Койбагарова Л.Б.
№145 «Балапан» балабақшасы,
Қарағанды қаласы, Қазақстан.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін
тәрбиелеу бойынша жұмыс жүйесі
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие
берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз
Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ
ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты,
өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын
жеке тұлға болуы тиіс.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы,
жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке
дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие
жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы
қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу
тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті,
шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен
іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді
жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың
ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің
алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері
қаланатын өте маңызды кезең.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу
бойынша жұмыс формалары мен әдістері: аймақтық компонент,
түсініктердің қолжетімділігі мен ғылымилығы,
«орама» қағидасы, интеграция, сабақ мазмұны,
экологиялық сәттер, экскурсиялар, экологиялық ертегілер,
таби,аттағы практикалық іс-әрекеттер, табиғат қорғау
акциялары, жарнамалар, тәжірибелер, дамытушы дидактикалық
ойындар, көрмелер.
Ата-аналармен жұмыс:
·
Экология бойынша мектепке дейінгі
ұйым жұмысымен ата -аналаларды таныстыру (ашық
сабақтар, арнайы экспозициялар, бейне фильмдер, жиналыстар,
конференциялар);
·
Ата-аналардың
қатысуымен әртүрлі шараларды ұйымдастыру;
·
Оқытудың
нәтижелерімен ата-аналарды
таныстыру;
·
Табиғатқа саяхаттар, жарыстар.
Дамытушы экологиялық орта: қысқы бау-бақша, топтағы
бұрыштамалар, ауладағы өсімдік әлемі, оқу көрнекілік
құралдар.
Мектеп жасына
дейінгі балаларға экологиядық тәрбие беру жұмысын іске
асыруда мен жұмысымды жүйелі түрде тікелей ата –аналардан
диагностикалық түрғыдан бастап жүзеге асырдым. Соның ішінде бір екеуіне
тоқталып өтсенді жөн көріп отырмын.
«Менің балам және қоршаған орта» атты
отбасылық сайыс
Сайыс
мақсаты: Баланы қоршаған ортамен таныстыру. Балалардың
қоршаған ортадағы
заттар мен кұбылыстарға қызығушылығын және олардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудағы ата-аналардың ролін
арттыру.
Міндеттері: Балалардың қоршаған ортасын
қаншалықты білетіндігін анықтау, үйдегі тіршілік иесін
бағып-баптауды үйрету, ата-ананың өз
баласының ойлау, қимылдау
деңгейін анықтауы, басқа ата-анамен пікір алмасу.
Адамдардың
қоғамдық өмірі мен қоршаған
әлемінің тұтастығы туралы түсінігін, заттар,
оқиғалар және құбылыстардың бір-бірімен
байланысы мен тәуелділігін
анықтай білу іскерлігіне эксперимент
жасау дағдыларын
қалыптастыру.
Сайыс ережесі бойынша төмендегі кезеңдер орындалуы тиіс:
1.
Әрбір бала өз отбасын таныстыруы керек (қызықты, жан-
жақты, тапқыр, көрермен назарын өзіне аударатындай етіп
ұтымды таныстыруға тырысуға тиіс).
2.
Ата-ана баласымен бірге «Менің аулам» атты шағын макет немесе
плакат жасап, өз ауласын таныстырады (баланың қоршаған
ортамен қаншалықты таныс екендігі туралы білу үшін үй
тапсырмасын көрсету).
3.
«Кім алғыр!» сергіту сайысы (жүргізуші түрлі жыл
мезгілдерінде болатын құбылыстарға және жануарлар
әлеміне қатысты арнайы үстелге қойылған суреттер
жайлы жұмбақ айтады, ал балалар жұмбаққа
қатысты суретті тез тауып,
жүргізушіге бірінші болып әкелуге тырысулары керек және
гүлдің өсуін айту).
4.
«Ойлан, тап!» ұшқырлық сайысы (әр отбасы үйінде
өсірілетін өсімдік немесе үй жануарын алып келіп, ол туралы
қысқаша жұмбақтап айтады, оның екінші отбасы не
туралы екенін табуы керек. Сосын ол жануар немесе өсімдікті ата-ана не
баласы қалай күтіп-
бағатынын айтады. Ал басқа отбасылар оны күтіп-
баптаудың өздері білетін тиімді жолдары жайлы қосымша
кеңес береді. Кеңес неғұрлым мәліметке толы,
қызықты, пайдалы болса, сол отбасына жоғары балл
қойылады.
«Жақсы мен жаман істерді тауып көр»
ойыны.
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ
болуға, көргенін ажырата білуге, әңгімелей білуге
үйрету. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда
ата-аналардың берген білімдерін анықтау. Балалар берілген
суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді
ажыратады және ол неге жаман, жақсы іс-әрекеттер екенін
түсіндірулері керек.
Керекті құралдар: жаман
және жақсы істерді бейнелейтін іс-әрекеттерден көрініс
беретін мазмұнды суреттер.
Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі
тәсілдер арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін
жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан
дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен
шығармашылық қабілеттерін оятуға мүмкіндік туары
кәміл.
"Адам
табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған
тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы - Жер. Жерді
күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба
байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған
ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Балабақшадағы
экологиялық тәрбие.Отбасы және балабақша-1996.№11
2.
Көбеева Н «Бала және табиғат»\\Үйелмен және
балабақша.– 1993. №5.
3.
Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\Отбасы және
балабақша. –1993.№ 6.