Өскемен
қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Матаева Бақытгүл
Үкіжарқызы магистр,
«Психология
және педагогикалық коррекция»
кафедрасының
аға оқытушысы
Ергеш Жұлдызай
Өскемен қаласы С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ
«Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану» мамандығының
3 курс студенті
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу
мәселесі.
Суицид(лат.тілінен
sui-өзін+caedare-өлтіру)- өз-өзіне қол
жұмсауға икемді адамның әрекеті,бұл адамның
өзінің ішкі болмысына жасалған қатыгездігі,яғни
жауыздығы.Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз,психикалық
тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады.Мамандар
суицид оқиғасының жиілеуіне әр түрлі себептерді
алға тартады.Соның ішінде әлеуметтік жағдай, тиісті
отбасылық және қоғамдық тәрбиенің
жоқтығы,моральдық және физикалық
зорлық-зомбылық ,есірткі қолдану,жоғары сынып
оқушыларының төменгі сынып балаларына күш
көрсетуі сияқты жағдайлар негізгі факторлар болып табылады.
Өз өмірін қиюға
бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі
таңда бүкіл жаһандық қоғамдық
мәселеге айналып отыр.Атап айтқанда,ересектер тарапынан
баланың саналы деген талап-тілек, мұхтаждықтарын
өнегелі тұрғыдан ескрмеу,олардың жас мөлшері мен
балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты
кемшіліктерден болып жатады.
Балалардың
өзіне-өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі
мәселелерге байланысты болады:
-баланың достары болмаса;
-ешкіммен араласпаса;
- ата-анасымен сырласпаса;
-ешкімге сенбесе;
-қымбат адамын жоғалтса;
-сүйген адамы қарамаса;
-ата-аналары ажырасып,олардың махаббатын жоғалттым деп ойласа;
-жасөспірім қыздар
тұрмысқа шықпай тұрып жүкті болып қалса;
-басқа адамдар
қорлап,кемітіп,тіл тигізсе;
Балалар өз
проблемаларын ашылып ешкімге айтпайды.Біреуге айтса,елдің бәріне
жария болып кете ме деп қорқады.Жасөспірімдердегі
өз-өзіне қол салу ойы
өмірдегі кездескен дағдарыстан шығудың
тұйық жолы,өмірмен күресуге қабілетсіздік,
қиыншылыққа төзе алмаудан туындайды.Алдын ала
өзін өлімге ақырын бейімдеп жүреді де,кейін сәл
ғана нірсе түрткі болады.Өз-өзіне қол
жұмсауға ұмтылған жастар,өздерінің осы
іс-әрекеті туралы ылғи ескерту жасайды,кейде айтады,кейде оны
білдіретін әркеттер жасайды.Өзін қоршаған
адамдардың барлығына білдірмегенімен жақын досына немесе
туысына білдіреді.Егер жасөспірім өз-өзіне қол
жұмсауға бет бұратын болса,онда оған ара түсу
мүмкін емес.Бірінші кезде ойлағанына жете алмаса онда
қайта-қайта қайталай береді де өз дегеніне жетеді.Егер
осы кезде өзіне қымбатты бір адам ара
түссе,өмірдің қымбат екенін түсіндірсе,оның
өзіне керек екенін,ол ешқашан мұндай қадамға
бармайды.
Өз-өзіне
қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері:
Көмек
іздеу-өзіне қол жұмсаудф
ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді.Өзін-өзі
өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде
пайдаланады(мысалы, өзіне назар аудару,сүйіспеншілік, махаббат,
проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу).
Үмітсіздік – өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға
болмайды.Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш
үміттің жоқтығы.
Проблеманың
көптігі- барлық проблемалардың шешілмейтіндей
көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды
шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.
Басқа
адамға қатер төндіріп,жанын
ауыртуға әрекет жасау- «Олар әлі өкінеді».Кейде
адам,өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен
проблемаларын алып кетіп,отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы
мен күшін көрсету –тек батыл және
күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға
қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Суицидке қарсы
бағдарды қалыптастыру үшін жасалуы тиіс:
-баламен үнемі
қарым-қатынас жасау,оны өзінің жеке ойымен жалғыз
қалдырмау;
-оның өзінің
күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігін туғызу;
-оптимизм мен үмітке сенгізу;
-тілектестікті білдіру,жылулық
пен түсініспеушілікті туғызу;
-баланың
мінез-құлқына бақылау жасау,оның
құрдастарымен қарым-қатынастарын талдау;
Қазіргі кезде
балалардың психологиясы бір түрлі екенін әрбір сөйлесе қалған ата-ана да мойындап
отыр.Өз-өзіне қол жұмсауға негізінен
отбасындағы,мектептегі және достарының ортасындағы
қарым-қатынастар себепші болуда.Шын
мәнінде,өз-өзіне қол жұмсауды ойлаған
адамдар өмір сүргісі келіп,көмек іздейтін көрінеді.Кей
жағдайда өзіне-өзіне қол жұмсауды адам ерлік пен
күштілік дегенге сыйғызады.
Жасөспірімдер
ата-аналарымен тіл табыса алмай,өз бетімен проблемаларын шеше
алмаған кезде депрессияға түседі.Депрессия кезінде
жасөспірімдер көп сөйлемейді,қобалжаушылық
көрсетіп көңіл-күйі,ұйқысы
бұзылып,тез шаршап сабақты жиі босатады,кейбіреулері шылым
шегіп,ішімдік ішуді бастайды,ауырғанды жақсы
көріп,үнемі бір ауруларды ойлап тауып,ата-аналарын тыңдамай
агрессивті мінез-құлық көрсетуі мүмкін.
Осы кезеңде:
-ата-аналар қабылдаушы және
қамқоршы болу керек;
-адамда қайғылы
жағдайлардың болатынын түсіндіру;
-мәселеден шығу жолдарына
байланысты ақыл айту;
-жағымды эмоцияларды
көрсету;
Жасөспірімдердің
өз-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.Еліміздің
болашағы саналатын олардың мұндай әрекеттерге баруы
алаңдартарлық жағдай.Бала тәрбиесінің дұрыс
жолға түсуі,оның қоршаған ортасына тікелей
байланысты.Сондықтан жасөспірімдердің
тәлім-тәрбиесіне ата-ана мен мектеп ұжымы тарапынан
көңіл бөлініп,мұндай жағдайдың алдын алу
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Педагогика және оқушы
психолгиясы 6(12) 2014 Алматы
2.Елшібаева К.Ғ. «Суицидтің
алдын алу» 2009.-69 бет.
3.Мектептегі психология 9(51)
2012