ТОПОНИМДЕР
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Д.М. Кокеева ¹, Бокулева
Б.С. ², Елдекенова Ә.Б.³
Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
¹ dmkbuddy@mail.ru,
² aknazar0909@mail.ru,³ eldekenova94@gmail.com
Аннотация. Мақалада лингвoтарихи,
этнoмәдени, этнoтанымдық тaрихына қaтысты жәнe сoнымен
біргe жaлпы үнді тoпонимиясына тән зaңдылықтaр
қарастырылады.
Кілт сөздер. Топонимика, үнді
хaлқы, дүниeтаным, георгафия.
Алғашқы қауымдық
құрылыс кезеңіндегі адамдар өмір сүру үшін
күрес үстінде өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен, өсімдік, жануарлар дүниесімен тікелей
қарым-қатынасқа түсті. Олар күнкөріс пен
тіршілік жағдайында жер суға, табиғат
құбылыстарына тәуелді болып келді. Сондықтан олар,
ең алдымен өздерін қоршаған ортаның қыр
сырын, тыныс тіршілігін ұғынуға тырысты. Адамдар көне
замандардан бастап өздерін қоршаған дүниенің тау
тасына, өзен көліне, орман тоғайына, түз даласына, ой
қырына ат қойып айдар таға бастады. Алғаш пайда болған
атаулар күрделі сипатта болған жоқ. Олар әдетте жеке
сөздерден тұрды және ол атаулар қайталанып та біріліп
отырды. Бірте бірте ол сөздер географиялық терминдерге айналды.
Жалқы есімдер адам санасының дамуымен бірге күрделеніп, екі
немесе одан да көп сөздер тіркесінен құрала алатын
дәрежеге жетті. Ондай күрделі атаулар құрамында о баста
жеке бір обьектінің атауы ретінде пайдаланылған өзен,
көл, тау, дала, су сияқты сөздер қолданыла бастады.
Бара бара таңбаланып, обьектінің атауы ретінде оның сын-сипаты, сапасы және басқа да көптеген қасиеттері
негіз бола бастады. Бұл қай ұлттың болмасын
топонимиясының қалыптасуына тән ортақ
заңдылықтар.
Топонимика – ономастиканың
жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын,
мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын,
қазіргі жағдайын, грамматикасын, фонетикалық пішінін, жазылуы
мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі [1,
17].
Жер-су аттарының шығуы,
қалыптасып дамуында лингвистикалық факторлармен қатар
табиғат құбылыстарының, жер бедері мен көрік
келбетінің ерекшелік сыр сипаты, бейне көріністері,
қоғам өміріндегі тарихи, әлеуметтік экономикалық
және саяси өзгерістердің жай жапсарлары анық және
айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тірлік
болмысымыздың рухани байлығына тән мәдени ескерткіш
ретінде ғана құнды емес, бүгінгі таңда да
стратегиялық тұрғыдан зор мән мазмұнға ие.
Өйткені әрбір қоғам өмірі тарих деңгейінде
қандай да болмасын, жер су аттарының қатысынсыз болған
емес. Олар заман ағымына сай толысып, қазіргі өмірімізде де
ерекше қызмет атқаруда.
Әлемдегі жер-су аттарының сыр сипаттары
мен қойылу себептері, аталу заңдылықтары, тарихи даму жолдары
ғасырлармен үндес жатыр. Топонимика география, тарих, тіл білімі,
этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара
байланыста дамиды. Кез-келген аумақтың географиялық атауларын
жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топонимдер
екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі ірі
географиялық обьектілер атаулары болса, екіншісі кіші обьектілер атаулары
болып саналады. Бұларды ономастикалық ғылыми терминмен
макротопоним және микротопоним деп атайды.
Макротопонимия. Халыққа
кеңінен танылып, ресми тұрғыдан белгілі болған ірі
физикалық географиялық обьектілер аттары. Макротопонимдер сол
территориядағы табиғаттың көріністеріне және
байлықтарына, оның ландшафтарына, жер бедеріне, шаруашылығына
байланысты болады.
Ал микротопонимия белгілі аумаққа
тән ұсақ физикалық-географиялық
обьектілердің, яғни өзен мен көлдердің,
көлшік, бұлақ пен бастаулардың, құдық
пен жылғалардың, жыра мен сай салалардың, жота мен
төбе, төбешік, қыр қыраттарының, шабындық пен
пішендіктердің, қыстау мен жайылымдарының аттары. Бұл
макротопонимдер және микротопонимдер деген терминдерді тіл біліміне
алғаш рет А.В.Суперанская және Э.М.Мурзаев қолданды[2].
Хинди тілді ареалдағы
топонимдерінің ішінде сан жағынан молы да, көбі микротонимдер.
Олардың өлкеде мейлінше болуының заңды себебі де бар.
Хинди тілді ареал табиғат жағдайлары өте алуан
түрлілігімен ерекше. Әрқайсысының өзіне тән
табиғи жағдайларымен өзгеше келетін көптеген ландшафтар
табиғи немесе ландшафттық зоналар болып топтасады. Ал табиғат
зоналарының әрқайсысы ұзақ созылған
табиғи эволюция процесінде қалыптасқан және белгілі бір
климат жер бетінің су және жылу режимі қасиеттерімен, топырақ
өсімдік жамылғысымен, жануарлар әлеміне тән
ерекшеліктерімен, топырақ өсімдік жамылғысымен, жануарлар
әлеміне тән ерекшіліктерімен сипатталады. Хинди тілді
ареалдың жер беті жазық далалар мен шөлді құмдар,
өлкенің ландшафтарының көпшілігінің табиғи
бейнесі адамның шаруашылық қызметі жоғарғы
дәрежеде қызмет етеді.
