Право/13. Международное право
з.ғ.м., Н.Ж. Сарсенбеков
ӘГП
кафедрасының аға оқытушысы
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті. Қазақстан
Трансұлттық
қылмыспен күресудің криминалистикалық проблемалары
Трансұлттық
қылмыс себептері ретінде, ережеге сай, халықаралық
қылмысты тудыратын және жаңғыртатын жағымсыз
әлеуметтік құбылыстарды түсіну қабылданған.
Трансұлттық қылмысқа ықпал ететін анағұрлым
кең таралған себептер мен шарттар: қоғамдағы
әлеуметтік теңсіздік, жеке тұлға сайысының
және адал еңбекпен талаптарды қанағаттандыру
мүмкіндіктерінің
сәйкес келмеуі, елдегі жалпы криминогендік жағдай
(қоғам дәстүрі, құқық қорғау
органдарының күші мен әлсіздігі); жеке тұлғаны
тәрбиелеу ерекшеліктері, тұқым қуалау қасиеттері,
белгілі бір әлеуметтік немесе этникалық топтарға тиістілігі
және т.б. болып табылады. Сонымен қатар трансұлттық
қылмыс себептерінің сипаттамасы үшін жеке
тұлғаның психологиялық орнықтылығының,
оның жасалатын қылмысқа қатынасының, мысалы
террорлық акттің маңызды мәні болады.
Классикалық
нұсқада терроризм саяси күрестің ауыспалы түрі
ретінде, нақты аумақта тұратын тұрғындарға
қорқыныш пен үрей тудыру арқылы тактикалық
мақсаттарға жетеді және жеке басты мәселелерін
қалай да шешеді: мемлекеттік
басқару жүйесінің тұрақсыздандыру, революциялық
қозғалысқа көтеру және тұтастай
азаматтық тұрғындарды
әрекетке қабілетсіз әкімшілікке бағынбауға
итермелеу және т.т., бірақ мемлекеттік басқару жетектерін
тартып алу оның соңғы мақсаты болып табылады.
Криминалдық терроризмнің өзі ықпал ету салаларын бөлу
кезінде нақ белгілі бір аумаққа бақылау орнатумен
қиысады.
Бұрын жұмыста келтірген терроризмнің
алуан түрлілігін жіктеуден оның әлеуметтік-саяси және
қоғамдық өмірдің маңызды жанжалды
салаларымен, соңғы есепте берілген қауіпті
құбылысты тудыратын сарындарымен және мақсаттарымен
қатынаста негізгі түрлері бейнеленген. Терроризм көріністерінің алуан түрлілігімен,
ішкі құраушыларының және олардың арасында болатын
байланыстардың көптігімен ерекшеленетін күрделі көп
қырлы әлеуметтік құбылыс болып табылады. Ол әлеуметтік,
саяси, заңды, медициналық, экономикалық проблемалар
жиынтығы болып табылады.
Әрине,
бірінші кезекте, терроризммен
күрес бұл арнайы қызметтер ісі. Бірақ проблемаларды тек соларға ғана тіреп
қою дұрыс болмас еді, барлық қоғамның,
бірінші кезекте адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және білім
беру саласында жастармен тұрақты және ауқымды
жұмысы қажет. Осыған байланысты адамның экстремалды
және төтенше жағдайларда өзін ұстау
ерекшеліктерін ескергенде, мамандардың біздің азаматтарға
террорлық көрініс жағдайларында экстремалды және төтенше жағдайларда
дұрыс бейімделу және әрекет ету ұсыныстарын
әзірлеу қажеттігі туады.
Жаңа
заман әлемінде сыбайлас жемқорлық алуан түрлі пішінде
көрінеді. Олардың санына:
ақылы лоббизм, фаворитизм, протекционизм жатады. Саяси мақсаттағы жарналар, саяси
көшбасшылардың және мемлекеттік қызметкерлердің
корпорациялар мен жеке фирмалардың құрметті президенттері
лауазымына ауысу дәстүрлері, коммерциялық
құрылымдарды бюджет есебінен инвестициялау, мемлекеттік
мүлікті акционарлік қоғамдарға аудару,
қылмыстық қауымдастық байланыстарын пайдалану
дәстүрлері.
