Экономические науки/12.Экономика сельского хозяйства.

Капанова Ш.А., Бекешева Д.А.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушылары, Қызылорда қаласы

 

Аймақтағы мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жағдайы мен дамуын талдау

 

Қазақстан – аграрлық ел болғандықтан оның экономикасының басты саласы АӨК болып саналады. Аграрлық сектордың даму деңгейі тек экономиканың басқа салаларының ғана емес, бүкіл қоғамның жалпы қоғамдық-саяси өмірінің тұрақтылығының айқындаушы факторы [1].

Ауыл шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы шығарылымы 2011 жылы 26,7%-ға өсіп және 2 256,6 млрд теңгені (оның ішінде мал шаруашылығы 944,4 млрд теңге және өсімдік шаруашылығы 1 305,1 млрд теңге) құрады.

ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері 2012 жылды 2011  жылмен салыстыра отыра мынадай тоқтамға келдік: ірі қара мал саны 7,6%-ға кеміп және 5,7 млн басты құрады, қой саны 0,6%-ға (15,4 млн бас) өскен, шошқалар 9%-ға (1,2 млн бас) кеміген, жылқылар 1,5%-ға (1,6 млн бас) өскен, түйелер 0,4%-ға (1,6 млн бас) азайған және құстар саны 0,4%-ға (32,8 млн бас) өскен. Бұған қоса айтатын жәйт ірі қара мал санының азаюы, тек тұрғындардың жеке ауласында ғана бақыланады, ал ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтарында сәйкесінше 6,8% және 8,4% тұрақты өсімді беріп отыр. Ет өндірісі (сойыс салмағында) және жұмыртқалар өз деңгейінде сақталып 937,6 мың тонна және 3 700,9 млн дананы құрап отыр. ІҚМ санының азаюына сәйкес сүт өндірісі 3%-ға (5 186,3 мың тонна) кеміген.

2010 – 2014 жылға арналған АӨК-ді дамыту бағдарламасы елдегі АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын өсіруге бағытталған.

Өсімдік шаруашылығында мәдениетті әртараптандырумен бизнесті тұрақтандыруға және де жаңа технологияларды ендірумен өнімділіктің жоғарылатуына күш салынуда.

2012 жылы дақыл жинаушы комбайндардың 1 мыңдаған, 1,8 мың тракторлар және 203 егіс алқабы қолға тиесілі болды. Сондай-ақ мұнымен қоса комбайндардың жаңару пайызы 2,3-ті, тракторлар 1,2%, егіс алқаптарының кешені 7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы мал шаруашылықтарында малдың бас саны өскен және де мал шаруашылығымен айналысатын фермалар саны да өсіп отыр. «Сыбаға» жобасы бойынша фермерлік және шаруа қожалықтарына ІРҚ-ң аналық 1 400 бастарын алуға көмек көрсетілді. Ет өндірісінде де бұқаларға деген сұранныс тұрақты өсуде. Ет жобасының көмегінің арқасында 2012 жылдың соңында етті – тұқымды мал саны 3,9%-ға (2012 жылдың басында бұл көрсеткіш небәрі 2,8%-ды ғана көрсеткен) өсті.

Мемлекет мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда мал шаруашылығындағы тұқымды малдар үшін субсидиялау жолымен көмек көрсетуде. 2012 жылға көрсетілген субсидияның жалпы көлемі 31,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ субсидиялауда жаңа шектер енгізілді: бірінішісі – етті мал шаруашылығында іріктелім жұмыстарын жүргізуде кеткен шығындар үшін (2013 жылдан бастап сүтті мал шаруашылығындада субсидиялар жүргізілуде); екіншісі – жеке шаруашылықтарда тұқымсыз малдарды тұқымды малға айналдыру барысында осы өгіздерді ұстауға кеткен шығындар.

