Жандарбеков Қажымұқан, Саққұлақов Темірхан, Жаңбыров Нұрлыбек

Қазахстан. Шымкент қ. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ

 

Оқу процесіндегі жауынгерлердің дамуындағы тәрбие   құрылымының теориялық-әдістемелік маңызы 

 

Қазақстанның Білім және ғылым қызметткерлеріне еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу – жалпы білім беру мектеп орталықтарында, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді [1].

Отанның қорғаушысы болуды армандайтын жүзден астам ұлдар мен қыздар білім алуда. Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Оқушылар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқуға тиіс. «Атамекен» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстарының жүргізілуі қазіргі заман талабына қажет болып табылатынын білуі  керек.  Оларды алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатыстырып, болашақта тәуелсіз Еліміздің тұтар аяулы ұлдары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Тоқтар Әубәкіров сынды батыр болуды армандауға тәрбиелеу.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгіліктілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрлі ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, Адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізеөсиет етіп кетті. Бұл саналар бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелейді.

Жеткіншектер мен жастарды болашақ жауынгерлік дәстүрлерге тәрбиелеуде үлттық мәдениеттің рухани және материалдық бағытын да назардан тыс қалдырмаған. Рухани мәдениеттің материалдарын, атап айтсақ, халықтың ауызекі поэтикалық шыгармашылығын (ойын өлеңдері, жаңылтпаштар, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, эпостық жырлар, айтыстар, термелер, т.б.), музыкалық шығармашылығын (әндер, күйлер), сәндік-қолданбалы өнерін балалардың көркемдік-эстетикалық талғамын, музыкалық қабілетін дамытуда, отансүйгіштік, ұлтжандыльқ қасиетін қалыптастыруда пайдаланса, материалдық мәдениет түрлері — өндіріс, ауылшаруашылық, күнделікті түрмыс әрекетіне қажетті құрал-жабдықтар, сәулет өнерінің мұралары арқылы еңбексүйгіштікке баулыған, еңбектің түрлерін меңгеруге, оларды  Отанды сүйе білуге үйреткен.

 «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихы Отаны».Олай болса, осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер де оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да – отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады. Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырларбойы басқыншы біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбайды, Қасым хан мен Абылай ханды қадір тұтып, қастерлейміз.Олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін үлгі - өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз [2].

Өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені, кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және оның бүкіл халқының ісі деп санайды.

Қарулы күшіміздің алдыңғы сапында ер-азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, перзенттік парызын орындауы – Отанымызға, ата мекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұн-мәні, имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі.

Отансүйгіштік сана халықты топтастырушы рухани күш бола түра, болашақ жауынгерлердің күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Сондықтан бастауыш әскери дайындық процесіндегі тәлім-тәрбие идеологиясы мен әдістеме жүйесі мектептің бойында республиканың төл азаматтары ретінде сезінетіндей көңіл-күйлерін қалыптастыруға тиіс.

Егемен мемлекет-Қазақстан Республикасы демократиялық құрылыс міндеттерін жүзеге асыра отырып, шиеленісті бәсеңдетуге және соғыс болғызбауға бағытталған бейбітшілік саясатты жүзеге асырып келеді.

Президент бастаған ел басшылығы мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі алдымен тәуелсіз егемен Қазақстан Республикасының құрылуымен байланысты жаңа тарихи жағдайларды ескеретін әскери көзқарасын дамыта отырып, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қарулы агрессиядан қорғану үшін қажетті жеткіліктілік деңгейінде ұстау үшін мүмкіндік болғанның бәрін жасап отыр.

Тәуелсіздікті баян ету, өркениетті елдермен терезесі тең, иық тіресе отырып өмір сүру үшін қазіргі жастардың бойында ұлттық намыс пен абырой, азаматтық пен имандылық, инабаттылық пен сауаттылық қасиеттерді кеңінен тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін біздің күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарымыздың негізі студенттерге сапалы білім беру, яғни болашақ бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің ұлттық сана-сезімдерін, қасиеттерін, мінез-құлқын, салт-дәстүрлерін, қалыптастыру керек [3].

  Жауынгерлік дәстүрлер - бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен мінез-құлық нормалары.

   Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері-белгілі бір қоғамдық құрылыстан туындаған дәстүрлер. Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлерінің маңызды жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халқына берілгендік, басқыншыларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армиямен флотқа сүйіспеншілік, әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық командирді құрметтеу және оны ұрыста қарғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға, жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі умтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, интернационализм және ұжымшылдық сезімі, егемен, демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.

   Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Біздің халқымыз үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық, Х ғасырда сақтар (скиф), (б.з.д.) ІV ғасырда ғұндар (хундар). Біздің заманымыздағы V-VІ ғасырда түріктер деген атпен енген бүгінгі қазақтар-сақтардың, ғұндардың, түріктердің, қыпшақтардың даңқты әскери-тарихының төл мұрагері.

  Бірінші кезеңі-сақтардың (б.з.д.) 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі (б.з.д) 512 жылы Дарийдің талқандауы (б.з.д.) 330-328 жылы А.Македонский әскеріне мықтап тойтарыс беруі.

  Екінші кезеңі-ғұндар империясы Н.А. Аристовтың айтуы бойынша, ғұндар тайпасына қыпшақ, қаңлы, үйсіндер және Жетісудан ығымқан сақтар жатады екен. Қытай қорғаны ғұндардан қорғану үшін бірнеше жеңілістерден соң (б.з.д.) 207 жылы салына бастағаны тарихтан мәлім. Европаға жеткен ғұндар патшасы Атилланың 451 жылы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим империясының құлауы ғұндардың әскери өнердегі қуаттылығын көрсетеді.

   Үшінші кезеңі-Түріктер империясы VІ-VІІ ғасыр Күлтегеннің ескерткіші арқылы өздерінің ата-бабасы Бумын Қаған, Истеми Қаған, туралы мағлуматтар береді.

   Төртінші кезеңі-Шыңғыс хан империясының құрамындағы қазақ тайпа, руларының 1224 жылы Руске жасаған жорықтан қайтқан соң меркіттер, наймандар, керейлер, қаңлылар, қыпшақтардан ерекше корпус құруды ұсынған. Шыңғыс хан мұны мақұлдаған.

   Бесінші кезеңі-Қазақ хандарының ХV ғасырда құрылуы Керей, Жәнібектің қазақтың мемлекетін қалыптастыруы, ХVІ-ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы, жоңғарлармен соғыстағы жеңістерге жеткізген әскери-өнердің жетістіктері [4].

   Қазақтың әскери құрылымы алғашқыда көшпелілердің әскери-ұйымдастыруы аңшылық ұжымдық негізінде, тәжірибе жинақтау арқылы құрылған. Мұны тарихшылар мен зерттеушілер әскери құрылымдар қаумалап, аң аулаудан бастау алып, мәдени шаруашылық топтасу арқылы басшы, аңшы, жинаушы негізінде құрылғанын жазады. Өйткені көшпелілердің аңшылық (орманшы көшпелілер), малшылық (далалық көшпелілер), негізгі асы ет болды. Сондықтан аңшылық ұжымдық қоғамға әлеуметтік-экономикалық қажеттілік арқылы, соның әсерінен көшпелілердің әскери өнерінің қалыптасуына әсер етті. Яғни қаумалап аң аулау көшпелілер қоғамында әскери-әлеуметтік шаруашылық аңшылық институты бола отырып, әскери жүйелер қалыптасты. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегідей мысалдар келтірейік.

1. Аңшылыққа көп адам қатысады.

2. Аңшылықтың қағидасы аймақты қоршап, аңды жібермеу.

  Осы элемент аңшылық негізден әскери негізге ауысқан. Аңшының мақсаты басып алу, тірі жібермеу, көзін жою. Осы аңшылық ұжымдық – ұйымдастыру фрмасы ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін сақталған. Топтасып ұйымдасу арқылы қаумалап аң аулау арқылы алдын ала басшылық ұйымдстыру шараларымен нәтижеге жетіп отырған. Осы көшпелілер сияқты қазақтар да осы негізде әскери қоғамы мен өнері, әскери құрылымдарының түрлері қалыптасқан: 10 000 – Түменбасы, 1000 – Мыңбасы және 10 – Онбасы.

   Мұндай әскери құрылымдар көктүріктер заманынан бастау алады. Бұл құрылымды көшпелілердің барлығы қолданды десе де болады. Оған көптеп мысал келтіруге болады. Шыңғыс ханның, Әмір-Темірдің әскерінде, Алтын-Орда, Абылай хан әскерінде құрылымдары да осындай болып келеді. Соғыс ісінің нағыз мамандары қазақ батырлары болған. Батырлық әскери институттың негізгі бағыттаушысы болып табылды. Сондықтан батыр, билердің көзқарастарымен хан санасып отырған. Тәуке ханның оң қолы найманның Садыр руынан шыққан Алдияр батыр болған. Батырлар ханның әскери және саяси кенесшілерінің міндетін атқарды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Аманжолов К.Р. Алғашқы әскери дайындық: Әдістемелік нұсқау. Мектеп мұғалімдеріне арналған құрал.-Алматы, 2003ж.
  2. Алғашқы әскери дайындық журналы. №4, 2005ж.
  3. Аманжолов К.Р. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарға арналған оқулық. –Алматы, 2006ж.