Әлеуметтік педагогтың мөлтек аудандағы жұмысты ұйымдастыруы.

Ш.Д.Иманғалиева Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Педагогика және психология»кафедрасының академиялық доценті

Бекмурзаева Р.А. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Жалпы педагогика»кафедрасының оқытушысы

        Әлеуметтік педагог оқушыларды тұрғылықты жері мен әртүрлі мекемелерде әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу,білім беру,дамыту жұмыстарының жүйесімен айналысады.  Әлеуметтік педагог жұмысының алғашқы кезеңінде оқушы тұлғасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері, әлеуметтік микроортадағы баланың өмірлік жағдайлары зерттеледі.

      Зерттеу барысында бала мінез-құлқындағы ауытқулар, өмірінде туындаған дағдарыстық жағдайлар, қиындықтар, мәселелер айқындалып, отбасы типологиясы, әлеуметтік-мәдени және педагоикалық портреті нақтыланады.Маманның әдістемелік қоржынында диагностикалық әдістемелер(тестілер,сауалнамалар,анкета,т.б.)болуы керек, сонымен қатар кез келген мекемеде сақталатын төмендегідей құжаттарды да қарастырған дұрыс(есеп,анықтама,кесте,оқушының медициналық картасы.)

 Әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер,дәрігер,заңгер,өкімет және қоғамдық орган өкілдерімен бірлесе қызмет атқарады,сонымен қатар баланы қамқорлыққа алу, емдеу, демалу, материалдық көмек көрсету, зейнетақыны, жәрдемақыны алуды, еңбекке орналастыру мәселесін және мөлтек аудан, қала,мекеме, қоғамдық бірлестік мекемелерімен байланыста болып қана шеше алады.

Әлеуметтік педагог өз қызметінде әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндетін, формасын, әдісін,жеке және әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілін, әлеуметтік қолдау және көмек шараларын, азамат құқы мен бостандығының сақталуын, психокоррекцияны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі мақсаты-ересектер мен балаларды азамат ретінде қалыптастыру, рухани-адамгершілік және ұлтжандылық тәрбие беру үшін білім беру мекемесі, мөлтек аудан, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің бірлесе жұмыс істеуіне жағдай жасау.

 Жоғарыда айқындалған мақсатты шешу үшін әлеуметтік педагог мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:

-      Балалар мен жастар қозғалысы саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысына әдістемелік семинар,жиындар ұйымдастыру арқылы көмектесу.

·    Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарымен, көпшілік ақпарат құралдарымен белсенді ынтымақтастықты ұйымдастыру.

·    Жалпы орта білім беретін мектеп пен кәсіби-техникалық мектептердің сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұнын толықтыру үшін іс-шаралар жүйесін әзірлеу мен өткізе білу.

·    Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық бірлестіктердің әлеуметтік маңызды әрекетін материалдық қаржының,ұйымдастырушылық, құқықтық, ғылыми-әдістемелік қолдаудың нәтижелік жүйесін жасау, балалар мен жастар қозғалысын ұйымдастыру мен координациялау.

·    Балалар мен жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе жұмыс істеу, халықаралық және қазақстандық балалар мен жастар қозғалысының өкілдерімен тәжірибе алмастыру.

·    Балалар мен жастардың демалысы мен көңіл көтеруіне қолдау көрсету.

·    Қазақстанның болашақ лидерлерін даярлау жүйесін әзірлеу.

·    Жастар іскерлігіне ықпал ету.

·    Балалардың эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіру,жастардың кәсіби және көркемдік шығармашылығының дамуына ықпал ету.

·    Талантты жастардың, дарынды балалардың көркемдік және жасампаз табиғатын дамыту үшін қолдау көрсету.

  Әлеуметтік педагог әлеуметтік педагогикалық жобаларды және бағдарламаларды әзірлейді және коммерциялық құрылылымдарды қатыстыра отырып қаржы көздерін іздейді, әрі алғашқы кезеңде экономист немесе бухгалтер көмегіне сүйенеді.

