Абдрақов Б.К., Қашқынбаева Л.Б., Толтаева Б.С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ВАЛЕОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Халқымыздың ежелден-ақ өзін қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарап, су көздері мен ауаның таза болуына ерекше мән беріп отырған. Мысалы, еліміздің көне шаһарлары Тұрар, Тараз, Баласағұн тағы басқа орындарында қазба жұмысы жүргізілген кезде, олардан монша құрылысының қалдықтары, қыш су құбыры жүйесі табылған. Осы мысалдан сонау ерте кезден-ақ халқымыз денсаулық мәселесіне сергек қарап тазалық сақтау ісіне тиісті көңіл бөліп отырғандарына көзіміз жетеді [1,3,5,6]. Зерделеп қарасаңыз атадан балаға мұра болып сақталып келе жатқан халық медицинасында да валеологияның көп элементтері бар екеніне күмән келтірмейсіз.Валеология ғылымы Қазақстанға 1990 жылдардан бастап жеке ғылым ретінде ене бастады. ТМД елдерінің Қазақстанда алғашқылардың бірі болып валеологиялық қозғалыстың ұйымдастырушысы Республикалық «Бөбек» қорының президентті Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен валеологилық топтар мен мектептер ашылды. Республика деңгейінде денсаулықты шынықтыру жолымен жақсарту күш-жігер қабілетін дамыту, оларды күнделікті өмірге енгізу мәселелеріне арналған (П.К.Ивановтың «Қарлығаш»сауықтыру жүйесі, «өзіңді-өзің таны» бағдарламасы және тағы басқа) семинарлар болды. Орта білім беретін мектептерде 2001 жылдан бастап «Өзіңді таны» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. С.А. Назарбаеваның жетекшілігімен республика көлемінде жыл сайын салауатты өмір салтын дамытып, дене тәрбиесін жетілдіру, оның және табиғаттан адам денсаулығына келтірер пайдасы жайлы халықаралық және республикалық конференциялар кездесулер жыл сайын әр деңгейде өткізілуде.

         1994 жылы Қазақ ұлттық С.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) осы оқу орнының ректоры, медицина ғылымының докторы, профессор Т.Момыновтың ұйымдастырумен республикалық «Валеология халықтың денсаулығын сақтауға ғылыми негізі» атты бірінші ғылыми практикалық конференция өткізіліп, конференция материалдары жеке ғылыми жинақ ретінде басылып шықты.

         Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 1995 жылы білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің республикалық кеңесі өткізіліп, арнайы шешіммен 1995-1996 оқу жылынан бастап еліміздің барлық орта білім беру, училищелер мен арнай оқу орындарында, университеттер мен академиялардың оқу бағдарламаларына валеология пәні арнайы сабақ ретінде енгізілді. Ерекше мақтанышпен айттып кетер жай, денсаулық жайлы білім-валеология пәні арнайы сабақ ретінде ТМД елдерінің арасында алғаш Қазақстан Республикасында өткізіле бастады. Ал, 2001 жылы еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының мамандары даярлау бағдарламасына мемлекеттік ұлттық стандарт бойынша валеология пәні (мамандықтарына байланысты 90 сағаттан 100 сағатқа дейін) бекітілді.

         Қазақ ұлттық С.Асфендияров атындағы медициналық университетінде валеология пәні 1995/1996 оқу жылынан бастап екі тілде жүргізіліп, 1998 жылдан бері арнайы жеке курс ретінде оқу бағдарламасы жасалып, екінші курс студенттеріне үздіксіз қойылып келеді. Осы университеттің профессоры Х.Қ.Сәтбаеваның жетекшілік етуімен республикалық «ғылым» баспасынан 1999 жылы қазақ және орыс тілінде жазылған «Валеология» атты шағын оқу-әдістемелік құралы республикада алғаш рет жарық көрді. 2002 жылдан бастап, ай сайын республикалық әдістемелік-педагогикалық «Валеология, дене тәрбиесі, спорт» атты журнал қазақ және орыс тілдерінде шығын келеді.Ал 2003 жылы астаналық ғылым-дәрігерлер Л.З.Гель мен Е.Д.Даленовтың екі кітаптан тұратын «Валеология» мектеп оқушыларына арналған оқулығы, биология ғылымының докторы, профессор Ж.Жатқанбаевтың «Валеология» деп аталатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулығы жарық көрді [4,5,6].

