Экономические науки/Туризм

Талапбаева Гульнар Едиловна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к

Жаксылыкова Перизат Жүсіпқызы

«Экономика» мамандығының 4 курс студенті

 

Қазақстан Республикасында туризмнің даму жағдайы

 

Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып  келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, бұл әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынымен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды.

Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Дүниежүзілік Туристік ұйым (ДТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Көптеген елдерде туризм әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, елдің жоғары қарқынмен дамитын жетекші 3 саласына жатады. Сондай – ақ туризмді дамыту барысында:

-                       жергілікті табыс артады;

-                       жаңа жұмыс орындары құрылады. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен;

-                       туристік қызмет көрсетумен байланысты барлық салалар дамиды. ДТҰ мәліметтеріне сәйкес туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды;

-                       туристік орталықтарда әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым дамиды;

-                       жергілікті халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді ;

-                       шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етедіжәне төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

Егер елде туризм жан – жақты,  әлеуметтік-экономикалық кешеннің басқада салаларымен өзара байланысып паралельді түрде дамитын болса, онда туризм мемлекеттің экономикасына оң  әсерін тигізеді.

Туризмнің елдің экономикасына тигізетін экономикалық әсері бір елден екінші елге бағытталған ақшалай ағым көрсеткіші арқылы көрінеді. Туристік қызметтің экспортынан түсетін табыстың көпшілігі шетелден келген туристерден, сондай-ақ отандық транспорттағы билеттерді сатудан және басқа да қызметтерден құралады. Елдегі туристік қызметтің импорты шетелдік сапарлар кезінде өзінің азаматтарымен жұмсалған ақшаларынан, барған елдегі транспорттық шығындар мен басқа ды қызметтерге төленетін ақыдан, туризм индустриясындағы шетелдік инвесторлардың дивиденттерінен құралады. Туристік қызметтің экспортынан түскен түсім мен туристік қызмет импортты құнының арасындағы айырмашылық туристік баланс теңгерімін береді.

Біздің мемлекетіміз Еуразия жүрегінде, Азия мен Еуропа тәрізді ірі елдерді қосатын жолдар торабында орналасқан. Бұл тиімді географиялық орналасу халықаралық туристік байланыстардың дамуынан көрінеді.

Қазақстанның туристік әлеуеті теңдессіз және көп қырлы болып келеді. Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндік зор.

 

1 кесте – Туристік саланың мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

             

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Туризмнің экономикаға нақты үлесін бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу Туристік индустрияның дамыған инфрақұрылымының болуы

Туристік саланы дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқытық база

Халықаралық нарықта экотуризмге жоғары қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы әлеуеттің 63%), оны дамыту үшін Қазақстанда әлеует бар:

-         Алматы қаласында Экологиялық   туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы жұмыс істейді;

-         қоңақжай үйлер құрылуда;

-         Мәдени-тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей мәдениеті мен тарихы

-         Тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған табиғи жағдайлар

-         Кадрлық ресурстарымен қамтамасыз етілгендік

Барлық инфрақұрылым қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан

Инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі

Туристердің қызығушылық танытатын объектілерде көп күн болуы үшін жағдайлардың болмауы

Инвесторларға демеу қаржы бөлу, жеңілдіктер беру және салық жеңілдіктерін беру механизмінің жоқтығы; 

Қазақстандағы экотуризмді дамыту тәсілдері және саясаты қалыптастырылмаған.

Туристік объектілерге апарар жолдың сапасының төмендігі/болмауы

Кадрларды дайындау бағдарламасының нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі

 

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылды жерлерде ашу

Халықаралық туристік қызмет нарығында Қазақстанның танымдылығының жоғары деңгейі бюджетке инвестицияның және кірістің түсуін қамтамасыз етеді

Ұлттық туристік өнімді құру

Сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша туристердің ағынын көбейту

Біркүндік бағдарлар санының көбеюі

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі

Инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі

Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел ретіндегі бейнесінің қалыптасуы, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуі 

Ескерту – ҚР-ның туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан алынған[1]

 

Келесі кестеде 2010-2012 жылдар аралығындағы Қазақстандағы туристік индустрияның  негізгі көрсеткіштері берілген. Кесте мәліметтеріне қарай отырып, 2010–2012 жылдар арасында келермендердің саны 128,6%-ға, келу туризмі 131,3%-ға, шығу туризмі 125%-ға, ішкі туризм 131,4%-ға артып отқанын байқаймыз. Туристік фирмалар саны 2010 жылы 1203 болса, 2012 жылы 1567-ге дейін өскен. Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер саны 2 есеге артса, негізгі туристік ресурстар 104,9%-ға артқан.

 

2 кесте – Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері

 

Негізгі көрсеткіштер

2010

2011

2012

2010-2012жж. салыстыру,%

Қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам

14 799,4

16 598,6

19 033,2

128,6

Келу туризмі, мың адам

4 329,8

4 712,6

5 685,1

131,3

Шығу туризмі, мың адам

6 413,9

7 412,3

8 020,4

125

Ішкі туризм, мың адам

4 055,7

4 473,7

5 327,7

131,4

Туристік фирмалар саны, бірлік

1 203

1 252

1 567

130,2

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік

73

98

148

202,7

Негізгі туристік ресурстар, барлығы:

оның ішінде:

