Өскемен
қаласы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті
Матаева
Бақытгүл Үкіжарқызы магистр, «Психология және
коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
Гүлнұр Қуантқан
Өскемен
қаласы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті
"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 курс студенті
Отбасының бала
тәрбиесіндегі рөлі
Отбасындағы жас
ұрпақтың
тұлғалық
қасиеттерінің
қалыптасуына ата –
ананың, отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Қазіргі кезде
жұбайлардың бір –
біріне, балаларына қоятын талаптары мен қарым –
қатынастарының
этикалық – психологиялық
аспектілері ерекше мәнге
ие болуда. Отбасының бақыты мен сәттілігінің өлшемдері өзгеруде.Отбасы – өзара рухани және эмоционалдық байланысты шағын топ. Егер бала жұбайлардың сүйіспеншілігі, табиғи
қажеттілігі мен тілектерінен дүниеге келсе, онда бала ата – ананың
ең үлкен құндылығы болып
табылады.
Бала мен
ата – ананың
қатынасын сипаттайтын сезімдер
- бұл ерекше
сезімдер, олар басқа эмоционалдық байланыстардан ерекшеленеді.
Әке мен ана
қамқорлығы бала
өмірін қамтамасыз ету
қажеттілігімен
анықталады. Әрбір
баланың әкесі мен
анасына деген махаббаты
шексіз,шартсыз,шекарасыз. Ата –
ана махаббаты бұл адамның жағымды жағдайының кепілдігі, оның
рухани және тәннің денсаулығы
болып табылады. Кішкентай адамды
тәрбиелеудің
маңызы – бұл рухани билікке
жету, ата – ана мен баланың рухани байланысы.
Осыған орай ата – ананың негізгі міндеті бұл
бала бойында қамқорлық сезімін
ұялату. Бала
қандай жаста болсада
ата – ана махаббатын сезінуі
керек.
Балалар есейгенде
ата – аналарынан алыстап кетеді. Олар эмоционалдық
байланыс жойылғанда
психологиялық, рухани
деңгейде алыстайды.
Ғалымдардың
дәлелдеуінше ата –
ана махаббатынан тыс
қалған балалар жасөспірімдік кезеңде ішімдік пен нашақорлыққа салынады.
Бала ата – ана махаббатын
толық сезінгенде ғана
оның
психологиялық
әлемі дұрыс қалыптасады. Көптеген ата –
аналар өздерінің балаға деген махаббатын көрсетуге болмайтындығы
туралы айтады. Бұл
тұжырымды
мүлдем теріске шығару керек. Себебі бала
бойындағы
жағымсыз
тұлғалық
сапалар махаббат жетіспегендіктен туындайтындығын
әке мен ана
естен шығармау керек.
Әр
отбасының өзіндік тәртібі , өмірлік
ұстанымдары
және
құндылықтар
жүйесі бар.
«Өз
үйім» дегенді педагогикалық және
психологиялық
тұрғыда
қарастырсақ, ол
баланың ең алғашқы тіршілік
ортасы. Ол ортада бала
үнемі өзін қоршаған жақын
адамдардың
қамқорлығында
болады.
Қазақта
«Өз үйім –
өлең төсегім»
деген мақал бар.
Яғни адам үшін
өз үйі кең
сарайдан артық.
Отбасы мүшелері баланың дамуы мен қалыптасуына, өмірлік тәжірибені
меңгеруіне
қандай да бір дәрежеде ықпал етеді.
Әкенің мінез – құлқы , өзгелермен қарым - қатынасы, өнер
білімі ұл баланың көз алдындағы
үлгі – өнеге алатын,
соған қарап өсетін нысанасы. Отбасындағы
бала, әсіресе,
ұл баланың
тәрбиесінде әкенің орны
ерекше. Баланың
болашағына
жауапкершілік алдымен әкеге
жүктелетінін ескерсек,
әкенің ақылы мен
ықпалы болмай адал еңбекке,мағыналы еңбекке дұрыс баулу, жас
жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру
мүмкін емес.
Ұлттың ұлт
болып қалыптасуы,
қоғамның өсіп өркендеуі, ұрпақтың жолынан
адаспауы анаға, ана болар қыз
тәрбиесіне байланысты.
Бала рухани сауаттылықтың
негізін анадан алады.
«Адам» деген асыл есімді
өз болмысында таза
сақтап қалу үшін де діні мен ділі күшті
ана тәрбиесі ауадай
қажет.
Ата мен
әже – әке мен анадан
кейінгі бала үшін
ең жақын адамдар. Олардың немерелеріне деген қатынасы ерекше. Ата – әжелердің немере
тәрбиесіне
қатысты
көзқарастары
әртүрлі. Көптеген отбасында
әкесі мен анасы
ата – әжелерінің
немере тәрбиесіне қатысуын құптайды.
Ата - ана
беделі – әке мен шешенің балаларына ықпалы,
тәрбиеің
қажеттті шарты. Ата – ана
беделінің
қайнар көзі олардың өмір салты
мен жұмысы, олардың азаматтық
тұлғасы мен қоғамдағы мінез –
құлқы болып табылады.
1996 жыл БҰҰ шешімімен
отбасы жылы болып
жарияланды. Бүкіл
дүние жүзі осылайша
отбпсына айрықша ілтипат
білдіріп отыр.
Бүған дейін БҰҰ сәбилерге, әйелдерге жылдар арналған болатын.
Біз соңғы кезге дейін «отбасын»
орыстың «семья» деген
сөзімен атап келдік.
