Философия/ 5.Философия  религии.

 

ОП-13-1с тобының студенті Д. Оразбекова

Аға оқытушы Н.Ж. Сарсенбеков

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан

 

 

Құранның математикалық құпиясы

 

Әлемдегі кең таралған діндердің бірі - Ислам. Исламның басты киелі кітабы - араб тілінде жазылған Құран. Құран 114 сүреден (бөлімдер, тараулар) тұрады, құрылысы бойынша басқа діни кітаптарға ұқсамайды (Сүре араб тілінде «қатар» дегенді білдіреді). Құран 610-630 жылдары Аллахтан Жебірейіл періште арқылы адамзаттың соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с.ғ.с.) жіберілген. Құран кейінірек кітап түрінде құрастырылды. Құранның түсіндірмелері мұсылман аңыздары - хадистерде, сунналар мен ахбарда және т.б. келтірілген, сондай-ақ Құранның негізгі түсіндірмесі тәпсір болып табылады. Құранда адамдарға жіберілген уағыздардың, аңыз-әңгімелердің және құқықтық нормалардың кездейсоқ емес екендігін дәлелдейтін аяттар аз емес. «(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды» деген (17-с. 88 а.)». Сол себепті Құранды аса бағалы деп санауға болады, өйткені онда барлық даналық пен кемелдік жатыр.

Құран - Жаратушы Иенің, Құдайдың сөзі болғандықтан, ақырет күніне дейін талдап бітпейтін даналығы, құпиясы көп. Атақты француз ғалымы, су асты тіршілігін зерттеуші Жак Иф Кусто: «Бұл Құран қазіргі ғылымнан 1100 жыл озып тұр» деп Құран кереметіне таңқалып, Ислам дінің қабылдаған екен.Одан бөлек M. Родвел «Құранды оқыған сайын таңғалатындығын...» айтса, ал Гете: «Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат күштің қайнар көзі болып қала бермек...», - деп тұжырымдаған.

Құранда қазіргі заманғы ғылымның мәліметтері аз емес. Кейбір ғылыми деректердің болуы күмән тудырмайды. Сонымен, Құран - тек мазмұны жағынан ғана ауқымды әрі күрделі туынды емес, сонымен бірге шығуы мен оның түсіндірілу тарихы жағынан да таңғажайып. Тіпті, Құранның ең көне бөліктері пайда болған уақыттан бастап 14 жүз жылдыққа жуық уақыт өтсе де оның көзқарастары, дүниетанымы, принциптері әлі күнге дейін өзекті күйінде.

Құран түсіндірмелері фундаменталды ғылымдардың нақты мәліметтері негізінде құрастырылуы тиіс. Тек сонда ғана киелі кітаптағы айтылғандардың шындық екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл жөнінде еуропалық ғалым Монтгомери Уотт өзінің «Ортағасырлық Еуропаға Исламның ықпалы» деген еңбегінде былай тұжырым жасайды: «Араб зерттеулері, араб ойлары, араб шығармалары толық көлемге келтірілген кезде арабтарсыз еуропалық ғылым мен философияның осындай қарқында дамуы мүмкін еместігі айқындалды... Еуропалықтарға алдыға жылжымас бұрын алдымен арабтардан барлығын үйрену қажет болды».

Табиғаттың тылсым құпиялары ғылыми шешімдерін тауып жатыр. Болмыс ұғымы жайындағы мәселелер барлық адамзаттың назарын аударуда. Дүниеге деген көзқарас адамзат ойының қоршаған ортаны тануға алғашқы қадам жасаған кезінен бастап бағыт алды. Әр дәуірде адамдар болмыстың өмірлік сұрақтарына өзіндік лайықты жауаптарын тауып келді. Түбінде дүниенің қазіргі аспаптардың мүмкіндігі жететін құрылымдары анықталды. Біздің Галактикамыздың және осыған ұқсас басқа ғаламшар жүйелерінің құрылысы зерттелуде. Аспан шырақтарының қозғалысын зерттеу адамдардың тәжірибелік қажеттіліктерінен туды. Көшпелі тайпалар жұлдыздар арқылы бағытты анықтауды үйренді, аспанға қарап бағдар жасаудың оңтайлы тәсілдерін тапты. Қоғамның дамуы жыл санау есебі мен күнтізбенің қажеттілігін тудырды, ол да өз кезегінде Құранда шешімдерін тапты.  