7109

7405

7463

104,9

Мұражайлар, бірлік

204

205

216

105,9

Театрлар, бірлік

57

59

64

112,3

Концерттік ұйымдар, бірлік

69

67

74

107,2

Цирктер, бірлік

5

5

7

140

Клуб үлгісіндегі мекемелер, бірлік

3119

3120

3169

101,6

Кітапханалар, бірлік

4116

4137

4171

101,3

Киноқойылымды жүзеге асыратын ұйымдар, бірлік

124

123

118

95,2

Ойын-сауық және демалыс саябақтары, бірлік

80

84

92

115

Хайуанаттар саябақтары, бірлік

4

5

6

150

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бірлік

114

113

112

98,2

Ескерту – «Қазақстан  туризмі 2008 – 2012»  статистикалық жинақ[3]мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Халықаралық туристік келушілердің қарқынды және тұрақты дамуы туризм саласының дамуынан көруге болады. Статистикалық  агенттің мәліметтері бойынша туристік белсенділіктің артып келе жатқандығына көз жеткізуге болады (сурет 1).

Сурет 1 - Қазақстан Республикасында туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны

Ескерту – «Қазақстан туризмі 2008 – 2012» статистикалық жинақ [3] мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

1- суретте  көрсетілгендей 2010 – 2012 жылдар аралығында қызмет көрсетілген келушілер 131,8%-ға артып, 641 302адамды құрап отыр

Отандық экономиканың жағымды тенденциясы, сонымен қатар кластерлік жүйені жүзеге асырумен байланысты салаларды мемлекеттік қолдаудің негізінде туристердің жалпы санының өсу тенденциясы сақталады деп болжам жасауға болады.

 

Сурет 2 – Қазақстан Республикасында туристік фирмалармен орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі

Ескерту – «Қазақстан туризмі 2008 – 2012» статистикалық жинақ [3] мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Көрсетілген мәліметтері бойынша орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің өсу тенденциясын байқаймыз. 2010 жылы орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің көлемі 14 832 562,6мың теңгені құраған, 2011 жылы 15 347 599,6мың теңгені құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 117,3%-ға артып, 17 999 760,9 мың теңгенң құраған.

ДТҰ деректеріне сәйкес, әлемдегі туристік сапарлардың жалпы санында, 60%-ын демалысқа байланысты сапарлар, 30%-ын іскерлік сапарлар құрайды екен.

Қазақстанғақызығушылық танытатын туристердің нысаналы тобы:

ü                     жабайы, адам қолы тимеген табиғатты және таңғажайып ландшафтты ұнатушылар;

ü                     зерттелмеген туристік бағыттарды ұнатушылар, алғашқы ашушы болуға ниетті білімқұмар туристер.

Қазақстанда экологиялық туризм жақсы әлеуетке ие, бірақ жеткілікті дамымаған. Экотуризм табиғи аумақтарға туристік ағындарды көбейтуге бағдарланбаған, ол табиғатты сақтап қалуға мүмкіндік береді, сәйкесінше қоршаған ортаға теріс әсер етуі ықтимал инвестициялық жобаларды іске асыруды талап етпейді.

Экотуристерді тарту жөніндегі әлемдегі алғашқы елдердің бірі Кения болып табылады. Кения келген он адамның сегізі экотуристік мақсатта келеді. Экотуризм туристік нарығы тез даму үстіндегі Латын Америкасы елдерінде және Оңтүстік Америкада да ерекше байқалады, бұл елдер инфрақұрылым құру, адам дамуы, дамуы кенже қалған «қара» аудандарды көтеру, қоғамды одан әрі демократияландыру салаларында экотуризмге маңызды үміт артып отыр.

АҚШ-та халықаралық экотуризм сұранысының 1/2-інен астамы тоғысқан. Экологиялық туризмнің сан алуан түрлері елдің өзінде де белсенді дамып келеді. АҚШ-та ішкі де, халықаралық та экотуризммен байланысты әлемдегі ең көп ұйымдар орналасқан. АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде экотуризмнің мемлекеттік деңгейдегі рөлі шағын болса да, оның өңірлік және жергілікті деңгейдегі рөлі тұрақты түрде өсіп отырады. Экосаяхаттардан түскен кірістер халықаралық туризмнен түсетін кірістің кемінде 10 %-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, экологиялық туризмге деген әлеуетті қызығушылық халықаралық нарықта 8,9 млн. адамды (немесе жалпы әлеуеттің 63%) құрайды. Бұл туристік өнім әлемдік туризм нарығында ең үздік тұғырға ие және Қазақстанда дамыту үшін негізгілердің бірі болуы тиіс. 

Бәсекеге қабілетті ұлттық туристік индустрияны құруда нормативтік – құқықтық актілермен бекітілген, стратегиялық маңызы мен міндеттері бар, оны жүзеге асыратын білікті мамандары іріктеп алатын осы саладағы айқын әрі анық мемлекеттік саясат маңызды рөл атқарады. Туризмді дамытуда стратегиялық жобалауды әлемдік туристік индустрияның  тенденциялары және тұрақты даму принциптерімен сәйкесжүзеге асыру қажет. Сонымен қатар осы салада жағымды инвестициялық климат қалыптастыра отырып, ұзақмерзімді инвестицияларды қарастыру, жоғары білікті мамандарды даярлау, қазақстандық туризмді ішкі және халықаралық нарықта ілгері жылжыту қажеттілігі туындайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының туристік индустриясының  перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы

2. ҚазақстанРеспубликасы Туризм және спорт министрлігінің2011 – 2015 жылдарғаарналғанстратегиялықжоспары

3. «Қазақстан туризмі 2008 – 2012» Статистикалық жинақ

4. http://kit.gov.kz Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің сайты