Магистрант Калел Гидат
Кәлелқызы
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан
Сатпаев
қаласындағы №4 мектеп-лицейдің бастауыш сынып
мұғалімі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының
2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға
ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен
дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен
ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін
ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке
тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу,білігін
қалыптастыру көзделген.
Жазба тілді дамыту маңызды,
әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге
қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар,
айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір
мақсатпен жұмсалатын тіл формасы. Осы уақытқа шейін
жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу
дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі
(элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді
жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын
талаптарды орындауға төселдіру қажеттілігі және
мұның бәрі өте күрделі процес болып табылады.
Л. С. Выготский: «әріп
жазуға үйрету деп ойламау», - дей келіп, әрі қарай осы
күнгі қолданылып жүрген дыбыстық талдаудың да
жазуға үйрету жатпайтындығы туралы: «...тәжірибе
көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз
жазып кетеді деп айтуға болмайды, оған жазу механизмін үйрену
қажет» дейді.
Әсіресе, жазба тілді дамыту
маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге
қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар,
айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір
мақсатпен жұмсалатын тіл формасы». Осы уақытқа шейін
жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу
дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі
(элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді
жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын
талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және
мұның бәрі өте күрделі процесс болып
табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып
келді. Шын мәнісінде, әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер
арқылы ғана баланы жазба тілде үйретуге болмайтындығына
көзіміз жетті.
Бұл жөнінде профессор
Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін
психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек» - десе,
Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек» - дей
келіп, әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген
дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына
жатпайтындығы туралы: «....тәжірибе көрсеткендей, сөз
ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға
болмайды,оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді.
Ғалымдардың « жаңа түрдегі психологиялық операция
пайдалану керек», жазба тіл дағдысына үйрену қажет» - деп
отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа
тәсіл. Себебі, онда рухани-адамгершілік
құндылықтың іргетасы қаланады. Сауат ашу
арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған
ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Сондықтан
жұмысты дұрыс, сауатты атқаруға бірден үйрету
керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық – ол бәрінен
бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық жұмысқа
үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін
жоспарлап есепке алу керек.
Жас жеткіншектің көркем жазу
дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл
үшін жұмыстың әр түрлеріне, оқыту
әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану керек. Түрлендірілген
жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана
қоймайды, логикалық ойлауын арттырады.
Әдемі жазу – өнер. Таза,
анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген
ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі,
көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында
жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы
қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке
алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл
бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр
салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады.
Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін
оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке
тыңғылықтылыққа,
ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық
жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны
еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
әдемілікке тәрбиелейді. Жазуының кемістігі бар
балалардың айтылған сөздердің мағыналарын
дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын
түсіну өте қиын. Оқу мен жазу бір – бірімен тығыз
байланыста болғандықтан, жазуындағы кемістіктер оқуында
да қатар жүреді. Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия
деген термин сөздермен аталады. Аграфия – жазуды толық
меңгеруге қабілеті жетпейді, ал дисграфия- жазу процесінің
жартылай бұзылуын білдіреді. Сол сияқты оқудың
кемістіктері де алексия, дислексия деген термин сөздермен аталады.
Қазіргі уақытта
балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу
тілінің фонетика-фонематикалық және
лексика-грамматикасының барлық сыңарларының жалпы
толық дамымауы салдарынан жиі болатындығы анықталады.
Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің 3 –
деңгейінде балаларда пайда болады, ал жалпы сөйлеу
кемістігінің ауыр түрлерінде (1 – 2 деңгей) оқуы мен
жазуды меңгеру мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларды
жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі
сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.
Оқу мен жазу
дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту
қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, көру
түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы,
жазуға үйрету кезінде, ең алдымен, қолдың
ұсақ бұлшық еттерінің қимылдары
дамуының маңызы бар.
Оқу мен жазу дыбыстық
талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні
баршаға мәлім. Сондықтан, ең бірінші талап –
балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі
дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдауға үйрету. Ол
үшін әр түрлі ойын түрлері пайдаланылады. Мысалы :
«Еденге не түсті?», «Қай аспапта ойнадым?», «Кім атыңды
атады?», «Қай жануар үн шығарды?». Суреттегі затты атап,
оған дыбыстық талдау жасау.
1. Сөздегі бірінші дыбысты
ата.
2. Сөздегі
соңғы дыбысты ата.
3. Сөздегі дауысты дыбысты
ата.
4. Сөздегі дауыссыз дыбысты
ата.
5. Дыбыстарды ретімен атап
шық.
Дыбыстық жинақтау
дағдыларын қалыптастыру. Жеке кеспе әріптерден сөз
шығару. Логопедиялық жұмыстың бір бөлігі –
қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Жаттығуларды орындау
барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте
сақтау қабілеті дамиды. Логопедиялық жұмыс барысында
осы әдістерді көп пайдаланамын:
Қорыта келе, “Ғылым қалғып
кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман
талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда
отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық
технологиялардың даму қарқынының басымдылығы
соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған.
Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін
ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған
заманда біз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын
ұмытпауымыз керек. Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары
сауаттылықтың нышаны.
Оқушылар сауатсыз болмасын десек, жазу
дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтеру керек.
Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына
бастауыш сынып мұғалімдері жауапты болады.
Әдебиеттер:
1. Кенжебекова Н.
Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
// Бастауыш мектеп, 2010.
2. Бейсенбиева Ұ. Сауатты
жазуға үйрету.// Бастауыш сыныпта оқыту, 2005, №2.
3. Абашыкова Ғ. Сауат ашу. //
Бастауыш мектеп, 2004, № 11.