Әйгілі ғылыми еңбектерден Құран аяттарының мазмұнына сәйкес келетін ғылыми деректер келтіруге болады.

«Айдың әр түрлі кейіптері фаза деп аталады. Ай фазалары оның Күннен жарық алатын Жер тәрізді күңгірт дөңгелек шар екендігімен түсіндіріледі. Ай өздігінен жарықтанбайтын дене. (Полак И.Ф. Астрономия. 112, 119 б)

Бұған Құран аяттары сәйкес келеді: «Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп түрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы» (39 с. 7 а.). «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме? Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.» (71 с. 15, 16 а.). «Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді» (10 с. 5 а.) «Тағы айдың орындарын да өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түн де күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді» (36 с. 39, 40 а.). «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар, аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі» (6 с. 96 а.). «Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса, мұндағы белгілерден бет бұрады. Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді» (21 с. 32, 33 а.). Келтірілген аяттарда «Ай – өздігінен жарық шығармайтын дене» екендігі, сондай-ақ, Күн мен Айдың қозғалысының траекториясы, аспан денелерінің орбитасы жөнінде анық әрі нақты айтылды.

Түрлі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын жыл санау күнтізбелері бар. Хижра жыл санағы бойынша бір жылда 354, 36667.... тәулік, яғни 354 күн 8 сағат, 48 мин., 35 сек. (Ай күнтізбесі). Григориан күнтізбесі бойынша бір жылда 365, 24219... тәулік бар. (Күн күнтізбесі). Күнтізбелердің айырмашылығы шамамен 11 тәулікті (10, 8755...) құрайды. Осы 11 тәуліктен бір жыл құралуы үшін 33,5839...жыл өтуі керек. Бұл жөнінде
Құранның 18 сүресінде: «Сонау заманда жігіттер үнгірге бекінді де: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді. Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық. Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық. (10, 11, 12 а.). Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық» деді. «Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі...» (19 а.). «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды. (25 а.). Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды» де. (26 а.)

Аталған күнтізбелерді сәйкестікке келтіру үшін арифметикалық есептеулер жүргіземіз: 365, 24219 х 300 жыл = 109572, 65 күн; 109572,65: 354,36667 = 309,2 жыл; 309,2 – 300 = 9,2 жыл. Осылайша 300 жыл ішінде Құранда айтылған тоғыз жыл толады.

Құранның сандық заңдылықтарын зерттеу адамды теңдессіз факт - адамды жаратушы Құдайдың туындысы екендігін айқын тануға әкеледі.

19 санының болуы - Кітаптың ақиқаттығының ең басты дәлелдемесі. «Өйткені бұл - ұлылардың бірі». 19 санымен айқындау - Жазба сақталуының кепілі және Құранның қайталанбайтындығының және бірегейлігінің дәлелі.

Құдай Құранда өз кітабының сақталуына кепілдік береді. Бірақ мұны Тәурат мен Інжіл ізбасарларына қалай дәлелдеуге болады? Исламды сынаушылар аяттардың бір бөлігі жоғалды (зинақорларды таспен ұру туралы аят), бір бөлігі ұмытылды, бір бөлігі өзгертілді деп дәлелдей отырып, Құранның толық еместігі туралы ондаған хадистерді келтіреді. Олардың тұжырымдамаларының бәрі жалған екенін оларға (және өзіңе) түрлі жолмен дәлелдеуге болады. Құран Құдаймен қорғалғандықтан сақталған, ол толыққанды және қорғаныстың ең биік дәрежесіне ие.

Бұған бізге Құранның математикалық қорғаныс теориясы - мәтіннің 19 санымен кодталуы да көмектеседі.

Адамзатқа танымал кез-келген басқа кітапты алып қарасақ - солардың біреуінен де бұған ұқсас математикалық әсемдікті таба алмаймыз. Құран мәтінінен ең болмағанда бір аятты алып тастаңыз немесе оған қосыңыз, математикалық әсемдік бұзылады. «Аллах» сөзі бар бір аятты алып еді - бұл сөздің аталуы жиілігі бұзылды (2698 (19х142)), «яум» (күн) сөзімен аятты алып тастап еді, еске алулар саны енді 365 болмайды (жылдағы күн саны Құрандағы «яум» сөзі санына теңеледі), кейбір шейіттік ағымдар талап еткендей, тағы бір сүрені қосқанда - сүре саны жиілігі бұзылады (19х6), және бұл қарапайым мысалдар...