Әлемдік жағдайда барлық елдердің негізгі міндеттері болып ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономика субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және қолдау саналады. Нарықтың талаптарын ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндіріс ахуалын жоғарылату мақсатында жаңа бағыттар белгіленіп, өндірісті жаңадан құрудың, өндірілетін өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы арту үстінде [2].

Сондықтан да өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілік мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Кез келген мемлекетпен сатып алушылардың әлеуметтік – экономикалық өмірі сол мәселенің сәтті шешілуіне тікелей байланысты.

Соған сәйкес нарықтық қатынас жағдайындағы өнім өндірушінің нарықта алатын орнының шешуші факторларының бірі ретінде саналатын сапа мәселесі жағын күшейтуді қажет етіп отыр. Мемлекетімізбен дүниежүзінде экологиялық мәселелердің жоғарылауына сәйкес өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамту үшін өнімнің экологиялық тұрғыда тазалығы және сатып алушылар өмірінің қауіпсіздігі сынды сапа белгілері пайда болуда.

Нарықтың бәсекелестік жағдайында кез келген шаруашылықтағы өнім міндетті түрде бақылаудан өткізіледі. Яғни, біріншіден сыртқы бақылау – нарықтық қызметтің ақырғы нәтижелеріне қарап бәсекелестер жүзеге асырып және оның нәтижелілігін сатып алушылар береді. Келесі бақылау түрі, ең тиімдірек және де арзан әдіс болып саналатын – бәсекелестік – экономикалық бақылау. Ол әлеумет үшін үлкен шығынды қажет етпейді, тұтынушының тауарды қажетті деңгейдегі сапамен кез келген уақытта сатып алуды қамтамасыз етумен ғана шектелмей, сондай-ақ өндірушіні өндірістік шығындарды азайтумен бағаны түсіруге мәжбүрлеп, өндіріспен өткізуді көбейтуге, сатып алушы үшін күреске, өнім сапасының жоғарылауына итермелейтін маңызды да серпіндік күш болып саналады [3; 4].

Бәсеке үшін қабілеттілік – бұл кез келген экономикалық зерзаттарқа тән қасиет. Физикалық табиғаты мен атқарушы қызметтеріне қарамастан, бүкіл тауарлар, сонымен бірге оларды дайындау, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесінің аумағында қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі дерексіздікті емес, нақты экономикалық қызметтің тәжірибе жүзіндегі мәніне сәйкеседі.

Сапаны жоспарлау үрдісінің алғашқы сатыларындағы басты қатысушылар болып сатып алушылармен маркетинг қызметі болып саналады. Сапаны жоспарлау үрдісі үздіксіз сипатта болғандықтан, өнімді үнемі жақсартып отыру және оны ары қарай жетілдіру өнім өндірушінің нарықтағы қызмет жасауының міндетті шарттары болып келеді. Сапа - өнімнің маңызды сипаттамаларының бірі, өнім өзі белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар, яғни өзімен ұқсастар қатарында лайықты орынға ие болуы тиіс. Сондай-ақ сапа мағынасына көп уақыт бойында қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылық және де ауытқушылықтардың мүлдем кездеспеуі секілді түсініктер кіргізіледі (Сурет 1). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Е с к е р т у – Теория материалдары негізінде автормен құрастырылған

Сурет 1. Сапа мәселелерінің бір – бірімен өзара байланыстылығы

 

Бірақ та әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттері сай келмеуі де мүмкін. Мысалы: бір реттік қолданылатын ставканнан көп уақыт қолдануды талап ете алмаймыз. Сондықтан да, сапаның стандарттарға сай келуі деген маңызды көрсеткішті қолданамыз. Сапа мәселесі кешенді және көптүрлі болғандықтан, өндіріс кәсіпорынымен фирма деңгейінде шешім қабылдау үшін барлық бөлімдер қызметтер өзара келісілген байланыста болуы керек. Сол байланысты жоғарыдағы 1- суреттен көруге болады.

