Өскемен қаласы С. Аманжолов
атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті
«Психология және
педагогикалық коррекция»
кафедрасының аға
оқытушысы, магистрі Матаева Б.Ү.
«Дефектология» мамандығының 3
курс студенті
Валиулина А.А.
Дамуында кемістігі
бар балаларды тәрбиелеудегі жанұяның
рөлі мен міндеттері
Дамуында
ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі- жанұя
және оның жақын тустары үшін қиын ауыр сәт.
Дамуында кемістігі бар бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік
қоршауы болса, екінші жағынан тәрбиелік орта. Баланың
алғашқы өмір сүруі мен қалыптасу қадамы
отбасында өтеді. Сондықтан тұлғаның
қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Бала
кемістігін ата-аналар әртүрлі қабылдайды, жанұяда
дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік
мәртебесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көптеген
ата-аналар отбасы материалдың шығындарының өсуімен
кемтар баланы емдеу және тәрбиелеу үшін жұмыстарын
тастап кетуге мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе
әкелері проблеманы көтере алмай отбасын тастап кетеді. Толық
емес отбасында тәрбиеленетін балалар жағымсыз әдеттерге
жақын үлгерімі төмен болады. Кейбір ата-аналар балаға
қажетті көңіл бөлмейді, бала өзімен-өзі
болады. Бұл бала кемістігінің терендеуіне екіншілік
ауытқудың туындауына себеп болады. Екінші бір ата-аналар баласын
шексіз еркелетіп қорғаштайды, аялайды, барлығын кешіреді,
қорғансыз, ерке мүгедек пайда болады, мамандар аталмыш
балалардың ата-аналарымен нәтижелі жұмыс жүргізу
үшін отбасылық эмоциялық қарым-қатынастарын
зерттеуді қажет етеді. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру
жұмысы отбаснды барлық
жанұя мүшелерінің,
жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, қалыпты әрі
жүйелі жүргізу қажет. Ата-аналарды балаларына қоршаған
орта туралы алғашқы түсініктері мен әр түрлі
дағдыларға үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы жетілмеген
деп кемсітіп, олардың адамдық құқығын
шектейміз, оларды жеке тұлға ретінде барлық балалармен тең құқылы
екенін ескеруіміз керек. Мүмкінгі шектеулі балалардың ең
жақсы тәрбиесі, түзету жұмыстары-оларды
күнделікті өмірге тарту. Бұл ата-ананың баланың
реаблитациясына белсене қатыса отырып, жақсы
қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Ата-аналардың
басты міндеттері мыналар: балалары үшін барлық қажеттіліктерді
орындай емес, олардың дербес
өмір сүруіне көмектесу. Біздің қоғамның
басты міндеттері- арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму
кезеңінде баланың мүмкіндігінің алдын алу, өзекті
мәселесі ретінде қарастырылады. Қазір республикамызда 5
деңгейлі мемлекеттік мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте
жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі
әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр.
Мүмкіндігі
бала дені сау балалар дамитын заңдармен дамиды, бірақ
қоршаған ортаға бейімделуі үшін компенсаторлық
мүмкіндіктері аз болады, сондықтан мұндай бала
ұзақ дұрыс ұйымдастырылған түзету
тәрбиесін қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі бала
қарапайым санитарлық
гигиеналық және еңбек дағдыларын игеріп,
қоршаған орта туралы танымдарын білу керек. Баланы отбасында
тәрбиелеуімен және түзету тәрбиесінің ерте
бастауы - бұл баланың психо-моторлық дамуынық жағымды
динамикасы. Сондықтан ата-аналар мамандармен тығыз
қарым-қатынас жасауы керек (әлеуметтік педагог, психолог,
логопед, дефектолог). Бұл мамандар ұсыныстары ата-аналарға
баласын жақсы түсінуге,
қарым-қатынасты жақсы орнатуға үйретеді, қоршаған
ортаға толық бейімделуіне көмектеседі. Өмірінің
алғашқы айынан баланы өзі не істей алса соны өзі істеуге,
ойыншықтарын өзі алуына, өзі киінуге, тамақтануға
үйрету керек. Мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс бастауды
ата-аналар ескеретін ережелер:
1. Түзету жұмыстарын ерте жастан
бастаса, түзету жұмысы тиімді болады.
2. Бала өзін тыныш, ыңғайлы
сезінуі керек.
3. Баланың
жетістігін мадақтау керек, дұрыс істемеген жағдайда
жазаламай, ұрыспай ақырын түсіндіру керек.
4. Қойылатын
талаптар жүйелі және отбасы мүшелеріне бірдей болу керек.
5. Әр баланың өзінің
жеке қасиеттері мен қабілеттері бар және олар
барлығында тең болмайды.
Бала үшін отбасы не істеу керек?
Ең алдымен,
оның дамуындағы проблемаларға сәйкес өз баласына
тән қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек.
Бұл тиімді емделуге және реаблитация жолын тандауға
көмектеседі, баланың отбасында өмірге бейімделу мүмкіндіктерін
анықтайды. Баланың ата-анасын реаблитацияға белсенді араластыру. Әкелер рөлін көтеру тәрбие бағытын дұрыс тандауға көмектеседі,
ана тарапынан тым қамқорлық қаупін азайтады және оған түсетін дене
бітімдік психологиялық күшті төмендетеді.
