Магистрант Агибаева Айман Тургановна

 

«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

Сатпаев қаласындағы №4 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және  дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және  моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады.

Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттерде көрсетілгендей, «танымдық белсенділік» терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді: биологиялық (П.К. Анохин, В.М. Бехтерев, И.М. Сеченов т.б.); психологиялық (Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, В.С. Мухина, Б.Ф. Ломов); әлеуметтік (А.Н. Леоньтев, А.В. Петровский, Л. Рубенштейн); педагогикалық (Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Шукина, Т.И.Шамова).

Биологиялық аспект белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен  негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқым қуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады. (П.К. Анохин) Белсенділік бейне белгісі тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей детерминацияланған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. (В.З. Коган). Белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялык аспект тұрғысынан белсенділік С.Л. Рубенштейн көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л. Рубенштейннің пікірі бойынша, адамның белсенділігі былай түсіндіріледі: «сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды».

Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс-әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді. Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы материалды және  ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады. Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие – әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін. Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет болып табылады.

Танымдьқ белсенділік – жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама берілген. Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шамова, Г.И. Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бүл мәселе қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.

Қорыта айтқанда, танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Әдебиеттер:

1. Голубева Е. Л. П. К. Анохин создатель теории функциональной системы // Успехи физиологических наук. 1997. Т. 28. № 4.

2. Шамова Т.И. Активизация учения школьников. - М.: Знание, 1979. 96 с.

3. Сергей Леонидович Рубинштейн. Под редакцией К.А. Абульхановой, - М.: РОССПЭН, 2010.