Сапа тауардың «бәсекеге қабілеттілігі» түсінігінің ажырамас негізгі бөлігі және тауардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Сапасы төмен тауар бәсекеге төтеп бере алуы әлсіз, ал сапалы тауар әрқашанда сұранысқа ие. Бұған дәлел келесі суретте көрсетілген.

Бүгінгі уақытта сапа және бәсекеге қабілеттілік мәселесі ағымдық, тактикалық емес, ұзақ мерзімді стратегиялық сипатқа ие. Нақты шығатын қорытынды қажеттіліктердің сипатымен көлемін ұзақ мерзімді болжау, өнімнің сапасымен техникалық деңгейін анықтау тауар ассортиментіне қойылатын талаптардың пайда болу мүмкіндігіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғылыми – техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді анықтауға, ұзақ мерзімді перспективада өнімнің ассортименті мен сапасын орнатуға бағытталып, септігін тигізеді (Сурет 2).

 

Е с к е р т у – Теория мәліметтері негізінде авторлармен құрастырылған

Сурет 2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сызбасы

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі жоғарыдағы талдауымыз көрсетіп тұрғандай әмбебап сипатқа ие. Бәсекеге қабілеттілік – мемлекеттің, өндірушінің өнім шығарумен оны өткізу мүмкіндігінің жиынтығы десек те болады. Бәсеке факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды.

Қазіргі таңдағы бәсекеқабілеттіліктің өте төмендігі, отандық өндірістің дамуына кері әсерін тигізуде, өнім өндірушілердің өнімдерінің бағасының өсуіне әкеліп жатыр. Соңғы уақыттары, кәсіпорындардың материалды – техникалық ресурстарына, өндірістік өңдеуден өткен азық – түлік өнімдерінің бағасының өсуі жалғасуда. Еліміздегі төлем қабілеттіліктің төменгі деңгейде болуы тауарларды алудағы бағытын өзгертіп арзан импортты сатып алуға мәжбүр етуде [5; 6]. 

Осыған байланысты аграрлық нарықта артықшылыққа жету аймақтық бәсекеқабілеттіліктің нарықтық құрастырушысын көрсетеді, өзіне тән көрсеткіштер: пайдалылығы, бағасы, щығындар, сапалық көрсеткіштері, нарықтық үлесі (Кесте 1).

Бәсекеге қабілеттілік бір уақытта ұдайы өндіріс бөлігі ретінде, тауар және қызметтің нарықта шаруашылықты жүргізудің әдісі мен тәсілі болып, тұтынған және қолданылған ресурстардың қатынастарындағы пайдамен бағаланады.

Кесте 1

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау көрсеткіштерінің қалыптамасы

 

Бәсекеге қабілеттілік объектілері

Көрсеткіштер

Жалпы қабылданған сипаттамалар

Ауылшаруашылығына тән сипаттамалар

Тауар (ауыл шаруашылық өнімдері)

Пайдалылығы, сапалық параметрлері, щығындар, бағасы

Пайдалылығы, сапалық параметрлері, бағасы, щығындар, ресурс сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, материал сыйымдылығы

Сала

Жаңа технологияны қолдану, энергия сыйымдылығы, сату көлемі, салынған капиталға есептегендегі пайда, пайдалылық

Технология және техникалық жарақтандыру деңгейі, 1 га, 1 адам.сағ., 1 бас., салынған капиталға жалпы пайда, пайдалылық

Өндіріс

Өндірістік капиталға, жұмсалған еңбек щығынының біреуіне есептегендегі таза пайда, сату көлеміндегі пайда үлесі, пайдалылық

Өндіріс щығындары, ресурспен қамтамасыз етілуі және ресурс сыйымдылығы

Фирма (аграрлық нарықтағы шаруашылық субъектілері)

Фирма бақылауындағы өткізу нарығының үлесі; лицензия, сауда белгісінің болуы, сатып алушыларға қызмет көрсету мен мамандарды даярлау көрсеткіштері

Бақылау нарығының үлесі, маркетингтік қызмет жасау және ақпаратпен қамтамасыз жасау деңгейі, сауда белгісі, рентабельділік

Елдің

ІЖӨ көлемі, жалпы жинақталу үлесі, тұтынуға кеткен шығындардың үлесі, экспортталатын және импортталатын тауарларға баға индексінің қатынасы, алтын қорлары, ЖІӨ құрылымындағы стратегиялық маңызды тауарлар үлесі, ресурстарды пайдалану өнімділігі, бір тұрғынға шаққанда келетін ЖІӨ көлемі.

