ӘОЖ 931(571)

 

«ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ» МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗАҚ БАСПА СӨЗІНДЕ КӨТЕРІЛУІ

магистр Г.А. Дуйсенбиева, Б.С. Аязбекова

 

Тәуелсіз Қазақстанның саяси және рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды, соның ішінде кеңес халқының бірнеше ұрпақтарының санасында сталиндік террордың нәтижесінде қалыптасқан корқыныштан кұтылғанын атап көрсетуге болады және де халықтың, әсіресе жастардың белсенділігі өсті.

Отанымыздың тарихы жан-жақты, терең зерттеліп, обьективті сарагггалуда. Социалистік құрлысты орнатудағы революциялық ұрандар сын көзқарастар тұрғысынан қарастырылуда, соның ішінде Кеңестік Қазақстаңдағы әйел теңдігі мәселесі де.

1936 жылы әйелдер мен ерлердің теңдігінің Конституциялық жариялануымен, ұзак уақыттар бойы әйелдер мәселесі Кеңес өкіметінде шешілді деп келді. Қағаз жүзінде шешімін тапқанмен, әлі де болса іске аспаған мәселелер жетерлік. Кеңестер елінде «әйелдер мәселесін» шешудің жолдары, тарихи шындық сияқты соншама қайшылықты болды. Казан төңкерісінің жеңісінен кейін әйелдер де жаңа саяси қәдрлыстың идеяларын, социалистік ұрандарды іске асырушы халық қозғалысының бөлінбес бөлігіне айналды.

Кеңес қоғамында болып жатқан социалистік кұрлыстын нәтижелерін идеяға айналдыру салдарынан «әйелдердің азаттық ісү'ресі» термині ғылыми айналыска еңгізілуден катды. Тарихи зерттеулерде «әйелдер мәселесі» толық және түпкшікті шешілгені айтылды.

Қазіргі таңда Қазақстаңдағы тарих ғылымы идеологияға бағыныштылықған және бір жақты баға беруден кулылуда. Көптеген тарихи кұжаттарды зерттеу, республика әйелдерінің болып жатқан саяси оқиғаларды бақылаушы ғана емес. керісінше сол тарихи кезеңдегі қоғам алдында тұрған барлық міндеттерді шешуге қатынасканың дәлелдейді. Әйелдердің қоғамдық өмірге белсене қатынасканың теріске шығармау ғана тарихи шындықты толық қалпына келтіруге көмектеседі.

Әйелдердің қоғамдық өмірге қатынасу мәселесін анықтау жолында қазақ баспасөзінің орны ерекше, тарихи. демографиялық, этнографиялық салада көптеген құнды материалдар береді. Қазақтын баспасөзі - маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының өмірі нақты көрсетілген. XIX ғасырдың екіші жартысынан қазақ тілінде шыға бастаған ачгашкы газет «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» әйелдер мәселесін маңызды қоғамдық денгейге дейін көтерді.

«Дала уалаятының газеті» ресми баспасөз ретінде өкіметттің және жергілікті әкімшіліктің өкімдерін және Қазақстан жайлы материалдарын жариялады. Олардың ішінде этнографиялық. адамгершілік - этикалық мақалалармен қатар «Түркілердін неке әдет-ғұрыптары», «Бей-таш және Килен таш», « Ертеңгі билер соты» атты мақалар да бар.

Әсіресе, екі еңбекке «Ұмьггылмаған» өткендегі және қазіргі қырғыздар. Очерктер» (1892), «Қазіргі кырғыз әйелінің қайғылы жағдайы»( 1894) ерекше көңіл бөлуге болады.

