы керек:
-
грамматика мәселелері туралы ғалымдар
пікірлерімен;
-
морфология мәселесі мен оның тілдің
басқа салаларымен қатысымен;
-
негізгі грамматикалық ұғымдармен;
-
грамматикалық мағынаның сипатымен;
-
морфема, оның түрлерімен;
-
тілдегі сөз тудыратын және форма тудыратын
тәсілдер мен олардың жасалу жолдарымен;
-
сөз таптары мен оның түрлерімен,
грамматикалық қатегорияларымен;
-
сөз таптарының түрлену жүйелерімен;
-
номинация, сема, парадигма, синтагматикалық
қатынас, конверсия, тірек сыңар, т.б. сияқты терминдермен,
т.б.
Білімгер
істей алуы керек:
-
мысалдар жинап, сөйлемдегі сөздерді
морфемаға бөлу, топтау, түсіндіру;
-
сөздердегі грамматикалық
мағынаның берілуінің жалпы үлгісін көрсету,
түсіндіру;
-
сөздерге
морфологиялық талдау жасап беру;
-
сөз
таптарына талдау жасап, түсіндіру;
-
сөз
таптарының түрлену жүйесін талдап,
түсіндіру, т.б.
Осымен байланысты
қазақ тілінің морфологиясын зерттейтін арнайы пән
ретінде студенттерге терең ғылыми- теориялық білім беру
мақсатында жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінін қазақ тілінің келешек мамандарыла жан-
жақты толық білім беріледі.
Жоғарыда атап
көрсеткеніміздей морфология пәнінің басты мақсаты-
студенттерге тіл білімінің негізгі саласының бірі
морфологияның мәселелерінен теориялық мәліметтер беру.
Теориялық білім берудің негізгі жолы- лекция. Пәннің
негізгі мақсаты мен ғылыми негіздері лекция сабақтарында
толығымен қамтылып, белгілі тақырып бойынша студенттерге
бағыт- бағдар ұсынылады.
Негізінен
грамматикаға, оның ішінде морфологияға қатысты
соңғы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып,
студенттердің білімін тексеру мақсатында немесе менгергенін білу
үшін жаңа технологиялық әдістерді қолдану
арқылы білімді бекіту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру,
алған білімді жүйелі қолдана білуге үйрету
теориялық білімді тереңдету, игерген білімді өмір
тәжірибесінде қолдана білу сияқты міндеттерді шешу
басшылыққа алынады..
Морфология курсынан
теориялық негіздерді меңгергенін білу
мақсатында студенттерден рейтинг жүйесімен ағымдық,
аралып және қорытылды бақылау алынады.Оқытушы лекция
кезінде түрлі әдістемелік ұстанымдарды негізге ала отырып,
студенттердің тақырыпты қаншалықты менгергенін талдау,
пікірлесу кезінде белгілі болады. Бұл- сапалы білім берудегі негізгі
әдіс-тәсілдер. Жаңа технологиялық әдістемелер
бойынша студенттердің шығармашылығын дамыту
мақсатында талдау, ойталқы жасау шеберлігін бағалауда
әр түрлі ойындар, сайыстар өткізуге болады.
Ол тікелей оқытушының
шығармашылық, әдістемелік шеберлігімен байланысты
жүзеге асырылады. Бұл студенттерді ізденуге, өз бетінше
жұмыс жасауына үйретеді. Осылай студенттердің біліктілігі,
білімі шыңдалады, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізуте,
дәлелдеуге, түсіндіруге дағдыланады.
Практикалық
сабақтарда теориялық тақырыптар талданып, талқыланады.
Зерттеу еңбектеріндегі
негізгі көзқарастар, бағыттар, қағидалар мен
тұжырымдар тілдік деректермен дәлелденіп, ойталқы
түрінде жүзеге асады.
Мұнда
жаттығу жұмыстарының маңызы зор. Жаттығу-
іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын ең тиімді әдіс,
бұл мәтін арқылы талданып, жүзеге асырылады.
Мәтін жаттығудың мақсат- міндетіне, мазмұнына
сәйкес таңдалып алынады. Өйткені сабақтың
барлық түрінде типтік бағдарламада берілген тақырыптар
мазмұны толық қамтылуы тиіс. Сондықтан мәтіндегі
сөйлемдерге жан- жақты морфологиялық талдау жасау осы
міндеттердін қаншалықты менгерілгенін бақылауға,
студенттің білімін әділ бағалауға мүмкіндік
береді.
Ол үшін
түрлі бақылау, тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға
болады. Кейбір даулы, қиын тілдік құбылыстар жайында
пікірсайыс, ойбөліс тақырыптарын ұсынған, пікірталастар
өткізген, тест топтамаларына жауаптар алған дұрыс.
Мұнда студенттің өзіндік жұмысының маңызы
өте зор. Бұл студенттерді морфология теориясынан алған білімдерін
жаттықтыру, менгерту, дағды қалыптастыру мақсатында
жүргізіледі. Ол өз кезегінде студенттердің сапалы,
терең білі.мді, білікті маман болып шығуына көмектеседі.
