Сыпырындиева
Гүлзада Кудышқызы, Дарханова Айсауле Жұмабайқызы
Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетi
СТУДЕНТТЕРДІҢ
ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Андатпа
Этномәдени
құзыреттілік күнделікті өмірде және оқу
сабақтарында өз ұлтының және басқа
ұлттардың этникалық мәдениеті туралы алған
білімге негізделген этника-аралық өзара түсіністік пен
өзара әрекетке дайындықты қалыптастырады.
Тірек
сөздер: этномәдениет,
құзыреттілік, этнос, салт-дәстүр.
Аннотация
ФОРМИРОВАНИЕ ЭТНОКУЛЬТУРНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ У СТУДЕНТОВ
Сыпырындиева
Гулзада Кудышовна, Дарханова Айсауле Жумабаевна
Казахский
государственный женский педагогический университет
В данной статье рассматривается, формирование этнокультурной компетентности в
повседневной жизни и в учебном процессе, основывающейся на знаниях культуры
своего народа и других народов межэтнического понимания и взаимодействия.
Ключевые слова: этнокультурный, компетентность, этнос, обычаи.
Annotation
Sypyryndieva
Gulzada Kudyshovna, Darhanova Aysaule Zhumabaevna
STUDENTS ETHNOCULTURAL COMPETENCE FORMATION
Kazakh State Women's
Pedagogical University
This article discusses
the formation of ethnocultural
competence in everyday life and in
the educational process, knowledge-based culture of the people and other peoples
of interethnic understanding and cooperation.
Keywords: ethnocultural, expertise, ethnicity, customs.
Болашақ
қоғам иелері – жастарды ұстаз тәрбиелейді. Ұстаз
еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты,
шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Әсіресе, жоғары оқу орнында білікті мамандар даярлау,
материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және
әлеуметтік жағдайлар сөзсіз шоғырлануы тиіс. Бұл
мемлекеттің айрықша қамқорлығындағы іс.
Демек ол, мемлекеттік білім беру тапсырысының стратегияларын жүзеге
асыру десек, осыған орай оның болашақ креативті,
құзыретті, толерантты педагогтарын даярлауды арттыруға
мүмкіндік беретіні де ақиқат. Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру
тұжырымдамасында «Бізге қажетті – жаны да, қаны да
қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен
салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген,
егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп
ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» – деп атап көрсеткендей,
еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ
тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының
алдындағы негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді шешудің
бір жолы ұлттық құндылықтар арқылы
студенттердің этномәдени құзіреттілігін
қалыптастыру. [1]
Осы орайда,
тарихшы-этнограф ғалым Л.Гумилев «Халықтар қалай пайда болады
және жоғалады?» деген еңбегінде «этнос дегеніміз – жер
бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның
бірлігінде жатқан салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі,
шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен
мәдени мұрасы бір халықтар тобы» деген анықтама береді.
Демек, қазақ халқының этномәдени
құндылықтарының бір саласы – халықтың
кәсіптік және тұрмыстық фольклоры.
Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік
болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш, тері,
жүн, сүйек өңдеуге қатысты қолөнері,
зергерлік және т.б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық
данышпандығының бар асылын бойына жинаған
сәндік-қолданбалы өнері – халқымыздың
қоршаған өмір шындығын музыкалық,
поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер
аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық
талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің
қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және
қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың
көркем-шығармашылық дәстүрлері мен
рухани-материалдық мәдениетінің
құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта
түсуге жетелейді. Қазақ халқы
ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын,
ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет
құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін
тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол
құндылықтардың негізін, халқымыздың –
әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары
құрайды. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен,
көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен,
мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің,
тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың
өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі
жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға
тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай
құндылықтардың ішінде, этномдени құзіреттілікті
дәріптейтін мұра- батырлық дастандар. «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» және
т.б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
кезіндегі елін, жерін сырт жаулардан қорғаған Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай сияқты өз халқының
мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған
батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі,
азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен
патриоттық қасиеті. Сол сияқты, «Қыз Жібек»,
«Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б.
лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік
пен махаббатты паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің
асыл қазыналары. Міне, сол құндылықтарды тәрбие
құралы ретінде пайдаланып, жалпы жасөспірімдер мен
жастарға білім беру мазмұнындағы олардың
әрбірінің жеке ерекшіліктерін ескере отырып этномәдени
құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін қолданылатын
әдіс-тәсілдерде негізге алынатын құзіреттіліктер
жиынтығы мыналар: Мәселені шешу құзыреттілігі Әр
түрлі жағдайдағы мәселелерді анықтауға,
өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз
қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін
қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы
жетістіктерге жету үдерісін жоспарлауға және
ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды
жасауға, технологияларды нақты қабылдауға
мүмкіндік туғызады. Азаматтық құзыреттілік Сыни
тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім
қабылдауға, өзіне мақсат қоюға және
осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді
жүзеге асыруға; өздігінен ізденіп шешім шығару,
талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға,
сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды
тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асыруға; логикалық операцияларды
қолдана отырып, ақпараттарды өндеуге; қызметін
жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды
қолдануға мүмкіндік береді. Коммуникативтік
құзыреттілік. Адамдармен өзара әрекет пен
қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік
топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы
түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі
нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың
түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде диолог қатынас дағдылары болуын қарастырады. [2]
Этномәдени
құзыреттілік күнделікті өмірде және оқу
сабақтарында өз ұлтының және басқа
ұлттардың этникалық мәдениеті туралы алған
білімге негізделген этника-аралық өзара түсіністік пен
өзара әрекетке дайындықты көрсетеді. Этномәдени
құзыреттілікті қалыптастыру алуан түрлі көздерден
білім интеграциясын және этника-аралық өзара әрекеттестік
міндеттерін шешу қабілетін, студенттерді өзінің туған
мәдениетіне, сосын өзге мәдениетке ендіруді мақсат
етеді. Өз мәдениетінің құндылығын
басқа құндылықпен бірлікте салыстыра отырып, тану
басқа халықтың мәдениетіне енуге, этника-аралық
түсіну мен дилогқа қабілетін дамытуға мүмкіндік
туғызады. [3]
Этномәдени
құзыреттіліктің жоғары деңгейіне жетуде
жасөспірімдер мен жастар, жас ерекшелік кезеңдеріне байланысты
төмендегі баспалдақтардан өтеді:
1)
өзінің этникалық мәдениеті саласындағы, сонымен
бірге сол мемлекетте тұратын халықтардың этникалық
мәдениеті туралы элементарлы сауаттылығы (мектепке дейінгі
және кіші мектеп жасы 5-10 жас);
2)
өзінің және Қазақстан халықтарының
этникалық мәдениеті саласындағы функционалды
сауаттылығы және белгілі бір мемлекеттің этномәдени
саласындағы элементарлы сауаттылығы (өтпелі жас кезеңі
11-15 жас);
3)
Қазақстаннның этномәдениет саласындағы білімділік
және әлемдік этномәдениет саласындағы элементарлы
сауаттылықтың көрінуі (жасөспірімдік кезең 15-18
жас). [4]
Этномәдени
құзыреттілікті қалыптастыру білім мазмұнына
этномәдени компонентті енгізу арқылы оқыту мен
тәрбиелеудің шарты мен тәжірибені тасымалдау формасын
ұсынатын білім беру кеңістігінде жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттердің этномәдени құзыреттілікті жоғары
деңгейде меңгеруін сипаттайтын қасиеті толеранттылық,
сын тұрғыдан түсінуге, өзінің және
өзгенің көзқарасына күдік туғызуға
және дәлелдеуге қабілеттілік. [5]
Әдебиеттер:
1. Концепция этнокультурного образования в Казахстане // Казахстанская
правда, август, №7. 1996
2. С.Қалиев. Қазақ этнопдагогикасының
теориялық негіздері мен тарихы. Алматы. Білім, 2003.
3. Поштарева Т.В. Формирование этнокультурной компетентности
//Педагогика, 2005. №3. –с.35-42.
4. Формирование толерантной личности в полиэтнической образовательной
среед /Под ред. В.Н.Гурова и др. – М.: Педагогическое общество России, 2004.
5. Идентичность и толерантность /Под ред. Н.М.Лебедовой. - М.: Институт
этнологии и антропологии РАН, 2002. С. 10-34.