         Республикамыздың Алматы қаласында 1997 жылы медицина ғылымының докторы, профессор А.А.Акановтың жетекшілігімен салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы ұйымдастырылып, оның облыстық филлиалдары 1998 жылдан қызмет атқара бастады. Сөйтіп, елімізде 1998-1999 жылдардан бастап қанат жая бастаған салауатты өмір салтын қалыптастыру (здоровый образ жизни-30ж) ұйымдары құрылып, еліміздің тұрғындары арасында медициналық-профилактикалық жұмыстар жандана түсті [2]. Ал валеологиялық кафедралары республикада алғаш рет Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматыдағы Спорт және туризм академиясында валеология факультеті ашылды. Қазіргі кезде республикамыздың жоғары білім беру орындарының барлығында валеология пәні бойынша жастар дәріс алуда.

         Қазақстанда валеология саласында құнды еңбектер жазып, оқулықтар дайындауға бір кісідей тер төгіп жүрген ғалымдарымыз аз емес. Олар медицина ғылым докторлары, профессорлар М.Ә.Әлив, Х.К.Сәтбаева, А.А.Аканов, Т.Ш.Шарманов биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Жатқанбаев (Алматы), медицина профессорлары Гель Л.З., Даленов Е.Д. (Астана), С.О.Ордабеков (Тараз), т.б.

         «Қазақстан-2030» даму стратегиясының республика халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

-салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жасау;

-қауіпсіз және сенімді тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету;

-денсаулықты сақтап нығайту үшін әлеуметтік жағдай жасау;

-салауатты өмір салтын септігін тигізу;

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау және алғашқы профилактикамен алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) деңгейіндегі денсаулықты нығайтуға бағыттау.

         Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы қызметкерлері 1998 жылы орта, арнаулы және жоғарғы оқу орындарына арналған «Валеология-қалай қалай ауырмау керек» атты оқу бағдарламасын жасап, мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелер дайындалды: Сөйтіп валеология пәні мектеп бағдарламаларына енгізіліп, жастар мектеп партасынан бастап бұл ғылымның қыры мен сырын үйренуде. Халық арасында бұл ғылымға деген жақсы бетбұрыс, ерекше ықылас бар. «Мектептік немесе педагогикалық валеология», «Әлеуметтік валеология» деген валеологияның салалары пайда болуда. Басқа мемлекеттерде (мысалы, Ресейде) бұл ілім жайлы бірнеше оқулықтар басылып шықты. Олардың әрқайсысы адам денсаулығы және қалай арнау керек жайлы сырғатолы дастан. Валеология – денсаулыққа апаратын тиімді жол екенін әрбір сапалы азамат ұққаны жөн. Бұл ғылымның болашағы зор, тек оны ұлт өміріне валеология мамандығы бойынша арнай терең білімі бар маман-педагогтар мен дәрігерлер ауадай қажет.

         Елбасынының «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 1999 жылдың 30 маусымында №905 бұйрықпен «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламаны жасап, оларды мектепке, орта және жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізу.

-Валеология пәнін оқытудың базистік жоспарын енгізу.

-Барлық деңгейде санитарлы-гигиеналық білім беру сапасын арттыру.

         Академик Н.И.Амосов өзінің бір сөзінде «Денсаулықты сақтау үшін жеке адамның өзіндік күш-жігер, табандылық қажет. Оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды» деген екен. Олай болса, әркім өз денсаулығына сергек қарап, оның жақсаруы үшін денсаулықты сақтаудың тиімді әдістерін пайдаланып отыруы керек.

         Валеология ілімі еліміздің болашағы жастардың дені сау, бойы шымыр, өмірлері мәнді әрі сәндә парасатты да бақытты өсуіне сенеміз.

Әдебиет:

1.   Валеология под ред. Х.К.Сатпаевой и Ж.Б. Нилдебаевой, Алматы «Ғылым», 1999-156

2.   Аканов А.А. Валелогия, дене тәрбиесі, спорт -2004, №1

3.   Чумаков Б.Н. Валелогия.М.,2002

4.   Гель З., Даленов Е.Д. Денсаулық кодексі. Астана, 1998

5.   Жатқанбаев Ж. Валеология. Алматы , 2003

6.    Ордабеков  С.О., Абдрақов Б.Қ., Медициналық валеология. Қарағанды., 2012