ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Керимбеков М.А. – п.ғ.к., АҚ БАҰО «Өрлеу», Мамедова К. – ЕП-16-13р тобының студенті, Жунисбекова Ж.А. – п.ғ.к., доцент, Рысбаева С.Ж. – с.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан

Жеткіншектердің ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың тәрбие құралы ретінде сан ғасыр бойы қалыптасып, бүгінгі күнге дейін келіп жеткен халқымыздың өзіне тән салт-дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың арақатынасына берген философиялық тұжырым, түйіндеген қағидалары десек артық емес.

Қазақ халқы ұл-қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйым сөздер арқылы тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралын мінез-құлық ережесі түрінде  қалыптастырған. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік ұрығын, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.

Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие көзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.

Орыс жазушысы Н.Г. Чернышевский: «Ұлттың ең басты капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті», - дегенді. Яғни, тәрбие мен педагогикалық үрдістің негізгі міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту, оларды гуманистік өнегелі ережеге тәрбиелеу.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік, имандылық, инабаттылыққа келіп тіреледі.

Халқымыздың тәрбие көзі ретіндегі шоқтығы биік дәстүрі – үлкенді сыйлау, құрметтеу. Ол - адамгершілік белгісі. Сондықтан халқымыз бұл дәстүрді бала бойына сіңіруді бесік тәрбиесінен бастаған. Отбасы тәрбиесі дегенде ата-әже, әке-шеше, аға-бауыр, іні-сіңлі т.б. туыстық қатынастардың олардың өзара сыйластығының мәні зор.

Сондай-ақ қарапайым әдет-ғұрыптар, ырым-тыйымдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер, еңбек әрекеттері, жинақылық баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп, оның дербес ерекшеліктерін ескеру, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы бала осының бәрін күнделікті өмірде отбасында өнеге ретінде қабылдайды.

Ата-бабамыз «Ұлың өссе – ұлы жақсымен, қызың өссе – қызы жақсымен ауылдас бол» деп өнегелі, тәрбиелі ортаның бала тәрбиесі үшін әсері көп екенін ұмытпаған.

Ырым мен тыйымдар бала психикасына әсері күнделікті оларды отбасында естіп, қолданып жүрген бала бойында инабаттылық, ұқыптылық, жинақылық орын алады. Жастайынан ырым-тыйымдармен сусындап өскен бала келешекте өз орнын тауып, тиянақты іс жасайды. Ырымдар мен тыйымдар баланы тереңінен, жүйелі, бірізді, тиянақты ойлауын қалыптастырады.

Тыйым сөздер 1) олар дауыстап айтуға тыйым салынатын сөздерді білдіреді. Бабаларымыз жаман сөз айтуға болмайды дей отырып, әсіресе айдалада келе жатқанда қасқырдың атын атамауға үйреткен. Оны қасқыр немесе ит құс  деп, әлдебір нәрсенің біткені туралы жоқ, таусылды демей, бойында деп айтуға  жөн сілтеген. Сондай-ақ шайтанның аты деп есептелетіндіктен, ойбай деуге де тыйым салған. 2) тыйым әлдебір қылыққа әдетке салынады. Мысалы, суға түкіруге, жақты таянуға, түнде тырнақ алуға, кісі аяғын аттауға, қолыңды сілкуге болмайды. Мұндай тыйым сөздердің өзін ықшамдалған тұрақты тіркеске айналғандар және тұрақты тіркестік тұлғасы жоқтарға бөлуге болады. Табалдырықты баспа, есікті керме, табаныңды тартпа, тізеңді құшақтама, кісіге қарап керілме, дегендер – дәл және тек қана осы күйінде тұрақты түрде қолданылса, аяғыңды жоғары көтерме, басыңды босағаға беріп ұйықтама, бас киімнің алдын артына қаратып киме деген тірестер құрамы тұрақты емес. Олар аяғыңды жоғары көтерме, басыңды босағаға берме, бас киімді теріс киме деп әрқалай айтылуы мүмкін. Мұнан басқа да тыйымдық ырымдар бар. Ырымдардың сөйлемге немесе бір ауыз сөзге сыйдырылған нұсқасы жоқ. Олар түсінік түрінде көрінеді. Мысалы, өз үстіңдегі немесе біреудің үстіндегі киімді тігуге, түймесін қадауға, қойды бауыздап жатқанда оның алдында тұруға, түнде түс жоруға болмайды деп түсініледі. Сондай-ақ келтірілген әрбір тыйым сөздің бірнешеден варианттары барын, мұнда олардың негізгі  дегендері алынғанын еске саламыз.

Тыйым сөздердің әлеуметтік қызметі адамның шаруаға ұқыптылығын, малсақтығын, барды қадірлей, өзін-өзі тәрбиелей, айналаға қырағы қамқор бола білуін арттыруға бағытталған.

Қазақ халқы өте ерте кезден бастап, балаларды аталы сөздермен тәрбиелеуге көп көңіл аударған.

Атам қазақ «баланы жастан» - деп бекер айтпағаны сезіліп тұр. Бала жанына ерте бастан үңілу қажеттігін сездірсе керек. Тыйым сөздері әрбір қылыққа, әдетке айтылады. Сұрау мен бұйыру мәні де жоқ емес.

 

Әдебиеттер:

1. Исаев К. Ұлт тағылымы. Ғылыми-педагогикалық басылым. – Алматы, 2002. - №1.

2. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. – Алматы: «Ана тілі», 1998.