Д.Ж. Жабдикова

 

Қазақстан, Қарағанды қаласы

Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің

тәрбиешісі

  

Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу, балалар үйі тәрбиеленушілерінің бойында тәрбиені қалыптастыру

 

 

 Бүгінгі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой – өрісі жан – жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу – бүгінгі күннің ең басты талабы. Жас ұрпақты өз халқының тарихын, салт – дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық  мәдениетті, адами қасиетті терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның  ұлттық сана сезімі мен мінез – құлқының  ана тілің, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт – дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

        Сондықтан казіргі кезде даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, рухани – адамгершілік қайнарын сіңіріп, рухани дүниесі бай, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы-адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидалар мен мақсат-мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруға жағдай жасау қоғамдағы көкей-кесті мәселелердің біріне айналды.                                              Адамгершілік жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Адамгершілік негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ,айтыс, өлеңдер – адамгершілік тәрбиенің арқауы. Азаматтық  құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілердің бірі болғандықтан мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,қайырымдылық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.                                                                                                                  Балалар үйіндегі тәрбие жұмысының қыр – сыры өте күрделі. Ондағы тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу асқан төзімділікті, шыдамдылықты, жауапкершілікті талап етеді. Әр түрлі тағдыр тәлкегіне түскен балаларды өмірде өз орнын таба білетін, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола алатын, қоғамға өз пайдасын тигізе білетін тұлға етіп тәрбиелеу тәрбиешінің негізгі мақсаты бола алады.                                                                                  Даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Әсіресе жасынан ата-ана тәрбиесін көрмей өскен балаларды өмірге бағыттайтын тәрбиешінің рөлі ерекше. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісіне, ойын және оөу ісінде жоспарлы түрде іске асырылады.

    Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтің балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асырылады. Сонымен қатар аптасына өткізілетін әр-түрлі тақырыптағы тәрбие сағаттарымен қоса айына екі рет өтетін «Атамекен» бағдарламасы бойынша тәрбие сағаттарында және әртүрлі мәдени орындарға саяхат жасау кезінде жүзеге асады.

    Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларды  адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға  қамқорлықпенқарау, ұжымға тәрбиелеу, балалардың ұжымда өзара қарым-қатынасын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әртүрлі ұлт өкілдерін қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

     Даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың  адамгершілік қағидалар мен мақсат-мұраттарды ғумыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруда, балалардың сезімін ояту үшін әртүрлі теориялық және практикалық әдістемелерді қолдану керек. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсіне білетін, нағыз адамсүйгіштік, қазақстандық патриоттық  рухтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

      Аталған балалар үйінде екіжүзден  астам тәрбиенушілер тәрбиеленуде. олар әр ұлттың балалары. Өзім жүргізіп отырған топта 11 ұл бала бар. Әр ұлттың баласы және олардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Үшеуі №3 даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға аналған көмекші мектепте оқыса, калғаны психикалық дамуы тежелген балалара арналған мектепте оқиды. Балалардың оқу үлгерімдері жаман емес, олардың үшеуі оқу екпіндісі атанды. Әр баланың жеке басы, оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешінің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

     Балалармен жұмыс істеу барысында олардың болашақта адамгершілік қасиеті бар, қайырымды,кішіпейл, жарқын, өз тілін, ұлтын сүйе білетін, биязы мінездерді тәрбиеленушінің  бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттің берік іргетасын қалағанымыз. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің  жас ерекшеліктеріне сәйкес және басқа жағдайларда балаларды ұйымдастырушы, өзі жеке үлгі болатындай, тиісті іс-әрекеттерді, ұйымдастыруда кеңес беруші, көмекші сияқты рөлдерді атқаруы тиіс. Түзете дамыту жұмысында әртүрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Ойын алаңдарында, әсіресе жазғы демалыс кезінде ұлттық спорт ойын түрлері өткізіліп, олар ұлт достығының кепілдігіне айналуда.

     Тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар, мәден  орталықтарға саяхат, үйірме жұмыстары, сайыстар, әңгіме-сұхбат. Демалыс күндері, каникул кездерінде мұражайларға, демалыс орындарына,  циркке, қалалық кітапханаларға саяхат жасап қана қоймай, оларды әлеуметтік ортаға, қоғамға бейімдеу ең басты мәселе болады.

     Даму мүмкіншіліктері шектелген, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұлттық тәрбиеге баулу халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрету, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу – біз үшін үлкен жауапкершілік. Егеменді елімізді бейбіт жолмен өркендете береміз десек әрбір ұстаз «Саналы ел салтын сақтар» деген халық қағидасын өз ісінің пәрменді құралы ретінде пайдалануды естен шығармауы керек деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған  әдебиет:  

Айталы А. Ұлттану, Алматы, 2003                                                                        Жұмабаев М. Педагогика, Алматы: Рауан, 1994                                                                     Утебаева А.Т. Жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу, А.2006