        Әлеуметтік жоба жасау дағдысын, экономикалық есептей білуді, әлеуметтік жоба мен бағдарламаларының нәтижелілігін айқындауды үйрену үшін  франдрайзиниг қызметін де меңгергені абзал.

       Әлеуметтік педагогтың тағы бір ерекше қызметі отбасы, мектеп, қауымдасдықтың әрекетін үйлестіруге көмектеседі өйткені баланың мектептегі өмірі мақсатты түрде ұйымдастырылған, ал мектептен тыс орта қарама-қайшылығымен, сан түрлі ықпалдарымен ерекшеленеді.

Баланың санасы мен мінез-құлқы шағын орта әсерімен де қалыптасып, өмірлік тәжірибесі молая түседі.  Бала қоғамда жинақталған позитивті тәжірибені қабылдап қана қоймай, сонымен бірге отбасында, таныстары арасында, көшеде нашар әдеттерге үйренеді, керіағар пікірлерді де тыңдайды.

Егер біз осы жағымсыз тәжірибемен дер кезінде күреспесек, онда бала теріс әдеттерді игеріп, девиантты мінез-құлыққа бейімделеді. 

        Қазіргі таңда оқушылардың мекен-жайындағы іс-әрекеттің,қарым-қатынасын,бос уақытын ұйымдастыру және әр түрлі ықпалдардың тәрбиелік маңыздылығын күшейту көкейтесті болып отыр. Жеткіншектер мектеп, сынып,үй және аула жағдайында өзін әртүрлі ұстайды,педагог пен ата-аналарға баланың сабақтан тыс әрекеті көбіне беймәлім болып табылады. Баланың тұрғылықты мекен-жайы мектептен тыс ортаның негізгі ерекшеліктерін, әлеуметтік сипатын бейнелейді. Баланың қоршаған әлеммен байланыс жүйесі күрделі және көпжақты.

       Мектептен тыс жағдайда тәрбиелеу бала тұлғасына тікелей ықпал ету ғана емес, қоршаған ортаны рухани-адамгершілік жағынан жетілдіруді де талап етеді, сондықтан ересектердің білімдік, идеялық-адамгершілік, мәдени деңгейін жетілдіру, тұрғылықты мекен-жайына сәйкес баланы жағымды қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу, халықтың еңбек және батырлық дәстүрін насихаттау, тұрғылықты орындағы тәрбиелік ықпалдардың бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.  Жеткіншектің ер жету сезімінің қалыптасуы, сонымен қатар құрбылары мен ересектер алдында өзін айқындау құралы мен тәсілінің әлі де жеткіліксіздідігі, өзгеге түгелдей бағынбауға тырысуы әлеуметтік педагогтың жұмысына өзгеше талаптар қояды, сол себепті педагог жеткіншектің талпынысын бағыттап, коррекциялап отыруы, әрі жауапты жұмысты ұйымдастыруға көмекші етуі қажет.  

     Жеткіншектік кезеңде көркемдік эстетикалық бағыттағы сабақтарға қызығушылық азая бастайды, осы мәселені ескермеу оқушы тұлғасының құндылық бағдарының қалыптасуын қиындатады, сондықтан жеткіншектің осы қызығушылығын сақтай білу керек. Жоғарғы сыныптардың оқушылары іс-әрекетпен тұлғааралық қатынаста өзін айқындауға талпынатындықтан мектептен тыс мекемелердің жұмысы болашақ мамандықты игеруге бағытталуы қажет.

            Педагог оқушылармен қарым-қатынаста іскер, серіктес, кеңесші ретінде болып, талап қою мен баланың жеке басын сыйлауды бірлікте қолдана білуі керек.

 Мектептегі білім беру мазмұнының және әдістемесінің өзгеруі мектептен тыс мекемелер жұмысын да біраз өзгертті және мектептегі оқу процесінің тұрақтануы мектептен тыс оқу-тәрбие институттары жүйесінің жұмысының жетілуіне мүмкіншілік туғызды.

