ЖАЗУ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЖЕТІЛУІ
Султанова
Айнур Амандыковна,
Е.А.Букетов
ат. Қарағанды мемлекеттік университеті
Ғылыми
жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Мажитаева Ш.
Жазу (жазба тіл) – адамдардың кеңістік пен уақытқа
тәуелдіболмай, өмірдің барлық саласында кең
түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін
құрал. Көшпелілердің жазу тарихының негізін
қалаған пиктография(суретті жазу) «1-сурет» мен пиктограммалар (суретті
таңбалар) [1,101] Жазу өнерінің бастапқы түрі
болып табылатын бұл таңбалар қашап сызу және
түрлі-түсті бояулармен нақыштауға дейінгі ұзақ даму жолынан өткен.
Тастағы бейнелер сол кездегі адамдарды, тұрмыс, аң аулау, мал
бағу сияқтыөмір көріністерін ғана емес,
мәдениеттің пайда болу нышандарын да көркем нақышта
бейнелеген. Пиктографиялық жазудың белгілі бірыңғай
мәні болмаған. Себебі бір тектес суреттің өзі әр
түрлі оқиғалар туралы баяндаған. [2,11]
1-сурет//Dikie-Plemena.ru
Пиктографиялық жазудың тәсілін
қазіргі уақытта дакездестіруге болады(2-сурет) Мысалы, көшеде
жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі
белгілердің, дүкен мен шеберханалардың жарнамасындағы
бас киімнің, аяқ киім түрлерінің суреттері, сағат
тағы да басқа суреттердің пиктографиялық сипаты
жетерлік.[2,12]
2-сурет//Dikie-Plemena.ru
Пиктографиялық
жазудың біртіндеп даму барысында идиографиялық жазу пайда болды.
Бұл жазудың таңбалары идиограммалар деп аталады.
Пиктографиялық жазудан айырмашылығы таңбалардың
формасында емес, мағынасында. «3-сурет» Себебі идиографиялық
таңба жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін
белгілейді. Дәл осы жазу үлгілерін өте ертедегі қытай
мен шумер жазуынан көруге болады.Мысалы; «кәрілік» дегенді
таяққасүйенген адамның суреті, «салқын» дегенді
түтіктен аққан судың суретін білдірсе,
күннің суреті «ыстық» мағынасын, ал екі аяқ
«жүру» мағынасын білдірген. [3.549]
3-сурет//Altun-orda.kz
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды.
Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді, яғни
сөз құрамындағы әрбір буын графикалық
таңбалармен беріледі «4-сурет».
Ертедегі буын таңбалары біздің заманымызға дейінгі үш мың
жылдықтың бас кезінде шумер жазуында бір буынды сөздерді
таңбалаған логограммалардан пайда болған.
Буын жүйесі
шығу тегі жағынан үш топқа бөлінген:
1.
Логографиялық
жазудың даму барысында жасалған крит, майа, кипр жазулары
2.
Эфиопия, Үнді
буын жазулары
3.
Жапон буын жазуы,
лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі.
Буын таңбалары
ең алғашында бір буынды сөздерді белгілейтін идиографиялық
логограммалардың негізінде пайда болған. Мұндай логограммалар
о баста омонимдес сөздерді таңбалап, фонетикалық
логограммаларға айналғанда, кейін көп буынды
сөздердің олармен (омонимдес) ұқсас дыбысталатын
бөлшегін белгілейтін болған. [3.550]
Буын жүйелі
жазудан кейін кәдімгі әріп жазуы пайда болды. Жазу
жүйелерінің ішінде әріп жазуы ең қолайлы жазу
болып табылады.
Сөздердің ғана емес, сонымен бірге
олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да
дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы
жазу. Әріп жазуының таралуы біздің заманымызға дейінгі
I мың жылдықтың алғашқы ғасырларынан
басталды. Бұл жазу екі түрлі бағытта таралды:
1.
Ертедегі әріп
жазуы (фин жазуы, ежелгі еврей жазуы, арамей жазуы)
2.
Консонатты-дыбыстық
жазу.
Ондағы
таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған.
Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда
дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып,
қалыптасқан. Шығыстағы әріп жазуы жүйелерінің
барлығы да шығу тегі жағынан арамей жазуына барып тіркеледі.
Финикия жазуы негізінде пайда болып
арамей арасында кең қолданылған көне жазу түрі.
Бірыңғай дауыссыз дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыз
дыбыстан кейін дауысты дыбыс қосылып оқылады. Оңнан солға
қарай жазылады. Арамей жазуын ежелгі семит халықтары-еврейлер,
ассириялықтар,вавилондықтар және басқалар
қабылдай бастады. Арамей жазуынан тараған жазулардың
төрт түрлі бұтағы бар:
1.
Еврей жазуы,
2.
Иран жазуы
3.
Сирия жазуы
4.
Араб жазуы
Осы жазулардың ішіндегі араб жазуына ерекше
тоқталсақ. Араб жазуы құрылысы жағынан флективті,
сөздерінің түбір құрамы консонатты болып келетін
семит тілдері үшін қолайлы болғанымен, басқа тілдер
үшін жанасымды бола алмады. Араб жазуы түркі тілдерінде
сөйлейтін халықтарға ертеректе тараған
болатын.Бұл жазу түркі тілдерінің дыбыстық
құрамына да,агглюнативті сипатына да сай келмеді.Сондықтан
оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз
тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып
өзгертті,қосымша әріптер мен диакритикалық белгілер
енгізді «6-сурет».
