Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

Матаева Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,

 «Психология және педагогикалық коррекция»

 кафедрасының аға оқытушысы

Ергеш Жұлдызай

Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының

3 курс студенті

 

Жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

Әлеуметтік педагогика оқулығының авторы жетім балаларды зерттеуші ғалым І.Халитованың еңбегі бойынша,әлеуметік педагогикада және тиісінше ғылыми зерттеу жұмыстарында «табиғи жетім» және «әлеуметтік жетім» деген екі ұғым қолданысқа енген.Табиғи жетім әр түрлі себептермен әкесі не шешесі қайтыс болуы салдарынан олардың бірінің қамқорлығынан айырылған балалар жатады.Бұдан басқа,тағы да сол табиғи себептермен әкесі не шешесінен бірдей айырылған балаларды «тұлдыр жетім» деп атайды.Әкесі не шешесі қарамай тастап кеткен,не болмаса заң жолымен ата-ана құқығынан ажыратылып мемлекет қарауына алынған балаларды «әлеуметтік жетім» деп атайды.Оларды былайша топтастыруға болады:

-әке-шешесі қайтыс болған;

-ата-аналық құқығынан айырылған немесе шектелген;

-әкесі,не шешесі(кейде екеуі бірдей) хабарсыз жоғалып кеткен;

-ата-анасы екбекке жарамсыз болғандықтан бағып-қағуға шамасы келмейтін;

-әкесі не шешесі абақтыға жабылған немесе уақытша тергеу орындарында отырғандықтан;

-балаларын өсіріп,тәрбилеуден біржола бас тартқан;

-перзетханаға не сәбилер үйіне уақытша қалдырған баларын алмай кеткен;

-өз балаларын емдеу немес сауықтыру т.б мекемелерден алудан бас тартқан;

Әлеуметтік жетім-отбасындағы дағдарыс жетімдіктің екінші категориясы кезеңіндегі баланың құлықтық қондырғылардың құлдырауында панасыздықдың,қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады.Әлеуметтік жетімдер мәселесі әлемдегі кез келген мемлекетте кездеседі,мысалы, АҚШ-та ауруханалар мен перзентханалар және арнайы мекемелер тастанды балаларға толы.Оларды “тастанды балалар”, “керексіз” не болмаса “қаламаған балалар”,“жетімектер” деп айтады. Қазіргі кезде Ресейде, Қазақстанда,Қырғызстанда және Орта Азия елдерінде де қараусыз қалған балалар саны көбеюде,сондықтан әлеуметтік жетімдер мәселесін шешуде көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы тәрбиелеуде-әкесі не шешесі,некеден тыс туған балалардың тууының саны ұлғаюы.Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез-құлығына,яғни психикасына әсер етеді.Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде деген сұрақ туындайды,яғни:1)ата-ана құқықтарынан айырылғандар санының көбеюі;2)некесіз туған балалар;3)тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуі; Мұндай жағдайларда жетім балалар кәмелет жасына толғанша қамқорлықты мемлекет не бір ұйым өз мойнына алады.

Экспертті зерттеу барысында анықталған қазіргі кездегі жетімдіктің негіздері.Жетімдікті тудыратын негізгі жағдайлар:

-Экономикалық-әлеуметтік жағдайлар.

-Саяси жағдайлар.

-Табиғат апаттары.

-Өндірістік жағдайлар.

Қоршаған ортаның жетімдерге тигізетін кері әсері, ол ата-ана не жақын туыстарының жылулық сезімдерінің жеткіліксіздігі,отбасы мейірімінің кемшілігі.Балаларға әсер етіп отырған бұл жағдайлар олардың ақыл-ой дамуына,тұлға дамуына кері әсерін тигізеді.Көбінесе бұндай балаларда ақыл-есінің дамуында кемшіліктер,жыныстық идентификациясының бұзылуы,нашақорлық пен қылмысқа бейімділік байқалады.Мұндай балалар қарым-қатынаста өздеріне көңіл аудартқысы келе тұра одан қашады,ашу-ызаға беріледі немесе түңіледі,кейіннен өзін жинақтай алмайды.Балалар үйі жағдайында балалар арасында өзара қарым-қатынас орнайды.Отбасында отбасылық «біз» және «бөтендер», «біз және олар» интернаттық сезімі қалыптасады.Бөтендермен бәрі ерекшеленеді,бірақ бала өз тобында шет қалып қояды.Олар адамдарды жатсынып оқшаулануды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды.

Мемлекет пен арнайы ұйымдардың мақсаты-баланың құқығынан қорғау және оқыту,тәрбилеу секілді әлеуметтендіру шаралары арқылы қатарға қосу. Жетім балаларды қамқорлыққа алудың мемлекттік формалары жүзеге асады.Олар:уақытша қабылдау отбасылары,сәбилер үйі,мектеп интернаттары,отбасылық түрдегі балалар үйі.Бұл мекемелерде адамдардың ерекше категорияларымен жұмыс істейтін,олардың бойындағы достық пен сүйіспеншілік,бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оята білетін-әлеуметтік педагог.

1.   Балалар үйі,интернаттағы тәрбиленушілерді қоғамдық өмірге бейімдеудегі әлеуметтік педагогтың әрекеті.

2.   Еңбекке баулу арқылы балалар бойында дағдылар мен қабілеттер қалыптастыру,нарық заманында оларды бәсекеге түсе алатындай маман етіп даярлау.

