Базылова С.О., Майданова Т.К
«Гауһар» балабақшасының
тәрбиешілері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ДИАГНОСТИКАНЫҢ ПСИХОЛОГ
ЖҰМЫСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегисында «Бүкіл әлемдегі сияқты,
Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа
әдістеріне көшу керек» - деп айтқан болатын [1].
Осыған орай мектепке дейінгі ұйымдарда психолог
жұмысында психологиялық -
педагогикалық диагностиканың оқу - тәрбие процесіндегі
маңызы қарастыратын болсақ, ең алдымен
оның зерттеу объектісін (нысанасын) қарастыру
қажет. Әр ғылымның өзіне тән объектісі бар.
Объектіде нені зерттеу керек? Мәселен, психологиялық-
педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – жеке
тұлға (бала). Жеке тұлғаның белсендігін,
қызығушылығын қалыптастырып, оның интеллектуалды
қабілетін дамытып, өздігінен ізденуге бағыттау болып
табылады.
Оқыту
диагностикасы - қандай да бір
жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау
және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту,
олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын
алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие
дигностикасы - тәрбиені тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана
тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып
табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара
әрекеттерінде іске асатын прцесс ретінде қарастырылады. Жеке
тұлғаның моральдық-еріктік өрісін, адамгершілік
санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін,
сенімдерін, қылығынының адамгершілік негіздерін, адамгершілік
сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген
қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық
тәсілдерімен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық
механизмдерді танып біледі.[2]
Мектепке дейінгі ұйымдарда
психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық
ағартушылық, психологиялық алдын алу,
психологиялық-педагогикалық диагностика, дамыту және
психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес
беру болып табылады.
Психологиялық
ағартушылықтың негiзгi
мағынасы тәрбиешiлер мен ата-аналарды баланың
психологиялық дамуына жайлы жағдай жасаудың негiзгi
заңдылықтары мен шарттарымен таныстыруда жатыр.
Ағартушылық
жұмыстың тақырыптық мазмұны ата-аналар мен
тәрбиешiлердiң қалауынша болса, психологтың да
қалауынша болуы мүмкiн. Психологиялық алдын алу баланың даму процессi,
қандай да дағдыларының қалыптасуы, пайда болған
қиыншылықтары туралы уақытында хабарлауды қарастырады.
Дамыту
және психотүзету жұмыстары өз жұмысында балалармен,
ата-аналармен, тәрбиешiлермен толық құнды психологиялық
және тұлғалық дамуды қамтиды. Топпен, жеке,
тренинг сабақтар, дарынды балалармен жұмыс, мектепте
оқуға даярлау жұмыстары жүргiзiледi, ал ақыл-кеңес беру жұмысы ата-аналармен
және педагогтармен ұсыныс жасау түрiнде өткізілуі
қажет.
Психологиялық
диагностика —бұл балаларды
мектепке дейінгі ұйымда болған уақыт iшiнде
тереңдетiлген психолого-педагогикалық тұрғыда
бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу
үрдiсi кезiнде жеке мүмкiндiктерiн анықтау,
педагогтарға ұсыныстар жасау және ата-аналарға
тәрбиелеу, оқыту және дамуға байланысты
сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету.
Диагностика әңгiмелесу, бақылау, сауалнама алу,
баланың шығармашылығын талдау, тестiлеу түрiнде
өткiзiледi
Баланың қабiлеттерiн
ашуда, дамуында, бойындағы икемдiлiктерiн байқауға,
баланың психологиялық және жеке тұлғалық
дамуындағы болатын кемшiлiктерiнiң алдын алуда психологиялық
көмектiң маңызы зор;
Мектепке
дейінгі ұйымдарда психолог балалармен
психологиялық-педагогикалық диагностика жұмыстар
жүргізу кезінде балалардың балабақша бейімделуі,
адаптациялық кезеңнен өтуіне психологиялық көмек
көрсету- балалармен танысып топ тізімін дайындау -жылдың басында
және жылдың аяғында зертеу жұмыстар жүргізу
-сенсоматорлық карта өткізу - балабақша балаға
әсер етуін анықтау (сұрақ-жауап) – ұйымдастырылған
оқу іс әрекетіне қатысу топтың ауа райын бақылау-
«төмен» деңгейдегі балалармен жұмыс- мектепке
дайындығын анықтау (сұрақ-жауап) -жыл бойына
психологиялық түзету-дамыту жұмыстар жүргізеді.
Қорыта
келгенде, балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде,
мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады,
олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық
зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Психодиагностикалық
зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа
факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі
оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен
психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
3. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын
психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен
мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы
қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының
Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана 2012ж.
2.
П.З. Ишанов, Г.Б. Бейсенбекова «Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздеі». Қарағанды 2006ж