Қазақ тілінің жазу тарихында
әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан
өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.Бірнеше
ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген
әліпби жүйесін пайдаланып келген. Қазақ
қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб
жазуы «қадим», «жәдид» деп екіге
бөлінеді.Зерттеушілердің көрсетуі бойынша,«қадим» жазу
үлгісіне ХVІ-XVII ғасырлар аралығындағы тарихи негізі
бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына
ортақ еңбектерді, ал «жәдид» жазуына «Түркістан уалаяты»,
«Дала уалаяты»тәрізді алғашқы қазақ
газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін
жатқызады.«Жадид»«қадим»
жазу үлгілерінде кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін
графикалық таңбалар, сонымен қатар халықтық
тілден едәуір алшақта болды.Араб жазуындағы осындай
үйлесімсіздікті жоюға арналған алғашқы
қадам «Дала уалаяты», «Айқап» беттерінде көтеріледі.[3,548]
6-сурет//Dikie-Plemena.ru
Қазақ
халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр
бойы араб жазуын пайдаланды. Тек ХIХ ғасырдың екінші жартысынан
бастап қана оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин
тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық
жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не
осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Дәл
осы пікір ағымын өздерінің мақсаттарына шеберлікпен
пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуын
кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына
көшіру идеясын қызу уағыздады. [3,552]
Н.И.Ильминскийдің
пікірінше, алфавит қай уақытта да дінмен бірге
қабылданған. Мысалы, Батыс Еуропа латын алфавитін латын шіркеуі,
орыстар грек алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаған.
Татарлар да өзге мұсылман елдері тәрізді араб жазуына ислам
дінініңт таралуына байланысты көшкен. Араб жазуы – ислам дінімен
байланыстырушы үлкен құрал. [4,20]
Әдетте, сөз құрамында айтылатын
тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы
және оған орай оқылуы үшін белгілі бір
таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық
таңба-әріптермен таңбаланады. Осындай ретпен орналасқан
әріптердің жиынтығын алфавит деп атайды. Өте-мөте
кең таралған алфавит латын мен орыс. Ал түркі тілдерінде
сөйлейтін халықтардың
алфавиті 20-шы жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген
алфавит болды. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының
негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Латын графикасы негізіндегі
алфавит сауатсыздықты жоюға негіз болды.Осындай жетістіктер
жағы болса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген
сөздер мен терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты
қолайсыз жағдайларға ұшыратты.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы
зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың
алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол
бүкіл саналы өмірін қазақ
жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа
тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып,
қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.1910
жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы
емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық
ерекшеліктеріне сай етіп,сингармониялық ұлттық әліпби
түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық
жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі
тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын
әліпби құрастырады. А.Байтұрсынов
реформалаған қазақ
графикасы ресми түрде 1924 жылы ғана Орынборда өткен
қазақ-қырғыз білімпаздарының
тұңғыш құрылтайында қабылданады.
1910 жылдан бастап А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ
халқының үндестік заңына ыңғайластырып
реформалады,оның реформалаған жазуын түркі жұрты
ең озық жүйе деп таныса да,орыс жазуын бірден алу түркі
тілді халықтардың қарсылығын туғызатындығын
түсінген жаңа түркі(латын)орталық уақытша латын
жазуын уағыздап,түркі халықтарына алғаш латын жазуын
қабылдатты.1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен
кейін латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп,1940
жылдан бастап түркі халықтары,оның ішінде
қазақтар да орыс графикасына халықтардың тілегі бойынша
деген сылтаумен көшірілді.Орыс алфавитіндегі 33 әріп түгелдей
қабылданып,оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды
таңбалайтын 9 әріп алынды да,әріп саны 42-ге жетті.Орыс
тілінде жоқ дыбыстардың қазақша таңбалары(қ,ғ,ә,ө,ұ,ү,і,ң,һ).
Қорыта келгенде,қазақ жазуы - қазақ
тілінің әріп таңбалaрынан тұратын жазу жүйесі.
Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу
жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы
қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына
oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін,
Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі
мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын
рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр.
Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір
сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ
ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі
- aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929
жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін
жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті.
Оны Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп,
Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды.
ХХ ғасырдың бaсындa А.Байтұрсынұлы араб жазуын
қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп,
қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби негізінде кітаптар
жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай,
Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби
негізінде жaзылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын
графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап
қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн
әліпби қолданылуда. Қазіргі кездe қоғамдa лaтын әліпбиінe
көшу мәселесі көтеpілy үстінде. Түркия,
Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты
мемлекеттілігі бaр туыcқан халықтaр осы лaтын әліпбиін
қолдaнaды. Дүниежүзілік ақпаратта латын
әліпбиінің oрны үлкeн. Сондықтан латын әліпбиінe
көшу мәсeлесі өз кезегіндe шешімін табуы мүмкін.
Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын
мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн
әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ
әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне
oң ықпал етпек.
Пайдаланылған әдебиттер:
1. М.Ш. Өмірбекова Сақ (Скиф) Тарихы мен мәдениеті. Алматы,
2004, 101б
2.
М.Мамажанов. «Асыл мұра» Алматы
Қазақстан 1993 жыл
3.
«К.Аханов.Тіл білімінің
негіздері.Алматы,2002жыл 548-552бет»
4.
Ильминский Н.И. Из переписки по вопросу о применении
русского алфавита к инородческим языкам. Казань, 1883, 20б
5.
Dikie-Plemena.ru
6.
Altun-orda.kz