Трансұлттық
қылмыстың экономикалық контрабандамен өзара байланысы
ерекше алаңдатушылық тудырады. Контрабанда, ең алдымен
мемлекеттің экономикалық мүдделеріне зиян келтіреді, себебі,
біріншіден мемлекеттік бюджетке әкелінетін және шығарылатын
тауарларға бекітілген баж салықтары түспейді. Екіншіден,
республикадан тауарлар сыртқа шығарылады (мысалы,
стратегиялық мақсаттағы шикізат), оларды сыртқа
шығаруға тиым салу олардың ел экономикасы үшін
маңызына байланысты.
Контрабанданың негізгі объектісі мемлекеттік қаржылық
қызметі болып табылады.
Адам баласы
жаңа дәуірге – ақпараттық қоғам
дәуіріне енді.
Ақпараттық технологиялар – бір мезгілде жасампаз, әрі
бұзушы түбегейлі жаңа аспап. Қылмыстық кодексте
мүлдем өз бейнесін таппаған анағұрлым
өзіндік компьютерлік қылмыстар бар деп санайтын мамандардың
пікірлерін қолдаған жөн. Жеке алғанда, ақпарат
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында нысандар ретінде жеке
тұлғаның ақпаратқа кіру
құқығы және жеке өміріне қол
сұқпаушылық құқығы ғана емес,
сондай-ақ адам мен қоғамды «зиянды» ақпараттан
қорғау да қарастырылуы керек.
Жаһандандыру
жағдайларында қылмысқа қарсы әрекеттің
маңызды құраушысы –
нормативтік-құқықтық базаны
халықаралық, сондай-ақ мемлекет ішілік аспектілерде талдау,
дамыту және жетілдіру. Осы
жағынан маңызды рольді халықаралық конвенциялар
атқарады. «Терроризмді қаржыландырумен күрес туралы»
конвенция, «Терроризммен, сепаратизммен
және экстремизммен күрес туралы» Шанхай конвенциясы,
БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы
және т.б. Қазақстанның ішкі заңнамасы біртіндеп
халықаралық-құқықтық нормаларға
сәйкестікке келтіріледі.
Бірақ, әрине ішкі нормативтік ортада да, мемлекет
аралық қарсы тұру аспектінде де жаһандық
криминалдық процесс ретінде әлі шешілмеген көп
мәселелер болып қалады.
Тұтас тұжырымдаманың болмауы да ықпал
етеді.
Трансұлттық
қылмыспен күресу саласында халықаралық
ынтымақтастық халықаралық қатынастардың
құрамды бөлігі болып табылады. Тіпті тығыз саяси
және экономикалық байланыстары жоқ мемлекеттер де ережеге
сай, қылмыстың қарсы әрекеті саласында байланыстарды
елеусіз қалдырмайды.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық
ынтымақтастық:
1.
Қазақстан Республикасы уәкілетті органының және
өзге де мемлекеттік органдарының заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу,
анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ аталған
кірістерді тәркілеу саласындағы шет мемлекеттердің
құзыретті органдарымен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының заңдарына және
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңсыз жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
саласындағы уәкілетті орган мен шет мемлекеттің
құзыретті органы арасындағы халықаралық
ынтымақтастық сауал салу және ақпарат алмасу жолымен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы
ақпаратты беру шет мемлекеттің құзыретті
органының сұрау салуы бойынша, ол сұрау салуда
көрсетілмеген мақсаттарда қолданылмайтын не уәкілетті
органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға
берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттің
құзыретті органдарына заңсыз жолмен алынған кірістерді
заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы
ақпаратты беру, егер ол адамның және азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
қозғамаса және Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан
келтірмесе, жүзеге асырылады.
Әдебиеттер
тізімі:
2. Шестаков Д.А. Уголовное
наказание за коррупцию в контексте Школы криминогенных подсистем Материалы
конференции. - Астана. 2005, - 15 с.
3. Сембекова Б.Р.
Конституционные основы расследования преступлений, связанных с легализацией
незаконных доходов. Вестник карГУ. Серия право №3. (67) 2012. С 77-83.