ГУМАНИТАРЛЫҚ  ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

магистр Г.А. Дуйсенбиева, А.А. Мусабекова

 

«... Шындық өздігінше соншалық шексіз, сондықтан соған келетін қандай да болсын тәсілге немқұрайлық танытпағанымыз жөн». Мишель Эйкем де Монтень. Опыты.

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласына тұғырлы және кешеңді ғылымдардың (математика, информатика және т.б.) әдэстері мен тәсілдерінін еңгізілуі ғылыми танымнын заманауи денгейіне тән сипатты белгілердің біріне жатады. Аталған кіріктірілген үдеріс жаңа пәнаралық ғылыми бағыттардың (мысалы, математикалық лингвистика, социометрия және т.б.) синтезіне алып келеді. Математикалық интеграл мен компьютерге арқа сүйейтін, қолына орама мен грифельді таяқша ұстаған тарих музасы Клио (Kleio) тарихи ғылымда - тарихи информатика атты жаңа пәннің символына айналды.

Тарихи информатиканың сала ретінде қалыптасу және даму үрдісін мына бірнеше негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

1) 50-ж аяғы - 60-жж;

2) 70-жж - 80-жж бірінші жартысы;

3) 80-жж ортасынан бүгінгі күнге дейін.

Әрбір жаңа кезең әлектронды-есептегіш техниканың және барынша артып отырған ақпараттар ағынын іріктеу технологиясының дамуымен байланысты объективті және субъективті факторлардан, ғылыми танымның кіріктірілгінің анық қалыптаса бастаған ұстанымдарынан туған. Дегенмен, қалыптасқан кезеңдерге бөлу ең алдымен тарихшылардың өздерінін зерттеліп отырған құбылыстар мен үрдістердің негізгі ұстанымдары мен заңдыпықтарын, бұған дейін сұраусыз болған немесе аз зерттелген, дәстүрлі әдістермен іріктеуте көнбейтін тарихи деректерді өндеуте қажетті жаңа әдістер мен техникалық құралдарды тарата отырып, барынша нақты анықтауға, олардағы мәліметтердің жан-жақты сипаттауын жоғары жүйелі денгейде баяндауға ұмтылысын білдіреді.

Егер, алғашқы екі кезең квантитативті (сандық) тарихтың немесе заманауи ұгылтануга сай — клиометриканыңі қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты болса, үшінші кезең - нақ ақпараттық информатика кезеңі.

Клиометрика өз арсеналында тарихи деректерді саралаудың математикалық - статистикалық саралау әдістерін және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді әлектронды - есептегіш машиналарда (ЭВМ)  математикалық модельдеуде қолданылады. Дегенмен, «микрокомпьютерлік революция» кезеңінде, деректердің мәлімеггерін математикалық есептеу және статистикалық өндеыте қатысы жоқ жаңа ақпараттық технологиялардың  (компьютерлік картографиялау және  бейнелерді  сараптау, мультимедия- технологияларды қолдану және т.б.) жедел дамуымен байланысты, ол тарихи информатиканың бір бағыты ретінде қарастырыла бастады. 'Монтеңь М. Опыты. Избранные главы. -М., 1991. -С.563.

2 Тарих ғылымындағы математикалық әдістер мен ЭЕМ қолдануға негізделген, 60-80-жж «Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер мен ЭЕМ» (басқаша нұскасы «Сандық және машиналық әдістер») деп атала бастаған жаңа ғылыми бағыт, шетелдік баламасы — «Квантативті тарих» (Quantitative History) . Тарихшының сөздік қорында бүгінгі таңда кеңінен қолданылатын ұғым «клиометрика немесе клиометрия» [гр. Кіеіо тарих мүзасы+теіхіке<теітео-өлшем. көлем, өлшеймін].

Бұл деректанудың ішкі жүйесінің «тума» сипатына мыналар жатады: біріншіден, мүтжіндігінше, бұқаралық тарихи деректерді зерттеуге бағдарлануЗ, екіншіден, жүйелі, модельді және «сандық» әдіснамадан түратын «Клио» триадасына негізделу. Үшіншіден, квантативті тарих әлектронды есептегіш техника және жаңа ақпараттық технологияларға сүйене отырып, бұқарлық деректерді4 сараптаудың математикалық - статистикалық әдістері мен нормативті (бейнеленуші) мәтіндердегі ақпараттарды өндеудің формальді - сандық әдістерін қолданады.

Мұның ішінде, бұқаралық дерек туралы барынша кеңінен қабылданған анықтама И.Д.Ковальченкода бар, онда: «Бұқаралық деректерге, тиісті құрылымдарға сәйкес нақты қоғамдық жүйелерді құрайтын акиқат құбылыстарын сипаттайтын деректер жатады. Бұқаралық деректер осы жүйелерді құрайтын бұқаралық объектілерді мәні мен өзара әрекетін, тиісінше. сол жүйелердін құрылысын, қасиеттерін және ахуалын білдіреді» делінген.

Тарих ғылымындағы сандық әдістердіи тарихи деректердегі сандық ақпараттардан айырмашылығы.

