ДЖУМАНОВА Л.С., ТУГАМБЕКОВА М.А.
Карагандинский государственный технический университет
г. Караганда,
Казахстан
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ШЕТЕЛ ТІЛІН
ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Abstract
The usage of innovational
technologies in teaching process looks into new technical means, new forms and
methods of teaching foreign languages. The main aim of teaching foreign
languages is forming and development communicative culture of students, teaching
practical taking possession of foreign language. So computer teaching gives
conditions for getting necessary
acquire knowledge of foreign language.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006
жылдың 1-наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы» атты халыққа жолдауында Үкіметтің алдына және Қазақстан
халқының әр азаматының алдына биік міндет қойды.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
әлемдік білім беру кеңістігіне кіруде және қазіргі
әлемде болып жатқан, келешекте болатын құрылымдық
және мазмұндық өзгерістерді талап ететін, ауқымды
үдерістерді бастан кешуде [2.]
Қазіргі
уақытта оқытудың озық технологияларын сабақта
пайдалану - өмір талабы. ХХІ ғасыр – бұл
ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын
дәуір. Бүгінгі күні білім беру жүйесі
жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және
ақпараттық құралдардың кеңінен
қолданылуын қажет етеді. Ақпараттық –
коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді [1.]
Қазір білім беру барысында интерактивті құралдарды
қолдануға мүмкіндік мол. Мұндағы интерактивті сөзі- inter
(бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді. Интерактивті
құралдарды қолдану барысында білім алушының бірлесе
жұмыс жасауға қатыспай қалуы мүмкін
емес.Бұл бағытта ақпараттық
технологияны оқыту үдерісіне белсенді түрде енгізу
бағытында қолданылатын жаңа
құралдардың бірі - бағдарламалық –
техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақта.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің
қосымша құрылғыларының бірі және де
дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі
құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым
маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті
құралдарды пайдаланып, оқыту үдерісін жаңа
технологиялармен қамтамасыз ету - заман талабы.
Шетел тілін мультимедиалық технологиялар
арқылы үйретуде жоғары дәрежеге жету сапалы
техникалық және электрондық құралдарды тиімді
қолданғанда ғана мүмкін болатынына күн
өткен сайын көзіміз жетіп отыр. Себебі қазіргі заманғы
компьютерлердің ақпаратты
сақтау, өңдеу, қайтару, алу сияқты жоғары
жылдамдығы адамның ақпараттық мәдениетінің
үнемі өсуіне жағдай жасайды, шексіз ақпарат
әлеміне енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап,
сараптауға мүмкіндік береді. Компьютер әмбебап
құралы ретінде адамның зерттеу-танымдық әрекетін
дамытады. Тілді оқытуда өзге құралдардан
компьютердің мультимедиа ерекшелігі – оның қатысымдық,
интерактивті құрал бола білуі. Компьютер – оқытушының
да, тіл үйренушінің де іс-әрекеттеріне жауап беріп,
олардың әрқайсысымен диалогқа түсіп отырады. Тіл
үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды
болмақ.
Соңғы жылдары
компьютерлік технология арқылы оқыту өзінің сапалы
жаңа даму кезеңіне енді. Біріншіден, компьютердің
техникалық сипаттамалары артып, жаңа ақпараттың
бағдарламалық өнімдердің жасауы негізінде компьютерлік
технологияның қолдану саласы кеңейді.
Сондықтан жоғары оқу орындарында компьютер арқылы
білім алу, оны барынша кең қолдану мүмкіндігі туды.
Екіншіден, білім беру мақсатына қарай компьютерлік
технологияның мазмұны жаңа сапалы бағытта кешенді
түрде өзгерді. Компьютердің кез келген аудиовизуалды
ақпарат түрлерін (мәтін, графика, анимация, бейне, сурет,
дыбыс) енгізу, өңдеу, сақтау, көрсету
мүмкіншіліктері, қолданушы мен жүйе арасындағы белсенді
байланыс әрекеттер жиынтығы артты. Осындай компьютерлік
технологиялардың жетілген сатысы мультимедиалық технологиялар деп
аталады. Мультимедиа (ағылшын тілінде multi – көп, media – орта) –
ақпаратты адам баласы қабылдай алатын көптеген
орталардың құрылымы арқылы ұсыну, компьютер
жүйесінде мәтін, дыбыс, бейнесурет, графикалық сурет
және анимацияны (мультипликацияны) біріктіретін заманауи компьютерлік технология.