Е с к е р т у – кесте мәліметтері негізінде құрастырылған

 

Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын ала отырып және 2-ші кестеде оған талдау жасалынды.

 

Кесте 2

Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы (млн. теңге)

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқуы (+,-)

%

2009

2010

2011

2010/2009

2011/2010

2010/2009

2011/2010

1

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы

1 641 352,4

1 442 630,1

2 286 042,3

-198 722,3

843 412,2

87,8

158,5

2

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

932 305,1

662 652,6

1 337 194,4

-269 652,5

674 541,8

71

201,8

3

Мал шаруашылығы өнімдері

703 174,5

774 105,8

942 384,3

70 931,3

168 278,5

110

122

4

Ауыл шаруашылығы дақылдарын және жануарларды өсіру саласындағы көмекші қызмет

5 872,8

5 871,7

6 463,6

-1,1

591,9

100

110

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінің жинағы негізінде авторлармен есептелген

 

2-ші кестеден көріп отырғанымыздай, 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда өскен көрсеткіш мал шаруашылығы өнімдері болып саналады. Ол 110%-ға өсіп 70 931,3 млн теңгені құрады. Ал көрсеткіштер теріс мәнге ие болғандар ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 87,8%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімдері 71%-ға, ауыл шаруашылығы дақылдарын және жануарларды өсіру саласындағы көмекші қызмет 100%-ға кеміген. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда оң нәтижедегі көрсеткіштер қатарына барлық көрсеткіштерді жатқызуға болады. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 158,5%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімдері 201,8%-ға, мал шаруашылығы өнімдері 122%-ға және ауыл шаруашылығы дақылдарын және жануарларды өсіру саласындағы көмекші қызмет 110%-ға өскен.

2-ші кесте мәліметтері негізінде төмендегі сызба бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын көруге болады (Сурет 3).

 

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінен алынған

Сурет 3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы

 

Келесі кезекте Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді 3-ші кестеден көруге болады.

Кесте 3

Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді талдау

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқуы (+,-)

%

2010

2011

2012

2011/2010

2012/2011

2011/ 2010

2012/ 2011

1

Ет (тірі салмағында), мың тонна

1 648,4

1 656,4

1 637

8

-19,4

100,5

99

2

Ет (сойыс салмағында), мың тонна

937,4

939,4

934,1

2

-5,3

100,2

99,4

3

Сүт, мың тонна

5 381,2

5 232,5

4 851,6

-148,7

-380,9

97,2

93

4

Жұмыртқа, млн. дана

3 720,3

3 718,5

3 673,4

-1,8

-45,1

100

98,7

5

Жүн (нақты салмағында), мың тонна

37,6

38,5

38,4

0,9

-0,1

102,3

99,7

6

Қаракөл, мың тонна

49,4

42

43,6

-7,4

1,6

85

104

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінің жинағы негізінде авторлармен есептелген

 

3-ші кестеден көріп отырғанымыздай, 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда оң көрсеткіштер қатарына: ет (тірі салмағында) 8 мың тоннаға, ет (сойыс салмағында) 2 мың тоннаға, жүн (нақты салмағында) 0,9 мың тоннаға өскен.

Ал теріс нәтиже берген көрсеткіштерге: сүт 148,7 мың тоннаға, жұмыртқа 1,8 миллион данаға және қаракөл 7,4 мың тоннаға кеміген. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда өскен көрсеткіш -  қаракөл 104%-ға өскен.