Бірінші мақалада қазақ қоғамындағы кейбір отбасы - тұрмыстық тәртіптердің тұрақтап тұрғанын, (бесік құдалық. оны бұзғандарды өлім жазасына кесу, отбасының адалдығына қол сұққадарды катал жазалануы) бұл дәстүрді аға буын қатал сақтауға тырысуда екенін айтады. Очерктің жақсы жағы сол. өткендегі және қазіргі қазақтардың байқағаны қазақ жастарының психологиясындағы өзгерістер, кейбір жастар бұрынғы катал зандарға емес жүрегіне бағынады. «Бұл биік және таза махаббат, оны әйел теңдігі идеясына дейін көтерді, достарының аяушылығын да күтпейді, жүректің терең түбіндегі сезім тығылыл, өсіп, еш уақытта кетпейді... Міне осы жерде жағдайдың барлық қайғысы: бір жағынан, сүйген жүрек үшін қасиетті деп есептелген нәрсені көпшілік қауым қылмыс деп есептейді, екінші жағынан тек өзіне және өз көзқарасына ғана сенген ол қасиетті сақтаушы, ешкіммен сезімімен бөлісе алмайды»

Мақала қазақ қоғамындағы әйелдердің өмірін өзгертуге, өркениетке үзггылуға шақырады: «Әйелдердің ақылы табиғатынан ер адамдардың ақылынан, қаблетінен кем емес... Қырғыздардың әйелдеріне қатал қарауының пайдасыз екенін дәлелдеуте тырысамыз».

Очерк жарық көргеннен кейін екі жылдан соң қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді жаңа көзқарас тұрғысынан керу, ең бастысы әйелдер қауымының белсенділігі байқалады, олар неке-отбасы қайшылықтары жайлы билерге, өкіметке жиі шағым жасай бастады. Қыздар өздерінің сүйгендеріне деген сезімдерінмен қатар және он сегіз жасар жас қызды сексендегі шалға берген қайғыны өленмен ашық айта бастады.

Қазақ халқы саяси сахынаға баспасөз арқыла шықты. Экономикшіық және әлеуметттік өмірге ұзақ уақыт бойы қазақ жазушылары - саясаткерлері әсер етті. Ұлт зиялылары демократиялық баспасөз беттерінде қоғамдық өмірдегі жағымсыз, керітартпа тәртіппен күресті. Ең алғашқы демократиялық бағыттағы маңызды саяси орған «Айқап» журналы. Редакция құрамындағы тарихшылар, педагог, әдебиетшілер мен ақындар тығыз бірлесе отырып қызмет аткарды. Журнал өз кезіңіндегі жаңашыл бағытта, көшпелі халықты отырықщылыққа бағыттап, феодалдық көзқарастарды эшкереледі. «Айқап» журналында Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық, саяси, мәдени өмірінің өзекті мәселелерімен қатар әйелдер мәселесі де көтерілді. Бұл мәселені жазуда журналдың редакторы Мүхаметжан Сералин мен хатіліылар Сұлтанмахмул- Торайғыров пен Акрам Ғалимовтар жалпы прогрессивті бағыт ұстады. М.Сералин - жарқын публицист, ақын әрі халық арарсында беделді қоғам қайраткері. Ол кезек күттірмейтін әлеуметтік мәселелермен қатар әйел теңдігін іске асыру үшін халықты белсенділікке шақырады. Журнал жарық көрмей тұрыл - ак ол «әйелдер мәселесі» деген ұғымды еңгізді. 1903 жылы оның «Гүлғашима» деген поэмасы жарық көрді. М.Сералин поэмада ауылдағы неке қию жүйесін сынады, жеке бас бостандығын жариялады. Гүлғашима мен Баймағанбет олардың азаматтық сезімін таптауға, патриархалдық отбасы күдығына қарсы шьГғады және өз құқықтары үшін кү-ресетінің жариялайды. Бұл әлеуметтік лейтмотив «Айқаптың» әйелдер мәселесіндегі идеяльж бағытын анықтап берді.

