э.ғ.к., ассоц. проф Аязбаева Г.Н.

магистрант Есбергенова Ә.

 

БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫНЫҢ ЖЫЛУТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

 

ҚазБСҚА

 

Жалпы бұл мақала  Атырау қаласындағы балабақшаның құрылысына негізделген.  Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — – 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.

Құрылыс орны – Атырау облысы, Атырау қаласы

Ылғалдылық аймағы– құрғақ

Топырақтың қату температурасы-1,8м

Ғимаратқа жалпы сипаттама.

Ғимарат 2 қабатты. Қабат биіктігі  3.3 м.

Ғимаратта жертөле жоспарланған, еден деңгейі -3.000 м. Жертөледе жылу жүйесі орналасқан. Жоспарда ғимарат бұрыс геометриялық пішінді.

Шеткі өстер бойынша ғимараттың өлшемдері: ұзындығы 55.52 м, ені 39.50 м.

 

Ғимараттың инженерлік құрылғылары: су құбыры – шаруашылық және ауыз су қалалық жүйеден; канализация – қалалық жүйеге қосылған; жылу жүйесі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, оның параметрлері Т=70-95°С; ішкі ауаны жаңарту үшін вентиляция орнатылған; ыстық су сыртқы жүйеден; электрмен қамтамасыз ету – сыртқы жүйеден кернеулігі 380/220 В; байланыс құрылғылары – радио, телефон, видео бақылау және өрт қауіпі төнгенде белгі беру жүйесі орнатылған.

Жылутехникалық есеп баға беру ушін өндіріледі, дәлме-дәлділік және деректі растама сұрамайды. 

Қабырға конструкцияның жылу техникалық есебі.

Бөлменің ылғалдылық режимі – орташа.

Ең салқын бескүндік температурасы минус 33°С.

Ең салқын тәуліктердің температурасы минус 39 °С.

Ішкі ауаның есептік температурасы t в = + 20 ˚С.

Қоршағыш құралымдардың қажетті жылубергіштікке қарсыласуын анықтайық:

 

, [(м2ч˚С)/ккал]

(1.1)

 

 

Мұндағы:n = 1 – коэффициент,ҚР ҚНЕ 2.04-03-2002 кесте 3

t в = + 20˚С  ішкі ауаның температурасы;

tн = 4 ˚С – нормативті  температураның түсуі;

=8,7 Вт/(м2×°С) - қоршағыш құралымдардың  ішкі беттерінің жылубергіштік коэффициенті ;

t нсыртқы ауаның температурасы

 

t н  = (t ест + t есб) / 2, [ ˚С]

(1.2)

 

 

     Мұндағы; t ест = - 28 ˚С – ең салқын тәуліктердің температурасы;

t есб = - 23 ˚С Ең салқын бескүндік температурасы;

 t н = (- 28 – 23) / 2 = - 25,5 ˚С;

 

                      R0тр = 1(20 + 25,5) /48,7 = 1,2  [(м2ч˚С) / ккал]

(1.3)

 

 

Біртектес қоршағыш құралымдардың  термиялық қарсыласуы R, м2×°С/Вт мына формула бойынша анықталады;

 

 , м2×°С/Вт,

(1.4)

 

 

         Мұндағы;d- қабат қалыңдығы, м;

l -  қабат материалының жылуөткізгіштігінің есептік коэффициенті.

 

Кесте 1- Сыртқы қабырға материалдары

Материал

δ,

м

λ,

Вт/м∙°С

s,

Вт/м2∙°С

Цемент-құм сылағы

0,02

0,76

9,8

Керамикалық кірпіш

0,58

7,91

Күрделі сылақ

0,03

0,7

8,95

 

Қоршағыш құралымдардың  жылубергіштікке қарсыласуы Ro, м2×°С/Вт мына формула бойынша анықталады;

 

1-қабат Цемент-құм сылағы 20 мм

l=0,76 Вт/ м×°С  s=9.6 Вт/(м2°С)

 =0,02/0,76=0,03 м2×°С/Вт

 

2-қабат керамикалық кірпіш қалыңдығы  х

l=0,58 Вт/ м×°С  s=7,91 Вт/(м2°С)

  =х/0,58

 

3-қабат күрделі сылақ қалыңдығы 30мм

l=0,7 Вт/ м×°С  s=8,95 Вт/(м2°С)

     =0,03/0,7=0,04 м2×°С/Вт

                                     

,

(1.5)

=23 Вт/(м °С) - қоршағыш құралымдардың  сыртқы жағының жылубергіштіккоэффициенті (қысқы жағдай үшін)

R- біртектес қоршағыш құралымдардың  термиялық қарсыласуы

 

R0 =1/8,7+0,03+х/0,58+0,04 +1/23=1,2

х=0, 5   қабылдаймыз х=510мм

R0 =1/8,7+0,03+0,51/0,58+0,04+1/23=1,2

R0 =1,2 R0тр=1,2 шарт орындалады.

 Осыған байланысты қабырға қалыңдығын 510мм деп аламыз.

   

Қоршағыш құралымдардың жылулық инерциясын D мына формула бойынша анықталады;

 

D = R1 s1 + R2 s2 + ... + Rn sn  ,

(1.6)

Мұндағы R1, R2, ..., Rn әрбір қабаттың термиялық қарсыласуы м2·°С/Вт

s1, s2, ..., sn — әрбір қабаттың есептік жылуқабылдау коэффициенті Вт/(м2°С)

D =0,03*9,6+0,51*7,91+0,04*8,95=4,3

4<4.3<7

 

Жабын конструкциясының жылу техникалық есептеу.

 

   Кесте 2-Төбежабын материалдары

 

Материал

δ,

м

λ,

Вт/м∙°С

s,

Вт/м2∙°С

Көпқуысты темірбетон жабын тақтасы

0,22

1,92

17,98

1- Бу оқшаулығыш қабаты (пергамин)

0,003

0,17

3, 36

2- Жылыту керамзиттік малтатас

0,15

0,17

3,03

3- Қатты минералмақтал

0,07

0,94

4-Цемент-құм төсемі

0,03

0,76

9,6

5- 2 қабатты қара қағаз

0,01

0,17

3,36

 

Қоршағыш құрылымдардың жылу жібергіштікке қарсыласуы Ro,  мына формула бойынша анықталады:

          

Ro =  м2×°С/Вт

 

(1.7)

=23 Вт/(м °С) - қоршағыш құралымдардың  сыртқы жағының жылубергіштіккоэффициенті (қысқы жағдай үшін)

R- біртектес қоршағыш құралымдардың  термиялық қарсыласуы

 

Ro =

 

        

          = (1,2 - 0,39)  0,07 = 0,56м

 

Жылытудың қалыңдығы  60 мм қабылдаймыз

Қоршағыш құралымдардың жылулық инерциясын D мына формула бойынша анықталады;

 

D = R1 s1 + R2 s2 + ... + Rn sn,

 

(1.8)

                  

Мұндағы R1, R2, ..., Rn әрбір қабаттың термиялық қарсыласуы м2·°С/Вт

s1, s2, ..., sn — әрбір қабаттың есептік жылуқабылдау коэффициенті Вт/(м2°С)

 

D= 0,11х 17,98 + 0,88х3,03 + 0,039х9,60+0,018х3,36 +0,059х3,36 = 5,2                        

Осы шешімге байланысты жабынның қалыңдығын табамыз:

    0,22 + 0,003+ 0,15 + 0,06+0,03+0,01 = 0,510м =510 мм

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Хамзин С.Қ, Жанаев А.Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Алматы, 1995.

2. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. Алматы, «Білім», 1994.