Бұл ешқандай нөмірлеу емес, Құранды адамзаттың (және басқаның) араласуынан қорғайтын ең сенімді «Вирусқа қарсы бағдарлама»!

Құранның математикалық ғажайыптарының 10 мысалы:

1. Таңғажайып сандық қатарлар.

Аллатағала Құранда пайдаланған барлық сандардың іріктелуі таңданыс тудырады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 200, 300, 1000, 2000, 3000, 5000, 50 000, 100 000.

Таңғажайып заңдылық көрініс беріп тұрған жоқ па? Сіз Құран мәтінінен 43,67, 234, 24 және тағы басқа сандарды кездестірмейсіз, ал жеке дара тұрған сан бұл - «19». Бірақ бұл сан туралы Құдай оны ерекшелеп, айырықша айтады. «Оның үстінде – он тоғыз...». Екінші бір таң қаларлық факт былайша тұжырымдалады: 162.146-ға тең бұл сандардың жиынтығы 19-ға еселік, яғни қалдықсыз бөлінеді (162146:19 = 8534).

2. Төтен сандар.

Математикалық зерттеуден кейін ғана аятты жеткізудің әдеттен тыс формасы түсінікті болады: «Олар үңгірде үш жүз және тоғыз жыл өткізді». (Үңгір сүресі, 25 аят).

«Үш жүз және тоғыз жыл» күрделі формасы орнына «үш жүз тоғыз жыл» атауын неге пайдаланбасқа деген ой келеді. Алайда бұл жағдайда зерттеліп отырған сандық қатарлар 309 санымен толықтырылып, бұл қатарлардың жүйелік әсемдігін ыдыратып, жиілікті бұзған болар еді.

Немесе Нұқ пайғамбардың мысалы: «950» санын қолдану орнына, Құран мәтінін математикалық талдаудан кейін ғана түсінікті болатын «50 жылсыз 1000 жыл» формуласын пайдаланады.

«Біз Нұқты оның халқына жібердік және ол олардың арасында елу жылсыз мың жыл болды. Олар заңсыздықта жүрді және оларды тасқын басты». (29 с. 14 а.).

3. 19 еселігі - барлық жерде.

«Бисмилляхи Рахмани Рахим» аудармада мынаны білдіреді: «Қайырымды да мейірімді Алла атымен». Түпнұсқада бұл ұғым 19 әріптен тұрады. Кездейсоқ сәйкестік пе? «Бисмилляхи Рахмани Рахим» атауын құрайтын әрбір сөз Құрандда 19 рет қолданылады: «Исм» (есім) – 19 (19х1), «Аллах» 2698 (19х142), «Рахман» (қайырымды) 57 (19х3), «Рахим» (Мейірімді) 114 (19х6).

4. Құрандағы күн мен айлар.

«Күн» (яум) сөзі дара ретте 365 рет қайталанса, «күндер» (айям, яумэйн) сөзі көптік санда 30 рет қайталанады. «Ай» (шахр) сөзі 12 рет қайталанады.

5. Періштелер мен шайтандар.

«Әзәзіл» (шайтан) Құранда 88 рет пайдаланылады, «Періште» сөзі де 88 рет қайталанады.

6. Жұмақ пен Тозақ.

«Жұмақ» және «Тозақ» сөздері бірдей мөлшерде қолданылады: әрқайсысында 77 реттен.

7. Құрғақта және теңізде.

Құранның барлық мәтінінде «құрғақ» сөзі – 13 рет, «теңіз» сөзі 32 рет кездеседі. осы екі сөздің қайталану жиынтығы 45-ке тең. Мынадай факт таң қаларлық: «Құрғақ» сөзі қайталануы санын егер бөлетін болсақ, яғни 13-ті осы санға, онда пайыздық қатынас 28,88888889% болады. Егер «теңіз» сөзі бөлсек, яғни 32-ні 45 жалпы санына, онда 71, 11111111% қатынасы шығады. Бұл сандар 28,8% және 71,1% Жер планетасындағы құрғақ пен судың алаңының ғылыми белгіленген пайыздық қатынастары болып табылатындығы дерегі таң қалдырады.