Жас ақын, 1913-1914 жылдары «Айқап» журналының редқоллегия мүшесі С.Торайғыров қазақ әйелдерінің теңдігі мәселесін ашық қолдады. 1912 жылы жазылған «Неке кияр» атты поэтикалық помфлетінде жас қыздарды еріксіз кәрі шалдармен некесін қиятын молдаларға және әменгерлікке, қалын малға қарсы өз көзқарасын біодірді. Оның жаңа әлеуметтік әуендері «Әйел» атты өленінде бейнеленді, әйелдердің ерлермен бірдей теңдік алатын күн туатынына сенді. Оның «Қамар сұлу» романы қазақтың әдеби және қоғамдық өміріндегі ғасырлық оқиға болып табылады. Ақын азаматтардың еңбектегі, биіім алудағы теңдігін өз көзқарасымен тікелей көрсете білді. Романның кейіпкерлері Қамар - байдын қызы. Ахмет кедейдің ұлы, екеуі де білімді, тәрбиелі, өз ауылдарында оларды қарттар да, балар да сыйлайды, олар бір- біріне тең. Қамар мен Ахмет азаматтық құқықтары үшін күреспеді, XX ғасырдын басында қазақ қоғамындағы тәртіпті қабылдады.

Әйел теңдігі мәселесін «Айқап журналының» беттерійең Акрам Ғалиев те өзінің шығармалары арқылы көрсете алды. «Бейшара қыз» атты әңгімесінде Алтынайдың ата- анасына қалық малды он жыл бұрыл төлеп қойған ал, 16 жасқа толғанда қалындыіоы күйеуінің ауьтлына күштеп апарады, ұрып - соғудан есінен танып, ес-түссіз туған ауылына қайтарылады. Автор қазақ қоғамының әйелдерге теңдік беруге әлі де дайын еместігін обьектйвті баяндайды. Алтынайдың қайғылы тағдыры, ауыл өмірін өзгерте алмады, әйелдер әңгімелерін жалғастыруда, карттар әр түрлі мәселер жайлы айтысуда. Ауылдастарының қарекетсіздігінен қыз өмірден тыныш кете барды. А. Ғалимов халықтый қоғамдық санасын, психологиялық денгейін, қазақ әйелінің қиын жағдайын бейнелеп, әйел теңдігі мәселесін «Айқап» журналының бетерінен көтеруі заңды процесс.

XX ғасырдың басында адамзаттын әлеуметтік - экономикалық және мәдени денгейінің көтерілу жағдайында бұл мәселе ерекше маңызды болып есептеледі. Қазақ қоғамында некеге байланысты, қалық мал үшін тартыс тоқталмады, әменгерлік жшіғаса берді. Журналдың редакциясы қалық мал мәселесін қазақ қоғамының өркениетті дамыту бағдарламасымен байланыстырды. « Қазақ түріктеріиің некесі» атты мақалада: «Біздің пікірімізше қазіргі кезеңде қазақтарда әйелдер аз туылады, көп өледі. Әйелдердің аз туылуы құдайға байланысты болса, ал олардың көп өлуі - біздің өміріміздін қолайсыздығынан. Барлық ауыр жұмыс әйелге жүктелген, олардың тәрбиесіне көңіл аударылмайды. Кәмелетке жетпеген қыздарды тұрмыска берудің қаншалықты зиян екенін адамдар түсінбейді. Егер біздер осындай өмір салтын өзгертпесек, келешек ұрпақтың азаю қаупіне тап боламыз»

«Айқап» күн тәртібіне маңызды әлеуметтік - демографиялық мәселелерді қойды: қазақ қоғамында 30- 40 жастағы бойдак жігіттер көбейіп кетті, соиымен қатар бір қызға 5-6 жігіттең келеді, олардың көпшілігінің жасы үлкейген ер-азаматтар. Қоғамдағы демографиялық теңсіздіктің әлеуметтік - экономикалық салдарынан «калық мал» өсуде, - деп қоғамдағы киым жағдайды ашып көрсете білді.

