ӘОЖ 118-М-11
Мамытшаева
Дурия Габидуллаевна
Капланбек
аграрлық-техникалық колледжі, Сарыағаш қаласы
|
|
|
«БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУ ҚАБІЛЕТІН БЕЛСЕНДІРУ»
Қоғам
барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға
сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ
қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей
білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру,
ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық
қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері
көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық
технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес
типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану,
проблемалық оқыту,
интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы
басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке
тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың негізгі
түрлі құралдары болып табылады. Соңғы жылдары
іргелі елдер қатарынан орын алған қазақ елі
мәртебесі биіктеп, еркіндіктің көгілдір туын,
елтаңбасын, әнұранын, киелі істерін,
ынтымақтастығын әлемге танытты. Ежелден елдік пен
еркіндіктің туын берік ұстап, үлкен шаңырақ
аясына түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып,
бірлікке, бауырластыққа баулап, достықтың туын берік көтерген
қазақ халқы ата-баба өнегелерін өскелең
ұрпақтарға ұғындырып, үйретіп келеді. Бүгінгі
күні әлемдік ең озық білім кеңістігін
көтерудің тиімді жолы - білім беру сапасын толықтай
ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық
жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын
тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа
технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді
сіңіру қажет. Мектептегі білім беруді ақпараттандыру -
бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың
кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының,
парасат-пайымының және жаңа арнада өріс алған
мәдениетінің асқар шыңы болып табылады.
«Қазіргі
заманда ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі білім беру өте қажет» деп Елбасы
атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында
ақпаратты технологияны оқу үрдісіне онтайландыруы мен
тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Толассыз
ақпараттар мен ақпараттар көздерінің көбеюі жас
баланың ойлауының жетілуіне үлкен әсер етеді.
Қазіргі таңда ақпараттық технологияны қолданудың
мынандай артықшылықтары бар:
Оқып
үйренетін материалды жақсы және барынша терең
түсіну;
Оқып –
үйрену уақытының айтарлықтай қысқаруы
нәтижесінде уақытты үнемдеу;
Интернетті пайдалану
мүмкіншілігі;
Оқушының
танымдық қбілеті, өз бетінше ізденуіне жолдың ашылуы;
Білім
заңының талаптарына толық қанағаттандырады;
Оқушылардың
білім сапасы жоғарылайды;
Жаңа
технологиядан күтілетін нәтиже:
Жеке
тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениетті
дамиды, кең ауқымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер
алады, өзінің жеке болашағына бағыт- бағдар
жасайды сауаттылығы артады. Жаңалықты меңгереді,
жаңа шешімдер табуға дағдыланды дүниетанымы
кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға
үйренеді, оқушының қабілеті дамып, өз
бейімділігін таниды. Ұстаз бен дара тұлға арасындағы
байланыс ынтымақтастығы артады. Орта білім беру жүйесін
ақпараттандыруды басты мақсаттарының бірі – оқушылардың
ақпараттық мәдениеттің қалыптастыруы және
жаңа әдістерді қолдануы қажеттілігінен туындайды. Егер
де, ақпараттық технология әдістерді қолдану
қарыштап дамуының кепілі десек, дамыған елдің
болашағы жарқын болары хақ. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, оқытушы оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады»,
- дейді. Демек оқытушыға қойылатын талап жоғары,
яғни: терең біліктілік, оқу-тәрбие ісін шебер
ұйымдастыра білу заман талабына сай ақпараттық
сауаттылық, жаңалықты дер кезінде сезініп, ағына ілесіп
отыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істей білу,
оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеру, т.б.
Егеменді
еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер
ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай
емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін
қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие
керек.Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.
Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным
әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі
оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты
болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс.
Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму
ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Оқыту әдістері
мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі
мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше
оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық
әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ю.К.Бабанский оқыту
әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:
а)оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және
ұйымдастыру әдістері.
ә)оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу
әдістері.
б)оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және
өзіндік бақылау әдістері.
Танымдық
әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсендік,
яғни оқушының оқуға, білуге деген
ынта-ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы:
оқытушының баяндап тұрған материалын түсіну
үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы,
алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы,
сарамандық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек.
Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан
білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену
белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі
оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы
қажет. Оқыту - оқытушының білім берудегі жетекші
әрекеті болса, оқу-оқушының белсенді әрекеті.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық
қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері
зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені,
танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы –
жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі
үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы
оқушы айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір
тәжірибесіне байланысты. Сондықтан да оқушыға
танымдық қызығудың даму деңгейін нақты
жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды [2].