Құрғақ – 13 рет. 13/45 = 28,88888889%

Теңіз – 32 рет. 32/45= 71, 11111111%

Барлығы – 45 рет 100%

8. Шарап және маскүнемдік.

«Шарап» және «маскүнемдік» сөздері бірдей санда қайталанады: шарап - 6 рет, маскүнемдік - 6 рет

9. Қылмыс және жаза.

«Қылмыс» және «жаза» сөздерінің қолданылуы бірдей - 107 реттен.

10. Сүре және аяттар.

Құранда 114 сүре (19х6) және нөмірленбеген «Бисмилляхи Рахмани Рахимді» қосқанда дәл 6346 аят бар, онда 6+3-4+6 = 19 және әрі қарай 6346 = 19х334.

Бұл Тәңірілік Құранның математикалық үйлесімінің шағын, аз ғана бөлігі. Мұнымен қатар математикалық теориялардан белгілі Алтын қиылысу нүктесі ұғымы да Құранның мазмұнында кездесетіндігін атап өтпеуге болмайды.

Алтын қиылысу - өлшемді екіге бөлген кезде, үлкен бөлігінің кішкентай бөлігіне қатынасы, яғни, барлық өлшемнің үлкен бөлшектің қатынасына тең болуы. Басқаша айтқанда, алтын қиылысудың алдын ала есептелген өлшемін қолдансақ - өлшемді 62% және 38% (жуықтап алғанда) болатындай етіп бөлу.

Есептей келгенде алтын қиылысу мәні жобамен  1,6180339887 тең.

Жаратушы Құдай осы пропорцияны көптеген жаратылыстарында қолданған. Мысалға, ДНҚ логарифмдік спиральдің ұзындығы мен енінің қатынасы, жапырақтардың орналасу заңдылықтарында, қар кристалдық құрылымында, галактикалардың өлшемдерінің қатынасы 1,618 тең.

Доктор Стивеннің 25 жылдық зерттеу барысында, бұл пропорция адам денесінің құрылымында да сақталатынын дәлелдеген.

Алтын қиылысу нүктесін әр жағдайдан жер картасына салып орналасуын анықтап көрейік. Қасиетті Мекке қаласынан оңтүстік полюске және солтүстік полюске арақашықтықтарының қатынасы 1,618 тең (12348,32км/7631,68км).  Америкалық FinеMatrix бағдарламасы алтын қиылысу нүктесін суреттерде табу үшін қолданылады. Егер осы бағдарламаға Жер картасын салатын болсақ, Жердің алтын қиылысу нүктесі Мекке қаласы екенін анықтай аламыз.

Құранның Әл-Имран сүресінің, 96 аятында осы алтын қиылысу нүктесі байланысы бар екенін көре аламыз. Бұл аятта бар-жоғы 47 қарф, егер осы аяттың алтын қиылысу нүктесін есептесек, ол нүкте «Мекке» сөзіне түсетіні анықталады.

КуранЯғни, барлық карф саның 1,618 санына бөлген кезде 29 саны шығады, ол дәл Мекке сөзі. Егер бір қарф кем немесе артық болса бұл пропорция орындалмас еді...

Жоғарыда айтылған сөздерге дәлел, Құранда ұрықтың дамуы, Жердің айналуы, ащы су мен тұщы судың араласпайтындығы және сол секілді көптеген фактілер жайлы айтылған, мұнда ескере кететін жайт, Құран түскен кезде ешқандай да бір микроскоп, телескоп секілді құрылғылар болған жоқ.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Жаратушы барша Әлемді бір заңмен, есеппен, бірізділікпен  жаратқан. Ақылы бар адам үшін ойланарлық құбылыс...

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Г.Акпанбек. Математическая тайна «Корана» .-Алматы: Өнер, 1999 .

2. Евсюков В.В. Мифы о Вселенной. Новосибирск, «Наука»,1988.

3. Халифа Алтай. Құран Кәрім. 2000

4. http/: www.muslim.kz  сайты.