Мультимедиа технологиясы –
аудиовизуалды ақпаратты жасау, өңдеу, сақтау,
тасымалдаудың амал, тәсіл және әдістерінің
жиынтығы. Ол – мәтін, графика, бейне және аудио
ақпараттарды біртұтас кешенге біріктіруге мүмкіндік беретін
технология. Бұл технология практикалық сабақтар мен
өздік жұмыста студенттің оқу материалын көрнекі
түрде түсінуіне және оқу уақытын үнемдеуге
жағдай жасайды. Шетел тілі
сабақтарында қолданылатын мультимедиалық технологиялар –
шетел тілін оқыту үдерісін қарқындататын, үйренушінің
белсенділігін жоғарылататын, аз уақыт ішінде мол дыбыстық,
бейне, анимациялық тілдік материалды ұсына отырып, саралап-даралап
оқытуға жағдай жасайтын, тілді меңгеру дәрежесін
бақылауға мүмкіндік туғызатын, әр түрлі
әдістерін салыстыруға мүмкіндік жасайтын, оқытушы мен
студент еңбектерінің өнімділігін арттыратын, әмбебап
және бағдарламалау қасиеттерге ие болған
инновациялық технология
[4,с.78-79].
Білім берудегі мультимедиалық технологиялар
электронды оқулықтар, бір тілді екінші тілге аударуға
арналған мультимедиа-сөздіктер, оқыту әдістемелік
кешендер арқылы тіл үйретуде жаңа инновациялық шешімдердің туындауына әсер етеді.
Компьютер арқылы дыбысты, түсті, қозғалыс,
анимациялық әрекеттерді, яғни мультимедиалық
мүмкіншіліктердің зор әлеуетін іске қосу білім беру
тиімділігін арттыра түседі. Мультимедиалық технологиялар тілдік
оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.
Түсті, графиканы, анимацияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін
пайдалану тіл үйренушіге ерекше психологиялық әсер етеді.
Сонымен қатар мультимедиалық технологиялар оқу
уәждемесін күшейтуге мүмкіндік береді. Ол оқу үдерісіндегі жаңа ақпараттық
технологиялардың
қарқынды дамып келе жатқан бір бағыты болып
табылады және шетел тілін оқытуда
тиімді әдіс болып табылады. Шетел тілін меңгертуде
мультимедиалық технологиялар тіл
үйренушінің белсенділігін жоғарылатады. Олардың білімді меңгеру дәрежесін бақылауға
мүмкіндік туғызады, әртүрлі әдістерін
салыстыруға жағдай жасайды, оқытушы мен студент
еңбектерінің өнімділігін арттырады, оқыту
үдерісін қарқындатады. Қазіргі кезеңнің
ақпараттық-телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен
артықшылықтарын оқыту үдерісінде қолдануға
жол ашатын жаңа
технологиялардың бірі
[3,с.142-144].
Білім
беруде ақпараттық технологияны қолдану, электронды
оқулықтарды пайдалану -
қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты
және заман талабы. Қазіргі білім беру жүйесіндегі тың
жанғырулардың жаңа көрінісі - электронды
оқулықтар.
Электронды
оқулықтардың маңызы бүгінгі оқыту
үрдісінде өте зор. «Заманына қарай адамы»,- деп
халқымыз айтқандай, әр ізденуші тұлға
бүгінгі заман талабынан туып отырған электронды
оқулықтарды пайдаланып қана қоймай, оның тиімді
жолдарынан ізденіп, шығармашылықпен айналысса – бүгінгі
оқытушылар қауымы үшін үлкен жеміс.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды
ақпараттандыруда ақпараттық – коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша педагогтардың
біліктілігін арттыру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – адамға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастырып, қазіргі қоғамға
бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуын
әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін
тұлғаның шығармашылық қабілеттері мен
құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы деп қараған жөн.
Яғни,
ақпараттық технологияны қолдану - келешек
ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына,
белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Ал заман талабына сай
білім беру, ақпараттық технологияны білім саласына енгізіп, иновациялық
бағытта жұмыс жасай отырып,
жеке тұлға, шығармашылық ізденістегі
тұлғаны қалыптастыру оқытушының шеберлігнін
қажет етеді. Қазіргі таңда ақпараттық
технологияны қолдану өрісі кеңіп, сол арқылы
оқыту үрдісі нәтижелі жетістіктерге қол жеткізуде.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл, 27 шілде.
2.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жыл 1 наурыздағы
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауы.
3.
Джуманова Л.С., Тулегенова М.К. Применение мультимедийных
технологий в обучении
иностранным языкам // Научный журнал «Austrian
Journal of Humanities
and Social Sciences», Volume 1. ISSN 2310 – 5593. 2014. - № 1. – 142-144с.
4. Роберт И.В. Современные
информационные технологии в образовании: дидактич.проблемы, перспективы
использования. М, Школа-Пресс, 1994. – 78 -79с.