Орталық Азия Университеттінің

аға оқытушысы, психология магистрі

Ж.Қ.Турниязова

Қазіргі таңдағы жаһандану мәселелеріндегі балалар үйінде  тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық көрінісі

Бүгінгі таңда жаhандану мәселелердің бірі-балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық ахаулы. Әрине балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға жан-жақты қолдау көрсетуде, олардың қазіргі проблемалары қарастырылуда. Сонымен бірге бұл зерттеу жұмысы осы мәселелерді шешуде психологиялық жақтарын анықтауға бағытталған.

Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның көптеген “қара дақтарын”  айқындады. Солардың бірі: балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі.  Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр.  Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда. Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылары мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау,  психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Демек, балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері  психология ғылымының маңызды да, қызықты мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселенің көкейкестілігі психология ғылымының отандық деңгейде қарастырылуымен, қаракөз жетімдер санының  күннен-күнге  қарқынды өсуімен және  соған байланысты әртүрлі құрылымдағы  балалар үйінің пайда болуымен өсе түсті.  Балаланың әлеуметтік  мәнді қатынастар жүйесіне енуіне даярлық ретінде  жас дамуының  түрлі кезеңдерінде  психологиялық тұрғыдан дамуын басты орынға қою қажеттілігі туындап отыр. Психологиялық  еңбектерді қарастыру баланың психикалық дамуын  қамтамасыз ететін  әртүрлі көзқарастардың бар екендігін көрсетеді.

     Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше  орын hалатыны  белгілі. Жанұяның мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын жағдайларымен  анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап, ересектерден тек жүру, сөйлеу, заттарды дұрыс қолдану, ойлану,білім алу, еңбек етуге ғана емес, сезімдерге, ойлауға, күйзеліске, өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Жанұяда бала табиғи жағдайда  өмірге бейімделе алады, себебі күнделікті, таңертеннен кешке дейін  ата-аналары, аға-апайлары, апа-аталары  баланың алдында мінез-құлық,  жүріс-тұрыстың әртүрлі үлгілерін ұсынады: сөйлеу және  ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас жасау,  саясатқа деген  көзқарасын қалыптастыру т.б.

    Жанұяда бала тек қалай өмір сүру керектігін ғана емес, нені білу керегі  мен шын мәніндегі өмірді  түсінуді  естіп-біледі.: адамның өзара  және өзге адамдармен қарым-қатынасы  олардың  бағалаулары мен  пікірлері, күйзелістері мен ой толғаулары. т.б.

     Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі  туыстық сезімге  негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды  мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Баланың туғаннан  мектепке дейінгі кезеңді туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып, бірінші кезекте  ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі  кезеңде  баланың қарым-қатынасқа  түсетін адамдары ортасының  өзіндік ерекшеліктері бар.  Психологтар мен  педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке, сенімге , өзара қызығушылыққа  негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас,  жанұялық тәрбиені  сипаттайтын басты көрсеткіш  болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі  шарты — баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады. Осындай пікірдің аясында, бұрынғы Кеңес  Одағында алғашқы қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Осындай пікірдің аясында қарым-қатынас мектебі ашылды.  Онда А.Г Харчевтің (1974)  тұжырымдамасы  ұсталынды: «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық  дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді.  Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі  мен мазасыздық қалыптаса бастайды.  Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер  адамда  өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше  стилінен көрініп, отыратындығын зерттеулер нәтижелері  анықтаған».

Осы мәселеге байланысты өзге зерттеулерде  ғалымдар мынадай қорытындыға келеді: «Қанша  адамның  қамқор болуы бала үшін маңызды емес,  аса маңыздысы әр баланың   қамқорлық пен сүйіспеншілікті  біліп,  сезініп өсуінде»,—дейді.  Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген  балалардың  психологиялық дамуы жөніндегі  ғалымдардың зерттеулеріне  сүйенсек, көп жағдайда  жанұя тәрбиесіндегі  балаларға қарағанда  жанұядан тыс тәрбиеленушілердің  даму барысының  әлде қайда баяу екендігін көреміз.  Вербалды емес функцияның  қалыптасуының  тоқырауға  ұшырауы ерте жастағы  ойлауға , балалардың айналадағы адамдармен  қарым-қатынасына, сөйлеуіне, т.б іс-әрекеттері де із қалдырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.      Нещерет Т.В. Влияние взаимоотношений в семье на межличностные связи ребенка: Дис.канд.психол,наук-2000г. 215 бет.

2.      Спиваковская А.С. Как быть родителями: О психологии родительской любви. М.:Педагогика, 2006 г. 160 бет.

3.      Раншбург Й., Поппер П. Секреты личности. М. Педагогика 2005 г.

4.      Штольц Х. Каким должен быть твой ребенок?. М. Просвещение 2007 г.

5.      Обозов Н.Н. Психологическая структура семьи и формирование личности ребенка // Педагогические аспекты социальной психологии.-Минск: Издание НИИ Педагогики БССР,2004г. 219-221 бет.