Мусина Айнұр Жұмабайқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов
ауданы, Мирон НЖББМ
Ауыл мектебі жағдайында
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану.
Оқыту үрдісінде
ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану
мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының
бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың
іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын
өзгеріске ұшыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде
мұғалім-оқушы-оқулық түрінде
құрылған үш жақты байланыс бұзылып,
мұғалім-оқушы-компьютер-оқулық жүйесі пайда
болды. Ауылдың мектеп мұғалімдері үшін жаңа
ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін атап
өтетін болсақ, бұл ең алдымен оқушының
өз бетімен жұмыстануы, уақытты үнемдей білуі,
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру,
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, визуалды
ақпарат (көрнекі материалдар, көрнекіліктер) және
көрсету материалдары. (кесте,сұлба, фильм, видео, т.б.)
Ауылдық мектептерде қызмет атқаратын
пән мұғалімі ретінде өз сабақтарымызды барынша
заман ырғағына сай соңғы технологияларды қолдана
отырып, барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы сабақты
түрлендіріп өткізу біз үшін аса маңызды. Ауылдық
жерлерде қазақ тілді мектептерде оқушылардың
қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын
арттыру, оқушылардың ана тілінде сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау,
оны бойларына сіңіруді қажет етеді. Заман талабына сай оқыту
процесіне оң ықпал етуге арналған оқу
құралы ретінде АКТ-ны пайдалану мұғалім үшін маңызды
нәрсе болып табылады.
Ғаламтор, яғни интернет желісі арқылы
сабақтарға жаңа серпін енгізуге болады. Мысалы: Абай
Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан сабақ өткен
кезде сабақтарға қолдануға болады. Ескендірдің
танымал тұлға екендігін, ерлігін көрсету үшін Ескендір
Зұлқарнайынның тарихтан алар орнын дәлелдеу үшін
берілген бейнебаянды көрсетуге болады. Дегенмен де, ауыл мектептері
үшін төмендегідей нәрселерді одан әрі дамыту
қажеттілігі бар:
· Жаңадан танысқан
ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
· Жекелеген жобаларды іске асыру
негізінде коммуникативтік қабілеттерді дамыту
· Шығармашылық
ойлауды дамыту
· Шығармашылық
белсенділігін дамыту
· Ғылыми-зерттеу жұмыс дағдыларын дамыту, компьютерлік-
бағдарламалық қамтамасыз ету және электронды
сабақтар жүйелерін қалыптастыру
· Оқушыны ақпараттық технологияларды пайдалана отырып
бүгінгі ақпараттық қоғамда тәуелсіз
өнімді тұтынушы және жаңартушы сапалы қызмет үшін дайындау.
Мен мақала
жазу барысында 27 оқушы мен 19 мұғалім арасында сауалнама
жүргіздім. Сауалнама барысында ғаламторды бәрі пайдаланатыны
анықталды. Бұл дегеніміз ауылдық жерлерде
ғаламторға қол жетімді екенін көрсетеді. Бұл
дегеніміз оқушылар мен мұғалімдердің жұмысын
жеңілдетеді.

Өз пәнім қазақ тілі пәні
бойынша оқушылардың құлшынысын, сүйіспеншілігін
арттыру ең алдымен бастауыш сыныптан бастау керектігін, жоғары
сыныпқа келгенде оқушының қызығушылығын
ояту күрделене түсетінін түсіндім. Егер бастауыш сыныптан
бастап қазақ тіліне деген құлшынысы,
қызығушылығы, ынтасы, талабы
болмаса, онда жоғарғы сыныпқа келгенде
тақырыптар күрделенген сайын оқушылардың тапсырмаларды
орындай алмауы үлкен кедергілерге айналуы мүмкін. Қазіргі
таңда оқушылар ұялы телефонмен хат алмасып жазуда көптеген
қателіктерге бой алдырып жатады. Жасампаз
ауылдың тұтқасы -білімді де өнегелі келер
ұрпақтың қолында .Ауылдың көркеюі -
жастардың санасы мен сезіміне, рухы мен ерлігіне, білімі мен билігіне
байланысты. Сондықтан оқушыларымыздың рухани дамуы басты назарда
болуы тиіс. Қазіргі заман ағымының ерекшеліктері жас буынды
жалт еткен жаңалықтарымен таң қалдырып, баурау
үстінде келеді. Жас ұрпақ өз дәуірінің
жағымды және жағымсыз жаңалықтарымен танысып,
бойына сіңіруде, қолдануда.Жаңа ғасырдың тарту
еткен жаңалықтарының бірі- ғаламтор.
Өміріміздің өзегіне айналған ғаламтор тілдік
қатынасымыздан да ойып тұрып өзіндік орнын алды. Жылдам
әрі жиі хабарласуға тиімді болғанымен жас буын ішінде
желідегі тілдік қарым-қатынас олардың рухани дамуына зор
әсерін тигізіп келеді. Осындай сауатсыздыққа ұрынбас
үшін қазақ тілі сабағында әрбір оқушыны
сауатты жазуға бейімдеуде АКТ-ны
жүйелі пайдаланып, кез келген тапсырманы, мысалы, диктант, нақты талдау жасау, сын есім
және зат есімдерді құрастыру, ойлан, бақыла, көп
нүктенің орнына тиісті әріптерді қою,
өзіңді тексер, сөйлемді аяқта, сөйлем
құрастыру, қорытынды жасау әдіс-тәсілдерін
пайдалану арқылы сабақта оқушылардың қызығушылығын
арттыруға болады.
Өз сабақтарымда АКТ құралдарын
түрлендіріп, сонымен қатар, тиімді қолдана отырып,
нәтижесінде оқушыларымның бойынан оң өзгерістерді
байқадым:
· қазақ тілінде
көрсетілген мультфильм, видео көру арқылы сөздік
қоры байыды,сонымен қатар ана тілінде сөйлеуге
дағдыландыру, өз ойын еркін айтуға жаттыға бастады.
· Ойларын тұжырымдап, кластер
құруды үйренді.
· қазақ тілінде
сөйлем құра отырып,мәтін құру
дағдылары қалыпқа келе бастады.
Сабақтан алған әсерлерін еркін
айтады.
· Оқушыларымның
сабаққа қызығушылығы артып, белсене
қатысатын болды.
Өз сабақтарымда АКТ-ны жеке,
жұптық, топтық жұмыстарда тиімді пайдаланумен
қатар, ой тастау, электронды көрсетілім арқылы сыни
тұрғыдан ойлауына бағыт бердім. Көрсетілімдер,
топтық жұмыстар оқушылардың танымдық
қабілеттерінің дамуына жағдай туғызды, сонымен
қатар оқушының белсенділігін арттырды.
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушы
тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйренеді.
Әрбір оқушы өз бетінше жұмыстанады. Оқушы мен
оқытушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасады.
Сонымен қатар оқушының ойлау қабілетіне де ықпал
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
ІІ-бөлім.
2 Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 27
қаңтар 2012ж.
3. Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Интернет
желісінен алынған ресурстар, қосымша материалдар