Морфологияны
оқытуда тест жүйесін қолдану да оқытудың
жаңа технологиясының талабынан туындаған. Кредиттік
жүйемен оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда
әр блок біткең соң, студенттің блок мақсатын
орындаған- орындамағаны тексеріліп, қорьпъшыл отыруы-
міндетті шарттардың бірі. Ол жұмыс тест арқылы жүзеге
асады. Тәжірибемізде әр модульдің соңында
мақсатты түрде тестердін бұрыннан таныс және
бұрын қолданыста болмаған, белгілі ғалым Н.
Оралбаеваның еңбегінде үлгісі берілген мүлдем
жаңа түрлерін ұсынып жүрміз. Олар мына
төмендегідей болып келеді: жауаптың дұрысын таңдау
тесті, толықтыру тесті, жауапты жалғастыру тесті, қате
пікірді түзету тесті, ойды нақтылау тесті, болжау жауаптардың
дұрысын анық жауапқа айналдыру тесті. болымсыз
жауаптардың дұрысын болымды түрге көшіру тесті, т.б.
Сондай- ақ, студент білімін тексеруде түрлі сызбалар толтырту
арқылы, белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру
арқылы пікір - талас ұйымдастыру студенттің белсенділігін,
пәнге деген қызығушылығын арттыруға әрекет
етеді. Мысалы, негізгі грамматикалық ұғымдар, сөздерді
таптастыру принциптері, сөз және форма тудыратын тәсілдер сияқты
т.б. мәселелерді өту кезінде пікір- талас тудыру білім сапасын
арттырып студентті оқу ісіне саналы қарауға бейімдейді.
Пікір- талас ұйымдастыру кезінде студенттерді бірнеше топқа,
жақтаушы топ, қарсы топ, ара ағайын сияқты
топтарға бөліп, әр топ өз пікірлерін мұқият
дайындап, женіп шықса, мақсаттың орындалғаны. Бұл
студентті өзінше білім алуға талпындырады, білуге
ынтықтырады. Модуль аралық бақылау кезіндегі тест
жүйесі студентті тек тыңдаушы қалпынан шығарып,
белсенді іс- әрекетке, өзінше іздену, ойлау, табу, шешу
әрекетіне баулиды.
Морфологияны кредиттік
жүйемен оқытудағы тәжірибе студент белсенділігін
арттырып, оқу сапасының көтерілуіне әсер ететіндігін
аңғартты. Себебі, әрбір блок біткен сайын шығарылатын
қорытынды бойынша студент білімі бағаланады, оқу
нәтижесі үнемі нақтылы көрсетіліп отырады.
Сондықтан ол блок материалын меңгеруге бар күшін
жұмсайды, еңбектенеді, оқуға деген ынтасы мен
жауапкершшігі артады. Оқытудағы жаңа технологияның осы
сияқты арттықшылықтарын
байқаған ғалымдардың тіл білімі салаларын кредиттік
жүйемен оқытуды әр қырынан дәлелдеп жүргені
де белгілі. Демек. бұл аталған жүйенің ұтымдылығын
көрсетеді.
Қазақ тілін
оқытудың теориялық жүйесін, ғылыми салаларын
менгерту бағдарламалармен, тақырыптық peттелген, күнтізбелік
жоспармен жүйеге келтіріледі. Бұларды
тілдің әр ғылыми саталарымен тұжырымдалатын ғалымдар
зерттеп, жариялайтыныл ескерсек, жоғары оқу орын оқытушыларына да
мектептегі тілді оқыту әдістемесі жат емес. Мысалы,
соңғы жылдары өмірге еңгізіліп, қолдау тауып келе
жатқан сабақты өту кезеңдерінің үш салысы
белгілі:
біріншісі-тақырыпқа қызығушылықты ояту, екіншісі-
мағынаны ажырыту, танып білу, үшіншісі- ой толғану салысы.
Мұнда студенттің оқудағы іс- әрекетін, ойлау
дағдысын жетілдіру арқылы сабақтың алғашқы
салысы- қызығушылықты ояту кезеңінде мынадай
бағыттар тиімді: болжау, жинақтау, қорытындылау. Осы
тұста тілді жаңа технология бағыттарымен, атап айтқанда
өзіміз әнгіме етіп отырған жүйелермен оқыту
үшін тілдік саланың негізгі ұстанымдарын анықтап алу
аса қажет екені есте болғанын ескерткіміз келеді. Өйткені
қазақ тілі- өзіндік ішкі құрылымы бар
біртұтас пән, ал жаңа технология бағыттары тілдің
сол ішкі құрылымы негізінде құрылады, содан туындайды.
Жалпы белгілі бір
мақсатка бағытталып. шеберлікпен құрылған
сабақта оқушылар өздері оқыған,
тыңдаған, естіген тақырыл бойынша пікір айта отырып, жеке
көзқарастарын да білдіреді. Бірінің ойын екіншісі тындап.
шығармашылық ізденістін көзін ашады, оны көрсетуде ой-
толғаныс негізінде
студенттердің білімдері бекиді. Осындай бағытпен студенттердін
танымдық қабілеттерін дамыту шығармашылық ізденіске
жетелейді. Ал шығармашылық дегеніміз- адамның белсенділігі
мен дербес іс- әрекетінің ең жоғарғы формасы емес
пе?
Кез-келген пәнді
оқытуда сұрақ қою маңызды рөл
атқарады, ал бұл- проблемалық оқытуда таптырмайтын
амал. Оқытудағы жаңа технологияның ерекшелігі бойынша
студенттің білімді меңгеру деңгейі
анализден
синтезге көшеді, қойылатын баға да жоғарылай
түседі. Сондықтан студент білімін бастапқы деңгейден
шығармашылық деңгейге жетелеуде
оқытудағы сұрақ қою жүйесі мен
проблемалық оқытудың атқарар орны
ерекше. Ондағы мақсат- сабақтағы негізгі проблемалармен
студенттің сана- сезіміне қозғау салу. Мәселені
өзі айтып бер.мей, студенттің өзін ізденуге жетелегісі келген
әрбір оқытушы аталған осы жүйелерді шеберлікпен
жүзеге асыра алады. Қазақ тілі оқулығындағы
кейбір тақырыптар өзіндік қойылымдық ерекшелігі
арқылы жаңа технология жүйелерімен оқытуға сұранып
тұрғандай- ақ. Сол тақырыптарды
өткенде теориялық білім негізін меңгерту үшін
түсіну, оны практикада талдау кезінде қолдана білу,
анализден синтезге өтуге жетелеу, студенттің білімі мен іс-
әрекетін әділ бағалай алу- сөз жоқ студент
белсенділігін қамтамасыз етеді.
Осы бағытта
жүргізіліп жатқан тәжірибемізбен бөлісу
мақсатында «Аналитикалық етістіктер» деген тақырыпқа
берілген студенттердің өздік жұмыстарының бір
үлгісін ұсынып отырмыз:
А) 1. Репродуктивтік
сипатта.
Етістіктің
күрделенген аналитикалық форманттарының теориялық
негізі бойынша библиография жасаңыз.
2.
Шығармашылық сипатта.
1)
«Абай жолы» кітабының 1-томынан аналитикалық формалы етістіктерді
теріп, оның
құрамындағы аналитикалық форманттардың
түрлерін анықтаңыз.
2)
Күрделенген аналитикалық форманттарды теріп, олардың
мөлшерін анықтаңыз.
3)
Күрделі етістіктерді теріп, олардың сыңарларының
қандай өзгеріске түскенін сипаттаңыз.
3.
Зерттеушілік сипатта.
1)Амалдың
өту сипаты, қимылдың өту сипаты. саты, кезең
сияқты терминдерді қай оқулық қандай мәнде
қолданғанын жазып келіңіз.
2)
Оқулыққа сүйене отырып күрделенген
аналитикалық форманттарды анықтап, оның
түрлерінің қызметін сипаттаңыз.
4.
Тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (Мәтіннен мысалдар беруге
болады, бірақ нақты жұмыс түрі көрсетілуі керек).
Ә)
Пікір-талас тақырыптары:
1.
Күрделі етістіктерді анықтауда емле қызмет атқармайды
(атқарады)
2.Күрделі
қимыл ұғымы
3
.Күрделі етістік түрлері
«Күрделенген
аналитикалық форманттар грамматиклық бірлік пен» деген
тақырыпқа пікір-талас ұйымдастырудың бір үлгісі:
Пікір-таласка
түсуші топтар:
1)
«күрделенген аналитикалық форманттар- грамматикалық бірлік»
деген пікірді жақтаушылар;
2)
күрделенген аналитикалық форманттар-грамматикалық бірлік,
бірақ олар аналитикалық тілдердің мәселесі деген
пікірді жақтаушылар;
3)
күрделенген аннтитиқалық форманттар грамматикалық
бірлік және олар қазақ тіл біліміне де қатысты деген
пікірді жақтаушылар.
Әр
топ ғылымдағы бір кездегі осы пікірлерді ұстанған
ғалымдар атынан, олардың дәлелдерімен сөйлейді, оны
түрліше ұйымдастыруға болады, соның бұл бір
түрі.
Нәтижеде
алғашкы пікірді жақтаушылар өз пікірлерін мұқият
дайындап жеңіп шығуы керек.
Қорыта
айтқанда жоғары теориялық білімді, әдіскерлік
шеберлікті менгерген және жаңа технологиямен оқытудың
жүйелерімен қаруланған оқытушы студентті білімділікке,
біліктілікке, белсенділікке, іскерлікке, жауапкершілікке үйретеді,
олардың танымдық және шығармашылық
қабілетін дамытады.