Қызығу
өте ерте жастан қалыптасады және танымдық даму
оның алғашқы көріну түрі әуестік,
құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші
жылында-ақ оның ашық түсті заттар, қатты
шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне
тартады. Білуге
құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол
баланың көргендерін тануына, оның терең екеніне
көмектеседі, баланың
қойған
сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған
ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік,
білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық
қызығудың бастауы десек болады. Педагогикалық
үрдісте ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының
құралы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың
дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіп
машықтарына тәрбиелейді.
Егер де адам бойында белгілі бір іске деген қабілеті болса, онда ол
соған қатысты білім мен іскерлікті тез меңгереді,
қабылдайды, сонымен қатар өз жұмысында көрнекті
жетістіктер мен табыстарға жетеді. Сонымен адамның білімін
терең білуі мен іскерлік, дағдының қалыптасуы нәтижесінде
адамның қабілеттері жайлы жорамалдауға болады. Ал егер
керісінше болса, яғни білімі, іскерлігі, дағдысы жоқ болса,
онда оның бойындағы қабілеттерді сынай алмаймыз.
Мұндағы біздің ойымыз, білім, арнайы іскерлік пен
дағдының кәсіби дайындық процесі барысында
маманға қажетті ерекше өлшеу аспабы болып табылады. Белгілі
педагог А.С.Макаренко ойынмен оқыту, тәрбие
жұмыстарының құралы деген пікірді дамыта отырып, былай
деген болатын: «Баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар
– үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің
мыңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы
да сондай. Бала ойында қандай болса, ол ержеткенде жұмысқа да
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу
ең алдымен ойын түрінде жүргізіледі» [3].
Биология –
адамдардың өзі туралы және айналадағы
қоршаған ортаны танып білуге арналған арнайы
әдістемелік ақпарат. Биология жаратылыстану
ғылымдарының арасында ерекше орын алады. Көптеген
биологиялық үдерістерді химиялық және физикалық
заңдарға сүйенбей түсіне алмаймыз. Биология
ғылымы арқылы оқушылар өздерінің өміріндегі
мәселелерді шеше алады. Биологиялық объектілерді зерттеу
күрделі жүйелердің, жануарлар, өсімдіктердің
қосылу үрдісін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар биологиялық мәселелер даму идеясымен
танысуға, яғни жеке дара организмнің құрылуынан
бастап жердегі өмірдің дамуымен аяқталады. Биологияны оқуда этикалық
компонентте үлкен рөл атқарады, әсіресе ол
дәстүрлі курсқа жатпайды, биологияны ғылыми пән
ретінде қарастырады. Мектептегі биология пәнінің
мақсаты жанды заттарға деген қамқорлыққа
үйрету. Биология курсы әр түрлі оқытылуы мүмкін:
ғылымның негізімен сәйкестендіру, тірі ағзаның
деңгейлері арқылы, биологиялық жүйе арқылы, тірі
ағзалардың ерекшеліктері т.б. тәртібі мен мазмұны
беріледі. Ережеге сәйкес, ол жас ерекшелігіне де байланысты.
Биология пәні
оқытушыларының педагогикалық жұмысына қойылатын
талаптардың басқа пән оқытушыларының
жұмысына қойылатын талаптарға қарағанда біраз
айырмашылықтар бар. Сол талаптарды іске асыру - оқытушының
жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп,
сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі
әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына
мүмкіндіктер туады. Дидактикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең
қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да,
оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын
шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда
сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор.
Егеменді еліміздің білімді, саналы, парасатты азаматын
қалыптастыруда білімді ұрпақтың қосар үлесі
зор. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру,
ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдениетті,
бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары
деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің
де басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Қорыта
айтқанда, сабақтың қызықты да түсінікті
болуы оқытушының шеберлігі
мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан
оқушылардың пәнге кызығушылығын артыру үшін
сабақты түрлендіріп өту қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан-2030.-
Алматы: ЮРИСТ, 2006. - 152 б.
2.«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін
мектептердің тұжырымдамасы» //Қазақстан мектебі,
Алматы, 1992
3.Макаренко А.С. Человек как предмет
познания. - М.: Педагогика, 1980. - 230 с.
4.«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз».
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл.
5.Қазақстан Республикасы білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
Резюме
«Обучение биологии посредством новых
технологии»
Resume
To teach the biologic using the developing
of new technology