«Клаесикалық» тарихшыыдан мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін: жалпы, клиометрика не үшін қажет, тарих ғылымындағы сандық әдістердің дәстүрлі зерттеулерде қолданылатыл тарихи деректердегі сандық ақпараттардан айырмашылығы неде?

Дәстүрлі бағыттағы зерттеушілер өздерінін сапалық (мазмұндық) қорытындыларын дәлелдеу үшін сандық ақпаратты иллюстративті аспектіге келтіреді, онда да өздерінің қолында бар деректерден тікелей шіынған сандық мәліметтерді жинақтау және олардың қарапйым классификациясымен шектеледі. Мұнда, өлшеуге өздері туралы сандық ақпаратты анық берілген құбылыстар мен үрдістер жатады. Тарихи деректің жасырын, анық емес, нақты тіркелмеген ақпараттьг қисынды - бейнелеуші сараптау жолымен зерттеледі. Бұл жағдайда тарихшы «артықтау -кемдеу», «күштірек - әлсіздеу» және т.б. ұғымдарды қолданады.

Кез - келген сапалы әлеуметтік құбылыс немесе үрдістің, олардың белгілері мен қасиеттерінің өзіндік сандық өлшемі болады деген теориялық парадигмаға сүйене отырып, клиометрия олардың мәндік — мазмұндық мағынасы мен сапалық өзгешелігін түсінуді ғана емес, Сонымен қатар осы өлшемнің абсалют немесе шамалас сандар дәрежесінде анықтауды басты мақсат етіп қойып отыр.

Сонымен, мысалы, нарративті (бейнелеуші, мәтіндік) деректерді талдауда обьектіңің сапалық белгілерін өлшеуде зерттеу жиілік, классификациялық жаңарулар жолымен (басқаша айтқанда, контеңт - анализ әдісімен) жүргізіледі, яғни компьютер жақсы «түсінетін» саңдар мен сандық кодтардың тіліне аударылады. Квантитативті жұмыстарда ақпараттың сандыө өрнектелуі тек, жай ғана иллюстративті сипатта болып қана қоймайды, сндай - ақ барынша нақты және жан - жақты қорытындылар үшін негіз болып табылады, мұнда осы мәліметтерді жинақтау, бөлу және өңдеу оларды зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады.

Ал латеңтті, анық емес деректердің ақпаратын анықтауға елетін болсақ, онда сараптауға тартылатын математикалық құралдар тарихшы - клиометрисшіге деректердің бірнеше кешенін өндеу және зерттеу объектісіне тән белгілердін өзара байланысын орнату негізінде бұған дейін белгісіз болып келген мәліметі бар жаңа деректі (қайталанбалы нысандағы) жинақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, қарастырылып отырған айырмашылық дерекке деген түрлі тәсілдерде, оны өндеудің әдістемесін таңдауда, ғылыми ізденісті техникшлық қамтамасыз етуде жасырылулы.

Мұнда мынаны атап өткен жөн, деректанушы сын, «классикалық» деректану заңдылықтарына сай тарихшы клиометрисшіге де, дәстүрлі тарихшы үшін де құралады, дегшеңмен оларды біріктіретін басты әрекет - сапалы мазмулды сараптау жү'ргізу және тарихы дамудың құбылыстары мен үдерістерінің ішкі мәнін ашү', нәтижесінде адамзаттың өткені туралы шімдерді молайту.

Жалпы алғагда клиометриканың «тума» сипаттарына мыналар жатады: ақпаратты, оның ішінде бұқаралық деректерді сараптау; деректік қорларды өңдеудің математикалық - статистикшлық және формальді — сандық әдістері мен компьютерлік технологияларды өңдеуді қолдану; және солардың негізінде бұқаралық тарихи феңомендер мен адамдардың үлкен топтарын зерттеу.

Квантативті тарихқа бүгінгі таңда өз өміршеңцігін дәлелдеудің қажеттілігі шамалы. Міне, ширек ғасырдан бері (1960-ж бастап) әлемнің әртүрлі елдерінің зерттеу шілері тарих ғылымында сандық әдістерді табысты қолданып жұр. Мысалы, 1993 жылдың 12 қазанында, Швед Корольдік ғылым Академиясының шешімімен «әкономиңкалық және институттық өзгерістерді түсіндіруде экономикалық теорияны және сандық әдістерді қолдануға негізделген экономикалық тарих зерттеу леріндегі жаңа тәсілдерді дамытқаны үшін» профессор Роберт У.Фогель (Чикаго университету АҚШ) мен профессор Дугласе К.Нортка (Вашингтон Университеті, Сант Луис, АҚШ) Нобель сыйлығы (бірлескен) берілді.

И.Д.Ковальчеңконың 1989 ж. жарық көрген «Методы исторического исследования» монографиясы КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығына ие болды, ал қарастырылып отырған пән бойынша соның редакциялығымен жарық көрген оқулық ТМД жекелеген елдердің тарих факультеттерінің студенттеріне міндетті оқулықтар қатарына еңгізілді.