Марқұм Нұртас Оңдасынов ағамыздың пайымдауынша, «семья» - араб сөзі,
қазақшаға бұл
сөзді «ұрпақ»
деп аударуға болады. Олай болса, славян
тілдеріне, яғни орыс тіліне
«семья» араб тілінен
келген деп тұжырымдауға негіз
бар. Бірақ,
біздің байырғы қазақ тілінде «семья» деген
сөз, әрине, қолданылған жоқ. Мемлекетіміз жаңаша өз отауын құрып, тіліміздің
мемлекеттік мәртебе алып,
мүмкіндік туып отырған кезде «семья» деген сөзден қазақтың
байырғы
дәстүрлі сөздерін
алып келіп, тірілтіп,
қолданысқа енгізуге
тиістіміз. Бұл жерде
әңгіме «отбасы»,
«шаңырақ», «үй іші», «түтін» сияқты
сөздер туралы болып
отыр.
Француздың белгілі
тарихшы – жазушысы Ж.Ренан: «Адамзаттың тарихы – тек бостандықтың ғана
тарихы емес, бұл, ең
алдымен, халықтың тәрбиелік жолының тарихы», -
деген екен. Шынында да әрбір халықтың тәрбиелік жүйесі, сол жүйенің даму,
қалыптасу тарихы болады.
Баланың ар – ұжданының
тұрақты түрде қалыптасып, бірте – бірте дами жетілуіне отбасының берер ықпалы аса зор. Сондықтан
да,жас буын ата – аналарға да
көмектесіп отыру, халық
ағартушылығы
саласында жүрген
азаматтардың парыздарының бірі дер едік. Осылайша,бала тәрбиесіндегі
отбасы мен балабақша бағдарларын бір
бағытқа түсіріп,олардың өзара
үндесе жұмыс істеуіне
қолайлы жағдай туар
еді. Қай уақытта болмасын, жас
балалардың көңіл – күйлерінен, сол отбасындағы қарым – қатынастардың жай – жапсарлары анық
аңғарылып
тұрады.
Отбасындағы
үлкендердің
өзара түсінісулері жайсыз болса, оның әсері бірте – бірте жас баланың бүтіндей мінез
құлықтарына да теріс
ықпалдарын тигізе береді.
Осыдан келіп, әбден
күйреген
көңілден,
ыңғайға
көнбеген
балалардың жайсыз
жағдайлары келіп шығады. Бала тәрбиесінде бұдан ауыр мәселе
болуы мүмкін емес. Осы
жағдайларды ескере
отырып, бүкіл ұстаздар қауымы ата –
аналардың арасындағы жұмыстарды, олардың өздерімен келісе отырып, бірыңғай жолға
қоюды
қамтамасыз етулері керек.
Ата
– ананың балаға
тәлім етер жеке
бастарының
үлгісі, олардың өзара
сүйіспеншіліктері,
айналасындағы
жандармен
сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа
деген
көзқарастары да
әсерсіз қалмайды. Міне, осындай күнделікті
үлгілі іс –
әрекеттерге қоса, отбасындағы қалыптасқан
дәстүрлер
қосылса, бірігіп кітап
оқу, ән –
күй тыңдау, өздерінің сүйікті әндерін айтуы, тіпті
ыңғайы келсе ұлттық ойындарды ойнау да
ұмыт қалмауы керек.
Үй
- ішінде өзара мінез –
құлықтары мен тәртіптерін сөз етіп, сындарлы
ашық пікір алмасудың еш
артықшылығы
жоқ, Осындай тәсіл арқылы бірі
байқамаған
өзгерістерді екіншісі
аңғарып,баланың
жөнсіз кетіп бара
жатқан
қылықтарын дер
кезінде тежеп, жақсы
мінездері мен қылықтарын дәріптеп, ерекше көңіл бөліп
отырудың да маңызы
зор. Тағы бір еске
ұстайтын нәрсе, ата
– аналар мен тәрбиешілер балалардың өзара қалыптасып келе жатқан достық қатынастарына
мән беріп, әркез сол балалардың ата –
аналарымен кездесіп пікірлесіп отыру
қажет. Әсіресе,
қоғамдық
өзгерістердің әсерін
үйде де,
балабақшасында да
түсіндіріп
әңгіме
жүргізудің жөні
бөлек. Мұндай әңгімелер, баланы
ой толғаныстарына жетелейді.
Аса көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко тамаша
психолог ретінде бала
психологиясын, оның жандүниесін жақсы
түсіне білді.Макаренко
«Балаларды тәрбиелеу туралы
лекцияларында» былай деп жазды: « Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да
ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің
борышын орындауға дайын
болуын талап етеміз, ол
ынталылықты
және
шығармашылық ерікті
меңгеруі тиіс». А.С.Макаренко отбасы тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән
береді.Қазіргі кезде
зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көреткендей,
тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін
қаланады – бұл
тәрбие
үрдісінің 90% - ы, ал
содан әрі адам
тәрбиесі, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы
алғанда жемісін жей бастайсыз, ал сіз бағып
отырған гүлдер 5
жасқа дейін болған, - деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Отбасы педагогикасы» Жүндібаева Т.Н.;
Мұхтар Арын «Бес
анық» 1996 ж «Арыс» баспасы;
СОВЕТ
– ХАН ҒАББАСОВ «Педагогика
мен психология негіздері»
2008ж, Алматы: «Таймас»
баспа үйі;
«Педагогика тарихы»
Қадыржан Сейталиев Алматы: «Білім» , 2008 ж.