Әйелдер мен ерлердің азаматтық құқығын теңестіру, әйелдердің білім алуы жайлы көтерілген мәселелер прогрессивті және адамзаттың анасы ретінде әйелдерді құрметтеуге шақырады. «Екі қыздың қайғысы» атты мақалада: «Әйел адамзатттың жаршысы, ол барлық халықтардың анасы, ол олардың тәрбиешісі»-, деп өзекті мәселені көтерген-

«Айқап» журналының беттеріне алгашқы қазақ әдебиетші эйелдерінің - Күләш Өтегенқызының, Сақыпжамал Тіліеубекқызының, Мариям Сейдалықызының өлеядері жарық көрді. Сақыпжамал Тілеубекқызынын « Көптен күткен арман» атты мақаласында көпшілікті әйелдерге білім беруді дамытуға шақырды, әйелдер қауымының саяси санасын, әлеуметтік белсенділігін көтеруде журналдың маңызын жоғары бағалады.

«Қазақ» газетінде де әйелдер мәселесі көтеріаді. Есен Аманұлы мақаласында қазақ даласындағы халық малдың сақталып тұрғанын, мектептерде қыздардың санының өскенін, Сонымен қатар әйелдер қауымының белсенділігінің төмендігін қынжыла жазды.

Қазақ ұлттық зиялы қауымы халыққа білім беру қаясеттігін терең түсінді және баспасөз бұл қиын да, қажетті мәселеге ерекше көңіл бөлді. 1910 жылы Ахмет Байтұрсынов: «Қырғыз тілінде бір де бір газет және баспахана жоқ. Сол туралы ойлар қырғыз даласында бостандықтың бақытты күндерінде ойға келді, бірақ ол іске аспады». Қиындыққа толы үш жыл бойы шығармашылық ізденістер нәтижесінде, полицияның қадағалауынан тығылып, қазақ зиялылар тобы ұлттық газетті шығаруға мұқият әзірленді.

1913 жылы 2 акпанда Орынбор губерниясында Троицкіде «Қазақ» газетінің 1-ші номері жарық көрді, редакторы А.Бөкейханов. Ол қазақ халқынын білімге, еңбекке, халықты ғасырлық тү-ңғиықтан оянуға шақырды. Газет беттерінің орталық бөлімінен әйел мәселесі орын алды. Әйелдердід азаматтық кұқығы жайлы материалдар «Айқап»журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрді. Қазақтардың отбасы мен неке қатынастарындағы заясыздьпсгы сынады. А.Байтұрсынұлының мақалаларында қыздар мен ұлдарды бірге оқытуға, калық мал мен эменгерлікті жоюға үгіттеді.

Әйел теңдігі мәселесін дамыгуға Міржақып Дулатұлы да үлкен үлес қосты. 1907 жылы ол «Жесір дағуалары хақында» еңбегінде әйелдердің азаматтық күкығын корғады. Ата-аналардың балаларына бесіктен құдаласуына, 60-70- гі жесір шалдарға 15 жасар қыздарын беруіне қарсынығын білдірді. Қыздарды 17-18 жасқа толғаннан кейін ғана күйеуге берыте болатынын түсіндірді. Әйелдердің азаматтық құқығы қазақ қоғағымынын әлеуметтік жағдайын анықтайды, елді өркениетке жетелейді. деп ашық айтты.

Міржақып Дулатұлы қазақ әйелінің тағдыры жайлы романның авторы, 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Романында Сарсенбай баласы болмағандықтан бәйбішесінің келісімімен тоқал алуға келіседі.

Жамал беделді, алайды байдың ақылы кем баласына атастырылған. Білімді, ақылды Жамал әлеуметтік белсенді, батыл. Ол өзінің өлендерінде ашық түрде күда түсу мен қалық маіды сынайды. Жамал жек көретін Жұманмен бірге тұрғанша өлімді артық көреді, басқалардың қареылыққа қарамастан сүйген жігіті Ғалимен қашып кетеді. Романды оқыған қазақтың қыз-келіншектері М.Дулатұлына көптеген хаттар жазады. «Айқап» журналының № 21 номерінде Қытайдан жазған хаттында қазақ қызы романның соныңда Жамалға сүйген адамымен бақытты, еркін өмір сүруімен аяқтауын өтінеді.