Ал керісінше кеміген көрсеткіштер мыналар: ет (тірі салмағында) 99%-ға, ет (сойыс салмағында) 99,4%-ға, сүт 93%-ға, жұмыртқа 98,7%-ға және соңғысы жүн (нақты салмағында) 99,7%-ға кеміген.

3-ші кесте мәліметтері негізінде төмендегі сызба бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді көруге болады (Сурет 4).

  

 

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінен алынған

Сурет 4. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Төмендегі 4-ші кестеден еліміздегі мал мен құс санының талдауын көре аламыз.

Кесте 4

Қазақстан Республикасындағы мал мен құс санын талдау (мың бас)

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқуы (+,-)

%

2010

2011

2012

2011/

2010

2012/

2011

2011/ 2010

2012/ 2011

1

Ірі қара мал

6 175,3

5 702,4

5 690

-472,9

-12,4

92,3

99,7

2

Қой мен ешкі

17 988,1

18 091,9

17 633,3

103,8

-458,6

100,5

97,5

3

Шошқа

1 344

1 204,2

1 031,6

-139,8

-172,6

89,5

86

4

Жылқы

1 528,3

1 607,4

1 686,2

79,1

78,8

105,2

105

5

Түйе

169,6

173,2

164,8

3,6

-8,4

102,1

95

6

Құс, млн. бас

32,8

32,9

33,5

0,1

0,6

100,3

102

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінің жинағы негізінде авторлармен есептелген

 

4-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда оң көрсеткішті көрсетіп отырғандар тізіміне: қой мен ешкі 103,8 мың бас, жылқы 79,1 мың бас, түйе 3,6 мың бас және құс 0,1 миллион бас жатады. Ал керісінше кемуші көрсеткіштер мыналар: ірі қара мал 472,9 мың бас және шошқа 139,8 мың бас. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғандағы оң нәтижедегі көрсеткіштерге жылқы 105% және құс 102%. Бұл жылдағы теріс нәтижені беруші көрсеткіштерге: ірі қара мал 99,7%, қой мен ешкі 97,5%, шошқа 86% және түйе 95%.

4-ші кесте мәліметтері негізінде төмендегі сызба бойынша мал мен құс санын көруге болады (Сурет 5).

 

Е с к е р т у – ҚР-ның Статистика Агенттігінен алынған

Сурет 5. Мал мен құс саны

Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау жасаудың қызмет жасап тұрған жүйесі өндіріске күш беруші әсер етуге жеткіліксіз болып, бөлінген қаражаттар тиімсіз қолданылады. Ішкі нарықты қорғаудың айқын жүйесі болмауының әсерінен неғұрлым арзан импорт өнімдері отандық тауарларды ығыстыруда және бұл өндірісті жандандырудың қосымша әсеріне айналуда. Ауыл шаруашылығының өнімдері өндірісінің құлдырау себептері қатарына егіс алқаптарының, мал басының едәуір азаюын, негізгі дақылдардың өнімділігі төмендігін, ауыл шаруашылығы өнімдеріне және ауыл шаруашылығына қызмет ететін салалардың өнімдеріне бағалардың диспаритеті, шаруашылықтар арасындағы өзара қарыздардың өсуін жатқызу керек. Елде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тұтас табысты болып отырған бір де бір аймақ қалған жоқ. Реформалар жылдарында ауыл үшін несиелік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді қаржылық құралдар жасалынбады. Бірақ республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындардың коммерциялық банктерден алған несиелері бойынша қарызы олардың көлемінен ондаған есеге асып кетеді. Бұның бәрі баға диспаритетімен бірге жиналып келгенде өндіріс құлдырауына, ауыл экономикасының қаржылық жағдайының нашарлауына жағдай туғызады.

«Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыру нарықтық даму жағдайында ең негізгі экономиканың аграрлық аясында маркетингтік қызметті жетілдірумен тығыз байланысты [7; 8]. 

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған басты мақсат АӨК-нің тиімді жүйесін қалыптастырып, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде облыс тұрғындарын тұтыну нормасына сәйкес азық - түлікпен қамтамасыз ету болып саналады.

Республикада қазір қалыптасып отырған күрделі экономикалық жағдайда, ҚР Үкіметі мемлекеттік қордан ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау жасауға қаражаттар қарастыра отырып, өз мүмкіндіктеріне қарай, бұл мақсатта шағын агроқұрылымдарды, шаруа (фермер) қожалықтарын орнатып, дамытуға қаржылық көмектер беруде. Мұндай қаражаттардың аса шектеулі екендігінен қаржылық қолдау қатаң мақсатты бағытта, конкурстық негізде, шектеулі мерзімге, оларды пайдаланғаны үшін пайыз төлеумен беріледі.

Қазақстанның жеке алғанда Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы экономикасына кешенді талдау – бұл оның әркелкі дамуын көрсетті, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде циклдық бар екенін, саланың жоғары шығындылығын, жер өңдеу мәдениетінің төмендігін растады.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының қазіргі таңдағы жағдайы оң беталыстармен сипатталады.

Бірақ, ауыл шаруашылығындағы оң беталыстарға қарамастан, қазіргі күнде қайта құруға дейінгі кезеңді қалпына келтіру белгілі қиыншылықтармен жүзеге асуда. Ауыл шаруашылығының жалпы бүгінгі таңдағы  жағдайын бағалау үшін жалпылама көрсеткіштер, сонымен бірге тікелей және жанама көрсеткіштер қолданылды.

Аграрлық реформа ауыл шаруашылық құрылымдарының түбегейлі өзгерісін орнатты. Шаруашылықтардың құқықтық және ұйымдастырушылық құрылымы өзгерді (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылықтық серіктестер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары). Бірақ обьективтік және субьективтік себептерге байланысты тиімді қызмет ете алмады және бәсекеге қабілетсіз болып саналды. Осындай себептерге байланысты шаруашылық категориялары бойынша жалпы өнім құрылымында өзгерістер пайда болды [9].

АӨК-нін тұрақты дамыту үшін аграрлық саланың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, аграрлық өндірісті индустрияландыруға және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері бойынша оның тиімді өсуін және тұрақты дамуын болжау қажет деп санаймыз.

Аталған келеңсіздіктер, десе де, шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары бойынша соншалықты күрт сараланған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Альмухамбетова Б. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде агромаркетингті жетілдіру бағыттары // Ізденіс – Поиск. – 2010 - №3 – 12-14б

2. Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің ресми интернет ресурсының бетінен алынған

3. Манзаров Б.С. Конкурентоспособность продукции предприятий АПК: теория и практика. Алматы, 2008 -30б.

4.    Сейдахметов А.С., И.Н. Куква., Қ.Қ. Нұрағалиева. Агробизнестің әлеуетін экономикалық бағалау: Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2008 – 240б

5.    Современная конкуренция. Издательство: Маркет ДС Корпорейшн, 2010 г. № 3 (21). Стр 24

6.     Кузнецова Е.И. Экономическая безопасность и конкурентоспособность. Формирование экономической стратегии государства: монография/ ЮНИТИ-ДАНА, 2012 г. Стр 49

7.    Веселовская Л.Ф. Управленческое консультирование как средство обеспечения практической реализации целей аграрного предприятия: Земельные отношения.// 2009 - №8. Стр 4-9

8.    АПК Казахстана. Развитие АПК: Агропромышленность / АПК Казахстана// Новое сельское хозяйство. – 2009. Январь. Стр 24-25

9.    Зиядин С.Т. Агроөндірістік кешендегі маркетингтің қалыптасу мен дамуының теориялық аспектілері// Транзитная экономика. – 2009 №3-4. 111-116 б