 70-80 жылдары мекктептен тыс мекемелердің мынадай жүйесі қалыптасты, олар, пионерлер үйі мен сарайы, жас техниктер мен натуралистер станциясы, балалар музыка және көркемдік мектептері, өнер мектептері, би студиялары, балалар мен жастар спорт мектептері, ән мен би ансамбльдері, пионерлер мен оқушылар паркі, балалар алаңдары, т.б. Жоғарыда  аталған мекемелердің бірқатарын білім мен ғылым министрлігі, ал өзгелерін мәдениет, денсаулық, спорт министрліктері қаржыландырды.

        Мектептен тыс мекемелер ішінде қызықты істерді ұйымдастыруға арналған клубтық сипаттағы бірлестіктердің де жас теңізшілер клубы, табиғаттың  жас достары клубы, ғарышкерлер клубы, спорттық сауықтыру және мәдени көпшілік клубтары орны ерекше болды.

 Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзгерістер мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жаңа жолдарын іздеуге, мектептен тыс мекемелер жұмысының жаңа бағыттарының қалыптасуына алып келеді. Мектептің жұмысын демократияландыру оқу жоспары мен бағдарламасын қолданудағы автономдық мектеп бағытын айқындауға (бейіндік кластарды) көмектесті және оқушыларға оқу орнын таңдауға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселе оқушылардың мектептен тыс мекемелерге қатысуын азайтты, сол себепті мекеме басшыларының демалыс спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әректті ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлуін қажет етті. Әр тәрбие институтының қоғамдық тәрбие жүйесінде өзіндік алатын орны айқындалып, мәдениет мекемелері халықпен мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастырудың орталығы  болып, ал спорттық мекемелер, спорттық сауықтыру, құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен мөлтек аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарымен айналыса бастады. Әлеуметтік-психологиялық қорғау мен оңалтуорталығы, жеткіншектік және отбасылық клубтар, әр жастағы балалар отряды, қарым-қатынас клубтары, әлеуметтік-педагогикалық өндірістік кешендер, құқықтық клубтардың қызметі жүзеге асырыла бастады. Балалар мен жеткіншектердің тұлғааралық қарым-қатынасты игеруіне, шиеленісті жағдайдан шығуына көмектесуі үшін тәрбиедегі кемшіліктер қоғамның керемет тәрбие институты отбасы тәрбиесін пайдаланбаудан туындап отыр, сондықтан осы жоғарыдағы мекемелер ықпалымен отбасына ықпал ету, көмектесу, тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселелері тұр.

 Мектеп және отбасы мөлтек аудан жүйесінің нәтижелілігі ата-аналардың,қоғамдық мекемелердің қызметінің бірлігімен байланысты. Әлеуметтік тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жүйелі,сапалы түрде қайта құру және басқару қажет.

        Әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету үшін мөлтек аудандағы барлық тәрбие институттарының қызметін жинақтау және бағыттау үшін орталықтардың жұмысын үйлесімді ету қажет.

 Мөлтек аудандағы әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету орталығының мекемелермен және ұйымдармен бірлесе жұмысты ұйымдастыруы төмендегі кестеде берілген.       

1-Кесте     Мөлтек аудандағы әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету орталығы

        Ұйым

Орындалатын жұмыстың бағыты мен мазмұны

    Жауаптылар

Әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету орталығы

Оталыққа кіретін мекемелерге әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық кеңес беру

Орталықтың төрайымы, әлеуметтік педагог, психолог

Мектеп

Мөлтек  аудандағы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру

Сынып  жетекші, пән мұғалімі, педагог, қоғамдық ұйымдар

Облыстық, қалалық мәдениет және спорт мекемелері

Ұлттық өнерді дәріптеу, ұлттық аспаптарды меңгерту, жыраулық өнерді үйренуге жағдай жасау. Балалар және ересектер мен мақсатты мәдени-ағарту, спорттық сауықтыру т.б. жұмыстарын ұйымдастыру