Топонимдердің, әсіресе,
эндонимдердің ең негізгі қасиеті олардың
тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат
тарихы, мәдениеті және тіл жөнінде көне ғылыми
мәліметтер береді. Мысалы, географиялық атаулардың
құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай
тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға, олардың
өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған
жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру, бағытын
шамалауға, бұрынғы мәдени және экономикалық
орталықтарын, сауда жолдарын, т.б білуге болады. Осы мағынада
топонимдер тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы
мағлұмат береді. Географиялық атаулардың пайда болуын,
мән мағынасын айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістерді
зерттейтін топонимика ғылымы өз ішінде өзара байланысты
бірнеше салалардан тұрады[3]:
- ороним – жер беті бедерінің кез келген атауы;
- зооним – жануар атауларынан пайда болған атаулар;
- фитоним – өсімдік атауларынан пайда болған
атаулар;
- антропоним – кісі есіміне қойылған атаулар;
- гляционим – мұздық атаулар;
- дримоним – орман массивтерінің атаулары;
- этнонимдер – ру, тайпа атаулары;
- мифоним – аңыз,әңгіме,
эпостардағы қиялдан туындаған атаулар;
- спелонимдер – үңгір атаулары;
- некронимдер – қорған атаулары;
- инсулоним – арал атаулары;
- ихтоним – балық атауларынан пайда болғана
атаулар;
- орнитоним – құс атауларынан пайда
болған заттар;
- геоним – тек, ген, ұрпақ
кезеңінің атаулары;
- космоним – онимнің түрі, галактика мен
ғарыш денелерінің, жұлдыздар мен жұлдыз
шоғырларының атаулары;
- ойконим – қала, елді мекен атауы;
- хороним – топонимның түрі, табиғи
әкімшілік аумақтық бірліктердің атаулары;
- геоним – кен байлықтарының атауларынан пайда
болған аттар;
- гидроним – су нысандарының атаулары [4].
Топонимика
тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады.
Өйткені кейбір топонимдер архаизмдер мен диалектизмдерді
тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты
мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат
береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын
барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс
жазылуының маңызы зор. Жергілікті географиялық атауларды
басқа тілдерге қатесіз берудің іс жүзіндегі жолы,
транскрипция және транслитерация әдістері болып табылады. Бұл
әдістердің географиялық нысандары картаға, атласқа
түсірілгенде, түрлі әдебиет, бұқаралық
ақпарат құралдарының беттерінде және
коммуникацияның барлық саласында олардың атауларын
дұрыс жазуға көмектесетіні анық.
Кіші
аймақтық топонимияның
тағы бір ерекшелігі – аудан тіпті белгілі бір ауыл әкімшілік
(ұжымшар) территориясы көлемінде микротопонимдік жүйе құра
алатындығы.
Микротопонимдерге
тән тағы бір басты өзгешелігі – белгілі бір аса көлемді
емес (шектеулі) аймақтың аудан, ауыл (ауыл іші немесе маңайы)
микротопонимдік жүйесінде болуы. Осыған байланысты микротопоним
шартты түрде азғана адамдарға мәлім, уәжділігі
жергілікті тұрғындарға ғана белгілі және
ұсақ нысан (объект) атауы ретінде карталарда белгіленбеген.
Микротопонимдердің осындай сипаттары кіші аймақ (аудан)
топонимдерге, яғни аудан аймақтық топонимиялық
жүйе бірліктеріне тән деп айта аламыз.
Қазіpгі
үнді тіл білімінде ұлт, тіл, мәдениет
аpақатынаcтаpының, өзара бaйлaныcының жaңaшa
aнтрoпoцентpистік пapaдигмада зepттeлуі oнoмacтикалық мaтериалдарды
кeшенді түрдe, яғни үнді хaлқының cанасымен,
дүниeтанымымен, өміp cүрген тaбиғи ортаcымен,
ғаcырлар бoйы қалыптаcқан шaруашылығымен, т.б.
тұpғыда қаpастыруға үлкeн мүмкіндіктeр
бeріп oтыр. Хинди
тіліндeгі өтe бaй oнoмастикалық қoрда, сoның ішіндeгі
гeографиялық жaлқы eсімдер жүйeсінде үнді этноcына
қaтысты oрасан мoл этнoтанымдық aқпaраттар
жинaқтaлған. Осындaй мoл aқпaраттық бaйлықты
aнтропоцентристік пaрaдигма aясында қaрастыру зeрттeушілерге үнді
жaлқы eсімінің oнтoлогиялық тaбиғaтын, көп
қыpлы eрeкшеліктeрін тaну мeн сипaттауға жoл aшады.
Пайданылған әдебиеттер
1. Caғындықовa Э.Ө. Топонимикa
пәніне aрналған әдіcтемелік нұсқау. –Ақтау, 2011. –– 89 б.
2. Зоонимдердің қазақ
ономастикасындағы алатын орны. // «Әуезов оқулары- 5»:
«Қазақстанда гуманитарлық ілімдердің дамуы: ізденістер,
даму перспективалары мен бағыттары» атты халықарарлық
ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Шымкент, 2006. – Б. 150-154.
3. Қазіргі дүние географиясы: география,
экономика маман. студ. арналған оқу құралы / Р. Н.
Кенжебаева, А. Қ. Ибраимова, С. Р. Нұртілеуова. – Алматы : Нурай Принт Сервис,
2014. – 219 б.
4. B.W.
Pandey . Natural Resource Management. – Mittal Publications, India Language English, 2005. – 226 p.