«Қазақ» газетіндегі талқылаудың соңы «Сайлау хұқы» деген мақаламен (№229.1917) шегіне жетеді. Оның авторы Ахмет Байтүрсынұлы әйелдерге ерлермен бірдей сайлау құқығын беруді, Сонымен қатар сайлану құқығын беру туралы айтады. Австршіиядағы депутат - әйелдерді мысалға келтіреді. Әйелдерді мемлекеттік Думаға сайлау жайлы пікірін ашық айтты. Газетттң белсенді қызметкерлерінің бірі- Бадрисафа Байтұрсынова, Жәмилә Болетова. Әдеби тақырыптарға жазылған мақалалардың ішінде «Әдебиетшілерге көз салу» мақаласының соңыла «Н» деп қол қойған, мақаланың авторы орыс мектептерінде әдебиеттең сабақ берген Назипа Құлжанова болатын.

1917 жылы 25 сәуір - 7 мамыр аралығында Омбы қаласында Аьсмола облыстық қазақ сиезі болып өттті. Күн тәртібінде 17 мәселе қарастырылды. Сиезіндегі жаңа мәселелер жұмысшылар мен әйелдердің жағдайларына байланысты болды. Сиез өкілдері әйел мәселесін талқылаған кезде құдалық жайы көп талас тудырды. «Кітап-құранға сүйеніп құда болудың дұрыстығын айтқандар аз болған жоқ. Бірақ, бұған көпшілік қарсы келіп, қазақ ішінде дау-жанжалдың болатыны, осы, жастайынан кұда болудың қырсығы деп тұрзып алды, ақырында құдалық мәселесін муфти әміріне... қалдырды».

Сиезге арнайы шақырылған 34 адамның бірі, сол кездерде ұлттық басылымдарда әйел мәселесін көтеріп, елге әйгілі болған Ахмет Баржақсы «Алаш» газетінің 21 наурызындағы санында жарияланған «Қазақ халқының көзі ашық әйелдеріне ашық хатыл» оқыл берді. Онда ол «...басқа елдердің, атап айтқанда Америка, Германия, Англия, Россия, Франция елдерінің әйелдері арасынан шешең, көсем, сыншы, жазушы, ақын шығып, олар өз құқықтары үшін айтысып, ақырында сол армандарына қол жеткізіп отырғандарын, ал қазақ халқында надандықтың қулы болу, тағдырдың дегеніне көну, әйелдерді кемге санап, кез келген адамға шырылдатып қоса салу белен, алғанын, мұндай жағдайдағы қазақ әйелдерінің еңірегенде етектері жасқа. көздері қанға толатынын... олардың осындай аянышты халін ойлағанда ішкен ас бойға дарымай, ұйқы шайдай ашылатынын...» ашына айта келіп, «XX ғасырда әйелдерге теңдік тиіп, сөйлейтін кез келгенін, қазақ әйелінін «дауын даулап», «намысын жыртатын» ардакты мырза, ханым Төгісовтер (Мәриям, Көлбай) тарапынан шығарылъга отырған «Алаш» газетті арқылы мұң-мұқтаждарынды білдіріңдер» деп, қазақ әйелдерін аталған ұлттық басылым арқылы үн қатуға шақырады.

Библиограф - зерттеуші Ү.Субханбердіқызы «Қазақ. Ачаш. Сарарқа» еңбегінде Мәриям Төгісқызының «Алаш» газетінің бастаушысы қызметін атқаруъш «сол кездегі қазақ әйелдерінін ояна бастауының бір белгісі» ретінде қарастырады.