3.   Әрбір жетім балалар тәрбиелейтін мекемелерде өзіндік жеке бағдарламасы бойынша жұмыс ұйымдастыру.

4.   Баланы белгілі бір іс-әрекет,еңбек арқылы өзін-өзі жақсы сезініп,өз бағасын өзі бере алатындай етіп тәрбилеу,жеке тұлға етіп қалыптастыру.

5.   Интернат тектес мекемелердің «ашық түрде»дамуына жол ашу,көмек көрсету.

6.   Асыранды ұл,қыздар мен асырап алушыларды үнемі құттықтап,көмек көрсету.Мұндай жайт,келешекте асырап алушылардың санын көбейтуге оң ықпалын тигізеді.

Жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған ,асырап алынған  балалармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс барысында әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті әрдайым басқа мамандардың іс-әрекетімен бірге болады.Олар:әлеуметтік жұмысшылар, медиктер, психологтар, дефектологтар және т.б. Балаларды әлеуметтік қатарға қосу қызметі, яғни жетім балаларды қамқорлыққа алу екі жолмен жүзеге асырылады-асырап алу немесе мемлекеттік қамқорлыққа беру.

1.     Асырап алу –баланы қорғаудың арнайы және аса маңызды түрі,сот шешімі мен жергілікті ұйымдар тарапынан баланы асырап алғысы келген жұбайларға не жеке адамға,туысқандарына отбасы мүшесі ретінде тіркеп беру жүзеге асырылады.Баланы асырап алған кезде ол қандай да бір орнын басу емес,отбасы мүшесі болу керек.Асырап алу соттың шешімі арқылы орнатылады.

2.     Мемлекет қамқорлық-баланың дамып,қалыптасуына жағдай жасайтын арнайы балалар үйіне,бас амандығын қамтамасыз ететін орындарға,уақытша бағып-күтетін мекемелерге,мектеп-интернаттарға орналастыру.

Мемлекеттік жүйеде жетім балаларды қамқорлыққа алу мекеменің ерекше түрі-баспана болады.Баспаналау мекемесінің басты мақсаты-асырап алу,отбасына оралу,қамқоршы болу басқа да әлеуметтік институттарға орналасу мақсатымен уақытша тұратын,өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды орналастыру.Балаларды уақытша қабылдау орындары да мемлекет тарапынан қамқорлыққа алады.Мұндай балаларды басқа бір отбсы асырап  алғанша,не болмаса арнайы мекемелерге өткізіп бергенше,не баланың өз отбасы қайтарып алғанша ғана асырап алады.

Жалпы балалар үйінде,мектеп-интернаттарда,отбасылық балалар үйінде жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-ондағы тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мен қатарға қосу болып саналады.

Балалар үйіндегі жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін  В.С.Мухина, М.И.Лисина, Е.О.Смирнова т.б. зерттеген.Олардың зерттеулерінің нәтижелерінен шыққан қорытындылары-мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілер адамдардың ықыласы мен мейіріміне,ізгілікті қарым-қатынасына мұқтаж.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәртебесін анықтауға байланысты-туу туралы куәлік,төлқұжат алу,әке-шешесінің жоқтығы туралы куәлік,жәрдемақы,зейнетақы,алимент алу балалар үйінен шыққан соң жұмысқа орналастыру,баспанамен қамтамасыз ету секілді басқа да көптеген жұмыстар да әлеуметтік педагог және әлеуметтік қызметкердің міндеті.

Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті баланың әлеуметтік мәртебесін анықтаудан басталады.Баламен әңгімелесу,тестілеу,сұхбат,құжаттарымен танысу арқылы оның жеке басының ерекшеліктерін,қабілеттерін,ақыл-ой мүмкіндіктерін,тәрбилеуге көнуін,қасиеттері мен денсаулығын, психикасының ерекшеліктері мен балалар үйіне дейінгі көрген тәрбиесі мен жинақтаған тәжірибесін,оқуын т.б. анықтайды.Бала үнемі басқа да құрбыларының ұжымында болғандықтан ортаны танып-білу жұмыстарын жүргізеді.Осыған орай әлеуметтік педагог баланың күйзелісінің сипатын,мысалы,денсаулығы,психикасы,тәрбиесінің кемшілігі мен дене мүмкіндіктерін біліп одан соң онымен жұмыс-бағыттарын-оқыту,тәрбиелеу,емдеу,қолдау секілді т.б. белгілейді.

Әлеуметтік педагогтың тағы бір аса маңызды міндеті-баланың мүддесін,құқығы мен міндеттерін түсіндіруде әкімшілік органдарының қызметкерлерімен жұмысын үйлестіре отырып жүргізу.Балалар үйінің түлегі туралы мәліметтерді басқару органдарына білдіріп,оның оқуға түсуі,баспапамен қамсыздануы,материалдық ахуалы,жұмысқа орналасуы секілді жұмыстарды қадағалап отыруы керек.Бұл жұмыстардың барлығы балалар үйінің типтері,жұмыс сипаты,баланың басындағы проблемалар,денсаулығы,даму деңгейлеріне қарай ұйымдастырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ісламия Халитова «Әлеуметтік педагогика» 2007.-200 бет.

2.А.К.Игибаева, Б.Т.Абалакова, А.К.Козыбаева «Әлеуметтік педагогика» 2015.-194 бет.

3.Ғ.У.Қабекенова, Б.Ә.Есенбаева «Әлеуметтік педагогика тарихы» 2011.-232 бет.