Мекеме ұжымы, әдіскерлер

Балалар құқын қорғау департаменті

Құқық бұзушы және тәртіп бұзушы тұрғындармен, балалармен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, учаскелік полиция, департамент басшылары

Тұрмыстық коммуналдық  мекеме

Халықпен  тәрбие жұмысын ұйымдастыру  үшін материалдық  қаржылық  база  жасау. Мөлтек ауданды көгалдандыру

Басшы

Әлеуметтік көмек кқрсету, оңалту, коррекциялау орталығы

Адамдарға  әртүрлі көмек көрсету.Балалар мен жеткіншектерге жағдайжасау. Диагностикалау 

Әлеуметтік қызметкер.Дефектолог, логопед

Ұлттық тәлім-тәрбие орталығы

Балалар мен жастарға , ата-аналарға  ұлттық тәрбие негіздерін үйрету ұлтжандылыққа, ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу

Ұлттық тәлім-тәрбие орталығының төрайымы, әдіскерлері

Жастардың қоғамдық ұйымдары

Балалар мен  жастардың  бос уақытын  тиімді ұйымдастыру, олардың даралық ерекшеліктерін және қызығушылықтарын есепке алу

Университеттің жастар қоғамдық  ұйымдары

Ардагерлер, ұстаздар қоғамдық  бірлестігі

Балалар мен жастардың, жас педагогтардың рухани интеллектуалдық әлеуетін дамыту, ұлттық тәрбие берумен және ұлттық дәстүрлерді меңгерту  

Қоғамдық бірлестік төрайымы, ардагерлер, ұстазлар

 

Мөлтек ауданның қажеттілігімен және тәрбиелік мүмкіншілігіне орай әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету орталығының іс-шаралары жоспарланып және жүзеге асыралады. Осы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруда әлеуметтік педагогтың ролі зор. Әлеуметтік педагог түрлі мекеме қызметкерлерімен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасауы үшін төмендегідей тұлғалық сапаларын дамытуы қажет, олар:

·   Ізгілікті, адамгершілігі мол, альтурист, жеке басының мүддесінен өзгенің мүддесін жоғары қоя білуі, өзгеге қамқорлық жасай білуі;

·   Психологиялық сипаты-психикалық үрдістерінің икемділігі, ерік күшінің жетілуі, эмоциясының тұрақтылығымен ерекшеленуі;

·   Психикалық талдау жүргізебілуі,өзін бақылай алуы, өзін салыстыра білуі және өз күшін  әділ бағалай білуі;

·   Педагогикалық біліктілігі, тұлғааралық қарым-қатынасты орната білуі,өзгенің жан  дүниесіне үңілуі, басқаларды қабылдай білу, сөз өнерін жетік меңгеруі.

   Әлеуметтік педагогтың негізгі ерекшелігі – жақсылық істер істеуден, көмектесуден қорықпауы, сөзі мен ісінің бірлігі, әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдарға қайырымды болуы.

  Әлеуметтік педагогтың қолдау көрсету жұмыстарының жүйелі жүргізілуі үшін болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындауда жоғарыда айқындалған қасиеттерді дамыту қажет.

 

                         Резюме. 

   В статье рассматриваются  проблемы  социализации  личности  и  организация  системы  воспитательной  работы  в  микрорайоне  социальным  педагогом.

The  problems  of  personality  socialization  and  the  ovganizationsystem  of  training  work  in  micvodistrict  by  social  specialist.

 

              Әдебиеттер.

1.     Мудрик      А.  В.       Социальная   педагогика:  Учеб:  для  студ. пед. Вузов.\  Под.  ред.  В.А. Сластенина -4-е    изд, доп-М: Издательский  центр «Академия», 2003,-200с

2.     Сафонова  Л.В.  Содержание  и  методика  психосоциальной   работы: учеб. пособие  для  студ,  высш. учеб. заведений  Л.В. Сафонова-М: Издательский  центр «Академия»,2006-224с.