«Алаш» газетінде 1917 жылы 13 сэуірде жарық көрген «Үш миллион күң» атты мақаласьгада А.Баржақсы: «... 6 млн. қазақтың жартысы, яғни 3 млн. әйел болғанда... олардың тірі екені, өлі екені белгісіз. Құр сулде болып жүрген қарақшы. Еркек әйелді құлдан жаман жұмсайды, жүннен жаман сабайды, малдан жаман сатады, ... ана мәдени халықгардың (Бельгия, Россия, Болгария, Сербия, Қаратау) әйелдері ғылымына ие болып, еркектеріне жақсы тәрбие беріп, хан қылып отыр. Ал, қазақ халқының еркетері әйелдерді құл қылып отырмыз», деп қазақтың ер-азаматтарына өкпе айтады. А.Баржақсының жоғарыда аталған мақаласына орай «Кұзақ» газеті: «...екі мақалаңызды түгел баса алмадық. ...Бірінде жалпы қазақ сиезінін кемшілігін айтасыз. Ол кемшшік - әйелден депутат атамағандық. Сіздің пікіріңізше, қазақ 6 млн., оның 3 млн. әйел. Сондықтан, депутаттардың жартысы әйел болуы керек... Орыстар 80 әйелді атап тұр екен, Олар кімдер, ойладыңыз ба?.. Олардай әйелдеріміз болса, бізде сайлармыз. Қазақ әйелі түтіл, еркегін сайласа кемдікте қалмас. «Шырағым, саған әлі тым ертерек, деіі Біржан ақын айтқандай, біздің қазақ әйелдеріне әлі ертерек... Екінші мақаланыз, Атбасар комитеттеріндегі қазақ ағзаларының кемшілігі... Ол пікіріңізді қуаттаймыз. Бірақ, халықтың өзіне ерік бергенмен, жақсы кісшерін һәм жұртқа қызмет қылатын кісілерін сайламаса, оған сіз бен біздің қылар амалымыз бар ма?», деп жауап береді. Міне, осындай көкейкесті мәселелерді өз мақалаларына арқау еткен А.Баржақсының пікірлеріне үн қосқан мақалалар да болмай калған жоқ. Айталық, Қостанай уйезі, Шұбартеңіз болысынан Рахима Атдаоңғарқызы «Әйел еріктігі» деп аталатын мақаласының мазмұны «...дүниеде өмір сүрудің ең рахаты, ең жақсысы білімді болу үстіне ерікті болу, алдағы істің бәрін басқаратын балаларды тәрбиелеуді бірігііт істеуге ... ұлтымыз үшін бақыт, рахатка себеп болатын істерде еркектерімізге болысайық... әйелде болған мейірім, махаббатты ұрпаққа берейік», деген бүгінге дейін өзектілін жоймай отырған ұрпақ тәрбиесі, ондағы әйел-ананың рөлі мәселелеріне саяды. Автор ең алдымен болашақта ұлтты к мемлекетіміздін іргесін қалайтын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлкен мән береді.

Қ.Кеменгерұлының: «дүмше молдалардың теріс түсіндірген мұсылманшылық мөрі қазақ денесіне басылмастан бұрын, қазақ әйелге еркін көзбен қараушы еді. Кейбір аталардың шеше атымен кетуі - әйел билігі (матриархат) болғандығына дәлел. «Алып-анадан», «Көш бастаған бәйбіше» деген мәгелдер қазақ әйелінің шаруа һәм әлеумет аумағында еркін болғандығын көрсетпеді. Еркек жаудан қорғаушы болса, әйел шаруа сақтаушы болды», деген тұжырымы ойланарлық мәселе. Шындығында да, мемлекеттің тұтқасын ұстайтын жас ұ-рпақтың тәрбиесі, олардың танымдық көзқарастарының қалыптасуы ең алдымен отбасынан басталатындығы -акикат. Сондықтан, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы барша аналарға мемлекет тарапынан қажетті барлық жағдайлар жасалмаса, қоғамдық мәселелердің уақыт өткен сайын күрделеніп, шиеленістері толастамауы мүмкін.

Қазақ баспасөз беттерінде жарық көрген бұл мақалалар әйел теңдігін қуаттаған алғашкы игі қадамдардың санатына жатады.