Ата-аналар реабилитацияға бірлесіп қатысуы жанұяның және жанұя мүшелерінің балаға оптимистік
қарым-қатынасына
септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі бала толық отбасында, өзін жанұяда керек
екенін түсінсе, бұл баланың психологиялық
ахуалының жақсырауына
септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде жанұя
ерекше қызмет атқарады.
Себебі ата-аналар баласы үшін бірінші
тәрбиешісі.
Баланың
психомоторлық дамуының жағымды
динамикасының тәуелді шешуші фак
торлары бұл
жанұяда тәрбиелеудің пара-пар жағдайлары және
комплексті реабили
тацияны ерте бастау. Сондықтан
ата-аналар мамандармен тығыз
байланыста жұмыс істеу керек.
Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ең жақсы реабилитациясы- бұл оларды күнделікті өмірге тарту екенін есте ұстаған жөн, ол ойын және
бірлескен қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Әрине, әрбір ерекше
балада өзінің ерекше қажеттіліктері бар, оны ата-аналары мен мамандар қанағаттандыра
алады. Ата-аналардың нақты көмегі мынада:
балалары үшін барлық қажеттілікті орындауды үйрену емес, олардың дербес болуына көмектесетін дәрежеде
көмек көрсету,
белсенді өмірлік бағыт ұстану.
Дамуында кемістігі бар балаларда дені сау
балалар дамитын зандармен дамиды, бірақ
қоршаған ортада да
бейімделу үшін компенсаторлық мүмкіндіктері
біршама аз болады. Сондықтан бұндай бала ұзақ, дұрыс ұйымдастырылған түзету тәрбиесін қажет етеді,
ол қазіргі уақытта бар бұзылуларды компенсациялау, жеңуге, болашақты олардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған.
Дамуында ерекшілігі бар баланың қарапайым санитарлық, гигиеналық және еңбек дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын игергені, қоршаған дүние туралы түсініктерінің болуы, мүмкіндігінше
дене бітімдік даярлығының болуының өте маңызды.
Өмірінің алғашқы айынан бала нені өзі істей алса соны өзі істеуі керек, тіле-
ген ойыншығын өзі алуы,өзі отыруға, тамақтануға, тұруға, киіммен әрекет етуге
тырысады. Еш жағдайда балаға тым қамқорлық жасауға болмайды, керісінше баланы өзі алатын әрекет
жасайтын жағдайларға көп қалдыру
керек.
Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттер бес бағытқа бөлінеді:
- Өзін-өзі тануға қабілеттілік;
- Өзіне қамқорлық алу қабілеттілігі:
- Заттын дүниеде бағдарлану қабілеттілігі;
- Қоршаған дүниеде өзін танып,
анықтауға қабілеттілігі;
- Қоғамда өмір сүру қабілеттілігі.
Дамуында
ауытқуы бар баламен жұмысты бастауда, ата-аналар келесі ережелерді
есте ұстағандары дұрыс.
- сабақты мүмкіндігінше ерте бастаған
дұрыс. Бала кіші болса, жұмыс тиімділігімен нәтижелілігі
сонша жоғары.
- егер бала үшін
қызықты болса сабақ жемісті болады.
- бала өзін
ыңғайлы және тыныш сезіну керек.
- бала жетістігін жиі
мадақтау, жол болмаған жағдайларда ұрыспау.
- балаға қойылатан талаптар жүйелі және
жанұяның барлық мүшелеріне бірдей болуы керек.
- баланы оқыту практикалық бағыттылықта болуы керек.
Әлеуметтік
зерттеулер мынаны көрсетеді: дамуында проблемалары
бар балалары бар жанұяларда тәрбиеге әр түрлі бағыттар, жанұялық тәрбиенің әртүрлі типтері қалыптасады, ол болашақта бала жеке басының ерекшеліктерін, мінезін, оның жақсы жақтары және
кемшіліктерін анықтайды.
Баланы «жанұя
табынушысы» типінде тәрбиелеуде онда жеке бастын жағымсыз қасиеттерін
қалыптастырады. Бала тәрбиесі-ол ұлы іс.
Кейбір жанұяларда тәрбиелеуде қарама-қайшылықтар кездеседі, жанұя мүшелерінің әр түрлі тәрбие
стилдерінің болуы баланың
қоршаған жағдайға қызбалықпен жауап
беруіне әкеледі. Мұндай балалар
қызба ешкімге, ешнәрсеге сенімсіз болып келеді.
Дамуында ерекшелігі бар баланы жетілмеген,
болашағымыз кедергі деп олардың адамдық құқығын шектеу түрінде емес, жеке тұлға ретінде қабылдау керек және
оны адам құқығы мен тен мүмкіндіктер көзқарасында қарастыру қажет.
Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне
отбасының әр бір мүшесі жауапты. Өйткені
мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды
алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау
басталады.Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде
дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардық көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы
тәрбиелеу мен оқытуды
талап етеді. Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы
қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен
қарым-қатынасын анықтау,олармен бірдей деңгейде
араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту
және қоғамның болашақ өз-өзіне
сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен,
әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы
керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды
азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді.